Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08104 Өсімдік қорғау және карантин в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын, экономикалық заңдарды, адамгершілік даму ережелерін, негізгі этикалық қағидалар мен нормаларды, негізгі нормативтік-құқықтық актілерді түсіну, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну.
  • Экономикалық заңдардың, еңбек, қоршаған ортаны қорғау нормаларының, адамгершілік даму ережелерінің, тірі жүйелерге әртүрлі физикалық факторлардың әсерін анықтау.
  • Ақпараттық сауаттылықты, әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынасты, физикалық, кәсіби шеберлікке ұмтылуды көрсету.
  • Ауылшаруашылық дақылдарының агробиоценоздарының фитосанитарлық жағдайын зерттеу үшін ғылыми зерттеудің, математикалық талдаудың және модельдеудің заманауи әдістерін қолдану.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының тіршілік әрекетіне физиологиялық, агрометеорологиялық және топырақ факторларының әсерін және олардың қажетті химиялық элементтерге нормативтік қажеттілігін болжау.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде құнарлылықты, қолданылатын агротехнологияларды және топырақ өңдеу машиналарының кешенін ескере отырып, топырақты өңдеу жүйелерін пайдалану.
  • Егістік, көкөніс, жеміс дақылдарын өсіру кезінде зиянкестер мен аурулардың түр құрамын және агротехникалық әдістердің өсімдіктердің өнімділігі мен сапасына әсерін ажырату.
  • Зиянды организмдермен тиімді күресу үшін өсімдіктерді қорғаудың химиялық, биологиялық және агротехникалық құралдарын пайдаланудың оңтайлы түрлерін, нормалары мен мерзімдерін таңдау.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологияларын және зиянды организмдерді диагностикалау, егістік және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің фитосанитарлық жағдайын бағалау үшін карантинді тексеру және сараптама жүргізу әдістерін меңгеру.
  • Тұқымдардың сорттық және егістік сапасын, егістіктің нематодтар, кенелер және кеміргіштермен зақымдануын, тұқым өндіру, сақтау және өткізу кезінде аурулармен залалдануын тексеру жөніндегі іс-шараларды бөліп көрсету.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін әзірлеудегі іс-шаралар кешенін, карантинді шараларды жүзеге асыру үшін карантинді нысандар мен құралдарды анықтау әдістерін қарастыру.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі зиянды организмдерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін, ие өсімдікпен өзара байланысын, олардың таралу себептерін, ауруларды диагностикалау және есепке алу әдістерін және экология мен қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып, қорғау шаралар жүйесін жүргізуді ажырату.
Top