Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07102 Электроэнергетика в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Электротехникалық материалдардағы негізгі физикалық құбылыстар мен әсерлерді, электр жабдықтарының параметрлерін өлшеуге арналған типтік өлшеу аспаптарының жұмыс принциптерін, инженерияда қолданылатын диэлектрлік, өткізгіш, жартылай өткізгіш және магнитті материалдардың типтері мен түрлерін біледі, материалдардың негізгі физикалық-химиялық қасиеттерін, электр техникалық материалдарды сынау әдістерін сипаттайды; техникалық термодинамика заңдылықтарын, жылу-энергетикалық қондырғыларда жүретін процестердің заңдылықтарын, жұмыс денелері мен жылу тасығыштардың қасиеттерін, жылу және жылу-технологиялық қондырғылар мен жүйелерге қолданылатын жылу мен масса тасымалының негізгі физика-математикалық модельдерін сипаттайды.
  • Электр энергетикасы объектілерінде монтаждау, баптау, жөндеу және профилактикалық жұмыстарға, электр энергетикалық және электр техникалық жабдықты сынауға және пайдалануға тапсыруға қатысады; жабдықтың техникалық жай-күйі мен қалдық ресурсын тексереді және профилактикалық қарап-тексеруді және ағымдағы жөндеуді ұйымдастырады; жабдықты пайдалану және ұйымдастыру қағидаларында көзделген жедел құжаттаманы жасайды және ресімдейді.
  • Қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерін және еңбекті қорғау нормаларын қолданады: тіршілік қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылайды; өндірістік және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді; еңбек ұжымы мүшелерінің қызметін үйлестіреді; электрондық цифрлық құрылғыларды, оның ішінде микроконтроллерлер негізінде жобалаудың практикалық дағдыларын меңгереді; SCADA-жүйелер негізінде өнеркәсіптік басқару жүйелерінің әзірлемесін ұйымдастырады және басқарады.
  • Электр энергетикасы объектілерінің жұмыс режимдерін есептейді және талдайды; электр энергетикасы объектілерінің тиімді режимдерін, жабдық құрамы мен оның параметрлерін, схемаларын айқындайды; энергия объектілерінің схемаларына, жұмыс режимдеріне жедел өзгерістерді жүзеге асырады; Электр энергетикасы саласының техникалық даму перспективаларын бағалайды; электр жабдығын дұрыс таңдау және олардың өнімділігі үшін кез келген электр қоректендіру жүйелеріндегі өтпелі процестерді салыстырады, энергия жүйесінің тұрақтылығын және өтпелі процестің сапасын әзірлейді
  • Қажетті дәлдікке және пайдалану шарттарына сәйкес өлшеу құралдарын таңдау шарттарын тұжырымдайды; электр энергетикалық және электр техникалық объектілер мен жүйелердің және оларда болып жатқан процестердің негізгі параметрлерін өлшеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады; сызықты және сызықты емес электр тізбектерін талдау және модельдеу әдістерін, күштік электроника құрылғыларының жартылай өткізгіш элементтеріндегі физикалық құбылыстарды талдау әдістерін пайдаланады; технологиялық процестерді автоматтандыру үшін қолайлы техникалық құралдар мен бағдарламалық өнімдерді таңдайды.
  • Электр энергетикалық объектілердің негізгі жабдықтардың, қосалқы тізбектердің, қорғау және автоматтандыру құрылғыларының схемалары мен элементтерін есептейді; электр техникалық жабдықты таңдау және пайдалану үшін алған білімін практикада қолданады; электр энергетикалық және электр техникалық жабдықты құру кезінде нақты техникалық шешімнің қабылдануын мүлтіксіз қабылдайды; электр жабдықтарын басқаруда микропроцессорлық жүйелердің функционалдық мүмкіндіктерін анықтай алады; электр машиналарын жіктей алады және оларда болып жатқан электр механикалық энергия түрлендірудің мәнін сипаттайды; автоматтандырылған басқару жүйесінің атқарушы механизмдерінің электр жетектерінің негізгі параметрлерін есептей алады.
  • Инженерлік ғылымдардағы электр энергетикасының рөлі туралы түсінігі болу, электр энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтынудың негізгі процестерінің табиғатын түсінеді және түсіндіреді; энергияны түрлендіру процесінде физиканың негізгі заңдарын сипаттайды; физика-техникалық есептерді шешуде математикалық аппараттың әдістерін қолданады; кәсіби қызметте AutoCAD автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдаланады; практикалық есептерді шешу үшін химиялық заңдарды қолданады.
  • Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы негізгі ілімдер туралы түсінігі болу, әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен процестерді талдайды; демократиялық қоғамның идеалдары мен құндылықтарын басшылыққа алады; Қазақстан Республикасының көптілді және полимәдениетті әлеуметіндегі қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін тілдік және лингвомәдениеттанулық білімді пайдаланады; кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет білімінің құқықтық негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және оның орнықты даму заңдарын меңгереді; дене шынықтырумен айналысу нәтижесінде салауатты өмір салтын ұстанады; нарықтық экономика заңын, оның принциптерін, экономикалық модельдері мен әдістерін біледі, кәсіпкерлік қызметке және бизнесті ұйымдастырады.
  • Электрмен жабдықтаудың сенімді және үнемді жүйелерін құрады; электр энергетикалық және электр техникалық жүйелер мен олардың компоненттерінің жобаларымен жұмыс істейді; кәсіпорындардағы энергиямен жабдықтау және энергия тұтыну жүйелерінің жай-күйін бағалайды; жаңартылатын көздердің энергетикалық ресурстарын бағалайды, энергиямен жабдықтау жүйесіндегі дәстүрлі және жаңартылатын көздердің ұтымды үйлесімін таңдаудың ғылыми әдістерін біледі; ҚР табиғатты қорғау, энергия және ресурс үнемдейтін техникалық саясатын талдайды; жоғары вольтты жабдықты оқшаулау түрлерін және оның жай-күйін бақылауды, жоғары кернеуді алу және өлшеу әдістерін біледі; электротехнологиялық қондырғылардың жұмыс режимдерін оңтайландыру әдістерін қолданады, қауіпсіз жұмыс ережелерін сақтайды.
Top