Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02170 Сән дизайны в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін және ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін ескере отырып, кәсіби ортада және социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тиімді қарым-қатынас жасау.
  • Кәсіби қызметте қазіргі заманның гуманитарлық және әлеуметтік-экологиялық мәселелерін, Отандық тарихтың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктеріне интерпретация жасау.
  • Шығармашылықты қарым-қатынас және сыни ойлауды дамытуға бағытталған кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, жалпы адамзаттық құндылықтарға бағдарланған демократиялық нанымдарды, философиялық ілімді, білімнің жүйелілігін және ойлаудың жүйелілігін көрсету.
  • Сән дизайнының стильдік бағыттарын кезең-кезеңімен, сән дамуының тарихи-этномәдени процестерінің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін білу, сән әлеміндегі заманауи тенденциялар мен өзекті мәселелерді анықтау.
  • Сән дизайн объектілерін құру кезінде заманауи материалдарды қолдана отырып, үшөлшемді жобалауды қалыптастыру графикалық әдістері мен кескіндемелік тәсілдерін меңгеру.
  • Компьютерлік графикалық редакторларының жұмысының әртүрлі әдістері мен принциптерін қолдана отырып, киім үлгісінің эскиздерін және мата принтінің дизайнын жасау және өңдеу.
  • Киімнің функционалдық мүмкіндіктерімен адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестік дәрежесін талдау, үш өлшемді дизайнерлік ойлау принциптерін меңгеру, пластикалық анатомия негіздерін меңгеру.
  • Киімнің автоматтандырылған жобалау жүйесін (АЖЖ) пайдалана отырып, бұйымдардың авторлық коллекциясын жасау үшін киімді жобалау, құрастыру және өндіру технологиясын меңгеру, материалмен жұмыс істеу техникасы мен технологиясын меңгеру, өнер саласында зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыру.
  • Дизайн және сән саласындағы жаңа технологияларға бейімделуге мүмкіндік беретін өмір бойы оқу дағдыларын меңгеру, салауатты өмір салтын қолдау.
  • Сәндік бұйымдарды жобалаудың, құрастырудың техникасы мен материалмен жұмыс істеу технологиясын және әдістерін меңгере отырып, бұйымдардың авторлық коллекцияларын жасау.
  • K-3D, Blender, OpenSCAD бағдарламаларын қолдана отырып, дизайнерлік өнімді жасау кезінде дизайнерлік ойлауды, шығармашылық көзқарасты көрсететін заманауи материалдарды қолдана отырып, дизайн әдістері мен тәсілдерін меңгеру.
  • Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дұрыс қорғау, әрекеттерін реттеу және сауатты қаржылық шешімдер қабылдау.
Top