Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01112 Дерматовенерология (ересектер, балалар) в Семей медицина университеті

Оқыту нәтижелері

  • Инвазивті емес диагностика мен дерматологиялық сынамалардың заманауи әдістерін қолдана отырып, дерматологиялық және/немесе венерологиялық диагнозды тұжырымдай алады, дифференциалды диагноз қоя алады, дәлелді медицина негізінде жалпы және жергілікті емдеу жоспарын тағайындай алады, жұқпалы дерматоздар мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын-алу.
  • Қауіп-қатерлерді бағалауға және жоғары қауіпсіздік деңгейін және медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті
  • Кәсіби команданың басқа да мүшелерін өз бетінше оқуға және оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және үздіксіз кәсіби дамудың басқа да түрлеріне белсенді қатысуға қабілетті
  • Өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіптік топтар құрамында жұмыс істеуге қабілеттіТері және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу; тері және венерологиялық аурулары бар пациенттер үшін "мектепті" ұйымдастыру дағдыларын меңгеру (денсаулық мектебі).
  • Адекватты зерттеу сұрақтарын тұжырымдауға, кәсіби әдебиетті сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде Халықаралық деректер базасын тиімді пайдалануға, зерттеу командасының жұмысына қатысуға қабілетті
  • Науқас үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында науқаспен, оның айналасындағылармен , денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара қарым-қатынас жасауға қабілетті.
Top