Жаңа білім беру бағдарламасы

7M08404 Аквакультура және судың биологиялық ресурстары в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Пәндер

  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Курс педагогикалық ғылымды және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орнын, білім берудің қазіргі парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, маман тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім берудегі менеджмент қарастырады. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы, оқытудың әдістері мен түрлері туралы түсінік беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Балық өсіру биотехниясы (түрі бойынша)

    Балықтарды жасанды өсірудің қазіргі жағдайы, маңызы және даму барысында кездесетін қиыншылықтар. Балық шаруашылығы саласындағы халықаралық нормативтік-құқықтық актілер. Балық шаруашылығындағы Қазақстан Республикасының құқықтық-нармативтік актілері. Кәсіптік балық түрлерін өсіру биотехникасы. Балық шаруашылығы мекемелері мен уылдырық шашу-шабақ өсіру шаруашылықтарының құрылымы, құрылғылар, құрал-жабдықтары, цехтары мен орналасқан аумағының сипаттамасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аквакультураға арналған арнайы азықтар

    Аквакультураға арналған арнайы азықтар. Балықтарды бассейндерде, тұйык сумен қамтамасыз ету қондырғыларында өсіргенде шабақтарға берілетін арнайы құрама жемдердің түрлері. Балықтардың түріне, жасына қарай азық дайындау. Тәуліктік және жылдық азық рационын есептеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аквакультура: мәселері және даму болашағы

    Пән Қазақстан мен әлемдегі аквакультура дамуының қазіргі жағдайын зерттейді. Қазақстандағы аквакультураның заманауи түрлері. Қазақстанның қазіргі аквакультураның мәселелері. Әлемдік аквакультура дамуының негізгі тенденциялары. Әр түрлі елдерде қолданылатын аквакультура объектілерін өсірудің заманауи әдістері мен тәсілдері. Қазақстандағы су биологиялық ресурстарының жасанды өсімін молайтуды оңтайландырудың қазіргі жай-күйі, проблемалары және жолдары. Тоған, көл және өнеркәсіптік балық шаруашылығының қазіргі жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың бойында ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанда бекіре балықтарын өсіру биотехникасы

    Бекіре өсіру технологиясы (уылдырық шашу тәсілдері, ұрықтандыру тәсілдері, уылдырықты аулауға арналған құралдар, дернәсілдер мен шабақтарды өсіру тәсілдері). Шабақтарды өсіру кезінде бекіре тұқымдас балықтардың кәсіби қайтарымын және отырғызу тығыздығын есептеу. Қазақстан өңірлерінің табиғи-климаттық сипаттамасы, бекіре балықтарының түрлік ерекшеліктері, бекіре балықтарын өсіру кезіндегі су сапасына қойылатын талаптар, өсіру кезіндегі өндірістік процестер қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Су ресурстарын тұрақты басқару

    Су қоймаларының функциональдығының экологиялық негіздері және су биологиялық қорларының қазіргі кездегі жағдайы. Өзендердің, көлдердің, жасанды су қоймаларының, теңіздердің биологиялық өнімділіктері. Табиғи және су қорларды тиімді пайдаланудың экологиялық негіздері. Қазақстан суларында жергілікті ихтиофаунаның қалыптасу заңдылығы. Адамзаттың тигізетін әсерінің : өндіру. Қоршаған ортаның ластануы, интродукциялау жағдайындағы су биологиялық қорлаының динамикасы. Қазақстандағы аймақтар бойынша кәсіптік маңызы бар балықтарды және кәсіптік балық аулау. Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ): судың биологиялық обьектілері. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар (ЕҚТА) типтері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Суқойманың биологиялық өнімділігі және су биоресурстарының генафондын тұрақты пайдалану

    Пәннің мақсаты магистранттарда су қоймалардың өнімділік зерттеулердің өзекті мәселелері туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Судағы қауымдастықтар және олардың ерекшеліктері, өнімділікті зерттеулердің тарихы, жалпы өнімділік теориясы, өнімділіктің сандық және сапалық көрсеткіштері, экожүйелердің тұрақтылығы, биологиялық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізі ретінде өнімділікті зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару

    "Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару" курсы магистранттарды агроөнеркәсіптік кешен саласында нарықтық жағдайда оқытуға арналған. Ол жобаны басқару әдістерінің даму тарихын, жоба тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешім қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі жоба менеджерінің рөлі мен қызметін игеруді қамтиды. Магистранттар агроөнеркәсіптік кешен саласында өз бизнесін табысты жүргізу үшін қажетті дағдыларды игере отырып, жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандарын және оларды әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін зерделейді. Курс сонымен қатар білім алушылардың экономикалық ойлауы мен кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруға, оларға нарықта өз орнын табуға, өз ісін ашуға, өз кәсіпорнын ұйымдастыруға және тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Аквакультура және судың биологиялық ресурстарындағы ғылыми зерттеулер әдіснамасы

    Бұл сабаққа лекциялар, практикалық жұмыстар жүргізілуі, рефераттардың жазылуы мен қорғалуы кіреді. Қарастырылатын мәселелер: сабаққа кіріспе, мақсаты және міндеттері. ҚР ғылым туралы заңы. Нормативті-құқықтық актілер. Комитеттің метрология бойынша қызметі. Ғылыми зерттеу қызметін лицензиялау. ҒЗЖ қаржыландыруды іздестіру. Зертеулерді жоспарлау, ҒЗЖ бағдарламасын қарастыру және ережелерін құрастыру. ҚР бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерінің құрылымы. Балық шаруашылығын ғылыми зерттеу мекемелерінің әдістері. Алғашқы материалды жинау және өңдеу әдістемелері. Лабораториялық, өндірістік және далалық тәжірибелерді ұйымдастыру. Ғылыми зерттеу нәтижелерін құжаттандыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Балық ауруларының диагностикасы

    Қазақстан паразитофаунасын зерттеу тарихы. Қазақстан балықтары паразитофаунасына систематикалық шолу. Қазақстанның протопаразитофаунасы. Жерсіндірудің балықтар паразитофаунасына әсері.Аурулардың жіктелуі, балықтың инфекциялық, инвазиялық және жұқпайтын ауруларының сипаттамасы, этиологиясы, олардың туындауына және таралуына ықпалын тигізетін факторлар, профилактикасы және күрес шаралары. Балықтың типтік патологиялық процесстерінің, инфекциялық, инвазиялық, жұқпайтын және этиологиясы белгісіз ауруларының диагностикасы. Тасымалдаушысы балық болып табылатын адам мен жануарлар ауруларының диагностикасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Балық қорын қорғау

    Балық ресурстарын, түрлік құрамын, қандай да бір су айдынындағы балықтардың саны мен өнімділігін қорғау, олардың тамақтануын, өсуін, дамуын, көбеюін және дамуын зерттеу, ихтиофаунаға әсер ететін орта факторларын анықтау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Бизнес шешімдерді модельдеу

    Пән шешім қабылдау процестерін зерттейді, бастапқы мәселені формализациялаудан бастап, компьютерде математикалық модель құру және шешу арқылы шешімді талдауға және басқару шешімін қалыптастыруға дейін. Басқарушылық шешімдерді таңдау үшін міндеттердің өндірістік, көлік және қаржылық модельдерін қарастырады. Математикалық модельдерді құру және шешу және осы шешімдерді компьютерде талдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Популяциялар туралы ілім

    Популяция терминінің теориялық маңызы және оны тәжірибеде қолдану. Популяцияның жыныстық, жастық кеңістіктік, генетикалық экологиялық құрамы. Популяцияларды зерттеу және басқарудың уақытқа байланысты аспектілері. Өнеркәсіптік балықтар популяцияларының әртүрлі типтері. Оқшаулану және популяциялар арасындағы байланыс. Биологиялық оқшаулану. Ген және фен. Популяция эволюциялық бірлік. Популяция және систематика. Популяция және микрофилогенез. Табиғи популяциялардың фенетикасы. Популяциялар пайдаланудың, қорғаудың және басқарудың негізгі бірлігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жайылымдық аквакультура

    Жайылымдық аквакультураның даму тарихы, қазіргі жағдайы. Жайылымдық аквакультура формалары. Табиғи және антропогендік тұрғыдан қолдау көрсетілетін табиғи жайылымдық аквакультура объектілері. Поликультура, жайылымдық аквакультурадағы интеграция. Жартылай өтпелі және өтпелі балықтарды, мидиялар мен устрицаларды жасанды түрде өсіру және жайылымдық өсіру биотехникасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Балық шикізатының түрлік құрамы және ерекшеліктері

    Балық шаруашылығы ақпаратының құрамы мен құрылымы; Ихтиологиялық бақылауларды ұйымдастыру әдістемесі; бассейндерде, көлдерде және тоғандарда тауарлық бекіре тұқымдастарын өсіру. Балық шикізатын ұтымды (кешенді) пайдалану үшін оның химиялық құрамын, құрылымдық—механикалық, физикалық қасиеттерін, анатомиялық құрылысын, морфологиялық ерекшеліктерін, өлшемдік сипаттамаларын білу қажет.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Балық өнеркәсібінің шикізаттық базасы

    Қазақстандағы балық шаруашылықтарымен және су қоймаларымен таныстыру. Жасанды жағдайда тауарлы балықтарды өсіру технологиясы. биоресурстарға зерттеу жүргізу, іздестіру, бақылау және өлшеу, олардың сипаттамасы мен тұжырымын жасау; - балық аулаудың шикізат базасын пайдалану кезінде оның жағдайын сауатты бақылау; алынған нәтижелерді және балық аулаудың шикізат базасының жай-күйі бойынша басқа да ақпаратты сауатты бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Гидробионттарды жерсіндірудің теориясы мен практикасы

    Гидробионттарды жерсіндірудің теориялық негіздері, су экожүйелері және олардың ерекшеліктері, жерсіндіру жұмыстарына тәжірибе жүргізу, жерсіндіру жұмыстарының бастамашылары, гидробионттарды жерсіндіру жұмыстарын жүргізуге биологиялық негіздеме жасаудың құрамы мен талаптары, жерсіндіру нәтижелерін бағалау, биологиялық және кәсіптік (шаруашылық тиімділігі, Қазақстанға тән емес түрлерді жерсіндіру және гидробионттарды жергілікті (эндемиктер) түрлерін сақтаудың қазіргі таңдағы өзекті мәселелері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Конфликтология

    Пән конфликтологияның негізгі категорияларын, жанжалдардың типологиясын, жанжалдарды басқару технологиясын қарастырады. Тұлғаның қақтығыстағы мінез-құлық теориясын, тиімді қарым-қатынас технологиясын және қақтығыстағы ұтымды мінез-құлықты зерттейді. Жанжалды шешу бойынша келіссөз процесінің психологиясы, дауды реттеу технологиясы ретінде Медиация туралы түсінік қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Су биологиялық қорларына мониторинг жүргізу

    Қазақстандағы балық қорын көбейту мен қорғаудың мәселелерін, экологиялық заңнамаларлың құрылмы және жүйелерін түсінумен қатар балық шаруашылығы мен балық аулауды ұйымдастырудың құқықтық негізін, гидробионттарды жерсіндірудің заңдық аспектісін қамтамасыз етеді. Модульде келесідей мәселелер қарастырылады: гидробионттар мөлшерінің динамикасы, азықтық қоры, өмірінің ритмі мен мекен ауыстыруы, мекендейтін жердің қиын-қыстау жағдайында ағзалардың бейімделуі, балық қорының тиімді қолданудың биологиялық негіздері, әр түрлі тоғандардың экологиялық сараптаудың нысаналары ретінде фито және зоопланктондарды, зообентостарды зерттеу, тоғандар мен биоиндикация нысаналарында улы заттардың белгілі деңгейдегі концентрациясы және токсикологиялық бақылау, биоценоз деңгейіндегі тоғандардың биоиндикациялық ластануы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Балық шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы озық білімге негізделген жаңа білім, іскерліктер алу және оларды кәсіби қызметте пайдалану
  • Оқытылатын салада әрі қарай оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті шет тілдерінің бірінде жазбаша және ауызша кәсіби коммуникацияларды меңгеру
  • Білім беру саясатының міндеттерін іске асыруда жоғары мектеп педагогикасының, кәсіптік білімнің негіздерін түсіну және дамып келе жатқан білімдерін көрсету
  • Ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды балық шаруашылығы мамандары ұжымына нақты хабарлау, көшбасшылыққа дайын болу және қалыпты психологиялық климатты қамтамасыз ету.
  • Балық ауруларының себептерін анықтау үшін балық шаруашылығы зерттеулерінің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру; балық азықтарының жіктелуін және акваөсіру құнды объектілерін азықтандыру технологиясын білу; балық және басқа гидробионттарды өсіру және азықтандыру бойынша пайдаланылатын технологиялардың экономикалық тиімділігін есептеу, табиғи биологиялық су ресурстарын пайдаланудың шығындары мен пайдасын бағалау
  • Мәселелерді жаңа ортада, кең пәнаралық контексте шешу үшін тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде кешенді зерттеулер жүргізу
  • Әріптестердің пікірін ескере отырып, өз позициясын қорғау, зерттеу барысында алынған практикалық қызметтегі дағдылар мен қабілеттерді қолдану
  • Ғылыми қызметте және сапалы балық өнімдерін өндіру үшін эксперименттік зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері туралы білімдерін қолдану
  • Ішкі су айдындарындағы гидробионттарды жерсіндіру негізінде ақпаратты жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру және жерсіндірілген адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау.
  • Ұжымға әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, басшылықты жүзеге асыру
  • Педагогикалық қызметте, кәсіби мәселелерді шешуде, педагогикалық қарым-қатынаста, ақпараттық ізденіс мәселелерінде құзыреттілікті көрсету.
Top