Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M08306 Табиғи биоресурстарын тиімді пайдалану (1,5 ж) в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Оқыту нәтижелері

  • Түсіне білу: ғылыми білімді дамытудың заманауи үрдістері туралы. Басқару жүйесіндегі жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында басқару қызметінің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін талдау. Компанияның әлеуеттік пайдасын барынша арттыру, кәсіпорынның тұрақты басқару жүйесін құру мақсатында қазіргі заманғы экономика бағытын білу, кәсіпорынның, ұйымның, компанияны дамыту жоспарын жасау, жоспарлау және жүзеге асыру.
  • Шет тілін (кәсіби) меңгеру нәтижесінде шет тілінде ғылыми және кәсіби ақпаратты іздеу тәсілдерін, желілік технологиялар, білім және деректер базасын білуі тиіс. Академиялық бағыттағы кәсіби тақырыптарды ауызша айтуды және жазбаша реферат жазуға дағдыланып, талдауды меңгеру қажет.
  • Магистрант аң аулау түрлерін, әдістерді, жануарларды ұстау әдістерін, аңшылық ресурстарын ұтымды пайдалануды, жануарлар санының көбею жолдарын біледі.
  • Пәнді меңгеру мақсатында - аңшылық шаруашылықтарда және қоршаған ортаны басқарудың басқа да салаларында жұмыс істеу үшін қажетті теориялық және практикалық дағдыларды қалыптастыру. Магистрант иттердің тұқымдарын ажыратуды, өсіруді, тәрбиелеуді және аңшылыққа үйретуді, итті көрмеге шығару, бағалау, ауруды алдын алу және емдеуге дағдылануы тиіс.
  • Білу керек құстар мен жануарларға арналған қорғаныс шараларын, биологиясын, аңшылықтану және аң шаруашылығында тәжірибе жүргізудің негізгі әдістерін. Аң шаруашылығында ғылыми зерттеу әдістерін ұйымдастыруды және жүргізуді; аңшылық жануарлардың популяцияларын басқару және қалпына келтіруді, кәсіптік және кәсіптік емес аңдар мен құстардың негізгі өкілдерін; аңшылық жануарлардың есепке алудың негізгі әдістерін.
  • Білуі керек: аңшылық өнімдерді алғашқы өңдеу, аңшылық шикізат өнімдерін сақтау, тасымалдау және жинау әдістерін; шикізат пен дайын аң өнімдерінің сапасын талдау және қабылдау әдістерін. ҚР қолданылатын аңшылық аңдар мен құстардың негізгі ұстау әдістерін кәсіби ауланатын және ауланбайтын аңдар мен құстардың негізгі өкілдерін, аңдар мен құстардың биологиясын, аңдар мен құстарға санақ жүргізу әдістерін білуі тиіс.
Top