Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08601 IT-технологияларын пайдалана отырып су ресурстарын басқару в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым философиясы, психология және педагогика мәселелерінде өз ой-өрісін көрсету, оқытудың заманауи әдістемесін қолдану.
  • Интернационалдық ортада кәсіби әңгіме жүргізу қабілеті, кең ауқымды ғылыми-техникалық және педагогикалық мәселелер бойынша сұхбатты жүргізу қабілетін көрсету
  • Ғылыми экспериментті ұйымдастыру, алынған нәтижелерді модельдеу және талдау саласында өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдану.
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде көшбасшылық қасиеттерді көрсете білу, бизнес-шешімдерді модельдеу кезінде іскерлік қасиеттерді көрсете білу, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқара білу.
  • Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, су объектілерінің мониторингін ұйымдастыру, нәтижелерді талдау, су объектілерінің сапасын жақсарту үшін іс-шаралар дайындау қабілеті.
  • Су ресурстарын басқарудың экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз тәсіл-дерін, ГТҚ жөндеу кезінде қолданылатын технологиялар мен материалдарды таңдау.
  • Геоақпараттық технологияларды қолдана отырып, ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау сапасының көрсеткіштерін талдау, себептер мен салдарлардың алдын алу және жою жөнінде шешімдер қабылдау.
  • Жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін пайдалануды көрсету: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша мобильді қызметтер.
  • Бағдарламалау, математикалық модельдеу, талдау және синтез бағытында ақпаратты түсіндіру, су ресурстарын пайдалану, қорғау және басқару саласындағы теориялық білім деңгейін үнемі жетілдіруге ұмтылу.
  • Бекітілген магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  • Ғылыми кеңесшінің басшылығымен электрондық жазу және байланыс құралдары арқылы зертханалық және эксперименттік сынақтар жүргізу.
  • Су ресурстары менеджментін жетілдіру бойынша әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын көрсету.
Top