Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01112 Дерматовенерология (ересектер, балалар) в Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Пәндер

  • Амбулаторлы-поликлиникалық дерматовенерология

    Амбулаторлы-поликлиникалық дерматовенерология құқықтық актілер мен біріншілік медико-санитарлық көмек (БМСК) ұйымының құжаттамаларын оқытады. Сонымен қатар, тіркеу-есеп беру құжаттамаларына кіріспені, амбулаторлық клиникалық практикадағы дәлелді медицинаны, рационалды дифференциалды диагностика алгоритмін, госпитальалды кезеңдегі науқастарға емдік көмек көрсетуді, тері аурулары және ЖЖБИ белсенді анықтау және тіркеуді ұйымдастыруды,халық арасында амбулаторлық жағдайда жүргізу тактикасын, диспансерлік бақылауды және сан ағарту жұмыстарын оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 22
  • Онкология

    Дисциплина мазмұны: Онкология жасушалардың қатерліге айналу механизмі мен себептерін, жасуша пролиферациясының патологиясы; ісіктік өсу және метастаздану жолдары механизмін оқытады. Клиникалық симптомдар патогенезі. Қатерлі ісіктер диагностикасы мен емдеу принциптері. Тері ісіктері. Ісік түрлері және олардың систематизациясының патоморфологиялық принциптері; ісіктік аурулардың даму заңдылықтары, оны диагностикалау әдістері мен хирургиялық және терапиялық емдеу принциптері, ісіктік аурулардың профилактикасы, радионуклидті диагностика мен терапия принциптері мен әдістерін, сәулелік терапияның заманауи технологиялары туралы білімді емдеу-диагностикалық салада қолдануды оқытады.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 4
  • Инфекциялық аурулар

    құрамына жиірек кездесетін жұқпалы аурулардың этиологиясын, патогенезін, клиникалық көрінісін, ағым ерекшеліктерін, мүмкін болатын асқынулармен, профилактика шараларын оқыту кіреді. Жұқпалы аурулардың заманауи классификациясы; амбулаторлы және стационарлық жағдайдағы жұқпалы аурулар диагностикасының заманауи әдістері, жұқпалы профилді науқастарды клиникалық, лабораториялық, инструментальды зерттеудің заманауи әдістері; жұқпалы патологиясы бар науқастарды медикаментозды емдеу әдістері және олардың қолдану көрсеткіштері.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 4
  • Гастроэнтерология

    Гастроэнтерология" пәні ас қорыту жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, дифференциалды диагностикасын, дәлелді медицина негізіндегі емді қамтиды.Клиникалық диагнозды негіздеу, емдеу жоспарын белгілеу және дәлелді медицина негізінде оның тиімділігін бағалау. Шұғыл жағдайларда базалық көмек көрсету, кәсіби командалар құрамында жұмыс істеу. Науқас үшін жақсы нәтижеге жету үшін пациентпен, оның айналасындағы адамдармен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді жұмыс жасау дағдылары кіреді.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 4
  • Стационардағы Дерматовенерология

    Дисциплина мазмұны: «Стационардағы дерматовенерология» модулі құрамына терінің қалыпты және патологиядағы құрылысы және қызметін оқу, тері ауруларының организмнің әртүрлі патологиялық жағдайларымен байланысын, сонымен қатар әртүрлі дерматоздардың себептері мен патогенезін, тері және венерологиялық аурулардың кең тараған негізгі көріністерін анықтау кіреді. Заманауи дерматовенерологияда дәлелді медицина принциптарына, ДДҰ халықаралық бағдарламаларына негізделген ғылыми жетістіктер көп. Бұл білім стационарда медициналық қызмет көрсететін дерматовенерологтың күнделікті жұмысына қажет.

    Оқу жылы - 1
    Несиелер - 30
  • Дерматовенерологиядағы клиническалық фармакология

    Дерматовенерологиядағы клиникалық фармакология тері ауруларын және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттардың жіктелісі мен клиникалық фармакологиясын зерттейді. Ондатерініңаурулары мен жыныстықжолменберілетінинфекцияларғатәнклиникалықкөріністер, диагностикалық критерийлер, негізгі принциптері мен емдеу схемалары, дәлелдемелер деңгейі зерттеледі. Пациенттердің әртүрлі топтарын жүргізу ерекшеліктерін, нозологиялық формаларды емдеу алгоритмдерін жарықтандырады.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 4
  • Дерматовенерологиядағы клиника-лабораториялық диагностика

    Дерматовенерологиядағы клиника-лабораториялық диагностика құрамына науқастардың аурулары мен патологиялық жағдайларын пропедевтикалық, лабораториялық, инструментальды және басқа да зерттеу әдістерін меңгеру негізінде диагностикалауды оқыту кіреді. Сонымен қатар, клиникалық, лабораториялық және инструменталды диагностиканың заманауи әдістері тері және жыныс жолдары арқылы берілетін аурулары бар науқастардың диагнозын қоюға қажетті болып табылады.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 4
  • Амбулаторлы-поликлиникалық балалар дерматовенерологиясы

    Амбулаторлы-поликлиникалықбалалар дерматовенерологиясы резиженттерді дайындауда маңызды бөлім болып табылады. Резидентурада дәрігерлер амбулаторлы-поликлиникалық балалар дерматовенерологиясы бойынша өздерінің білімдерін жетілдіреді, құқықтық актілерді оқиды және біріншілік медико-санитарлық көмек (БМСК) ұйымының құжаттамаларын, ҚР балаларға амбулаторлық көмекті ұйымдастыруды, тіркеу-есеп беру құжаттамаларына кіріспені, амбулаторлық клиникалық практикадағы дәлелді медицинаны, рационалды дифференциалды диагностика алгоритмін, амбулаторлы жағдайда тыныс алу. Физиотерапиялық әдіспен емдеуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштерді анықтауды, санитарлы-курортты емдеуді, емдік дене тәрбиесіне, науқастарды диагностика қатысады және алынған мәліметті дұрыс бағалауды үйренеді. Резидентурада аурухананың поликлиникалық бөлімдерінде жұмыс жасау кезінде поликлиникалық жұмыстың барлық әдістері мен формалары, сонымен қатар мамандандырылған кабинеттің жұмысы толық меңгеріледі.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 22
  • Тері паранеоплазиясы

    Терінің паранеоплазиясы ағзадағы дамып жатқан онкологиялық процесстің аз немесе көп жоғары дәрежесімен болатын, терідегі әртүрлі клиникалық көріністерді оқытады. Паранепластикалық дерматоздар үшін ісікті хиругиялық жолмпен алып тастағаннан кейінгі жоғалып кету, сәтті цитостатикалық немес сәулелік терапия, сонымен қатар, онкологиялық процесстің белсендірілуінен кейін бұрынғы тері көріністерінің қайталама пайда болуы тән. Тері көріністерінің онкологиялық процесспен байланысты жиілігіне қарай паранеопластикалық дерматоздар бөлінеді (1)облигатты (2)факультативті, сонымен қатар, (3) тұқымқуалайтын синдромдар. Қазіргі кезде паранеоплазияларға алпыстан астам нозологиялық фор��алары жатады: Пейтц-Джигерс-Турен, Горлин-Гольц, Базекс, Свит, Лезер-Трел синдромдары; қара акантоз, Гаммелдің дөңгелек эритемасы, Дарьенің сақина тәрізді орталықтепкіш эритемасы, дерматомиозит, пигментті ксеродерма, буллезді пемфигоид, Дюрингтің герпетиформды дерматиті, фолликулярлы муциноз, жүре пайда болған ихтиоз, жүре пайда болған түйінді шаштың гипертрихозы және басқалары.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 2
  • Тырнақ аурулары

    Тырнақ аурулары құрамына тырнақтың құрылысы, физиологиясын оқыту кіреді. Тырнақ құрылысының жастық ерекшеліктері. Әртүрлі жастық кезеңдегі тырнақ физиологиясы. Тырнақ аурулары классификациясы. Тырнақ ауруларының патогенезі. Клиника. Тырнақ ауруларының диагностикасы, емі және профилактикасы.Тырнақтың пигментация бұзылысы. . Гипопигментация. Гиперпигментация. Тырнақтың дерматоз және инфекциялық аурулардағы өзгерісі. Клиникалық көріністері. Дифференциальды диагноз. Тырнақтардың микроскопиялық зерттеу әдістері. Тырнақ аурулары кезіндегі клинико-лабораториялық және инструменталдық зерттеу. Тырнақ аурулары емі.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 2
  • Стационардағы балалар дерматовенерологиясы

    Стационардағы балалар дерматовенерологиясы құрамына балалардағы тері және венерологиялық аурулардың кең таралған негізгі көріністерін оқыту кіреді. Заманауи дерматовенерологияда дәлелді медицина принциптарына, ДДҰ халықаралық бағдарламаларына негізделген ғылыми жетістіктер көп. Балалар терісінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін білу міндетті, әртүрлі аурулардың клиникалық симптом және синдромдарын уақытылы анықтау, заманауи диагностика әдістерін меңгеру, дәрілік заттардың ағзаға фармакодинамика және фармакокинетиканың ерекшеліктерін ескере отырып, әсер ету механизмін түсіну, балалар жасындағы патологияларды стационарлық кезеңде сәтті жүргізудің негізі болып табылады

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 30
  • Дерматокосметология

    Дерматокосметология құрамына мойын және бет тіндерінің анатомо-топографиялық ерекшеліктерінің негізгі сұрақтарын оқыту; этиология, патогенез заманауи теориялары, эстетикалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелетін патологиялық жағдай, терінің жастық өзгерістері және косметологиялық емдеу әдісімен коррекцияланатын дерматологиялық патологиялар; қартаю теориясы және беттің жұмсақ тіндері мен терінің жасқа байланысты патологиясының қалыптасу механизмі кіреді. Косметологиялық науқасты зерттеу әдістері. Косметологиялық коррекция принциптері мен эстетикалық жетіспеушіліктің профилактикасы. Терінің жалпыгигиеналық күтімі, әртү��лі формадағы косметологиялық заттарды сыртқы терапияда қолдану принциптері; дерматологиялық ауруларды косметологиялық емдеу принциптері.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 8
  • Дерматоскопия

    Дерматоскопия тері және оның қосалқыларын дерматоскоп арқылы зерттеу жүргізудің практикалық сұрақтарын үйретеді, терінің аурулары және ісіктерінің гистологиялық ерекшеліктері, терінің оптикалық қасиеттері туралы, сонымен қатар, клиникалық көріністер мен терінің дерматоскопиялық зерттеулері негізінде тері аурулары және ісіктері бар науқастарды жүргізу тактикасы туралы, оларды динамикалық бақылау және де фотодокументация ережелері туралы мәліметтерді қамтиды.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 2
  • Шаш аурулары

    Шаш ауруларының құрамына оқыту кіреді: шаштың құрылысы, физиологиялық өсуі, өсу фазалары.Шаш құрылысының жастық, жыныстық және нәсілдік ерекшеліктері. Әртүрлі жастық кезеңдегі шаш физиологиясы. Шаш ішіндегі экзогенді заттардың диффузиясы. Шаш липидтері. Шаштың барьерлік қабаты. Бастың шашты бөлігіндегі терінің қанайналым ерекшеліктері. Шаш аурулары. Шаш аурулары классификациясы. Шаш аурулары патогенезі. Клиника. Шаш ауруларының диагностика, емі және проофилактикасы. Шаш ауруларның диагностикасы. Трихограмма. Фототрихограмма. Шашты микроскопиялық зерттеу әдістері. Шаш ауруларын клинико-лабораториялық және инструментальды зерттеу. Ш��ш ауруларын емдеу. Шаштар және бастың шашты бөлігіндегі теріге косметологиялық күтім заттары. Шаштың липидті құрылымын қалпына келтіру стратегиялары. Бастың шашты бөлігіндегі тері және шаштарға дерматокосметологиял��қ күтім ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Несиелер - 2

Оқыту нәтижелері

  • Семиотика, этиология және тері және венерологиялық аурулардың патогенезін білу
  • Тері және венерологиялық аурулары бар науқастарды тексеру мүмкіндігі
  • Теріге және венерологиялық ауруларға диагноз қою мүмкіндігі
  • ICD-10 диагнозын қою және тері мен венерологиялық берілетін ауруларды дифференциалды диагностикалау мүмкіндігі
  • Емделушіні және оның туыстарын емдеуді талқылау кезінде белсенді диалогқа тарту және жоғары сенім деңгейіне жету мүмкіндігі
  • Топтық жұмысты бастау және басқа мамандармен тиімді жұмыс жасау мүмкіндігі
  • Зерттеу нәтижелерін талдау және қорытындылау, дәлелді медицинаның дәлелдеріне негізделген заманауи клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеуді тағайындау мүмкіндігі
  • Зерттеу жұмысының нәтижелерін ғылыми жарияланымдар мен ғылыми есептер түрінде форматтау мүмкіндігі
Top