Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B08171 Агрономия в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Өндірістік-технологиялық, ғылыми міндеттер мен проблемаларды шығармашылықпен шеше алатын, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының стратегияларын, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтің тұрақты түсімін алуға және бәсекеге қабілетті маман даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B077 Өсімдік шаруашылығы
  • ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
  • Дайындық бағыты 6B081 Агрономия

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі ережелері мен көшбасшылық қасиеттерді және инновациялық технологияларды ауыл шаруашылығы өндірісінің түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.
  • Жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерден алынған білімді қолдану арқылы мамандықтың қыр-сыры мен ерекшеліктеріне талдау жүргізу. Ауыл шаруашылығы дақылдары өсімдіктерінің құрылысы және физиологиясы, биохимиясы жайлы білімді қолдану, дақылдарға климаттық жағдайлардың әсерін бағалау.
  • Ауыл шаруашылығы өңдірісінің басты салалары- егіншілік, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы бойынша алынған теориялық және әдістемелік білімдерін өзінің қызметтік міндеттерін орындауға қолдана алады, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша экспериметтер жүргізе алады, зерттеу нәтижелерін бағалай алады.
  • Агрономия саласындағы теориялық материалдарды игеріп және инновациялық технологияларды қолданып, ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін арттыру үшін топырақ қасиеттерін, оны өңдеу тәсілдерін, өсімдік шаруашылығында қолданылатын машиналарды, дақылдардың суару нормаларын, зиянды ағзалармен күрес жолдарын және тыңайтқыш қолдану әдістерін қолдана алады.
  • Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен өнім сапасын арттыру үшін өсімдік селекциясының дәстүрлі және жаңа әдістерін қолдану. Тұқым шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, сақтау, стандарттау, сапасын бақылау бойынша білімді меңгеру.
  • Дербес өсімдік шаруашылығы бойынша алынған білімді іс жүзінде қолдану. Күріш, техникалық және танаптық дақылдар, көпжылдық шөптер, әртараптандыру дақылдары, жеміс-жидек, көкөніс дақылдарын өсіру технологияларын пайдалана алады.
  • Заманауи ауылшаруашылық ғылымы жетістіктерін пайдалана отырып, егіншілік жүйелері бойынша жер, су қорларын тиімді пайдалану әдістерін талдайды. Аймақтық егіншілік жүйелері ерекшеліктеріне байланысты топырақ құнарлығын сақтау және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында мелиоративтік егіншілік, топырақ қорғау егіншілігі, суармалы егіншіліктерді пайдаланады.
  • Күнделікті кәсіби қызметке және білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білім алудың жеке траекториясын дербес таңдай алады, олардың тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар әзірлей отырып, жобалардың сандық және сапалық индикаторларын талдайды.
Top