Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B06301 Киберқауіпсіздік в Astana IT University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Бағдарламалаудың практикалық дағдыларын қолдану және бағдарламаларды әзірлеудің жалпы әдіснамалық негіздерін түсіндіру, құрылғы драйверлеріне, стандартты емес жабдықпен түйісу модульдеріне арналған жүйелік бағдарламаларды жасау және микроконтроллерлерді бағдарламалау.
  • Қорғалған серверлік клиенттік веб-қосымшалар мен мобильді қосымшаларды әзірлеу.
  • Қауіпсіз байланыс протоколдары мен шифрлау схемаларын әзірлеу және енгізу үшін криптография және криптоталдау саласындағы математика, ықтималдықтар теориясы және статистика негіздерін меңгеру.
  • Хост қауіпсіздігін талдау және бақылау жүргізу.
  • Бизнес-процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін желілік қауіпсіздіктің техникалық құралдары мен бағдарламалық қызметтерін қолдану. Кәсіпкерлік нишаны анықтау және техникалық-экономикалық талдау жүргізу, технологиялық шешімдерді коммерцияландыру әдістерін меңгеру.
  • Кәсіпорынның ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлеу, жергілікті желілік жұмыс станцияларындағы осалдықтарды анықтау үшін құралдарды қолдану және киберқауіпсіздік саласындағы ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау және түсіндіру.
  • Компьютерлік жүйелердің архитектурасы туралы білімді көрсету, операциялық жүйелерді басқару.
  • Қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана отырып, баспа платаларының топологиясын, бірінші деңгейдегі құрылымдық-технологиялық модульдерді жобалау, ақпаратты қорғау саласындағы микропроцессорлық құрылғыларды талдау, кіріктірілген жүйелерді жөндеу және тестілеудің аспаптық құралдарын қолдану.
  • Компьютерлік жүйелер мен желілерде деректерді қорғау технологияларын қолдану.
  • Заманауи дереккөздерді өздігінен талдау, қорытынды жасау, оларды дәлелдеу және ақпарат негізінде шешімдер қабылдау.
  • Құрылғылар арасындағы негізгі желілік байланысты жүзеге асыру, адрестік схемаларды есептеу және қолдану, желілік құрылғыларды конфигурациялау және орнату.
  • Ақпараттандыру объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету процестеріне қатысты саясатты, ережелерді, қорғау шараларын белгілейтін техникалық құжаттаманы рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттарын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін қолдану.

Ұқсас БББ

Top