Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07306 Инженерлік жүйелер және желілер в Satbayev University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде нормативтік-құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқарушылық білімді меңгеру. Кәсіптік этиканы, этикалық кодекстерді, сыбайлас жемқорлықтың түсінігін, мазмұнын, түрлерін және бизнесті жүзеге асырудың жалпы қабылданған ережелерін білу.
  • Халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың негізгі кезеңдерін білу.
  • Қалалар мен елді мекендердің инженерлік желілерін олардың орналасуы мен құрылысын ескере отырып жобалау жөніндегі нормативтік базаны меңгеру.
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде және өнеркәсіптік кәсіпорындарда ішкі инженерлік жүйелердің жабдықтарын жобалау, монтаждау, баптау, сынау және пайдалануға беру технологияларын білу.
  • Су, жылу, газ көздерінің негізгі түрлерін білу және еңбек нарығының заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, инженерлік желілердің сыртқы элементтерін есептеу дағдыларын меңгеру.
  • Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау мен пайдаланудың халықаралық стандартының нормаларын меңгеру, инвестициялық қаражатты тарту арқылы кәсіпкерлік қызметті және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру бойынша жүйелі білімдерді дамыту.
  • Экономикалық талаптарды, экологиялық қауіпсіздікті және еңбекті қорғауды ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың заманауи жабдықтары мен инженерлік жүйелерінің құрылғыларын олардың мақсатына сәйкес ұтымды таңдай білу.
  • Инженерлік жүйелер және желілер саласындағы кәсіби міндеттерді шешуге ықпал ететін жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімді меңгеру, терең дүниетанымдық ұстанымдарды қалыптастыру үшін философиялық білімнің негіздерін түсіндіру.
  • Құрылыс нысандарын жобалау және жаңғырту кезінде компьютерлік модельдеуді пайдалана отырып, қолданбалы есептерді шешу үшін инженерлік жүйелерде математикалық білім негіздерін қолдану.
  • Кәсіби қызметте теориялық және тәжірибелік білімнің кең ауқымын, орындалған жобалардың сапасы мен толықтығын әзірлеу, іске асыру және бақылау қабілетін көрсету.
  • Кәсіби қарым-қатынас әдістерін меңгеру, ұжымда жұмыс істей алу, әлеуметтік, этникалық, діни және мәдени ерекшеліктерге төзімділікті, өз бетінше оқу қажеттілігін түсіну және бүкіл жұмыс өтілі кезінде біліктілігін арттыру.
  • Тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша сөйлесу қабілетін дамыту.
  • Елді мекендер үшін сумен жабдықтау көздерін таңдау, суды тазарту технологиясы бойынша білімге ие болу және қабылданған инженерлік шешімдерге техника-экономикалық салыстыруды орындау.
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, өнеркәсіп және су шаруашылығы кешендері үшін инженерлік жүйелерде ресурс үнемдеуші және инновациялық технологияларды меңгеру.
  • Су ресурстарын басқару және оларды экономика салаларында тиімді пайдалану процестерін білу.
Top