Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M04117 Менеджмент (1ж. бейіндік) в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің негізгі мақсаты болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың дағдыларын дамытудағы негізгі принциптер: - ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; - Аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; - магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Бизнес шешімдерін модельдеу

    Шешім қабылдау процесінің, математикалық моделін құру, шешу, сонымен қатар шешім нәтжелерін компьютер көмегімен талдау жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Шешімдер қабылдауда өндірістік, транспорттық және қаржылық есептердің модельдері, шешімдер қабылдау теориясының элементтері және нақтылы тәжірибелік есептерді компьютерде шешу алгоритмдерді шығару қабілеттілігі қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару

    Курстың мақсаты: магистранттарда белгіленген бюджет, уақыт және сапа шеңберінде жаңа өнім/қызмет жасау бойынша мақсатты іс-шаралар кешенін жүзеге асырумен байланысты кәсіби қызмет ретінде жобаларды басқару саласында тұрақты білімді қалыптастыру; болашақ мамандардың нақты экономикалық жағдайларда әртүрлі қызмет салаларында жобаларды басқару бойынша теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін қажетті методология мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Инвестицияларды басқару

    «Инвестицияларды басқару» пәні инвестициялық және инвестициялық қызметтің экономикалық мәнін зерттейді; инвестициялық нарық: қызмет етудің мәні мен механизмі; инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бизнес-менеджмент

    «Бизнес-менеджмент» пәні магистранттармен бизнес менеджменттің теориялық негіздері мен жалпы әдіснамалық принциптерін қамтамасыз етуге және меңгеруге бағытталған. Негізгі қарастырылатын сұрақтар: бизнес-менеджменттің теориясы мен әдістемесі; Қазақстан Республикасындағы бизнес-менеджменттің қалыптасуы мен дамуы, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бизнес-менеджменттің тиімділігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Менеджмент

    Курс ауқымды ғылыми басқару көзқарасты, дүниетанымды қалыптастыру, қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін ұйымдардағы процестер мен құбылыстарды түсіну мақсатында менеджменттің даму динамикасын оның мектептері, концепциялары мен тәсілдерін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. икемді бейімделген ұйымдық құрылымдарды құру принциптеріне, ұйымның мақсаттарына қол жеткізу үшін ұжымды басқарудың инновациялық әдістері мен технологияларына, топтық динамика мен көшбасшылыққа, орындаушылардың тұлғалық өсуіне, өзбетінше үйренуге және өзін-өзі дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Қазақстан экономикасын басқару

    «Қазақстан экономикасын басқару» пәні Қазақстан экономикасын басқарудың әдістемелік негіздерін, Мемлекеттік мүлікті иеліктендіру мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасын, сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесін және ұйымдастыру негіздерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджмент-консалтинг

    «Менеджмент-консалтинг» пәні магистранттарға кәсіби кеңесшілердің қызметін тиімді пайдаланудың жағдайы, мәселелері мен перспективалары туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл пән сонымен қатар магистранттарда кеңес беру қызметтерін көрсету және консалтингтік ұйымдарды таңдау мәселелерінде дұрыс бағдар алу үшін қажетті менеджмент консалтингті ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері бойынша дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Менеджменттегі инновациялық технологиялар

    «Менеджменттегі инновациялық технологиялар» пәні корпоративтік жүйелердің деректерін сақтау, өңдеу және ұсыну, деректер қорын жобалау әдістері, сондай-ақ компьютерлік желілерде мәліметтерді сүзгілеу және іздеу ақпараттық модельдерін меңгеру мен зерттеуге негізделген. Пән магистранттарға менеджмент міндеттеріне қолданылатын ақпараттық технологияларды қолдану әдістері, тәсілдері мен құралдары туралы кешенді түсініктерді қалыптастыруға көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Менеджметтегі ғылыми зерттеулер әдіснамасы

    Проблеманы тұжырымдау, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою, ақпараттық базаны қалыптастыру, зерттеудің барабар әдістерінің кешенін таңдау және қолдану, қорытындыларды тұжырымдау, жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу және негіздеу кіретін эмпирикалық және қолданбалы деңгейлерде экономикалық зерттеулерді жүргізудің әдіснамасы мен технологиясы туралы ғылым.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Шет тілін еркін меңгерумен менеджментте зерттеулерді жүзеге асыру үшін ғылыми таным әдіснамасын, заманауи ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері туралы түсініктерді көрсету.
  • Басқару қызметінің әлеуметтік және психологиялық негіздері және әлеуметтік және ұйымдарды басқарудың қазіргі заманғы үрдістері мен қағидаттары, ынталандырудың, көшбасшылықтың негізгі теориялары туралы өз білімдерін және ағылшын тілінде іскерлік келіссөздер жүргізу дағдыларын кәсіби деңгейде қолдану.
  • Өмірдің әртүрлі салаларындағы әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстарды сипаттауға негізделген стандартты теориялық және эконометрикалық модельдерді салыстыру, нәтижелерді талдау және мағыналы түсіндіру.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын, компанияның экономикалық қауіпсіздігін, ұйымның кірістілігі мен қаржылық жағдайын, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін бағалау үшін ақпараттарды жинау және түсіндіру.
  • Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің статистикалық және эксперименттік деректерін, жеке пайымдауларды қалыптастыру үшін басқару шешімдерінің ұсынылған нұсқаларын сыни талдау және тексеру. Қолданыстағы және бекітілген мінез-құлық стандарттары мен байланыс арналары арасындағы қайшылықтарды талдау және анықтау.
  • Аймақтың, кәсіпорынның және жалпы мемлекеттің экономикалық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа инвестициялық және инновациялық жобалар туралы ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді жеткізу.
  • Әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерийлерін, тәуекелдер мен ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарларды ескере отырып, жобалық шешімдерді әзірлеу және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу.
  • Менеджмент саласында одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру, ғаламдық цифрлық кеңістік жағдайында нақты уақыт режимінде бизнесті жобалау үшін қажетті оқу дағдыларын қолдану.
Top