Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07133 Көлік жүйелерінің логистикасы в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Іскерлік жазбаша және ауызша сөйлеуді еркін меңгеру дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми-кәсіби қызметте, көпшілік алдында сөйлеуде шет тілінде сенімді қарым-қатынас жасау.
  • Ғылым философиясының ережелері мен категориялары негізінде ғылымдағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық мәселелерді талдау және құрылымдау.
  • Тұрақты дамуға жәрдем беру үшін жоғары мектептің инновациялық білім беру технологияларын және академиялық адалдық дағдыларын пайдалана отырып, ғылыми – кәсіби қызметте ғылыми зерттеулер әдіснамасын қолдану.
  • Экономикалық-математикалық әдістерді, модельдерді және логистикалық процестерді модельдеуді қолдана отырып, көлік-логистикалық жүйелерді жобалау.
  • Өндірістік процестерді оңтайландыруға ықпал ететін ұжымда психологиялық климат құру үшін ұйымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайларды және басқару қызметінің ерекшеліктерін талдау.
  • Кәсіпорындар мен саланың бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін логистикалық стратегияларды, инновациялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, озық IT-технологияларды, цифрландыру мен геймификацияны, сондай-ақ көлік логистикасында брендті қалыптастыру қағидаттарын әзірлей отырып, кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізу.
  • Инженерлік есептеу әдістерін ескере отырып, жоғары жылдамдықты магистральдарға (ЖЖМ) қызмет көрсету және сенімді пайдалануды қамтамасыз ету кезінде логистикалық сервис проблемаларын шешу
  • Өндірістік процестерді оңтайландыру, Көлік қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, экологиялық қауіпсіздікті және көлік инфрақұрылымының экономикалық тиімділігін арттыру үшін кәсіби міндеттердің шешімдері мен оларға қол жеткізу құралдарын ұсыну.
Top