Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01405 Музыкалық білім в Қызылорда "Болашақ" университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Сөйлеуді дұрыс интонациялық және лексикалық ресімдеу үшін орыс және шет тілдерін,ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін,Қазақстанның тарихи дамуының кезеңдері мен заңдылықтарын меңгеріп,экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалау үшін экономикалық теорияның бағыттарын зерделей отырып,қаржы саласындағы ықтимал құрал-саймандарды практикада сәтті пайдалануға,салауатты және толыққанды өмір сүру ұстанымын қолдай отырып, ақпараттық коммуникациялық құралдарынкәсіби қолдануға қабілетті.
  • Білім алушыларға жеке, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікті және қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жүйелі тәсілдерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін, ғылыми теориялық зерттеу әдістерін, педагогикадағы өзекті мәселелерді зерделей отырып, ғылыми ақпаратты іздестіру, зерттеулер жүргізу, оның нәтижелерін өңдеуді және ресімдеуге қабілетті
  • Музыкалық білім берудің мәні мен мазмұнын түсініп, ерекше балалармен және олардың отбасыларымен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық технологияларын меңгере отырып, заманауи оқу-тәрбие үдерісінің мәні мен құрылымын, ерекшеліктерін талдай отырып, оқу және тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру технологиясын кәсіби жүзеге асыруға қабілетті.
  • Әлемдік және қазақ музыка өнерінің тарихы мен теориясын, дамуының негізгі заңдылықтары мен гормонияның заңдылықтарын меңгеріп, қазақ музыкасының қалыптасу кезеңдерімен ұлттық музыкалық үніміздің ерекшелігін зерделей отырып, музыкалық білім беру мәселелерін тарихи-педагогикалық тұрғыда саралап, кәсіби-педагогикалық деңгейде жүзеге асыруға қабілетті
  • Музыкалық аспаптарды (фортепиано, домбыра, баян), хор және жеке музыкалық сүйемелдеу технологиясын, мектептің музыкалық педагогикалық репертуарын меңгереді , вокалдық, сахналық өнер саласында практикалық дағдыларды қалыптастырады
  • Білім алушылардың музыкалық аспаптарды үйрету әдістемесі мен орындаушылық шеберлігін шыңдай отырып, музыкалық шығармаларды талдап, хормен ән айту дағдылары мен нота сауаттылығын қалыптастыру арқылы кәсіби деңгейде білім беруге қабілетті.
  • Музыка пәнін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, білім алушылармен сыныптан тыс музыкалық-көркем жұмыстарды ұйымдастыру,ән айту және мектеп әндерін оқыту әдістемесін меңгеріп, мұғалімнің мәдени-ағартушылық қызметін зерделей отырып, оқу-тәрбие үдерісін кәсіби деңгейде ұйымдастыруға қабілетті.
  • Музыка сабағында АКТ құралдарын жасақтау мен пайдаланудың дидактикалық негіздерін меңгеріп,педагогикалық қызметте кәсіби мәселелерді шешу үшін инновациялық технологиялар мен бағалаудың өлшемдік технологиясын тиімді қолдана отырып,қазіргі заман білім технологиясының дамуының тенденциясы және оларды жобалауды жүзеге асыру үшін зерттеу қызметін жүргізуге қабілетті.
  • Білім алушыларға музыка теориясы негіздерін,жалпы музыкалық білім беру жүйесінің негізгі формаларын меңгертіп, педагогикалық-психологиялық тәжірибе жинақтау барысында хор ұжымын кәсіби басқару, музыка мұғалімінің приоритетті кәсіби сапасын дамыту жолдарын қалыптастыра отырып, білікті маман даярлауды жүзеге асырады.
Top