Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01602 Тарих – Дінтану в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Нарық сұраныстары мен жұмыс берушілердің талаптары ескерілген, тарих пен дінтану саласында педагогикалық, ғылыми қызметтерді жүзеге асыруға қажетті іргелі білімі бар, гуманитарлық білім беру жүйесінде табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, болашақ мамандығы бойынша қазіргі заманғы пәндік, коммуникативтік, цифрлық құзыреттер мен дағдыларды меңгерген мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Археология мен этнология
Ежелгі дүние тарихы
Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы
Шығыс өркениеті және антикалық дәуір
Қазақ мемлекеттілігінің тарихы
-
2 Оқу жылы
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Ортағасырлалық мәдениеттер мен өркениеттер
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері
Мұрағаттану және музейтану
Қазіргі заманғы дәстүрлі емес діни ағымдар мен культтер
Қаржылық сауаттылық негіздері
Абайтану және Ұлттық тәрбие
Орта ғасыр тарихы (Батыс және Шығыс)
Әлемдік діндер тарихы
Экология және тұрақты даму
Кәсіби және зерттеу қызметінің құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы негіздері
Білім туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары
Білім берудегі психология, өзара әрекеттесу және коммуникация тұжырымдамалары
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
Қазақстан әлемдік кеңістікте
Тарихты және дінтануды оқыту әдістері мен технологиялары
-
3 Оқу жылы
Қазақстан тарихының деректері мен тарихнамасы
Шетелдік тарихнамадағы Қазақстан тарихы
Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
Қазақтардың рухани мәдениеті, діні мен әдет-ғұрыптары
Түркі халықтарының тарихы, діні және наным-сенімдері
Жасанды интеллект негіздері
Инклюзивті білім беру ортасы
Академиялық жазу негіздері
Бағалау және дамыту
Шетелдер тарихының тарихнамасы және дерекнамасы
Дін философиясы
Педагогикалық зерттеулер мен инновациялар
Діни антропология
Тарихи білімнің тарихы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі тарихи процестерді, діни және мәдени құбылыстарды, Батыс және Шығыс өркениетінің тарихи кезеңдерінің, қазақ және түркі халықтарының мемлекеттілігі мен өркениетінің нысандарын, оның ішінде Қазақ хандығын, Алтын Орданы, Орталық Азияны олардың діни-мәдени өзара байланысын, өткенді пәнаралық тәсілмен негізді ғылыми түсіндіруде іргелі білімдерін көрсетеді және талдайды, шетелдік және отандық тарихнаманы зерттеудің өзекті мәселелерін жіктеуді қолданады;
- Адамзаттың рухани мұрасын, соның ішінде діни ілімдерді, рәсімдерді, қасиетті мәтіндерді және қасиетті кеңістіктерді нақтылап түсіндіреді. Әлемдік діндерді, ұлттық конфессияларды және наным-сенімдердің формаларын салыстырады, олардың қоғамдық моральды, мәдениетті, дәстүрді және жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлін ашады. Мәдени, этникалық және философиялық контексттерді ескереді, толеранттылықты, діни әртүрлілікті құрметтеуді көрсетеді және конфессияаралық диалогқа ықпал етеді.
- Жазбаша, ауызша, археологиялық және визуалды дереккөздерді, соның ішінде сандық ресурстарды талдайды. Тарихи деректерге кешенді сараптама жүргізеді, шежірені, этнографиялық жәдігерлерді, археологиялық артефактілерді түсіндіреді, Қосалқы тарихи пәндердің, цифрлық тарих пен AI-технологиялардың әдістерін ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі кезеңдегі әлемдік өркениеттің заңдылықтарын, фактілері мен құбылыстарын, оның ішінде түркі және қазақ өркениеттерінің тарихы мен мәдениетін талдауға қолданады, оларды нақтылық тұрғысынан түсіндіреді, идеологиялық бағыты және әлемдік және отандық тарих дамуының барлық кезеңдері туралы білімдерін жинақтайды;
- Қазіргі заманғы әлеуметтік-философиялық және саяси-құқықтық тұжырымдамаларды бағалайды, сыни ойлауды, этикалық сананы және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады. Қоғамның және мемлекеттіліктің өзгеруіндегі діннің тарихи және өзекті рөлін түсінеді, діни радикализмнің құқықтық тәуекелдері мен қауіптерін анықтайды, мәдени-гуманитарлық диалог арқылы білім берудің тәрбиелік және ағартушылық қызметін жүзеге асырады.
- Академиялық, ғылыми, педагогикалық және мәдениетаралық ортада қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда тиімді қарым-қатынас жасайды. Діни, тарихи және ғылыми терминологияны қолданады, қоғамдық, пікірталас және академиялық сөйлеу жанрларын меңгереді, мәтіндерді өңдейді және ғылыми материалдарды аударады.
- Білім беру, зерттеу және басқару қызметінде цифрлық технологияларды, мультимедиялық ресурстарды, визуализация және талдау құралдарын, қашықтықтан оқыту платформаларын қолданады. ақпараттық қауіпсіздікті, виртуалды ортадағы этикалық мінез-құлықты, электрондық мұрағаттар мен дерекқорларды пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Тарих, дінтану және педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді жоспарлайды және жүзеге асырады. Заманауи әдістемелерді қолданады, академиялық жазу, жүйелеу, дәйексөз келтіру және деректерді талдау дағдыларын меңгереді. Академиялық этика, ғылыми жаңалық, адалдық және өзіндік ерекшелік қағидаттарын құрметтейді.
- Инклюзивті тәсілді, білім алушылардың жас және этномәдени айырмашылықтарын ескере отырып, білім беру практикасы мен курстардың мазмұнын бейімдейді. Білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын ескереді, балалармен, жастармен және осал санаттармен жұмыста білім беру ортасын ізгілендіру қағидатын және қамқорлық этикасын іске асырады.
- Қазіргі білім беру стандарттарына сәйкес оқу бағдарламаларын, дидактикалық материалдарды, мультимедиялық курстар мен бағалау құралдарын әзірлейді және өзгертеді. Сабақтарды жобалауды, оқу нәтижелерін жүйелеуді, формативті және жиынтық бағалау әдістерін қолдануды біледі.
- Білім беру мекемелерінде ғылыми-зерттеу, жобалау және тәрбие жұмысын ұйымдастырады, білім алушылардың бойында рухани құндылықтарды, патриотизмді, этносаралық және дінаралық құрметті дамытады. Оқушыларды әлемдік тарихтың, Қазақстан, Ресей және ТМД тарихының жаһандық, аймақтық және локальдық проблемаларын шешу үшін ғылымның басқа салаларында білімді интеграциялау үшін қазақ/түркі халықтарының мәдени мұрасын, дәстүрлерін зерделеуге тартады;
- Білім беру және дінтану практикасында басқарушылық, құқықтық және құжаттамалық құралдарды қолданады. Электрондық құжат айналымы жүйесін, педагогикалық менеджментті, білім берудің нормативтік құқықтық базасын меңгерген, құжаттамамен жұмыс істей алады және сапаны бақылау рәсімдерін іске асыра алады. Қазіргі қоғамның тарихи және дінтану дүниетанымын кеңейту және теориялық және практикалық жұмыстарды әзірлеу үшін IT қолданады, әртүрлі бастапқы, тарихи және этнографиялық, археологиялық материалдардың ерекшеліктері мен қасиеттерін және олардың зерттеу және практикалық мәселелерді шешуде отандық және әлемдік тарих пен мәдениеттегі жетістіктерін түсінеді.
- Дүниежүзілік және отандық тарихтың барлық кезеңдерінде (ежелгі, ортағасырлық, жаңа, жаңа, қазіргі заманғы) дамудың тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді жалпылап қорытады және түсіндіреді, олардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды; жеке мансаптық траекторияны саналы түрде құрады, кәсіби этикаға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапкершілікке, қаржылық және цифрлық сауаттылық жауапкершілігіне үнемі жетілдіріп отырады. Қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне бейімделуге, жаһандық жобаларға қатысуға, белгісіз кездейсоқ жағдайларда тұрақтылықты сақтауға қабілетті.