Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01150 Патологиялық анатомия в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Өзінің кәсіби қызметінде ауруларды өлімнен кейінгі және тіршілік кезінде диагностикалау бойынша мамандандырылған жоғары білікті патологоанатомиялық зерттеулерді қамтамасыз ететін әмбебап, кәсіби құзыреттер жүйесі бар патологоанатом дәрігерін даярлау.
  • Академиялық дәреже Резидентура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 140
  • Білім беру бағдарламаларының тобы R050 Патологиялық анатомия
  • Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау

Оқыту нәтижелері

  • Ағзаның жасушалары мен тіндерінде, мүшелерінде және мүшелер жүйесінде болатын өзгерістерді ғылыми морфологиялық зерттеу арқылы патологиялық процестер мен ауруларды бағалайды және дифференциялайды.
  • Клиникалық және морфологиялық деректерді пайдалана отырып, аурулардың және денсаулыққа байланыстып проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуіне сәйкес патологиялық симптомдарды, аурулар синдромдарын, нозологиялық нысандарды анықтауға қабілетті.
  • Патологиялық бейіндегі мекемелер мен бөлімшелерде өлімнен кейінгі диагностиканы жүргізеді.
  • Патологиялық бейіндегі мекемелер мен бөлімшелерде тіршілік кезінде морфологиялық диагностикаға жүргізу.
  • Әртүрлі жастағы топтардың мәйіттеріне және балаларына патологиялық анатомиялық зерттеу жүргізеді.
  • Диагностиканың патологиялық әдістерін, сот-гистологиялық зерттеу дағдыларын тиімді қолданады және олардың нәтижелерін бағалайды.
  • Сот-гистологиялық зерттеу дағдыларын қолдана алады және олардың нәтижелерін бағалай алады.
  • Диагностиканың цитологиялық әдістерін өз бетінше қолданады және олардың нәтижелерін бағалайды.
  • Жүргізілген зерттеулер туралы деректерді талдайды және жинақтайды, патологиялық-анатомиялық зерттеулердің сапасын арттыру мақсатында патологиялық-анатомиялық бөлімшенің жұмысы туралы есеп жасайды.
  • Патология саласында тиянақтыз ерттеу сұрақтарын тұжырымдайды, кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалайды, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық дерек қорларды тиімді пайдаланады, зерттеу тобының жұмысына қатысады.
  • Клиникалық-анатомиялық конференцияларға, пікірталастарға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа түрлеріне белсенді қатысады және өз бетінше оқуға қабілетті.
  • Қайтыс болған адамдардың туыстарымен, жұмыстағы әріптестерімен және денсаулық сақтауды басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау кезінде патологиялық анатомияда этика және деонтология қағидаларын сақтау.
Top