Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07203 Металлургия в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Наноматериалдардың беріктілігі және пластикалығы (қазақ тілінде)

    Пән наноматериалдарды практикалық қолдану мүмкіндіктерін қарастырады, олардың қаттылығын, беріктігін, серпімділігін, икемділігін және басқа механикалық қасиеттерін қарқынды зерттеу шартталған. Қолдану саласына қарамастан, кез-келген материалдар белгілі бір механикалық сипаттамаларға сәйкес келуі керек. Соңғысы құрылымдық материалдар саласындағы әзірлемелердің ерекшелігі туралы айтпағанда, деформация мен бұзылу проблемаларын зерттеуге қызығушылықты анықтайды, олардың жұмысы ең алдымен механикалық қасиеттер деңгейімен анықталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Металлургиялық үрдістерді компьютерлік модельдеу (қазақ тілінде)

    Пән металлургиялық үрдістерді модельдеу алдын-ала болжамдау және оңтайлы шешімдер қабылдау жолдарынан тұрады. Талдау және есептеу үрдістерін өндіру және өңдеу үшін металдар мен қорытпаларды пайдаланудың сандық әдістері туралы түсінік береді. Мәселелерді кешенді шешуді реттеу және шешу мәселелерін оңтайландыру әдістерін үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)

    Пән мазмұны зерттеу әдістемесі, ҒЗТКЖ, ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі құрамдас бөліктері, авторлық құқық құжаттарын рәсімдеу, зерттеу жоспарының жаңашылдығы, жобаның өмірлік циклі мен құнын бағалау, идеяларды таңдау критерийлері мен сапасын анықтау дағдыларын қалыптастырады және іс жүзінде тиімді қолдану іскерліктерін меңгертеді. Оқу пәні білім алушылардың жасанды интеллектіні зерттеу барысында көмекші ресурс ретінде тиімді пайдаланып, зерттеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектептің педагогикасы (қазақ тілінде)

    Бұл пәнді оқудың мақсаты жоғары кәсіби білім берудің теориялық және практикалық мәселелері болып табылады. Жоғары оқу орындарының педагогикасы білім беру заңдылықтары мен принциптері, жоғары кәсіби білім беру құралдары мен әдістері туралы білімнің дамуын зерттейді. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистранттар Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінің дамуын, оның негізгі міндеттерін біледі. Сонымен қатар педагогикалық процесті басқарудың ғылыми аспектілері және заманауи педагогикалық технологияларды қолдану туралы білімдері қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Наноматериалдардың беріктілігі (қазақ тілінде)

    Наноматериалдардың беріктілігі пәні металлургия саласында қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық ерекшеліктерін, болжамдау әдістерін, наноматериалдарды алу жолдарын толық қамтиды. Наноматериалдардың механикалық сипаттарына әсіресе қолдану мүмкіншіліктеріне басты назар аудартылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы (қазақ тілінде)

    Пәннің мақсаты ғылымның социологиялық және мәдени құбылыс ретіндегі түсініктерін анықтау, сонымен қатар ғылым пәні мен нақты ғылымдардың пәндерін көрсету болып табылады. Курсты оқу барысында ғылым орындайтын түрлі функциялар қарастырылады, ғылым интерпретациясындағы эволюциялық теориялық тәсілдер айқындалады, ғылым мазмұнының қазіргі заманғы тұжырымдамалары ашылады, ғылым тарихы мен философиясының мәртебесі және негізгі мәселелері талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Шетел тілі (кәсіби) (ағылшын тілінде)

    Пәннің мақсаты: халықаралық деңгейде кәсіби салаға кірігу үшін шет тілін меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ағылшын тілін мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану, сонымен қатар шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерін аудару үшін, аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы шетелдік тәжірибені дамыту, кәсіби қызметте қолданылатын ақпаратты ауызша және жазбаша түрде аудару дағдыларын жетілдіру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы (орыс тілінде)

    Психологияның пәнаралық қолданбалы саласы, оның негізгі міндеті психологиялық білім мен теорияларға негізделген басқарушылық қызмет мәселелерін зерттеу және шешу болып табылады. Пән басқару процесін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын және осы процесте адамдар арасында пайда болатын қатынастарды зерттейді және реттейді. Басқарушылық қызметтің заңдылықтары, принциптері, әдістері қарастырылады: басқарушылық қызметтің ерекшеліктері мен психологиялық жағдайлары талданады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Металлургиядағы үрдістер мен агрегаттар және олардың даму тенденциясы (қазақ тілінде)

    Пән толық заманауи сұраныстарға сай металлургиялық агрегаттардың даму жолдары мен сапалы өнім алудың инновациялық көрсеткіштері, даму мүмкіншіліктері көрсетілген. Шойын өндірісі, шойыннан сапалы болат алу агрегаттарының құрылыстары мен олардық заманауи технологиялары талданған. Басты назар жаңа технологияларға аударылған. Агрегаттар мен негізгі механизмдердің есептелу жолдары қамтылған. Металлургиялық жетілу үрдістері толық қамтылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Металлургиядағы зерттеу мен талдаудың физика-химиялық әдістері (орыс тілінде)

    Пән металлургиялық үрдістерде қолданылатын бастапқы материалдарды зерттеу барысының физикалық, химиялық әдістерінің жиынтығын қамтиды. Балқыту үрдістерінен бұрын бақылау мен талдау әдістері нәтижесінде жаңа эксперименттерді қолдануды перспективаларын зерттейді. Сапалы металл алу жолдарына қажетті жаңа және оңтайлы әдістерді үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Болат және қорытпалар өндірісінің конвертерлік әдісі (ағылшын тілінде)

    Бұл пәнде балқытылған шойыннан болат алудың конвертерлік балқыту сұлбасы келтірілген. Болат балқытудың конвертерлік шикіқұрам материалдары мен негізгі бастапқы үрдістері сипатталған. Конвертерлік болатты үрлеу үрдісіндегі ерекшеліктер мен агрегаттың құрылыстары қарастырылған. Сапалы болат алу үшін конвертерлік балқытудың есептеу әдістері қамтылған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Металлургиялық жүйелер мен үдерістерді физика-химиялық зерттеу әдістері (орыс тілінде)

    Пән металлургиялық жүйелерді физика-химиялық зерттеу әдістерін зерттейді және қателіктерді талдайды. Жылуфизикалық сипаттамаларды анықтау әдістері және материалдардың физика-химиялық қасиеттерін анықтау әдістері қарастырылады. Тепе-теңдік сипаттамаларын зерттеу үшін газ фазасын қамтитын тепе-теңдікті зерттеу және термодинамикалық сипаттамаларды анықтау әдістері сипатталған. Металлургиялық үдерістердің кинетикасын зерттеу үшін үдерістердің кинетикасын, термогравиметрияны, суспензияда балқыту әдісін зерттеуге арналған әдістер мен қондырғылар талданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Болат өндірісінің үздіксіз үрдістері (ағылшын тілінде)

    Болат өндірісінің үздіксіз үдерістері пәні болат балқытудың үздіксіз үдерістерінің заманауи теориясы мен жекелеген көрсеткіштердің есептеу мүмкіндіктері мен математикалық үлгілеріне мысалдар келтірілген. Болатты үздіксіз құю үрдістерінің негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарына байланысты сапалы болат алу жолдарына жұмсалатын шығындарды айтарлықтай төмендету мүмкіншіліктері келтірілген. Металл сапасына теріс әсер ететін күкірт пен фосфордан жойылу реакцияларын қадағалау, балқытуды оңтайлы параметрдлерін қамтамасыз ету жолдарын үйретеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Металлургиядағы инновациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

    Пәнде металдар мен қорытпалар өндірісінің қазіргі жағдайы зерттеледі, даму тенденциялары талданады және металлургияның даму перспективалары болжанады. Металлургиялық үдерістерді, шикізат пен дайын өнімдерді зерттеудің жаңа әдістері зерттеледі және талданады. Металлургиялық жабдықты таңдау мен құрастырудың жаңа әдістері зерттеледі. Жасанды интеллектті пайдалана отырып, металлургиялық өңдеудің жекелеген кезеңдерін цифрландыру қарастырылады, сондай-ақ инновациялық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері талданады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ферроқорытпа өндірісі цехтарының жабдықтарын жобалау (қазақ тілінде)

    Пән ферроқорытпа өндірісін жүргізілетін металлургиялық цехтарды жобалау, жобалық құжаттарын рәсімдеу мен есептеу жолдарын, құжаттар мазмұны мен құрамын, жобалау нормативтерін қамтиды. Қндірісті жобалау барысында жобалық шешімдерді негіздеу мен талдау әлістері келтірлген. Қндіріс жобасын сапалы жүогізу үшін цехтардың құрылысы мен жабдықтары толық сипатталған. Жобалау барысының жүзеге асуы үшін оңтайлы жобалық шешімдер жолын үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Болат өндірісінің инновациялық үрдістері (қазақ тілінде)

    Пән болат өндірісінің инновациялық үрдістерін, шығарылатын болаттардың сапасы мен өндіруге арналған жабдықтардың жаңа үлгілері мен қнім номенклатурасын жаңартудың көрсеткіштерін зерттейді. Қазіргі заманғы болат өндірісіне деген сұраныстың артуына байланысты өндіріс саласын жан-жақты дамыту жолдары қарастырылады, ең таудаулы озық бағыттары зерттеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қара және түсті металлургияның шикізатын қайта өндеудің инновациялық технологиялары (қазақ тілінде)

    Бұл пәнде металлургиялық сапалы өнімдер алу үшін шикізат базасын жаңарту, өнеркәсіптік қалдықтардан шикіқұрам материалдарына қажетті өнімдер алудың заманауи мүмкіншіліктерін зерттеу қарастырылады. Пән осы мәселелердің шешу жолдары мен даму перспективалары туралы материалдарды қамтиды. Шикіқұрам материалдарына шикізаттарды өңдеу мен шойын және болат, ферроқорытпаларды, түсті металдарды өндіру үшін қолданылатын жаңа технологиялық шешімдерді қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Металлургиялық үрдістерді роботтандыру (ағылшын тілінде)

    Металлургиялық үрдістерді роботтандыру пәні металлургияда роботтарды қолданумен балқыту цехтарындағы ауыр және қауіпті еңбекті жою, сондай-ақ жабдықтардың тиімділігін арттыру тұрғысынан маңыздылығы мен болашағын түсіндіреді, магистранттарға заманауи робот-манипуляторлардың түрлері мен жұмыс жасау принциптерімен таныстырады және еліміздегі металлургиялық өнеркәсіптерді роботтандыру мүмкіндіктері бойынша білім береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Ферроқорытпаларды тұрақты ток пештерінде өндіру (орыс тілінде)

    Пән болат өндірісі тәуелді саналатын ферроқорытпалар алу және балқыту үрдістерінің тұрақты ток пештеріндегі заманауи кешенін қарастырады. Ферроқорытпалар балқытудың теориясы және технологиясы негізінде тұрақты токты пештерді әртүрлі маркаларды алу ерекшеліктері қамтылған. Ферроқорытпалар өндірісінің жылулық және материалдық тепе-теңдік көрсеткіштеіне жету жолдары көрсетілген. Дәстүрлі ферроқорытпалар өндірісі мен тұрақты токты пештерде ферроқорытпа алудың мүмкіншіліктері мен артықшылықтары, технологиялық есептеу келтірілген.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ферроқорытпа өндірісіндегі рециклингтік технологиялар (орыс тілінде)

    Ферроқорытпа өндірісіндегі рециклингтік технологиялар пәні ферроқорытпа балқытушы өндіріс орындарына құрамында металл бар өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу, пайдаға жарату және рециклингтік технологиялардың энергия үнемдейтін тәсілдерін әзірлеу мен зерттеу міндеттерін шешу жолдарын қамтиды. Бұл пән магистранттарға ферроқорытпа өндірісінің металл қалдықтарын қайта өңдеу, балқыту технологиясымен таныстырады, өндірістік қалдықтардан сұранысқа сай сапалы өнім алу мүмкіншіліктерін үйретеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым тарихы және философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде кешенді, оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асырады, сондай-ақ стратегиялық менеджмент құралдарын пайдалана отырып, тиімді стратегияны әзірлейді.
  • Кәсіби және ғылыми қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін база ретінде психологиялық ақпаратты және шет тілін пайдаланады.
  • Педагогикалық іс-әрекет және оны ұйымдастыру барысында туындайтын дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді тұжырымдау және шешеді.
  • Зияткерлік меншік объектілерінің патентке қабілеттілігін бағалайды, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілерін қорғау саласындағы заңнаманы сақтайды.
  • Теориялық және эксперименталды металлургиялық зерттеулерде компьютерлік математикалық модельдеу әдістерін, сондай-ақ рентгенқұрылымдық және рентгеноспектралдық талдау, рентгендік дефектоскопия, электрондық микроскопия әдістерін қолданады.
  • Жаңа өнім түрлерін жасай отырып, металлургия саласындағы инновациялық технологиялар, нанотехнология мен жасанды интеллектті қолданып, металлургиядағы технологиялық үдерістерді жүзеге асырады және түзетеді.
  • Зерттеулерде металлургия шикізаты мен өнімдерін талдаудың физикалық-химиялық әдістерін қолданады, зерттеу нәтижелерін талдайды және жинақтайды, бұл ретте растықты негіздейді және күтілетін нәтижеден ауытқу себептерін анықтайды.
  • Энергия және ресурс үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау міндеттерін шешуді ескере отырып, болат өндірісінің ұтымды тәсілін таңдай отырып, болат өндірісінің технологиялық процестерін интерпретациялайды
  • Тұрақты ток пештерінде Ферроқорытпа өндірісінің технологиялық процестерін талқылайды, ең қолайлы технологиялық сызбаны, өнім алу үшін металлургиялық агрегаттың материалдары мен құрылымын таңдайды.
  • Металлургиялық пештердің отын-энергетикалық балансын жасайды, ванналар мен пештердің жұмыс кеңістігінің мөлшерін белгіленген өнімділік бойынша есептеуді жүргізеді, сондай-ақ пеш жабдығына ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттілігін бағалайды.
  • Технологиялық үдерістерді жүзеге асыру үшін жабдықтарды, сондай-ақ металлургиялық агрегаттардың, пештен тыс өңдеу және болат құю агрегаттарының көлемдік-жоспарлау шешімдері мен конструкцияларының ұтымды нұсқаларын таңдайды.
  • Болатты құю технологиясын басқарады және кристалдау процесіне әсер етеді, сондай-ақ ақ ақаулар мен авариялық жағдайлардың пайда болуын болдырмау бойынша шараларды қабылдай отырып, металдың сапасын жақсарту және жарамды металдың шығуын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
Top