7R01112 Дерматовенерология (ересектер, балалар) в Астана медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Заманауи талаптарға жауап беретін, әмбебап және кәсіби құзыреттер жүйесі бар, заманауи халықаралық стандарттар мен дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес терінің неғұрлым өзекті ауруларының алдын алу әдістерін қоса алғанда, медициналық қызметтің амбулаториялық-емханалық және стационарлық деңгейдегі жағдайында, дерматовенерологиялық бейіндегі науқастарға дерматовенеролог дәрігерлердің медициналық көмекті ұйымдастырушылардың бәсекеге қабілетті, білікті кадрларын даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Астана медицина университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R012 Дерматовенерология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Стационардағы балалар дерматовенерологиясы
Стационар жағдайында балаларда терісінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктерін, сондай- ақ клиникасы, диагностикасы мен терапиясын зерделеуді және ата-аналарды баланың терісін күту жөніндегі іс-шаралар және кең таралған инфекциялық аурулардың (Пиодермия, Микоздар. Вирустық тері аурулары. Қотыр. Педикулез. Инсекті аллергия. Лайм ауруы. Лейшманиоз) Сонымен қатар жұқпалы емес дерматоздар (Папулосквамозды дерматоздар және лихендер. Дерматит. Себореялық дерматит. Аллергодерматоздар (экзема, атопиялық дерматит) көп формалы экссудативті эритема. Жибер теміреткесі. Мастоцитоз. Қапты дерматоздар (Герпетиформды Дюринг дерматиті, туа біткен буллезді эпидермолиз). Дәнекер тінінің аурулары. Склероатрофиялық лихен. Тері атрофиясы. Сақина тәрізді гранулема. Фотодерматоздар. Порфирия. Терімен шектелген васкулиттер. Пигментацияның бұзылуы. Безеу, периоральды дерматит. Экриндік тер бездерінің бұзылуы. Шаш аурулары. Генодерматоздар) рецидивтердің алдын алу туралы оқытуды көздейді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 30
-
Амбулаториялық-емханалық дерматовенерология
Амбулаторлық-емханалық деңгейде аурулардың клиникасы, диагностикасы, терапиясы, өзекті инфекциялық (Пиодермия, микоздар. Терең микоздар. Псевдомикоздар. Вирустық тері аурулары. Қотыр. Педикулез. Инсекті аллергия. Лайм ауруы. Тері туберкулезі, алапес, лейшманиоз) және жұқпалы емес дерматоздар (Папулосквамозды дерматоздар және лихендер. Кератоздар. Дерматит. Себореялық дерматит. Экзема. Көп формалы экссудативті эритема. Жибер теміреткесі. Қышу сезімімен жүретін дерматоздар. Мастоцитоз. Буллезды дерматоздар. Дәнекер тінінің аурулары. Склероатрофиялық лихен. Тері атрофиясы. Сақина тәрізді гранулема. Саркоидоз. Фотодерматоздар. Порфирия. Терімен шектелген васкулиттер. Пигментацияның бұзылуы. Безеу, розацея. Экриндік тер бездерінің бұзылуы. Шаш аурулары. Тері ісіктері. Генодерматоздар. ЖЖБИ) диспансерлеу мәселелерін зерделеуді көздейді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 22
-
Стационардағы дерматовенерология
Стационар жағдайында аурулардың клиникасы, диагностикасы, терапиясы, сондай-ақ пациенттерге қажетті күтім көрсету және өзекті жұқпалы аурулардың (бактериялық, саңырауқұлақты тері аурулары, псевдомикоздар) Вирустық тері аурулары. Қотыр. Педикулез. Инсекті аллергия. Лайм ауруы. Лейшманиоз) және жұқпалы емес дерматоздар (Папулосквамозды Дерматоздар және лихендер. Кератоздар. Дерматит. Себореялық дерматит. Экзема. Көп формалы экссудативті эритема. Жибер теміреткесі. Қышу сезімімен жүретін дерматоздар. Мастоцитоз. Қапты дерматоздар. Дәнекер тінінің аурулары. Склероатрофиялық лихен. Сақина тәрізді гранулема. Саркоидоз. Фотодерматоздар. Порфирия. Терімен шектелген васкулиттер. Пигментацияның бұзылуы. Безеу, розацея. Экриндік тер бездерінің бұзылуы. Шаш аурулары. Тері ісіктері. Генодерматоздар) қайталануының және өршуінің алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы оқыту мәселелерін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 30
-
Онкология
Терінің әртүрлі обыр алды (Кейр эритроплазиясы, Боуэн ауруы, актиникалық кератоз, верруциформды эритродисплазия), қатерсіз (невустар, эпителиалды ісіктер – липома, атерома, шаш фолликуласының кистасы, гемангиомалар, лимфангиомалар) және қатерлі (базальды жасушалы тері обыры, жалпақ жасушалы тері обыры, меланома және басқа да обыр түрлері – Меркель жасушасының карциномасы, шаш фолликулаларына, тер бездеріне және май бездеріне байланысты карциномалар) жаңа түзілімдерін зерттеу, сондай-ақ ішкі ағзалардың қатерлі ісігінің тері метастаздары. Қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдердің этиологиясы, патогенезі, алдын алу, клиникалық белгілері, классификациясы, дифференциалды диагностикасы туралы қазіргі заманғы түсініктер. Терінің қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдерін диагностикалау алгоритмдері, пациенттің бағыты және терінің қатерлі ауруларын емдеу принциптері (ісікті хирургиялық алып тастау, лазерлік терапия, сәулелік терапия, химиотерапия және иммунотерапия), сондай-ақ тері обырының және оның қайталануының алдын алу шаралары.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 4
-
Инфекционды аурулар
Терінің және шырышты қабықтардың инфекциялық аурулар кезіндегі зақымдануларын зерттеу — іш сүзегі, паратиф, риккетсиоздар, лептоспироз, шешек, эризипелоид, сібір жарасы, тері лейшманиозы, оба, туляремия, менингококк инфекциясы, геморрагиялық қызбалар, балалар инфекциялары (қызылша, қызамық, скарлатина, желшешек), энтеровирустық инфекция, герпесвирус инфекциясы, цитомегаловирус инфекциясы, инфекциялық мононуклеоз, АИТВ-инфекция. Клиникалық көріністерінің ерекшеліктері, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы және терапия қағидаттары.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 4
-
Гастроэнтерология
Асқазан-ішек жолының аурулары кезіндегі тері зақымдануларын (ГЭРБ, гепатобилиарлық жүйе аурулары, мальабсорбция синдромы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы) зерттеу. Асқазан-ішек жолы мен гепатобилиарлық жүйенің функционалдық жағдайын диагностикалаудың заманауи әдістері: кеңейтілген копрограмма, нәжісті гельминт жұмыртқаларына зерттеу, гепатограмма, протеинограмма, он екі елі ішек құрамын және асқазан сөлінің қышқылдығын зерттеу, эндоскопиялық зерттеулер (ФГДС), бауырдың ультрадыбыстық зерттеуі, қанның гепатит маркерлеріне анализі және алынған нәтижелерді интерпретациялау. Ас қорыту жүйесі ауруларын клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеу принциптері.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 4
-
Амбулаториялық-емханалық балалар дерматовенерологиясы
Амбулаториялық – емхалалық деңгейде балалардағы жұқпалы аурулардың: (Пиодермиялар, микоздар. Псевдомикоздар). Вирустық тері аурулары. Қотыр. Педикулез. Жәндіктердің шағуы. Лайм ауруы. Тері туберкулезі, лепра, лейшманиоз) және инфекциялық емес дерматоздар (Папулосквамозды дерматоздар және лихендер. Дерматит. Себореялық дерматит. Экзема. Көп формалы экссудативті эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы. Жибер теміреткесі. Қышу сезімімен жүретін дерматоздар. Мастоцитоз. Буллезды дерматоздар. Дәнекер тінінің аурулары. Склероатрофиялық лихен. Тері атрофиясы. Сақина тәрізді гранулема. Саркоидоз. Фотодерматоздар. Порфирия. Терімен шектелген васкулиттер. Пигментацияның бұзылуы. Безеу, розацея. Экриндік тер бездерінің бұзылуы. Шаш аурулары. Тері ісіктері. Генодерматоздар. ЖЖБИ) диагностикалау, емдеу, диспансерлеу мәселелерін зерттейді
Оқу жылы - 2
Несиелер - 22
-
Дерматокосметология
Терінің эстетикалық маңызды аймақтарында әр-түрлі дерматоздарды, терапевтік коррекциялау әдістерін (косметикалық күтімнің жалпы принциптері. Бетті тазалау. Маскалар, массаж, пилинг, мезотерапия, ботулинотерапия, криотерапия – әсер ету механизмдері, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері) зерттейді
Оқу жылы - 2
Несиелер - 10
-
Дерматовенерологиядағы клиникалық-лабораториялық диагностика
Биологиялық материалды (эпидермальды қабыршақтар, тырнақ пластинкалары, зақымданған шаштар, жағымдарды-баспа түрінде алу, уретра, қынап, жатыр мойны каналы, тік ішектің шырышты қабатынан алынған қырғыштар; шанкрлардың бөліндісі) жинау әдістері мен ережелерін зерттеу. Материалдарды терінің жұқпалы және паразиттік ауруларын, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қоздырғыштарын анықтау үшін зерттеу. Қышыма кенесін (Sarcoptes scabiei) және Demodex folliculorum кенесін анықтау үшін материал жинаудың ережелері мен әдістері.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 4
-
Дерматовенерологиядағы клиникалық фармакология
Инфекциялық және инфекциялық емес дерматоздарды емдеуде қолданылатын дәрілік препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын дәлелді медицина қағидаттарына сүйене отырып зерттеу. Терінің әртүрлі ауруларында әртүрлі дәрілік заттар мен дәрілік түрлерді қолдану әдістері мен тәсілдерін зерттеу.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 4
-
Венерологиядағы заманауи диагностикалық және емдеу технологиялары
ЖЖБИ диагностикасының молекулалық-генетикалық әдістерін зерттеу. ЖЖБИ скринингіне арналған жедел диагностикалық тестілер. Серологиялық панельдер. ЖЖБИ үшін дербестендірілген бактерияға қарсы терапия, тұрақты формаларды емдеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Әлеуметтік маңызы бар дерматоздарды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері
Созылмалы дерматоздарды диагностикалаудың оптикалық инвазивті емес әдістерін зерттеу: дерматоскопия, конгереттi микроскопия, Вуд шамы. Патогистологиялық диагностика, иммуногистохимиялық зерттеу. Аурулардың ауырлық деңгейін бағалауға арналған валидтенген шкалалар. Молекулалық-генетикалық зерттеулер. Сандық технологиялар. Науқастың фенотипі, генотипі және коморбидтілігіне байланысты терапияны дараландыру. Биологиялық терапия. Иммуномодуляторлар және мақсатты терапия.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бас терісі мен тері қосалқылары ауруларын диагностикалау және емдеу алгоритмдері
Трихоскопияны, арнайы тесттерді (шаштың тартылу тесті, фото-видеотрихограмма), люминесценттік диагностиканы зерттеу. Бастың терісінен биопсия алу. Инъекциялық емес және инъекциялық әдістерді, оның ішінде тромбоциттерге бай плазма терапиясын қолдану. Шаш трансплантациясы мәселелерін зерттеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ОН-1 Тері және венерологиялық аурулардың этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, клиникасын, диагностикасын, дифференциальді диагностикасын, және дәлелді медицина қағидаттары туралы қазіргі заманғы білімге сүйене отырып дерматовенерологиялық науқасқа медициналық көмектің барлық деңгейінде клиникалық диагнозды тұжырымдау, дифференциалды диагностика жүргізу, науқасты тексеру мен емдеу жоспарын тағайындау және жүзеге асыру, жүргізілетін емнің тиімділігі мен асқынулар болжамын бағалау.
- ОН-2 Пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, әріптестерімен қарым-қатынас жасауда пациентпен, оның туыстарымен немесе заңды өкілдерімен коммуникация принциптерін, этикалық, мәдени, діни және құқықтық аспектілерді сақтай отырып өзара әрекеттесу. Көпсалалы топтарда тиімді жұмыс істеу, консилиумдарға, клиникалық қарауларға қатысу; кәсіби ортада ақпаратты тиімді тіркеу дағдыларын қолдана отырып, медициналық құжаттаманы нысандары мен түрлеріне, тиісті көлеміне, тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес ресімдеу.
- ОН-3 Ересектер мен балаларда дерматовенерологиялық ауруларды диагностикалау мақсатында клиникалық, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерін (микробиологиялық, серологиялық, иммунологиялық, дерматоскопиялық, морфологиялық) жоспарлау мен жүргізуде тиімді кешенді тәсілді қамтамасыз ету, олардың көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін бағалау, алынған нәтижелерді интерпретациялау.
- ОН-4 Сыртқы және жүйелі терапияны қоса алғанда, емдеу шараларын ұйымдастыру және жүргізуде кешенді тәсілді қамтамасыз ету; шұғыл медициналық көмекті дер кезінде көрсету, өмірге қауіп төндіретін жағдайларды анықтау және клиникалық хаттамалар мен халықаралық ұсынымдарға сәйкес әрекет ету; дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес алдын алу шараларын қамтамасыз ету; дерматокосметологиялық көмек көрсетуге қатысу.
- ОН-5 «Дерматовенерология ересектер, балалар» мамандығы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілері шеңберінде кәсіби қызметті жүзеге асыру, дербес деректердің қорғалуы мен медициналық ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халық денсаулығын нығайтуға бағытталған сектораралық және кәсібиаралық бастамаларға қатысу.
- ОН-6 Терілік және венерологиялық аурулардың біріншілікті және екіншілікті профилактикасын жүргізу, профилактикалық медициналық тексерулер өткізу, медициналық көмекке байланысты инфекциялардың эпидемиологиялық қадағалауы мен бақылау шараларын жүзеге асыру (оның ішінде хирургиялық, катетерге байланысты және қан арқылы берілетін инфекциялар)
- ОН-7 Зерттеу сұрақтарын орынды тұжырымдау, ғылыми және клиникалық әдебиеттердегі деректерді талдау және интерпретациялау, күнделікті тәжірибеде халықаралық ғылыми дерекқорларды пайдалану, ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүзеге асыру, деректерді жинау хаттамалары мен схемаларын әзірлеу, ғылыми жарияланымдар мен зерттеулерге қатысу.
- ОН-8 Білім беру іс-шараларына (конференциялар, семинарлар, вебинарлар) қатысу, үздіксіз кәсіби дамуды жүзеге асыру, әріптестерді оқыту, пәнаралық диалог барысында кәсіби ұстанымды дәлелді түрде қорғау, сындарлы сынға түсіністікпен қарау.
Ұқсас БББ
7R01112 Дерматовенерология (ересектер, балалар)
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
7R01112 Дерматовенерология ересектердің, балалардың
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01112 Дерматовенерология (ересектер, балалар)
Семей медицина университеті
7R01112 Дерматовенерология (ересектер, балалар)
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті