Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02102 Дизайн және компьютерлік графика в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Теориялық білімдердің тұтас жүйесі негізінде ББ бітірушілерінде дизайнерлік жобалау қызметінде шығармашылық процесті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті практикалық кәсіби дағдыларды (hard skills) қалыптастыру; жалпыадамзаттық және кәсіби құндылықтар негізінде оқыту процесінде өнер бакалаврлары тұлғасының шығармашылық өзін-өзі танытуы және кейіннен коллаборативті шығармашылық ортада және шығармашылық экономикада (soft skills) жағдайында тиімді кәсіби өзара іс-қимыл жасау үшін шығармашылық әлеуетін дамыту.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 5 года
  • Кредиттер көлемі 300
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B031 Сән, дизайн
  • Дайындық бағыты 6B021 Өнер

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әртүрлі дәстүрлі техникаларды және графика және кескіндеме технологияларын қолдана отырып, бейнелеу және шрифт грамотасы, композиция және түстану теориясының негізгі ережелерін білу негізінде оқу және шығармашылық жұмыстарды орындау
  • Шығармашылық дизайнерлік қызмет өнімдерін жасау процесінде сандық технологияларды, ресурстарды және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді (AutoCAD, Photoshop, CorelDRAW,3dsMAX, Revit Adobe Illustrator және т.б.) пайдалану
  • Қазақ, орыс және шет тілдерінің нормалары мен ережелеріне сәйкес толеранттылық пен жеке тұлғаға құрмет негізінде кәсіби және тұлғааралық қарым-қатынас жағдайында ауызша және жазбаша хабарламаларды қалыптастыру
  • Қолдан жасалгған ішкі ортаны ұйымдастыруға қойылатын техникалық, функционалдық, эргономикалық және эстетикалық талаптар, тарихи және қазіргі заманғы стильдер білімі мен жобалау алдындағы зерттеулер негізінде қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып, әртүрлі мақсаттағы интерьер дизайнының жеке және командалық жобаларын әзірлеу
  • Практикалық жобалық және шығармашылық қызметте қолдану үшін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары саласында алынған базалық білім негізінде адамның өмірі мен қызметін реттеу, тарихи үдерістердің өтуі, қазіргі қоғамның проблемаларын шешу жолдары туралы пайымдаулар шығару
  • ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, көрнекі қабылдау психологиясының теориялық білімдерінің, полиграфиялық материалдардың қасиеттерінің, жабдықтар функцияларының негізінде графикалық және WEB-дизайн нысандарын құру, зерттеу дағдыларын, Кәсіби компьютерлік бағдарламаларда жұмыс істеу дағдысын және жобалау процесін тиімді ұйымдастыру, жүзеге асыру және басқару білімін қолдана отырып
  • Шығармашылық бейнелеу және жобалау іс-әрекетінде қолдану үшін Өнертаным теориясының, материалдық мәдениет пен дизайнның дамуының негізгі ережелерін білуді интерпретациялау
  • Жобалау-графикалық іс-әрекет теориясы мен конструкциялау білімін дәстүрлі құралдармен және материалдармен, сондай-ақ Кәсіби компьютерлік бағдарламалар көмегімен сызбаларды және дизайнерлік жобалау жұмыстарын орындау кезінде практикада қолдану.
Top