Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07102 Машина жасау технологиясы және кесу арқылы металдарды өңдеу в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ой-өрісті кеңейтетін және ойлау мәдениетін жоғарылататын жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша базалық білімді игеру; академиялық адалдық мадениеті мен принциптерін түсіну.
  • Қызметкерлердің қабілетін, мүмкіндіктері мен уәждемесін ескере отырып, басқа адамдардың іс-әрекетін басқару, тапсырма бере білу.
  • Металдардың механикалық, физикалық, химиялық және технологиялық қасиеттерін, сондай-ақ механикалық, термиялық және химиялық-термиялық өңдеу әдістерін, өндіріс технологиясы мен технологиялық процестерді ескере отырып, ең ұтымды материалдарды, пішіндерді, өлшемдерді, беттердің дәлдігі мен кедір-бұдыр дәрежесін таңдауда білім мен түсініктерді қолдану.
  • Инженерлік есептеулердің белгілі (бар) әдістерін қолдана отырып, конструкциялар мен машиналарды жобалау кезінде жеке тораптар мен бөлшектерді жасай білу, басқару жүйелерінің, жеке тораптардың және машина бөлшектерінің сенімділігін қамтамасыз ету.
  • Жаңа бұйымдарды жобалауды жүзеге асыра отырып, әртүрлі мақсаттағы қолданыстағы машина жасау өндірістерін жаңғырту мен автоматтандыруды әзірлей отырып, машина жасау саласында зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу.
  • Өндірістің экономикалық тиімділігін негіздеу; материалдарды дұрыс таңдау, өндірістік процестерге арналған жабдықтар мен құралдар, дайындамаларды алу тәсілдері; металл кесетін станоктарды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу ережелерін сақтау.
  • Материалға, металл кесетін құралдардың конструкциясына, кесу режимдеріне байланысты бөлшектерді өңдеу кезінде станоктардың жұмыс параметрлерін өзгерту; бұйымды дайындаудың өндірістік циклі.
  • Еңбек жағдайларының қауіпсіздігін, экология мәселелерін қоса алғанда, машина жасауда қолданылатын заңнамалық актілер мен техникалық нормативтерді пайдалана білу.
  • Дайын өнімді өндіруді жүзеге асыру: машиналар мен жабдықтардың тораптарын дайындау, құрастыру және алдын ала сынау, машиналар мен жабдықтардың тораптарын өндіру құралдарын дайындау, алдын алу, қызмет процестерін жоспарлау және әзірлеу.
  • Стандарттау және сертификаттау актілері мен нормативтік құжаттарын, өзара алмастырудың жалпы принциптерін, төзімділік пен қонуды, сондай-ақ технологиялық процестерді жобалау үшін өлшеу, сынау және бақылау құралдарын пайдалана білу.
Top