Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01430 Музыкалық білім в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру мекемелерінде инновациялық, АКТ және интерактивті педагогикалық оқыту технологияларын қолдану негізінде тұтас музыкалық-педагогикалық процесті жоспарлау, ұйымдастыру және енгізу дағдыларын меңгеру.
  • Білім алушылардың вокалдық-хор, музыкалық-этнографиялық, оркестрлік ұжымдарының қызметін ұйымдастыру және басқару дағдыларын меңгеру.
  • Әртүрлі дәуірдегі, жанрдағы, стильдегі музыкалық шығармаларды түсіндіру және орындауда қазақ және әлемдік музыка өнерінің дамуындағы тарихи заңдылықтар мен заманауи тенденцияларды түсінуді көрсету.
  • Білім алушыларда әлеуметтік бейімделудің, ұжымдық өзара әрекеттестіктің және жеке дамудың өмірлік қажетті дағдыларын қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық зерттеулер, инновациялық білім беру технологиялары негізінде оқу-тәрбие процесін құруда жүйелі тәсілді қолданады.
  • Оқу-тәрбиелік, бос уақыт процестерінде білім алушы тұлғасының жалпы және музыкалық дамуы үшін дирижерлық, вокалдық-хор, аспаптық орындаушылық дағдыларын қолдану.
  • Мультимәдениетті қоғамда Қазақстанның ұлттық құндылықтарын көрсетуге, отандық және әлемдік мәдениеттегі тарихи процестерді түсінуге, тиімді педагогикалық және әлеуметтік-мәдени қатысымдылыққа арналған көптілділік дағдыларын және гуманитарлық білімді меңгерген.
  • Білім беру процесінде оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, музыкалық-шығармашылық міндеттерді шешу үшін қашықтықтан, музыкалық-компьютерлік және АКТ технологияларын пайдалану.
  • Мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру білім алушыларымен вокалдық, хор, әр түрлі стильдегі, жанрдағы аспаптық шығармалармен жұмыс жасау әдістемесін, музыкалық орындау мәдениетін, меңгеру дағдыларын көрсету.
  • Азаматтық жауапкершілікті, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, бизнес-жобаларын әзірлеу, корпоративтік қызметті ұйымдастыру және басқару үшін академиялық адалдық қағидаттарының білімін, менеджмент, әлеуметтік-саяси, қоғамдық-құқықтық ғылымдар саласындағы практикалық дағдыларды қолданады.
  • Музыкалық-орындаушылық, жеке және ұжымдық іс-әрекеттерді гармонизациялау және сүйемелдеуді таңдауда музыкалық-теоретикалық білімі мен тәжірибелік сольфеджиолау дағдыларын қолдану
  • Музыкалық шығармалардың стилистикасы, формасы, гармоникалық және жанрлық ерекшеліктері туралы тарихи-музыкатану білімін және музыкалық шығарманың орындаушылық тұжырымдамасын түсіндіру және анықтау үшін музыкалық мәнерлілік құралдарын талдаудың практикалық дағдыларын қолдану.
Top