6B01602 Тарих-Дінтану мұғалімін даярлау в ОҚМПУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабылетті тарих- дінтану пәнінің мұғалімін даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Ежелгі дүние тарихы
Жазба, фольклорлық және материалдық деректер негізінде ежелгі қоғамның кезеңделуін, әлеуметтік ұйымдасуын, ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін зерделейді, ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтайды. Афины мемлекетінде демократияның пайда болу себептерін, мемлекетаралық қатынастарды түсіну үшін «империя» ұғымын ашып көрсетеді. Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін, ежелгі қоғамның дамуына діннің әсерін сипаттайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алғашқы қоғам тарихы
Адамның шығу тегі мен эволюциясының кезеңдерін сатыларға бөлу принциптерін, қоғам тарихы мен мәдениетінің алғашқы кезеңдерін, алғашқы қоғамның құрылымы туралы негізгі білімді қалыптастырады. Алғашқы қоғам тарихының теориялық және әдістемелік тәсілдерін зерттейді. Қазіргі тарих ғылымы контекстінде антропогенез және социогенез проблемаларына тарихи талдау жасау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Дінтануға кіріспе
Дін ұғымын, дін элементтері мен құрылымын, функцияларын, діни ұйымдарды, дін типтерін, ежелгі формаларын, ұлттық-мемлекеттік және әлемдік діндердің пайда болуының алғышарттары мен тарихын қарастырады. Әлемдік діндердің жікке бөліну себептері мен салдарын талдайды. Қазіргі қоғамдағы әлемдік діндердің орны мен рөлін бағалайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Орта ғасырлардағы Батыс елдерінің тарихы
Тарихтағы «орта ғасыр», «феодализм» ұғымдыры, оның хронологиялық шеңбері мен кезеңдері, халықтардың ұлы қоныс аударуы, феодалдық шаруашылық түрінің ерекшеліктері, феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы, ортағасырлық қалалар мен өнердің даму ерекшеліктері тарихи деректер мен тарихшы-медиевистердің еңбектерінің негізінде оқытылады. Крест жорықтарынан кейінгі христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін, шаруалар көтерілістерін, феодалдық соғыстарды, абсолютизмнің қалыптасуын сипаттайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Археология
Археология пәні мен әдісі туралы, археологялық мәдениеттердің, мәдени-тарихи қауымдастықтар мен облыстардың, ежелгі және ортағасырлық өркениеттердің қазіргі археология ғылымы зерттейтін ежелгі және ортағасырлық өркениеттердің негізгі белгілері мен даму кезеңдері туралы түсініктерді қалыптастырады. Археологиялық ескерткіштердің типологиясы мен түрлерін, археологиялық зерттеулер жүргізу әдістемесін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы
Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тұрғындарының тұрпатын, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік топтардың ерекшеліктері мен тіршілігін, кезеңдеуді жазба және материалдық деректер негізінде зерттейді. Ежелгі және орта ғасыр мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасу үдерістерін, көшпелілердің наным-сенімдерін, дүниетанымын, олардың Орталық және алдыңғы Азиядағы орны мен рөлін анықтайды. Феодалдық қатынастардың дамуы туралы білімді қалыптастырады, пән бойынша пәнаралық білімді біріктіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Оқушылардың физиологиялық дамуы
Оқушылардың физиологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жасерекшелік психологиясы
Пәнді оқыту барысында әр түрлі мектеп жасындағы балалардың өз жас ерекшелігіне сай психикалық даму өзгешеліктері психологияның сан алуан әдістерін қолдану арқылы айқындалып қарастырылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жас бастауыш сынып оқушылары, жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік шақтағы балалардың психикалық қасиеттерінің қалыптасу жолдары айқындалады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы
Феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын, үстемдік етушілер мен бағыныштылардың өзара қатынасын, адамның дүниетанымының өзгеру себептерін, қоғамдық өмірдегі діннің рөлін, антифеодалдық көтерілістердің себептерін, салдарын, феодалдық мемлекеттің даму кезеңдерін тарихи деректер негізінде сипаттайды. Шығыстағы монархия формаларын, ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін, экономикалық қатынастардың формаларын зерделейді. Тарих бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жаңа кезеңдегі Шығыс елдерінің тарихы
Пән тарихи деректер негізінде Шығыс елдерінің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуын XVII ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қарастырады. Шығыс елдері үшін жалпыға бірдей қабылданған кезеңдерге бөлудің шарттылығын, олардың өркениеттік даму ерекшелігі көрсетіледі. Азия және Африка халықтары мен елдерінің тағдырындағы отарлау мен трансформацияланудың ролі зерттелінеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Пән педагогикалық ғылымның метапәндік идеялары негізінде оқу-тәрбие үдерісінің білімі мен түсінігін, тәрбие жұмысының формаларын, әдістерін, құралдарын тәжірибеде қолдануды зерттейді. Кәсіби міндеттерді шешу жолдары, оқу-тәрбие процесінің ғылыми әдістерін меңгеру, пәнаралық білімдерді кіріктіру, Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім беру тұжырымдамалары, мектеп пен сыныптың тәрбие жүйесі және тәрбие жұмысының диагностикасы сипатталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ХҮІІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстанның тарихы
Қазақстанды Ресейдің жаулап алу процесін, кезеңдерін, Қазақ хандығының Абылайдың тұсында көтерілуін, ұлт-азаттық қозғалыстарды, ХІХ ғасырдың 2-ші жартысындағы отарлық реформалардың салдарын қарастырады. Тарихи деректер мен ғылыми еңбектер негізінде ХХ ғ. басында саяси өмірдің жандануын, тәуелсіздік үшін күрестегі ұлттық интеллигенцияның рөлін зерттейді. Гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жаңа кезеңдегі Батыс және Америка елдерінің тарихы
Батыс және Америка елдерінің жаңа заман тарихи дамуын әлемдік тарих контекстінде көрсетеді. Әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеялық және рухани дамудың ерекшеліктерін анықтайды. Батыс және Америка елдерінің жаңа заман тарихы бойынша жаңа ғылыми категориялық аппаратпен және негізгі деректермен таныстырады. Жаңа тарих бойынша негізгі тұжырымдамалар мен іргелі еңбектер туралы түсінік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тарихты және дінтануды оқыту әдістемесі
Мектепте тарих пен дінтану пәндерін оқытуға қатысты нормативті құжаттармен таныстырады. Дәстүрлі әдістер мен инновациялық технологияларды, мультимедиялық құралдарды, жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудың нысандары мен әдістерін, критериалды бағалау технологиялары, қысқа мерзімді оқу жоспарларын әзірлеуді оқытады. Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша пәнаралық білімді интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ежелгі дүниенің мифологиясы және политеизм
Діннің пайда болу мәселелерін, мифологиялық сана мен ойлауды, діни нанымның ерте формаларын, ежелгі діндердің политеистік сипатын, олардың адам мен қоғамның қалыптасуындағы рөлін қарастырады. ХІХ-XX ғғ. мифтер теориясы мен типологиясын, әлем халықтарының мифологиялық мұрасын, рулық қатынастардың ыдырау дәуіріндегі діни түсініктердің дамуын түсіндіреді. Әлемдік мәдениеттің дамуындағы мифологияның маңызын бағалайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары, білім беру қызметінде инклюзивті білім берудің ерекшеліктері, пәнаралық білімді интеграциялай білу, инклюзивті білім беру жағдайында, оқу-тәрбие процесінде баланы әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностикалау, коррекциялаудың әдістері қарастырылады, инклюзивті білім беру тәжірибесінде, даулы жағдайларда туындаған проблемаларды шешудің креативтілігін бағалай білу сипатталады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни кітаптар
Ежелгі Шығыстың қасиетті мәтіндерін зерттейді. Ведаларды үнді әдебиетінің діни - философиялық мұрасы, Трипитаканы буддизмнің классикалық мектебінің мәтіндерінің канондық жинағы, Авестаны ежелгі ирандық діннің қасиетті кітабы ретінде оқытады. Інжіл, оның құрылымы, мазмұны, рухани тұжырымдамалары талданады. Құран - ислам мәдениеті ескерткіші ретінде зерттеледі. Қасиетті кітаптарға, олардың қазіргі әлемдегі рөліне салыстырмалы талдау жүргізіледі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бағалаудың заманауи технологиялары
Пән бағалау саласында қолданылатын соңғы әдістер мен тәсілдерді зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ білім беру, психология, әлеуметтік педагогика сияқты әртүрлі салалардағы бағалауға қатысты аспектілерді қамтиды. Бағалау қағидалары мен теорияларын, бағалау әдістері мен құралдарын, бағалау деректерін талдауды және әділдікті қамтамасыз ету, біржақтылыққа жол бермеу, тест тапсырушының құпиялығын қорғау және бағалау әдістерінде адалдықты сақтау сияқты бағалауға қатысты этикалық мәселелер мен нұсқауларды зерттеуді үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ ойшылдарының діни көзқарастары
Ақын - жырау мұрасының рухани-діни негіздерін,олардың шығармашылығындағы адамгершілік мәселелерін зерттейді. Қазақ ағартушыларының діни ізденістері, олардың шығармаларындағы ислам философиясы қарастырылады. Ислам құндылықтары мен джададизм идеяларының ұлттық интеллигенцияны қалыптастырудағы рөлі бағаланады. Дін мен руханилыққа қатысты ұлттық интеллигенцияның идеялары талданады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан Республикасындағы діни ахуал
Қазақстандағы діни ахуалдың қазіргі жағдайы және проблемаларымен, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңымен, діни сенім бостандығы ұғымымен, дін саласын реттейтін актілермен, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі принциптерімен, діни ауызбіршілікті сақтау мен нығайтудағы мемлекеттік саясаттың басым бағытымен, бейбітшілік пен дінаралық келісімді орнату бойынша ҚР саясатымен таныстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстандағы этносаралық және дінаралық қатынастар
Елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін этносаралық және дінаралық мәселелер, ұлттық бірлікті нығайтудағы мемлекеттік тілдің рөлі қарастырады. Этносаралық және дінаралық қатынастарға әсер ететін тарихи, саяси, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторларды талдайды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінің ресми құжаттырын, этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы стратегиялық бағдарламаларды зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Ғылыми зерттеулердің әдістері
Зерттеу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың заманауи жетістіктері негізінде ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі теориялық ережелері, технологиялары, операциялары, практикалық әдістері бойынша білім алуға мүмкіндік береді ғылыми зерттеу тақырыбын таңдау, ғылыми ізденіс, талдау, эксперимент, деректерді өңдеу, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, негізделген тиімді шешімдерді алады
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дін философияcы
Философия мен діннің арақатынасын, діннің мәні проблемасын, діннің пайда болуы туралы негізгі концепцияларды қарастырады, діннің адамзат тарихындағы орнын анықтайды. Философия тарихындағы адамгершілік пен дін қатынастарын талдайды, негізгі дүниетанымдық жүйелерді, ежелгі Шығыс діндерін, діндегі монотеистік концепцияларды, философиялық теологияны, антикалық, орта, жаңа және қазіргі заман философиясындағы дін концепцияларын сипаттайды және интеграциялайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Дінтану және тарихи білім беруде дизайн ойлау технологиясын қолдану әдістемесі
Проблемалық аймақтарды мұқият зерттейді, негізгі мәселені тұжырымдайды, оны шешу жолдары, жаңа идеялар жасайды, оның әртүрлі нұсқаларын ұсынады, проблемаларды шешу моделінің прототиптерін жасайды және әртүрлі форматтағы идеялардың, әдістердің, техниканың және құралдардың ауқымы мен маңыздылығы бойынша әртүрлі шешімдерді сынайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық
«Қаржылық сауаттылық»– курсы кірісті және отбасылық бюджетті, несие алу, инвестициялау, сақтандыру, зейнетке шығу және салық төлемдерін жоспарлау арқылы қаржылық қауіпсіздікке қолжеткізу және риск-менеджментті үйрету.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
ҚР құқықтық жүйесі және заңнамасы, мемлекеттік-құқықтық және конституциялық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, академиялық адалдық қағидаттарына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және өмір қауіпсіздігі
Пән қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау және болжау туралы білім береді. Табиғи тұрақтылықтың өзгеру себептерін, табиғи жүйенің біртұтастығы мен құрылымын және қоршаған ортаны қорғау шараларын қарастырады. Азаматтық қорғаныс ұйымының атқаратын жұмыстарымен, зақымдану ошағы және улы заттардың ерекшеліктерімен танысады. Пәннің нақты өмірдегі орнын мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Экономика мен бизнес салаларына қатысты негізгі ұғымдар мен олардың арасындағы байланыстар қарастырылады. Кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялық дағдыларды меңгеруде заңнамалық және тұжырымдамалық құжаттарды талдау мен қолданудың әдіс-тәсілдері сипатталады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі замандағы Шығыс елдерінің тарихы
Тарихи дерек көздері негізінде ХХ - ХХІ ғ. басындағы елдердің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени дамуы, отарлауға қарсы күрес тарихы, тәуелсіздікке ие болу, даму жолын таңдау зерттеледі. Өркениеттің алуан түрлілігі: Қытай және социалистік елдер, Жапония және «Азия айдаһарлары», мұсылман елдері, тропикалық Африка әлемі ашылып көрсетіледі. Қазіргі әлемдегі Шығыс елдерінің рөлі анықталады
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Діни антропология
Әртүрлі тарихи кезеңдердегі діни антропологияның қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздерін, әлемдік діндердегі адам образы туралы түсінікті, діни антропологиядағы адамды түсіну принциптерін қалыптастырады. Адам мәселесін діни ілімдер мен дәстүрлер тұрғысынан, діни антропологияның тұжырымдық аппаратын, әдістемелік мәселелерін қарастырады. Діни-философиялық антропологиялық идеялар мен тұжырымдарды, әлемдік өркениеттердің діни-мәдени жүйелерін зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
ХХ-ХХІ ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Қазақстан тарихының кеңестік кезеңі бойынша тарихи білімді, кеңестік басшылықтың іс-әрекетінің идеялық және практикалық мотивтерін, сонымен қатар қарапайым адамдардың шығармашылық әрекеттерін түсінуді қалыптастырады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін зерттейді. Қазақстан Республикасының әлемдік халықтар қауымдастығындағы орны мен рөлін анықтайды, оның теңгерімді және көпвекторлы сыртқы саясатының негізгі факторлары мен бағыттарын анықтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлемдік діндер тарихы
Әлемдік діндердің дамуының негізгі кезеңдері, діннің тарихтағы, мәдениеттегі және қазіргі әлемдегі рөлі, әлемдік діндерді зерттеудегі теориялық және әдіснамалық тәсілдері туралы біртұтас ғылыми түсініктерді қалыптастырады. Діндердің пайда болуы мен даму тарихын, ұлттық және әлемдік діндердің басты қағидаларын, олардың қасиетті мәтіндерін, ұлттық және әлемдік діндердің қалыптасуы мен дамуының мәдени-тарихи ерекшеліктерін қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі замандағы Батыс және Америка елдерінің тарихы
Тарихи деректер мен тарихшылардың ғылыми еңбектері негізінде Бірінші дүниежүзілік соғыстан қазіргі кезеңге дейінгі Батыс пен Американың жетекші мемлекеттерінің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тарихын зерттейді. Әлеуметтік-мәдени және шаруашылық-экономикалық дамудың негізгі тенденцияларымен, Батыс пен Америка елдерінің қазіргі кезеңдегі географиялық кеңістіктегі рөлімен таныстырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тарихты және дінтануды оқытудың инновациялық және компьютерлік технологияларын қолдану
Оқытудың инновациялық технологияларын қолдануда ақпаратты жинау, бағалау, сақтау, дайындау, ұсыну, алмасу үшін ақпараттық, мультимедиялық және компьютерлік технологияларды пайдаланады. Дректерді өңдеудің техникалық қамтамасыз ету құралдарымен, желі байланысының дағдыларымен таныстырады. Тарихқа қатысты мəтіндерді, кестелерді, мəліметтер қорын, мультимедианы, бағдарламалау орталарында ұсынылған ақпаратты талдауды, синтездеуді, бағалауды зерттейді. Қоғамдық ғылымдар бойынша пәнаралық байланыстарды интеграциялайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- қоғамдағы философиялық және діни проблемаларды ғылыми зерттеулердің жаңа әдістерін қолдана және олардың нәтижелерін академиялық стилде рәсімдей отырып талдайды;
- Қазақстан мен әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін түсіндіреді.
- психологиялық-физиологиялық, педагогикалық, инклюзивті білім негізінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын мәселелерді шеше алады.
- критериалды бағалау, диагностикалау, қысқа мерзімді оқу жоспарын әзірлеу технологияларын қолданады.
- тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілігін, командада жұмыс істеу дағдыларын және ақпараттық мәдениеті мен академиялық адалдығын көрсетеді.
- дін теориясы мен тарихы саласындағы білімі мен түсініктерін көрсетеді.
- гуманитарлық, экономикалық, экологиялық білім негізінде әлеуметтік және кәсіби салада туындаған даулы мәселелерді шеше алады.
- отан және дүниежүзі тарихы кезеңдері, отандық және әлем тарихы оқиғалары, құбылыстары, процестері туралы қазіргі ғылым талабына жауап беретін білімін көрсетеді;
- оқыту мақсаты мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес инновациялық технологиялар мен АКТ қолдана отырып оқу үдерісін ұйымдастырады.
- тарихи оқиғаларды, діни құбылыстарды, олардың әр түрлі тарихи кезеңдерде отандық және әлемдік тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды.
- танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын талдай біледі.
- оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялайды.