Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01721 Шетел тілі педагогтарын даярлау в Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «8D01721 – Шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының мақсаты – шетел тілін оқыту әдістемесінің теориясы мен тәжірибесі саласында шеттілдік білім берудің когнитивтік-лингвомәдени тұжырымдамасының әдістемесі саласында іргелі ғылыми, теориялық және қолданбалы даярлығы бар, заманауи ақпараттық технологияларды жетік меңгерген, шеттілдік білім беру теориясы саласындағы концептуалды мәселелерді тұжырымдап, шешуге қабілетті жоғары білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үшін жоғары тиімді ғылыми-әдістемелік платформа құру. Білім беру бағдарламасы болашақ мамандардың шеттілдік білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу құзіреттілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған, нәтижесінде докторанттар шеттілдік білім беру әдіснамасын және педагогикалық технологияларды жетілдіру үшін заманауи көзқарастарды зерттеуге және талдауға құзыретті болады.
  • Академиялық дәреже Докторантура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 3 года
  • Кредиттер көлемі 180
  • Білім беру бағдарламаларының тобы D019 Шет тілдері педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми-зерттеу жұмысында шеттілдік білім беру әдіснамасының теориялық ережелерін қолдана отырып когнитивтік-категориялық аппараттың еркін жұмысын қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерді мақсатты түрде пайдалана отырып, педагогикалық және қоғамдық ортада кәсіби қарым-қатынастарды дамытуға негізделген мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті меңгереді.
  • Серіктестің тілдік мінез-құлқын түсіндіру және мәдениетаралық диалогты қолдауды бастау үшін кәсіби қарым-қатынас саласында қабылданған вербалды және вербалды емес мінез-құлық нормаларын бағалай отырып, тілді когнитивтік-тұжырымдамалық ортақ зерделеудің - өзге де әлеуметтік-мәдени қоғамдастықтың мәдениеті-әлеуметтік мәнінің маңыздылығын түсінеді.
  • Қазіргі таңдағы инфокоммуникациялық және цифрлық технологиялар негізінде мұғалімдерді кәсіби даярлауда мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда шеттілдік білім беру және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін шеттілдік білім беру мақсаттары мен стратегияларына сәйкес білім беруде лингводидактикалық тұжырымдамаларды ескере отырып қолданады
  • Кәсіби қарым-қатынас стереотиптерінде зерттелетін (байланысатын) қоғамдастықтардың әлеуметтік немесе лингвомәдени нормаларының бұзылуын айқындау және өткізу процесінде оларды түзету және рефлексия стратегиясын қолдану негізінде мәдениетаралық коммуникациядағы коммуниканттарға тән жанрлық-стилистикалық нормалар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба отырып, ақпараттық-ментальдық құрылымдарды, академиялық жазу дағдыларын диссертациялық зерттеудің нысанасы мен объектісіне сәйкес ғылыми зерттеуде қолданады.
  • Тиімді ғылыми-кәсіби қарым-қатынас негізін, сыни және талдамалық ойлау дағдыларын, сондай-ақ диссертациялық зерттеу шеңберінде өзінің ғылыми-зерттеу экспериментін жүргізу мақсатында эксперименттік ғылыми іс-әрекет дағдыларын меңгере отырып, ғылыми пікірталас жүргізу әдістері мен нысандарын қолданады.
  • Диссертациялық зерттеу саласында терең лингво-психологиялық механизмдер мен концептуализация алгоритмдеріне қатысты когнитивтік ғылымның негізгі қағидаларын жүзеге асыра отырып, жеке когнитивтік және метакогнитивтік зерттеу стратегияларын жетілдіру және тиімді пайдалану арқылы ғылыми іс-әрекетін басқарады.
  • Өзекті теориялық және қолданбалы мәселелерді шешуге бағыттауда шетел тілін оқыту саласындағы қазіргі және дәстүрлі теориялық концепцияларды талдау, бағалау және салыстыру негізінде ғылыми мамандандырылған коммуникацияда ойларды баяндаудың логикалық бірізділігін құра отырып, өзіндік ғылыми-зерттеу іс-әрекетіүдерісін зерттеу мен бақылаудың теориялық және эмпирикалық әдістерін ғылыми-зерттеуде жүйелі түрде қолдана отырып меңгереді.
  • Өзінің жаңа ғылыми идеяларын қалыптастыру, өз білімі мен идеяларын ғылыми қоғамдастыққа беру, ғылыми танымның шекаралары мен кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту, жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және синтездеу негізінде шеттілдік білім беру әдістемесі саласындағы зерттеудің заманауи әдістемесін тиімді пайдаланады.
Top