Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04121 Сандық маркетинг в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Бұл пәнді оқудың мақсаты жоғары кәсіби білім берудің теориялық және практикалық мәселелері болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикасы білім беру заңдылықтары мен принциптері, жоғары кәсіби білім беру құралдары мен әдістері туралы білімнің дамуын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуын, оның негізгі міндеттерін біледі. Сонымен қатар педагогикалық процесті басқарудың ғылыми аспектілері және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану туралы білімдері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Маркетингтегі ақпараттық жүйелер және технологиялар (қазақ тілінде)

    Пәннің негізгі мақсаты кез келген шаруашылық субьектілерінің маркетингтік қызметін оңтайландыруда және жетілдіруде ақпараттық жүйелерді және IT технологияларды қолданудың тиімділігі туралы білім беру болып табылады. Пәнді оқудың нәтижесінде магистранттар маркетингтік қызметті басқару үшін қолданылатын ақпараттық жүйелердің (ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, сақтау және тиімді пайдаланудың) заманауи тәсілдерін игереді және оны кәсіпорындарды қолданудың дағдыларын қалыптастыратын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Интернет-маркетинг (ағылшын тілінде)

    Білім алушылар курсты оқу барысында тауарлар мен қызметтерді интернет ресурсатары арқылы сатудың, мақсатты аудиторияны кеңейтудің тиімді жолдарын үйренетін болады. Лендинг, медиялық және таргеттік жарнама технологиясының теориялық және практикалық концепциялары бойынша білімдер толыққанды беріледі. Онлайн сатудың құралдарын, оның ішінде сайт құру, инстаграмм, телеграмм, You Tube желілері арқылы WhatsAppқа интеграцияланудың механизмдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)

    Пән мазмұны зерттеу әдістемесі, ҒЗТКЖ, ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөліктері, авторлық құқық құжаттарын рәсімдеу, зерттеу жоспарының жаңашылдығы, жобаның өмірлік циклі мен құнын бағалау, идеяларды таңдау критерийлері мен сапасын анықтау дағдыларын қалыптастырады және іс жүзінде тиімді қолдану іскерліктерін меңгертеді. Оқу пәні білім алушылардың жасанды интеллектіні зерттеу барысында көмекші ресурс ретінде тиімді пайдаланып, зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы (орыс тілінде)

    Психологияның пәнаралық қолданбалы саласы, оның негізгі міндеті психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін зерттеу және шешу болып табылады. Пән басқару процесін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын және осы процесте адамдар арасында пайда болатын қатынастарды зерттейді және реттейді. Басқарушылық қызметтің заңдылықтары, принциптері, әдістері қарастырылады: басқарушылық қызметтің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайлары талданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Ғылым тарихы мен философиясы (қазақ тілінде)

    Пән ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясы, ғылымның философиялық негіздері, эмпирикалық және ғылыми танымның генезисі, мәні, болашағы туралы білімді қалыптастырады, білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне қажетті әдістемелік аппаратты дамытады. Проблемалық оқыту, тақырыптық талқылау, жоба әдісі сияқты оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын меңгеруге, өзіндік этикалық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Digital маркетинг (ағылшын тілінде)

    Пән жасанды интеллект технологияларының негізінде цифрлық және офлайн арналарды интеграциялауды, сайттар мен landing page құрудың механизмдерін қарастырады.Сонымен қатар сайттар үшін мәтіндер құрауды, сайтты іздеу жүйесін оңтайландыруды, әлеуметтік медиа нарықта өнімдерді жылжытуды, веб-аналитиканы және жарнамалық науқандардың тиімділігін талдаудың тетіктерін үйретеді және оларды практикада қолдану жолдарын ұсынады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби) (ағылшын тілінде)

    Пәннің мақсаты: халықаралық деңгейде кәсіби салаға кірігу үшін шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін аудару үшін, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы шетелдік тәжірибені дамыту, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты ауызша және жазбаша түрде аудару дағдыларын жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Электрондық коммерция (қазақ тілінде)

    Электрондық коммерция пәнінің негізгі мақсаты білім алушыларға өнімдер мен қызметтерді өткізуде сандық технологиялар қолданудың шарттарын үйрету. Өнідірлген өнімдер мен қызметтердің тұтынушыларға қол жетімді болуын қамтамасыз етуде электрондық коммерцияны қолданудың әдістері мен тәсілдері қамтылады. Электрондық коммерция электрондық бизнестің маңызды құрамдас бөлігі ретінде білім аушыларға электрондық маркетингтің стратегиялары мен тактикаларын, электронды коммерцияны жүргізудің технологиясын үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Интернеттегі контекст жарнама (ағылшын тілінде)

    Курс магистранттарға интернетте сәтті контекст жарнаманы құру барысындағы меңгеруге тиісті келесідей технологияларды үйретеді: Google Adwords, UTM-метки, Google Ads Editor, таргеттеу, Яндекс аналитика жүйесі, и Google Analytics жәнеМетрика, Call Tracking, жарнаманы автоматтандыру сервисі мен бағдарламасын т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бренд көшбасшылық (ағылшын тілінде)

    Пәннің мақсаты тауардың маркалық атауын таңдауда компанияның қолданатын стратегияларын, Қазақстанда тауар белгілеріне берілу рұқсатын, танымалы сауда маркаларының артықшылықтарын, марканың құнын бағалау әдістерін, шығындар әдісін, нарықтық бағалау әдістерін үйретеді. Пәнді оқудың нәтижесінде магистранттар брендттегі көшбасшылықты басқарудың ерекшеліктерін ажырата білуге, көшбасшылыққа қол жеткізудің тәсілдерін игеруге дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ғылыми зерттеулер әдістемесі (орыс тілінде)

    Бұл курста болашақ мамандардың маркетингтік зерттеулерді ғылыми тұрғыда ұйымдастыру және жүргізу бағытында кәсіби білімдерін алуға, мәтіндік ғылыми жұмыстардың нормаларын, ережелерін, талаптарын үйретуіне бағытталған кешенді жүйелер қарастырылады. Ғылыми зерттеу жұмыстарын орындаудың ережелері, әдістері мен тәсілдері оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Цифрлық маркетингтік коммуникация (ағылшын тілінде)

    Пән маркетингтік коммуникацияның элементтерін: жеке сату, жарнама, өткізуді ынталандыру, PR жүргізуді цифрлық технологиялармен әзірлеудің білімін береді. Сонымен қатар цифрлық ортада коммуникациялық каналдарды кеңейтудің әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне бағытталады. Компанияларда цифрлық маркетингтік коммуникацияның құралдарын тиімді қолданудың тетіктерін үйретуге негізделеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Маркетингтік зерттеулердің әдістемесі (кеңейтілген курс) (орыс тілінде)

    Пәннің негізгі мақсаты кәсіпорынның нарықтағы бизнесін жүргізуде нарықтық механизмдерін, тұтынушылардың мінез-құлықтарын, бәсекелестік ортаның тетіктерін зерттеудің білімдерін үйретуге бағытталған. Білім алушылардың маркетингтік зерттеудің әдістері мен тәсілдерін, процедураларын жүргізудің механизмдерін үйренуіне көмектеседі. Пәннің негізігі міндеті зерттеулердің пікір сұрау, фокус-топ, эксперимент, сұхбаттасу әдістерінің теориялық және практикалық бағдарын тұжырымдауға құзыреттіліктерді меңгертуді көздейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Интернет қолданушыларының мінез-құлқын талдау (қазақ тілінде)

    Бұл пән интернет қолданушылардың мінез-құлқын талдау үшін қажетті технологияларды, оның ішінде интернет-статистика жүйесін (Cnstats), контакт немесе қоңырау шалуларды қадағалау жүйесін (OrderStat, AdsControl) және инвестицияларды қайтару (ROI), пост-клик-талдау (Post-Click-Analysis) механизмдерін қолданудың жолдарын үйретеді. Ұсынылған жүйелерді меңгерген магистранттар интернет қолданушылардың мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылатын әдістемелерді игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Іскерлік келіссөздер, презентация және сату технологиялары (қазақ тілінде)

    Пән маркетингтік басқару жүйесіндегі сатуды ұйымдастырудың технологияларын (стратегия және тактика ) және оны іс жүзінде қолданудың әдістерін үйрететін болады: оның ішінде digital сату технологиясын (негізгі процестер мен кезеңдер); әлеуетті сатып алушыларды іздеу көздері және тарту тәсілдерін, сондай-ақ жеке сату әдістері мен техникасын (сатушының базалық құралы), Интернетте сатып алу-сату шартын жасасуды, сату бөлімін басқарудың негізгі функцияларын, іскерлік келіссөздер технологияларын (fase-off-fase, on-line және т.б.), іскерлік презентацияны дайындауды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік медиамаркетинг технологиялары (қазақ тілінде)

    Әлеуметтік медиа нарықта маркетингтік құралдарын қолданудың әдістері үйретіледі. Өнімдер мен қызметтерді әлеуметтік медиа нарық желілерінде ( Instagram, YouТube, Google т.б) цифрлық өнімдерін қолдана отырып жылжытудың механизмдерін үйренеді және оларды практикада қолданудың процедураларын игереді

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қызмет көрсету сферасындағы цифрлық маркетинг (орыс тілінде)

    Пәннің негізгі мақсаты қызмет көрсету саласындағы цифрлық маркетингтің ерекшеліктерін қарастыру болып болады. Банк, туризм, телекоммуникация, медицина, білім беру салаларында цифрлық маркетинг технологияларының қолданысы және оны енгізудің әзірлемесі, тиімділігі туралы білімдер берілетін болады. Пәнді оқудың нәтижесінде магистранттар қызмет көрсету саласындағы цифрлық маркетингтің қолданудың құзыреттіліктеріне ие болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Нейромаркетинг (қазақ тілінде)

    Нейромаркетинг пәні арқылы білім алушылар тұтынушылардың тауарды сатып алу барысында әсер ететін психологиялық, эмоционалды және рационалды мотивтерін, ситуациялық жағдайларын, «4P»инструменттері мен мәдени факторларының маңыздылығы жөнінде білімдерді игереді. Сынама тест құруды және оны жүргізудің технологияларын зерделейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Салалардағы цифрлық маркетинг (орыс тілінде)

    Бұл пәнді оқыту барысында экономикадағы өндіруші кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтерін цифрлық технологияларды қолдана отырып өткізудің стратегиялары мен тактикалары бойынша сұрақтар қарастырылатын болады. Интернет технологияларын қолдана отырып маркетингтік зерттеулер жүргізу, контент нарықты таңдау, CRM жүйесін қолдану, Яндекс Директ жүйесінің көмегімен жарнама жасау, интернет дүкендер құру, big data қорын құру, нейминг және копирайтингті пайдаланудың тәсілдерін үйренетін болады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Маркетинг саласында іргелі білім мен дағдыларды қолданады, кәсіпорынның маркетингтік қызметін басқарудағы міндеттердің құзыретті стратегиялық шешімдерін әзірлейді.
  • Клиенттермен және шетелдік серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату үшін коммуникативті технологиялардың білімі мен дағдыларын кәсіби деңгейде иеленеді.
  • Инновациялық цифрлық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізеді және олардың нәтижелерін маркетингтік стратегиялық жоспарларды дайындауда негізгі ресурс ретінде қолданады.
  • Тауарлар мен қызметтерді жылжытудың стратегияларын, бренд өнімдерді жасауды, тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеуді, компанияның имиджін құруды тиімді басқара біледі.
  • Ғылыми жобаларды әзірлеуде кешенді маркетингтік зерттеулердің әдіс-тәсілдерін игереді, жобалар әзірлейді және практикада қолданады
  • Электрондық сауданың тиімділігін арттыру үшін цифрлық маркетинг технологияларын (CRM жүйесін басқару, тауарлар мен қызметтерді жылжыту сайттарын құру) және жасанды интеллект құралдарын әзірлейді.
  • Кәсіпорындардың маркетингтік қызметін ұйымдастыру және басқару ісіндегі белгісіз жағдайларға дұрыс, әрі тез шешім қабылдау үшін сыни тұрғыда талдау жасаудың дағдыларын игереді.
  • Креативті маркетингтік шешімдер қабылдау үшін алынған ақпаратты талдайды, кәсіпорында маркетинг қызметін жоспарлайды және бақылайды, шешім қабылдау кезінде түзету шараларын жүргізу үшін кез-келген төтенше жағдайда стандартты емес шешімдер қабылдауға қабілетті болады.
  • Ғылымды тануда және игеруде шығармашылық ойлаудың, кәсіби деңгейде ғылыми талдаулар мен болжамдар жасаудың әдістері мен тәсілдерін меңгереді, қолданады.
  • Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде инновациялық педагогикалық технологиялардың жаңартылған әдістемелерін тиімді қолданудың тетіктерін иеленеді және практикада қолданады.
Top