Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01605 Тарих: Қазақстанның жаңа және қазіргі замандағы әлеуметтік тарихы в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Пәндер

  • 1920-1930 жылдардағы қазақ қоғамы: әлеуметтік трансформациясы және күнделіктілігі

    Пәннің мақсаты: Өзгеріс кезеңіндегі күнделікті өмірді жан-жақты зерттеу. Мазмұны: Партиялық-мемлекеттік құрылым. саяси насихат жүйесі. Білім, медицина және мәдениет саласындағы әлеуметтік саясат. Демографиялық жағдай: халықтың саны мен құрамы, өзгеру динамикасы. Азық-түлік ресурстары. Қала және ауыл тұрғындарының еңбек қызметі. Күнделікті өмірдің материалдық және тұрмыстық аспектілері. Қалыптасатын дағдылар: «Күнделіктілік» контентінің ерекшелігін ұғыну.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Мақсаты: магистранттарда ұйымдарды басқаруға қатысты психологиялық білім негіздерін, басқару қызметінің тиімділігін арттырудың психологиялық теориялары мен тұжырымдамаларын қалыптастыру. Мазмұны: психологиялық жағдайларды, басқару қызметінің ерекшеліктерін талдау. Басқарушылық кіші жүйенің жай-күйі мен өзгерістерін диагностикалау және болжау; бағыныштылар қызметінің бағдарламасын қалыптастыру; шешімнің орындалуын ұйымдастыру. Менеджердің басқару қажеттіліктері мен қабілеттері. Диагностикалық құралдарды құру, менеджерлерді даярлаудың белсенді әдістерін әзірлеу, басқарушылық кеңес беру түрінде практикалық іске асыру. Қалыптастырылатын құзыреттер: ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табуға қабілеттілік пен дайындық.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарихтағы заманауи теориялар мен әдіснамалар

    Өзекті мәселелерге шолу, тарихтың классикалық және қазіргі заманғы теориялары мен әдістерін талдау және бағалау және қолдану, ғылыми-зерттеу қызметі, оның кезеңдері, құрылымы, нақты зерттеу жобасында қолданылатын әдістердің жиынтығы туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Әлемдік тарихтың негізгі проблемалары және оларды зерттеудің негізгі әдіснамалық тәсілдері; ғылыми әдістерді жіктеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Магистрлік диссертация дайындаудың әдістемесі

    Магистранттарда зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, креативті ойлау, өзіндік ғылыми ізденіс қабілеті, сондай - ақ ұйымдарда және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуде құзыреттерді қалыптастыру, әдіснамалар, Дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру мақсатында зерделенеді. Диссертациялық зерттеу жүргізу әдістемесі. Диссертациялық жұмыстың мазмұны және оны рәсімдеу ережелері. Тарих және дінтану саласында әртүрлі ғылыми әзірлемелерді (зерттеу жобасы, ғылыми мақала, диссертация және т.б.) жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дінді зерттеу теориялары мен әдістері

    Дінтанудың классикалық және қазіргі заманғы теорияларын талдау, бағалау және қолдану, ғылыми-зерттеу қызметі, оның кезеңдері, құрылымы, нақты зерттеу жобасында қолданылатын әдістердің жиынтығы туралы тұтас түсінік қалыптастыру. Әлемдік діндердің түйінді проблемалары және оларды зерттеудің негізгі әдіснамалық тәсілдері; дінтану зерттеулерінде қолданылатын негізгі жалпы ғылыми және арнайы әдістер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • 1920-1960 жылдардағы Қазақстан қала тұрғындарының күнделікті өмірі

    Пәннің мақсаты: Қаланың күнделікті өміріне кешенді талдау жасау. Мазмұны: Қала әлеуетінің әлеуметтік құрылымы. Тұрғындардың саны мен құрамы.Қалалық отбасы.Қаланың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірі. Қоғамдық өндірістегі еңбек. Білім деңгейі. Қалалықтардың тұрғын-үй,тұрмыстық жағдайы, бос уақыты, күнделікті мәдени өмірі. Тамақ сапасы мен киім стилі Дағдылар: Әлеуметтік тарихтың әдістері мен статистикалық талдауды қолдану.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектеп педагогикасы

    Мақсаты: жалпы мәдени, жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттіліктерді, жоғары мектептің өзекті педагогикалық мәселелері мен міндеттерін шешу қабілеттерін қалыптастыру. Мазмұны: Педагогика ғылым ретінде. Педагогика тарихы. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың пәні мен міндеттері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Жоғары білімнің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдістемесі. Кәсіби құзыреттілік, ЖОО оқытушысын оқыту теориясы. Кредиттік оқыту технологиясы. ЖЖМ, ҒЗЖМ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі Менеджмент. Құзыреттіліктер: педагогиканың заманауи мәселелері бойынша білімдері мен кәсіби ұстанымдарын көрсету, педагогикалық міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарау, толерантты және ынтымақтастыққа қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақстан тұрғындарының мәдени және діни тәжірибелері (ХІХ-ХХ ғ. басы)

    Дін мен мәдениетке қатысты имперлік саясатты қарастыру.Тұрғындардың мәдени және діни тәжірибиесінің түрлері мен салт-жоралары. Имперлік саясаттың жергілікті мәдени практикаларға ықпалы. Мәдениет ерекшеліктерін талдай біледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы және философиясы

    Мақсаты: білім алушылардың ғылыми танымының философиялық-әдіснамалық мәдениеті, ғылымды ұйымдастыру және жұмыс істеу тәсілдері, оның дамуының жалпы заңдылықтары, білімге қол жеткізудің ұтымды әдістері мен нормалары, ғылыми-техникалық шығармашылықтың әлеуметтік-мәдени шарттылығы негізінде ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды дамыту. Мазмұны: Ғылым философиясы. Мәдениеттегі ғылым, өркениет. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар. Ғылыми ұтымдылық. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде жаратылыстану ғылымдары. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Коммуникативтік технологиялар, қазіргі ғылымдағы ақпараттық процестер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері. Құзыреттіліктер: философия заңдарының негіздерін білу және ғылыми-зерттеу қызметінде қолдана білу, педагогикалық процесте шығармашылық шешімдер қабылдау, толерантты және ынтымақтастыққа қабілетті

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың күнделікті өмірі (ХІХ-ХХ ғ. басы)

    «Жаңа әлеуметтік тарих» дамуының кезеңдері, негізгі бағыттары, құрамдас компоненттері, зерттеу обьектісі мен әдістері. Әлеуметтік тарихтағы деректердің түрлері мен оның зерттеу әдістері. Қазақ қоғамы:әлеуметтік құрылымы, ирерархиясы, динамикасы. Жаңа әлеуметтік санаттар мен оның құрамы, иерархиялық жүйесі, шендер мен рангтер. 1897 жылғы Жалпыхалықтық санақ бойынша қазақ тұрғындары, әлеуметтік және отбасылық құрамы,жас ерекшелік топтары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Мақсаты: білім берудің алдыңғы сатысында қол жеткізілген шет тілін меңгерудің бастапқы деңгейін арттыру және магистранттардың әртүрлі салалардағы әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерді шешу үшін коммуникативтік құзыреттіліктің қажетті және жеткілікті деңгейін меңгеруі. Мазмұны: бұл курс магистранттарға С1, С2 (тілдік мамандықтар), LSP деңгейінде шет тілін меңгеруге, монологиялық және диалогтық нысанда (баяндама, презентация, әңгіме, пікірталас) сөйлесуге көмектеседі. Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде зерттеу. Ғылыми мақалалар, баяндамалар, жобалар жазу, ресімдеу, т. б. Құзыреттіліктер: Педагогика, психология және химияны ағылшын тілінде оқыту әдістемесі салаларында білімін қолдану дағдысымен қабілеттерін меңгеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Тарихи зерттеулердегі цифрлық әдістер мен құралдар

    Мақсаты: цифрлық гуманитарлық ғылымдарда қолданылатын әртүрлі құралдарды, тәсілдерді зерттеу және меңгеру. Мазмұны: Деректерді визуализациялау және инфографика. Үш өлшемді модельдеудің технологиялық мүмкіндіктері. ГАЖ және кеңістіктік талдау. Цифрлық құралдарды қолдану тәжірибесі. Қалыптасқан дағдылар: цифрлық технологияны пайдалану, тарихи деректермен жұмыс жасау, логиканы және талдауды, сонымен қатар белгілі бір әдістердің мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтау

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа және казіргі замандағы әлеуметтік тарихының деректері

    Мақсаты: Деректерді кешенді талдау. Мазмұны: Құжаттар құрылымын талдау мен жіктеу.Әлеуметтік тарихтың тарихи деректерінің түрлері, тұрпаты, түсіндермесі.Актілік деректер мен тіркеу құжаттамасы.Мерзімдік басылым, жеке тұлғаға қатысты құжаттар.Жеке істердің мәліметтерін талдау.Мемуарлардың түрлері.Хат, өтініш, арыз, шағым.Сот тергеу материалдары және Кеңес дәуірінің хабарламасы. Дағдылар: әр түрлі деректермен жұмыс жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарих пәнаралық әдістердің теориясы мен практикасы

    Пәннің мақсаты: Пәнаралық тәсілдерді қалыптастыру. Пәнаралық тәсілдердің әдіснамалық негіздері, принциптері және проблемалары. Дискурс-талдау және дискурсивті квантификация. Тарихи зерттеулердегі семиотика әдістері. Тарихи зерттеулерде әлеуметтану мен әлеуметтік психологияның тұжырымдамалары мен әдістерін пайдалану. Тарихи зерттеулердің антропологиясының тұжырымдамалары мен әдістері.. Пәнаралық тәсілдер контекстінде әртүрлі тарихнамалық мектептердің әдіснамалық тәсілдерін талдайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 1945-1991 жылдары Қазақстандағы кеңестік педагогтардың әлеуметтік өмірі мен тұрмысы

    Пәннің мақсаты: Кеңестік педагогтардың күнделікті өмірін зерттеу және талдау. Мазмұны: Кеңес қоғамының әлеуметтік құрылымы. Билік пен идеология. Педагогтардың сандық, этникалық, гендерлік сипаттамасы. Әлеуметтік-құқықтық, материалдық жағдайы. Педагогикалық білімі. Кәсіптік-біліктілік деңгейі.Қоғамдық-мәдени және саяси келбеті. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен тұрмысы. Қоғамдық жұмыс. Өмір-сүру жағдайы. Қалыптасатын дағдылар: Мәдениеттің күнделіктілігі бойынша түсінікті игеру

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы (XVIII ғ.-XX ғ.басы)

    Әлеуметтік тарих парадигмаларының әдістемелерін меңгерту. «Жаңа әлеуметтік тарих» мазмұны, пәнаралылығы. Қазақстан тарихы материалдары негізіндегі әлеуметтік аз топтар тарихы. Адамдардың өмір сүру тәжірибиесі. Пәнаралық ұстанымды қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • 1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғам және билік: түйінді мәселелер

    Пәннің мақсаты: Күнделікті тарихтың методологиясын игеру. Мазмұны: Биліктің саяси, экономикалық, мәдени саладағы әлеуметтік қайта құрулар бағдарламасы. Қазақстанда «социалистік құрылысты» жүзеге асырудың технологиясы мен механизмі. 1930 жылдардағы кеңес қоғамы өмірінің көкейкесті мәселелері. Айғақтар негізіндегі қарапайым азаматтардың қоғамдық көңіл-күйі. Колхозшылардың өз өмірі туралы хаттары мен шағымдары. Дағдылар: микротарихтың талдау әдістерін қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тарихи зерттеудегі әлеуметтік ғылымның әдістері.

    Пәннің мақсаты: Әлеуметтік зерттеу әдістерін білу. Мазмұны:Әлеуметтік зерттеулер,оның түрлері. Зерттеу бағдарламасының теориялық дайындығы: мәселені анықтау, оны алдын-ала талдау, алгоритм құру.Жұмыс жоспары,құрылымы,әлеуметтік зерттеу әдістері,әлеуметтік ақпарат жинау:таңдау, талдау,бақылау,салыстыру,сауалнамалық сұрақ, интервью, эксперимент.Қорытынды, ұсыныс, жиынтықты талдау мен түсіндірудің тәсілдері. Дағдылар: социологиялық зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазақ КСР-інің әкімшілік-саяси элитасы (1920-1953)

    Мақсаты:Қазақ КСР-інің кадрлық саясатының теориялық негіздерін қарастыру Мазмұны: Басқарудың ішкі құрылымы. Мемлекеттік-құқықтық институттар.Биліктің кадрлық саясаты.Әр түрлі деңгейдегі парторгандар номенклатурасы.Артықшылықтың өсуі. Корпоративтік мүдделер.Бюрократизм.Орталық және аймақтық элиталардың әрекеттестігі.Саны, білімі, әлеуметтік және этникалық құрамы. Психологиялық бейнесі. Билік пен қоғам. Қалыптасатын дағдылар: әлеуметтік тарихтың әдіснамалық парадигмаларының негіздерін игеру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектепте тарихты оқыту теориясы мен әдістемесі

    Пәннің мақсаты: Жоғары мектептің әдістемелік жұмысының негізгі бағыттарын қарау. Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері мен белсенді әдістері. Жоғары мектепте педагогикалық жобалау, ұйымдастыру және бақылау технологиялары. UMK жасау технологиясы. Кредиттік технология жағдайында студенттердің дербес жұмысын, педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. Кәсіптік қызметте білім беру технологияларын пайдалануды практикалық талдау дағдылары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазылым

    Оқу мәтіндерін жазу дағдыларын меңгеру. Зерттеу нәтижелерін жазбаша баяндау дағдылары. Академиялық мәтіндерді безендіру түрлері. Академиялық мәтіндердің ұғымдары, қызметтері және жанрлары. Ғылыми мақалаларды, диссертацияларды жазу және пішімдеу және эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну дағдыларын дамыту. Докторанттарға ғылыми деректер қорында ақпаратты іздеуге, мәтіндерді талдауға және абстракциялауға, тұжырымдамаларды немесе дәлелдерді нығайту немесе даулауға арналған академиялық жазбаның әртүрлі жанрларымен жұмыс істеуге байланысты кәсіби қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Анықтамаларды дұрыс кірістіру, пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастыру, ғылыми, ғылыми және техникалық еңбектерге қысқа және қолжетімді түрде стильдік талдау жүргізу мүмкіндігі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Отбасы институты: тарихи-әлеуметтік аспектісі

    Мақсаты. Отбасы институтының негізгі мәселелері, ерекшелігі мен үрдісін зерделеу. Мазмұны. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы неке-отбасы қатынастары. Кеңестік отбасының идеологиялық үлгісін қалыптастыру. Қазіргі жаҺандағы отбасы әлеуметтік институты. Отбасы құрылымы. Өмірлік цикл. Отбасылық өмірдің құқықтық, демографиялық, әлеуметтік мәдени аспектісі. Моногамды отбасының дағдарысы. Мемлекеттің отбасылық саясаты. Қалыптасатын дағдылар: микротарихи талдаудың әдістемесін қолдану

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Далалық өлке мен Түркістанның жаңа имперлік тарихы(XVIII-XXғ басы)

    Мақсаты: Ресейдің имперлік тарихын зерттеу. Мазмұны: Зерттеулердегі жаңа имперлік тарих.Ресей империясы: жаңғырту үрдісі, оның Далалық өлке,Түркістанға әсері. Имперлік тарихи феноменді, басқару тәжірибиесін, жергілікті тұрғынның өмірін зерттеу. Имперлік жағдайдағы адам. Өзім, бөгде, өзгелер ресми және жергілікті нарративтегі имперлік дискурста. Қалыптасатын дағдылар: әлеуметтік тарихтағы тарихнамалық талдау дағдыларын игеру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қазіргі тарихи зерттеудегі антропологиялық ұстаным

    Мақсаты: антропологиялық ұстанымды зерттеу. Мазмұны: Антропология: терминнің жалпы мәтініне сипаттама. Антропологиялық зерттеулердің өкілдері.Зерттеу пәні, обьектісі. Пән ерекшелігі. Обьектілердің түрлері.Теориялық негіздері, принциптері.Негізгі тұжырымдар мен мәселелері. Этникалық модельдері.Әлеуметтік және мәдени антропологияның белгілері.Әлеуметтік ұйымның формасы, құрылымы. Саналы, санасыз мәдениет.Батыс-Шығыс мәдени парадигмасы. Дағдылар: мәдени және әлеуметтік антропологияны талдау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • ХIX- ХХ ғ бас кезеңіндегі эпистолярлық мұрадағы қазақ сұлтандары

    Мақсаты: Қазақ сұлтандарының хаттарына деректанушылық талдау. Мазмұны. Қазақ сұлтандарының әлеуметтік тұрпаты, құқықтық мәртебесі, құрамы, саны. Билік және сұлтандар.Жергілікті өзін-өзі басқару мекемелеріндегі сұлтандар өкілі. Жалпы сипаттама. Жергілікті билік органдарының әс-әрекетіне жазбаша шағымдар. Ресейлік реформалар қазақ сұлтандарының бағалауында. Хаттар бойынша хан, сұлтандардың әлеуметтік өмірі. Қалыптасатын дағдылар: әлеуметтік тарихтың әдістерін пайдалану

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • - Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады;
  • - оқыту мен ұтқырлықты таңдау және тарих ғылымы мен білім беру саласында одан әрі оқытуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті құзыреттерді дамытады;
  • - зерттеу контекстінде идеяларды әзірлеу кезінде тарих ғылымының, Тарихты оқыту әдістемесінің озық білімдеріне негізделген өзінің кәсіби құзыреттілігі саласындағы дамып келе жатқан білім мен түсінікті көрсетеді;
  • - жаңа ортада, кеңірек пәнаралық контексте мәселелерді шешу үшін өз біліміңді, түсінігіңді және қабілеттеріңді кәсіби деңгейде қолданады;
  • - тарихи зерттеу әдістерін қолданады, өнімді құру үшін ақпаратты талдау, синтездеу, түрлендіреді, гипотеза, құбылыстарды, оқиғаларды жүйелі түсіндіреді, педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік көзқарас танытады;
  • - кәсіби міндеттерді шешуде пәнаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысу, ақпаратты, идеяларды, қорытындыларды, проблемалар мен шешімдерді нақты және біржақты хабарлайды;
  • - педагогикалық қызметте кәсіптің әлеуметтік маңыздылығын, кәсіби этика қағидаттарын ескере отырып, пәндік саланы, педагогикалық өлшемдерді, білім беру жүйесінің тенденциялары мен дамуын, электрондық құжаттаманы жүргізуді білуді модельдейді;
  • - этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін, ұлттық тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерін ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдерін пайдаланады;
  • -факторлық, статистикалық сипаттағы әлеуметтік Тарих бойынша ақпаратты, оның ішінде дереккөздерді талдау, верификациялау және бағалау және контент-талдау жүргізеді.
Top