Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11401 Әлеуметтік жұмыс в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Жекелеген адамдармен және топтармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруға және үйлестіруге, кеңес беруге, делдалдыққа, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет жүйесінде қызмет көрсетуге байланысты әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық және өзге де кәсіби практикалық жұмысты жүргізуге қабілетті маманды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B090 Әлеуметтік жұмыс
  • ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B114 Әлеуметтік жұмыс

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық білімдерін, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін, нормативтік құжаттар мен социологиялық талдау элементтерін көрсетеді.
  • Мемлекеттік стандарттарға сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету сапасын бағалайды, кәсіби қызметте этикалық нормаларды сақтай отырып, коммуникативтік дағдыларды қолданады
  • Қазіргі заманғы ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану негізінде әлеуметтік, демографиялық, экономикалық және басқа да ақпаратты өңдейді.
  • Әлеуметтік жұмыс саласындағы өзекті мәселелерді, тәуекелдер мен қауіптерді түсінеді және анықтай алады, әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасының қайшылықтарын жою бойынша ұсыныстар енгізеді.
  • Қиын өмірлік жағдайларды шешуде әлеуметтік жұмыстың негізгі технологияларын қолданады, командада жұмыс істей алады, өз көзқарасын дұрыс білдіріп, жаңа шешімдер ұсына алады
  • Әлеуметтік саладағы ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жоспарлайды және ұйымдастыра алады, әлеуметтік-эксперименталдық зерттеу әдістері мен әдіснамаларының өзара байланысын анықтай алады
  • Әлеуметтік қызмет көрсету саласында экономикалық механизмдерді, заңнамалық актілерді,нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалана отырып, ұйымдастырушылық-басқарушылық, әкімшілік әдістерді қолданады
  • Ғылымның қазіргі жетістіктері негізінде әлеуметтік саясаттың басымдықтарын ескере отырып, негізделген әлеуметтік бағдарламаларды, жобаларды әзірлейді
  • Әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғау перспективаларын болжайды, болжау және жобалау әдістерін қолдана отырып, әлеуметтік жағдайларды және оларды шешу жолдарын үлгілейді
  • Делдалдық тәсілдерін, жанжалды, өзара іс-қимыл жағдайын басқару тәсілдерін, персоналды әлеуметтік-психологиялық оқытуды ұйымдастыру және дамыту әдістерін меңгерген
  • Әртүрлі психодиагностикалық әдістерді қолдана отырып, адамдардың әлеуметтік және психологиялық дамуы мен жағдайын анықтайды
  • Клиенттің қажеттіліктерін бағалау нәтижелері бойынша әлеуметтік қызметтердің мазмұнын анықтайды, оларды жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қызмет көрсету саласында ұсынады
Top