Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B01553 Биология және қосымша білім беру педагогика в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Білім беру үдерісінде құрылымдық қатысым міндеттерін шешіп, білім алушыларды, олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін), әріптестерін және басқа да мүдделі тұлғаларды тарта отырып, көптілді және көпмәдениетті әлеуметте өзара әрекет жасауға қабілетті.
  • Жалпы мәдени және ұлттық құндылықтарды, тұрақты даму және денсаулық сақтау мақсаттарын көрсете отырып, тұлғалық даму мен кәсіпкерлік қызметті мақсатты жүзеге асырып, командада және сынып ұжымында жұмысты ұйымдастыру.
  • Сандық және сапалық әдістерді қолдана отырып, білім беру үдерісінің мәселелерін оңтайлы шешуге бағытталған зерттеулерге бастамашылық жасау және жүргізу.
  • Деректерді сыни және статистикалық талдау мен оларды көрнекілендіру негізінде алынған өзінің зерттеу нәтижелерімен жұртшылық пен ата-аналардың алдында сөйлеу.
  • Педагогикалық үдерістің заңдылықтарын, білім алушылардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мектептің білім беру үдерісіндегі стандарттан тыс мәселелерді шешу.
  • Цифрлық технологияларды барабар пайдаланып, шығармашылдық, қатысымдылық, сыншылдық, көшбасшылық танытып және педагогикалық әдепті сақтай отырып, онлайн және офлайн ортада тиімді жұмыс істей алады.
  • Тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеріп, психологиялық-педагогикалық ықпал ету әдістерін ұтымды қолдана отырып, сана мен мінез-құлықты қалыптастыру.
  • Нормативтік талаптарға сай келетін қажетті құжаттаманы жасай отырып, биология және қосымша білім беру пәндері бойынша білім беру үдерісінің мазмұнын жобалау.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған сабақтарды қоса алғанда, білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, биология және қосымша білім беру пәндері бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу.
  • Әлеуметтік денсаулық, зиянды және қауіпті факторлардан (буллинг, бейәлеуметтік мінез-құлық және т. б.) қорғау және қарсы іс-қимылды қоса алғанда, өмір мен денсаулықты қорғау жөніндегі барабар әрекеттердің симптомдер жиынтығын білім алушыларда қалыптастыру.
  • Тұлғаның (білім алушылар, ата-аналар, әріптестер және т.б.) қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке-топтық сабақтарды, кеңес беру мен тренингтерді өздігінен әзірлеуге және өткізуге қабілетті.
Top