Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07301 BIM ғимараттар және имараттарды жобалау в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Құрылыс материалдарының негізгі физикалық-механикалық қасиеттерін, оларды дайындау технологиясын, қазіргі заманғы зерттеу әдістерін және пайдалану тиімділігін арттыруды талдау.
  • Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша базалық білімдерін көрсету; академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну.
  • Құрылыс саласында ҚНжЕ мен ЕВРОКОДтарды пайдалану; құрылыс объектілерінің құрылымдарын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын, кәсіпорын шығаратын өнім үлгілерін монтаждау, баптау, сынау және пайдалануға беру технологиясының ережелерін қолдану.
  • Құрылыс, сәулет, инженерлік жүйелер, менеджмент, экономика, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде қазіргі заманғы желілік ресурстарды пайдалану.
  • ВІМ технологияларын қолдана отырып ғимараттар мен құрылыстарды салу және қайта жаңарту, инженерлік жүйелерді, механикалық және электрлік жабдықтарды және механикаландыру құралдарын жобалау бойынша жобалау-конструкторлық жұмыстарды орындау.
  • Инженерлік талдау әдістерін қолдану және ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларының, олардың негіздері мен іргетастарының, инженерлік жүйелердің есебін орындау, соның ішінде қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді пайдалану.
  • Құрылыстағы ақпараттық технологиялардың отандық және шетелдік жетістіктерін ескере отырып, кәсіби міндеттердің инновациялық шешімдерін іздеу және шығармашылық көзқарас, аналитикалық ойлау дағдыларын көрсету.
  • Құрылыс конструкцияларын, ғимараттар мен құрылыстардың негіздерін, жылу-газбен жабдықтау, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін жобалау, құрылыс өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жұмыс ережелерін жүйелендіру.
  • Жобалау жұмыстарын жүргізу кезінде командада жұмысты орындау, көшбасшылық тұрғысынан өз көзқарасын қорғау.
  • Әзірленетін жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау мен құрылыс жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
Top