Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02302 Шетел филологиясы в Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • мәдениетаралық ынтымақтастық жағдайында тиімді іскерлік коммуникация жүргізудің негізгі стратегиялары мен әдістерін меңгерген.
  • авторлық технологиялар мен бағалау стратегиялары негізінде оқытудың/оқудың/тәрбиелеудің интеграцияланған процесін іске асырады, мәтіндер мен редакциялау корпустарымен жұмыс істеу үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, кәсіби қызметті жүзеге асырады
  • әдебиеттанудың теориялық базасын меңгере отырып, әдеби талдаудың түрлі когнитивтік әдістерін қолдану барысында сыни түрде ұғынуды және түсінуді, компрессияны, ортақ және әртүрлі белгілерін анықтауды, көркем шығармаларды концептуалдық түрде талдайды.
  • түрлі мәтін мен дискурстың негізгі ерекшеліктерін анықтауда мәтін мен дискурсты филологиялық талдау әдістерін меңгереді.
  • заманауи лингвистикалық ілім мен практикалық білік жиынтығын анықтау барысында нақты тілдік материалды лингвистикалық тұрғыдан талдау үшін, негізгі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, сөз құраушы құбылыстар мен үйренетін шет тілінің функционалдық әртүрлі заңдылықтарын қамтитын лингвистикалық көзқарас жүйесін меңгереді;
  • түрлі мәтіндерді жазу, түзету және қысқаша мазмұн жазу бойынша негізгі дағдыларды меңгерген.
  • жеке, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында сөйлеу мінез-құлқы бағдарламасын тіл нормаларына, қарым-қатынас мәдениеті мен ерекшеліктеріне сәйкес құрастырады.
  • негізгі үйренетін тілде ауызша және жазбаша коммуникация түрлерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін меңгерген.
  • cтилистикалық тәсілдердің негізгі жіктелуін, мағыналардың мәнерлі құралдары мен түрлерін мәтіндерді стилистикалық және функционалдық талдауда қолданады.
  • негізгі үйренетін тіл мен әдебиет, коммуникация теориясы және мәтіннің интерпретациясы саласындағы негізгі ережелер мен тұжырымдар бойынша білімін көрсете отырып, мақсаттар мен жағдайларға сәйкес шет тілдік коммуникация жүргізеді
  • оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу мақсатында оқу-әдістемелік материалдардың сапасын арттыруды және курстың мазмұнын және шет тілін оқыту әдістемесін жоспарлауды қамтамасыз ете отырып, өзінің оқыту практикасы мен әріптестерінің практикасын рефлексиялайды.
  • үйренетін тіл материалдарына қатысты классикалық және заманауи тіл білінің негізгі әдістерін, үйренетін тіл материалын салыстырмалы талдау әдістерін, талдау және тілдік фактілерді бағалау дағдыларын меңгереді.
  • зерттеу нәтижелерін тарату және оқыту тәжірибесін жақсарту үшін қажетті нақты өнімдерді алу мақсатында сыни тұрғыдан қайта өңдеу арқылы кәсіби ақпараттың, лингвистикалық және анықтамалық әдебиеттердің үлкен көлемін түсіндіреді
  • азаматтық жауапкершілікті және қоғам мен мемлекеттің дамуындағы құқықтық мәдениетті сезіне отырып, кәсіби міндеттерді шешуде көшбасшылық қасиеттерінің маңыздылығын түсінеді.
  • медиамәтіндерді филологиялық тұрғыдан талдай отырып, баспа басылымдарында жариялау үщін өзінің жеке медиамәтіндерін жазау үшін редактордың негізгі мәтінмен жұмыс әдістерін меңгереді
Top