Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M07222 Металлургия в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Түсті және қара металдар металлургиясы саласында ғылыми-педагогикалық және өндірістік қызметті жоспарлауға және орындауға қабілетті терең ғылыми және педагогикалық білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M117 Металлургиялық инженерия
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шойын және болат алу технологиясын қарқындату
Гидрометаллургиялық үрдістердің интенсификациясы
Түсті және қара металлургияның шикізатын қайта өңдеудің инновациялық технологиясы
Шет тілі (кәсіби)
Қалдықсыз металлургиялық технологиялардың қазіргі жағдайы
Кәсіптік пәндерді оқыту әдістемесі
Басқару психологиясы
Жоғары мектеп педагогикасы
Ғылым тарихы мен философиясы
Кондиционды емес мырыш құрамды шикізаттан ферроқорытпаларды алудың жаңа технологиясы
Мысқұрамды кендерден ферроқорытпаларды алудың болашақты технологиясы
Концентраттарды және кенді күйдіру
Теміркенді материалдарды тотықсыздандыра күйдіру
Қара металлургиядағы үрдістерді термодинамикалық моделдеу
Металлургиялық үрдістерді компьютерлік модельдеу
-
2 Оқу жылы
Отқа төзімді материалдарды алу технологиялары
Бейорганикалық материалдардың электротермиясы
Теориялық база және қолданбалы электрометаллургиялық технологиялар
Металлургиядағы технологиялық автоматтандырылған үрдістерді басқару
Қара металлургиядағы құрама және бірлескен үрдістер
Түсті металлургиядағы энергосақтаушы автогенді үрдістер
Металлургиядағы химиялық айдау әдістері
Полиметалды шикізатты қайта өңдеудің хлоридті технологиясы
Пироселекция
Плазмалық үрдістер
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Шет тіліндегі білімін пайдаланып, ақпараттық ресурстарды тарта отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және қорытындылау; ғылым тарихы мен философиясы саласындағы тұтас жүйелі дүниетаным мен білімге негізделген кешенді және пәнаралық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу.
- Академиялық, ғылыми-әдістемелік қызметті қолданыстағы, перспективті және инновациялық технологиялар, кәсіптік оқытудың құралдары мен әдістері негізінде, оқу процесінде ғылыми білімді қолдана отырып, практикалық іскерлік пен дағдыларды игере отырып жүзеге асыру.
- Металлургия өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайын талдау негізінде технологиялық процестерді автоматтандырудың жоғары дәрежесі бар тиімді жабдықтармен жабдықталған прогрессивті технологияларды енгізу.
- Ғылыми және қолданбалы зерттеулердің озық әдістерін қолдана отырып, металлургия саласындағы ағымдағы және перспективті ғылыми-өндірістік міндеттерді өз бетінше шешу үшін ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру.
- Металлургиялық процестерді математикалық және термодинамикалық модельдеуді қолдану арқылы, біртұтас технологиялық шикізаттың жаһандық принципін жүзеге асыра отырып, кәсіби деңгейде қалдықсыз технологияларды құру.
- Құрылған технологияларды жаңа жағдайда коммерцияландыру және енгізу арқылы теориялық, қолданбалы, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қарастыратын қара және түсті металдар металлургиясында инновациялық технологияларды құрудың алгоритмдері мен траекторияларын меңгеру.
- Шикізатты кешенді пайдалану тұрғысынан металлургиялық инновациялық технологиялардың техникалық-экономикалық тиімділігін бағалау.
- Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүйелеу және талдау, оларды қорытындылау және ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді кәсіби мамандарға да, сәйкес салалардағы мамандарға да дер кезінде жеткізу.
- Адам ресурстарын басқару психологиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, өндірістік, шаруашылық, қаржылық-шаруашылық қызметті тиімді басқару.