7M02301 Филология: қазақ филологиясы в Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты «Филология: қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасы гуманитарлық ғылым бағытында жоғары білікті кәсіби филология саласы бойынша іргелі теориялық-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді шешуге қабілетті, қазіргі заманғы редакциялау мен баспа құралдарын пайдалана отырып, жұмыс қорытындысын сауатты таныстыра білетін мамандарды даярлайды
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M060 Филология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Шетел тілі (кәсіби)
Кәсіби лексикаға бағытталған тілді қарқынды оқыту, кәсіби деңгейде диалог жүргізе білу. Курсты оқу кезінде магистранттар: шет тілінде жазбаша және ауызша сөйлеуді құру заңдылықтарын, құжаттама жүргізу және іскерлік хат алмасу негіздерін білуі; есту арқылы түсініп, мәтіндік материалды оқи білуі; монологиялық және диалогтік сөйлеу дағдыларын меңгеруі тиіс.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби менеджмент
Магистранттар басқарудың практикалық мазмұны мәселелерін зерттейді, басқару туралы білім кешені қалыптасады, басқарушылық қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асырудың нақты дағдылары, басқару жүйелерін талдау және оларды жобалау. Магистранттар негізгі салаларда, негізгі процестерді ұйымдастыру, кәсіпорынды жоспарлау және басқару мәселелерінде басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын меңгереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Мақсаты: магистранттарды ғылыми зерттеу әдістерімен таныстыру. Курсты оқу кезінде магистрант: - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау әдістерін білуін көрсетеді. - қазіргі заманғы аппаратураны және қолданбалы компьютерлік-ақпараттық бағдарламаларды пайдалана отырып, табиғи және зертханалық жағдайларда ғылыми зерттеулер үшін қазіргі заманғы әдістерді қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Инновациялық менеджмент
Пәннің мақсаты инновациялық үрдістерді зерттеу туралы білім мен оның әдіснамалық негіздерін игеру, зерттеудің жалпы ғылыми әдістері негізінде ғылыми көзқарастың мәнін ашу, сондай-ақ магистранттарда инновацияларды басқару саласында тиімді шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар жобаларды басқаруды меңгереді, теориялық білім мен практикалық дағдыларды игереді, инновациялық ортаға бейімделеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми жобаларда жоспарлау
"Ғылыми жобаларда жоспарлау" пәні магистранттардың зерттеу барысында басқару жұмысының түсініге сипатама беру, міндеттері мен мақсатын анықтауға көмектеседі. Бүгінгі таңда жаңа заманға сай нәтижелі білім беруді жүйелі ұйымдастыруда магистарнттырдың ғылыми зерттеу жұмыстарының алғашқы қадамын, маңызды, өзекті қырларын анықтауға септігін тигізеді. Жас зерттеушілердің жұмыс жүйесін негізгі қалыпқа сай мақсатты түрде қою үшін негізгі міндеттерінің бірі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Өндірістік менеджмент
Осы курсты зерделеу барысында магистральдар ұйымды басқару жүйесіндегі өндірістік менеджменттің рөлі туралы түсінік алады; бизнес-процестер мен кәсіпкерлік қызметтің даму негіздерін, инновациялық жобаларды басқару ерекшеліктерін; өндірістік процестердің түрлерін, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құру принциптерін, өндірістік және бизнес-процестерді ұйымдастыру әдістерін, өндірістік қызметті болжау, жоспарлау әдістерін үйренеді. Курсты оқыту нәтижесінде магистранттар кәсіпорынның өндірістік қызметімен байланысты басқарушылық шешімдер қабылдау саласында практикалық дағдыларды меңгереді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері пәнінің мақсаты - қазіргі әдебиеттанудағы өзекті мәселелер, әдебиет тарихын дәуірлеу туралы әдебиеттану ғылымындағы ғылыми бағалаулардың жүйесін саралап таниды. Магистранттарға әлемдік және ұлттық әдеби үрдіс (процесс) туралы байыптаулардың тарихи-мәдени заңдылықтарына байланысты талдаулар ұсынылады. Әдебиет тарихын дәуірлеуге байланысты жазылған іргелі зерттеулердің теориялық-методологиялық ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері, олардың әдебиеттану ғылымын дамытудағы ықпалы туралы кең көлемді мәліметтер беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әдебиеттанудың философиялық-әдіснамалық мәселелері
«Әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері» пәні әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері бойынша магистранттардың арнайы дайындығының теориялық және тәжірибелік мәселелері, ғылымның философиялық мәселелері, әдебиеттанудың жаңа бағыттары, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымының философиялық мәселері, дүниетаным және шығармашылық, философияның дамуы мен әдебиеттің көркемдік ойлау дамуының байланысын оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері пәні магистранттарға тілді дәуірлерге бөлу теориясымен таныстырады. Курста қазақ тілі дәуірге бөлініп, шумер тілдерінің зерттелуінен бастап оқиды, шумер тілі мен түркі тілдерінің жақындығының дәлелденеді, тарихи өзгерістердің, фонетикалық өзгерістердің заңдылықтарымен таныстырылады. Бұл курсты тыңдаушылар қазақ тілініңқалыптасу тарихы, жазу түрлері, түркі тілдерімен тарихи байланысы туралы мағлұмат алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Басқару психологиясы
Магистранттар басқару психологиясы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы ұғымдарды меңгереді. Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, басқару барысындағы әртүрлі жағдаяттардың тиімді әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Топтарда жұмыс жасай отырып, топпен және ұжымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, даулы жағдайларды шешу әдістері мен тәсілдерін әзірлейді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Магистранттар жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін, қазіргі педагогикалық ғылымның теориялық негіздерін меңгереді. Практикалық тапсырмаларды орындай отырып, ЖОО-да педагогикалық үдерістің дәстүрлі және инновациялық технологияларына, педагогикалық идеяларға талдау жүргізеді; жоғары білім беруді дамытуды болжайды, педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың әртүрлі формаларын қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау бағдарламасының мақсаты болашақ педагог және филолог мамандардың ғылыми зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыруға, жоспарлауға, рәсімдеуге қажетті әдісі мен тәсілдерімен таныстыру. Пәнді оқыту барысында тіл біліміндегі, әдебиеттану саласындағы шетелдік ғылыми басылымдар, тың зерттеу еңбектерді пайдалана отырып, ғылыми ортадағы өзекті мәселелерді талқылайды, ғылыми мақала, ғылыми баяндамалар жазу дағдысын қалытастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Әдеби сынның әдіснамасы
Пән соңғы жылдары жарық көрген сыни еңбектермен, зертеу мақалалармен таныстыруды, мәнді, маңызды еңбектерді бүгінгі әдебиеттанудың бағытын аңғартатын пікірлермен, негізгі идея, басты ағымдарды өзара салыстыра зерттеуді, алда тұрған өзекті мәселелерді айқындап, зерттеудің жаңа әдістемелері мен әдіс-тәсілдерін үйретуді мақсат етеді. Пән оқыту міндеттері: 1) отандық және шетел елдік сыни еңбектердің даму тендециялары мен заңдылықтарын зерттеу; 2) әдеби сын тұрғысынан көркем шығармаларды талдау және түсіндіру жолдары мен әдістерін меңгеру; 3) қазіргі әдебиеттанудың негізгі бағыттары мен мәселелерін анықтау; 4) Әдеби сыни, ғылыми сын зерттеудің әдістемесі аясындағы магистранттардың білімін тереңдету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Бұл курсты оқу барысында ғылыми танымның ерекшеліктері қарастырылады. Бұл ретте ғылыми білім жүйесінде ғылымның функциялары, философия және ғылым, ғылымның пайда болуындағы философияның рөлі, ғылыми білімнің құрылымы, эмпирикалық және теориялық білім, ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революцияның динамикасы, ғылыми ұтымдылық, оның түрлері мен құндылықтары, ғылым әлеуметтік институт ретінде, ғылымдардың ерекшелігі және олардың орны сияқты мәселелерді қарауға ерекше назар аударылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Компьютерлік лингвистика
Курс мазмұны: Тілді пайдалану мен түсіндіру мақсатында тілдік нормаларды математикалық және компьютерлік тұрғыда модельдеу, жасанды интеллект құрастыру. Корпустық лингвистика, тілдің қолданылуын жеңілдететін көмекші құралдар, электронды сөздіктер, тезаурустар жасақтау
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары
«Қазақ әдебиеттануының жаңа бағыттары» пәні – жоғары оқу орындарының магистранттарын даярлау ісінде қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі өзекті проблемаларын тереңдетіп меңгерту мақсатында оқытылып жүрген негізгі пәндердің бірі. Ұлттық әдебиеттану ғылымының жаңару, жаңғыру барысында өткенін сараптау, ұлттық мүддеге орайлас тың ізденістерге бет бұруы, қазіргі заманға сай соны ізденістер мен тың зерттеулер, ұлттық мүдде тұрғысында пайымдалған тұжырымдарды магистранттарға жеткізу пәннің ауқымында қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдеби процесс
"Әдеби процесс" пәні магистранттарды әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық, әдеби шығармалардағы типтік образдар мен әлеуемттік, идеологиялық мәселелерді, сыншылардың еңбектеріне шолу жасай отырып оқытады. Пәннің негізгі мақсаты - әдеби шығармалар мен әдеби заңдылықтардағы тарихи өзгерістерді саралау, ағымдар мен бағыттар байланысын қарастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Әдебиеттанудың өзекті мәселелері
«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәні әдебиеттанудың өзекті мәселелерін әлемдік кеңістікте қарастыра отырып, ғылыми-теориялық тұжырымдарды саралай отырып, қорытынды жасауға бағытталады. Бұл пәнде әлемдік әдебиеттанудың тың зерттеу бағыттары, әдеби мәтіндерді қабылдау және шығармаларды теориялық тұрғыдан зерделеу, әдеби талғам, адамзат дамуындағы әдебиеттің алар орнын жан-жақты қарастыру көзделген.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тіл білімінің өзекті мәселелері
Курстың мақсаты: лингвистиканың қазіргі тенденцияларын, лингвистикалық ілімдердің тарихы, сөз, сөйлем, мәтін, тіл және сөйлеу саласындағы жаңа бағыттарды зерттеу. Курстың міндеттері: - қазіргі лингвистердің монографиялары мен теориялық басылымдарында баяндалған тілдің негізгі заманауи теорияларының мәнін ашу; - қазіргі лингвистикалық ғылымның әртүрлі бағыттарындағы негізгі мәселелермен, міндеттермен және қызмет нәтижелерімен таныстыру; - тілді зерттеуде заманауи тәсілдер мен принциптерді қолдануды үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Лингвоконфликтология
Пән тілдік қақтығыстарды және оларды әртүрлі әлеуметтік-мәдени ортада шешуді зерттейді. Пәнді оқу барысында білім алушылар лингвистикалық қақтығыстардың себептерін, олардың сипаттамалары мен қоғамға әсерін талдайды. Негізгі тақырыптарға тіларалық мәселелерді, диалектілік айырмашылықтарды, тіл саясатын, әлеуметтік және мәдени факторлардың тілдік жағдайға әсерін және тілдік қақтығыстарды шешу әдістерін зерттеу кіреді. Лингвоконфликтология мәдениетаралық қарым-қатынас, аударма, тілдерді оқыту және тіл саясатын әзірлеу саласында кең практикалық қолданысқа ие. Бұл пән білім алушыларға тілдік айырмашылықтар туралы түсінікті дамытуға және тілдік қақтығыстарды тиімді басқаруды үйренуге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі постмодернизм және әдеби таным мәселесі
Пән магистранттарға әдебиеттегі постмодернистік бағыт өкілдерімен таныстыру, шығармаларын талдау, әдеби шығарманы ұлттық таным тұрғысынан,қазақ әдебиеттану ғылымының жеткізген бүгінгі табыстары негізінде барынша толық, тиянақты білім беру мақсатында оқытылады. Пәнді оқу барысында магистранттар модернистік әдебиеттің теориялық негізін меңгереді, модернизм, постмодернизм туралы теориялық ой-пікірлердің қалыптасу кезеңдерін ғылыми тұрғыда саралай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Гендерлік лингвистика
Пән гендер категориясының пайда болуына негіз болған, соған сəйкес жыныс пен тіл ұғымдарына қатысты туындаған жаңа көзқарастар мен пікірлермен таныстырады; гендерлік лингвистика теориясына қатысты ұғымдарды түсіндіреді; жалпы тіл біліміндегі гендерлік зерттеулер мен қазақ тілі біліміндегі гендерлік бағыттың даму жолдарына сараптама жасайды; еркек пен əйелге тəн қалыптасқан (еркектік, əйелдік) жəне тілде көрініс беретін ерекшеліктерді танып, гендерлік лингвистикалық сипаттама беруге үйретеді. Нәтижесінде білім алушылар тілдің гендерлік жіктелімінің ғылыми негіздерін түсінеді, оның ұстанымдары мен ұғымдарын біледі, жалпы тіл білімінің теориялық мəселелерін игереді, қазіргі ғылымдар тоғысын құрайтын көкейтесті гендерлік мəселелерді анықтайды, қазақ тілі ғылымының жаңа бағыттарын өзара байланыста ұғынады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Психолингвистика
Пәнінің мақсаты – сөйлеу әрекетін, қарым-қатынас, танымдық үдерістерді психикалық үдерістермен ұштастыру, тіл жүйесімен байланыста сипаттау. Пәнді оқу негізінде магистрант арнаулы терминологияны /психолингвистиканың метатілін/ игеру және ғылыми әдебиетті ұға білу, психолингвистика саласындағы ағымдар мен мектептерді саралай білу; сөйлеу әрекетімен мәтінді талдауда қазіргі психолингвистиканың қол жеткізген жетістіктері мен дәстүрлі әдістерін дұрыс қолдана білу; психолингвистикалық зерттеу материалдарының шынайылығы мен өкілеттілігін (репрезентативность) анықтай білу
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тіліндегі белсенді үдерістер
Пәнді оқу барысында магистранттар қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістерді, мәдени-тарихи жаңа тенденцияларды талдайды, оны өзінің ғылыми жұмыстарын жазу барысында жүзеге асыруға, талдауда қолданады. Қазіргі тіл біліміндегі теориялық және практикалық мәселелерді меңгереді, магистранттардың кәсіби тілдік теориялық құзыреттілігі қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Халық әдебиеті және әдеби шығарма
Қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді. Курстың міндеті: - фольклордың пайда болуы туралы пікірлер жайлы, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат беру; - ауыз әдебиеті мұраларының көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері, жанрлардың классификациясы, жанрлық түрлердің бөліну жолдары жайлы ұғым қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазіргі қазақ романдары
Магистранттар әдебиеттің негізгі жанрлық түрлерінің бірі романның бүгінгі даму тенденициясын меңгереді. Пәнді оқу барысында, қазақ романын жаңаша ғылыми тұжырымдар мен бағыттар негізінде қарастырады, қазіргі романдардың даму тенденциясын тақырыптық, формалық түрлік ізденіс негізінде анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдар мен көркемдік әдістер
"Қазақ әдебиетіндегі әдеби ағымдар мен көркемдік әдістер" пәннің мақсаты магистранттарға әдебиет саласында қалыптасқан жаңа ағым-бағыттардың әдіснамалық, категориялық аппаратымен, даму тенденцияларымен таныстырады. Пән магистранттарды қазіргі әдебиеттанудың даму тенденцияларын ашу; көркем шығармалары мен әдеби құбылыстарын зерттеудің ғылыми әдістермен таныстыру міндеттерін көздейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тіл және мәдениет
Пәннің мақсаты - тіл және мәдениет, тіл мен мәдениеттің байланысы мен ерекшеліктері, қазақ тіл біліміндегі лингвомәдени зерттеулер, тіл, мәдениет және мәдениет антропологиясы, қазіргі мәдениетаралық қарымқатынастардың өзектілігі қарастырылады. Шет тілдерін үйретудегі мәдениетаралық коммуникацияның маңызы, тіл мен мәдениет арқылы жасалған әлем бейнесі, сөйлеу мен коммуникацияның ішкі қиындықтары, сөздер, ұғымдар мен реалийлердің эквиваленттілігі, түр-түс атауларының әлеуметтік-мәдени аспектісі т.б. мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамасы
Ғылыми зерттеу әдіснамасының негіздері зерттеу, ғылыми танымның әртүрлі деңгейлері қарастырылған. Пәнді өту кезінде зерттеу бағытын таңдауды, ғылыми-техникалық проблеманы қоюды, теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізуді, ресімдеу жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу ғылыми жұмыс нәтижелерін қарастырады. Сондай-ақ, өнертапқыштық шығармашылықтың негіздері, патенттік іздеу және магистрлік диссертацияның болжамды жоспары қарастырылған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазақ-Еуропа халықтары әдеби байланыстары
Пәннің мақсаты магистранттарға қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетінің қарым-қатынасын салыстырмалы-салғастырмалы, тарихи, компаративистикалық тұрғыдан зерттей отырып оқытуды көздейді. Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар, көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы, әдеби байланыстың әлем әдебиеті тарихында алатын орны талданады. Қазақ ұлттық әдебиеті мен Еуропа халықтары әдебиетінің даму деңгейіне тарихи кезеңдердегі әдеби байланыстарды әсері, ықпалы, бағыты мен көркемдік рөлі қарастырылады. Әлемдік әдеби байланыстың түрлері мен жолдары, әдеби байланысты дамытудағы аударманың алатын орны, жалпы ұлттық әдеби процеске, ондағы жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына ықпалын терең меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Тіл мәдениетін оқытудың негіздері
Пәннің мақсаты магистранттарға мектепте, ЖОО-да тіл мәдениеті мен академиялық шешендікке баулыудың ғылыми-әдістемелік жүйесін қазақ тілін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері ұштастырып оқыту мақсатын көздейді. Тіл мәдениеті оқыту незідерін қазіргі білім беру жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарын ескере отырып интерактивтік оқыту жүйесін қамтиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әдебиеттану терминдерін оқыту әдістемесі
«Әдебиеттану терминдерін оқыту әдістемесі» пәнін оқу барысында магистранттар сөз өнерінің қалыптасу тарихы, даму заңдылықтары, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерімен танысады. Пән тіл ғылымының көптеген салаларымен лексикология, стилистика, грамматика және аударма ғылымымен тығыз байланыста оқытылады. Курстың нәтижесінде магистранттар терминологиялық бірліктердің қызметін ғылыми негізде танып біледі, қазіргі ғылымдағы терминология мәселелерін зерделеп, білімдерін жинақтайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы түркология
Салыстырмалы түркология пәні - тіл білімінің түркітану саласындағы басты бағыттарының бірі. Мақсаты – туыстас түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын салыстыра зерттеу. Курста түркі тілдерінң зерттелуі, дамуы мен қалыптасу кезеңдері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық грамматика теориясы
Академиялық грамматикасы пәнінің мақсаты – магистранттардың бакалаврда алған білімдерін тереңдетіп, зерттеу бағытында тіл турылы ғылымның негізгі мәселелері, тілдік құбылыстар жөнінде жаңа мағлұмат алуына, лингвистикалық терминалогияны сараутауға, тілдің семантикалық - грамматикалық құрылымы мен қызметін ғылыми зерделеуге ерекше мән беріледі. Аталмыш пән магистранттың өз бетінше лингвистикалық әдебиеттермен жұмыс істеуіне, сондай-ақ, тілдік деректемелерді талдау әдістемесімен танысуына мүмкіндік беретін нақты білім қорын ұсынады. Тілдің ішкі кұрылымы мен оның коғамдық дамуын, тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесін т.б. мәселелерді қарастырады. Магистранттардың мамандығын кәсіби ғылыми тұрғыда терең игеруге жол ашады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесі
Пәннің мақсаты - лингвистикадағы когнитивті процестерді зерттеу, тіл қолданысының (сөздің) прагматикалық, психологиялық, элеуметтік аспектілерін, олардың интегративті мәнінің табиғатын айқындау сияқты мәселелерді тілдік тұлға теориясымен байланыста зерттеудің мәнін түсіндіру. Пәннің мазмұнына тілдегі және мәтін шеңберіндегі тұлға мәселесін және тілдік тұлғаның тілді меңгеру заңдылығын айқындау, отандық және шетелдік ғалымдар зерттеуіндегі тілдік тұлға мәселесін анықтау міндеттері кіреді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бұқаралық ақпарат құралдарын басқару және коммуникация жүйесі
Курстың мақсаты: қоғаммен байланыс теориясы мен практикасы ұғымдарын, PR теориясы мен практикасының әдістері мен функцияларын; қоғаммен байланыс саласындағы басқару қызметін жоспарлау және ұйымдастыру негіздерін, баспасөз қызметтері бөлімдерін құру және жұмыс істеу принциптерін, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы қоғаммен байланыс қызметтерінің рөлін зерттеу; ақпараттық және ұйымдастырушылық дағдыларды игеру. PR технологияларын игеру және оларды қоғамның әртүрлі салаларымен жұмыс істеу тәжірибесінде қолдана білу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Когнитивтік лингвистика әдіснамасы
«Когнитивтік лингвистика әдіснамасы» пәні магистранттарға когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу нысандарынан, қалыптасуы мен негізгі бағытынан толық мәлімет беріп, адамның ойлау жүйесінің табиғатын, ішкі даму механизмдерін тіл арқылы тану мәселелерін оқытуға бағытталады. Пәнді оқыту барысында когнитивтік лингвистика пәнінің негізгі ұғымдары туралы түсінік қалыптастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Мәдениетаралық коммуникация мәселелері
Пәннің мақсаты магистранттарға гуманитарлық, жаратылыстану ғылымының тоғысында адам әлемін, оның материалдық, рухани өмірін, қызметін және мәдениетін жан-жақты терең зерделей білу үйретіледі. Мәдениетаралық коммуникация - қарым-қатынас теориясы мен тәжірибесінің көкейкестілігін мәселелерін айқындау, күллі ғылымдар терминдерін пайдаланатын пәнаралық ғылым метатілді зерттеу. Салалық ғылым тілі, екінші қатарлы тіл, кәсіби тіл ұғымдарының мәнін айқындау; Пәннің мазмұында мәдениетаралық коммуникация туралы көзқарастар, тілдік қатынастардың әлеуметтік-мәдени шарттары, қостілділік, көптілділік, қостілділік-көптілділік жағдайындағы тілдердің өзара әсерлесуі, жақындасуы, тілдік байланыстар және мәдениетаралық қарым-қатынастар, олардың тиімді, тиімсіз жақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Лингвистикалық зерттеу әдіснамасы
Пәннің мақсаты - тілді және тілдік бірліктерді зерттеу мен сипаттаудың негізгі философиялық, жалпығылыми және жеке лингвистикалық әдістері қарастырылады. Магистрант білуі керек: танымның жалпығылыми өлшемдері мен нормалары және олардың тіл білімінде қолданылу ерекшеліктері; тіл біліміне бағытталған философиялық және жалпығылыми әдіснаманың заманауи лингвистикалық ғылым дамуының негізгі үрдістері;теориялық негіздері; заманауи лингвистиканың қағидалары мен постулаттары; лингвистикалық зерттеудің әдіснамасы, әдістемесі, әдісі, нысаны және олардың дамуы; тілдік жүйенің әртүрлі деңгейлерінің бірліктерін зерттеу мен сипаттаудың заманауи жалпы және жеке лингвистикалық әдістерінің жүйесі; лингвистиканың нақты бағыты аясында қолданылатын тілдік бірліктерді талдаудың әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жоғары мектепте білім берудің заманауи әдіснамасы
Пәнді оқу барысында магистранттар ЖОО білім берудің инновациялық технологиялары бойынша тәжірибе алмасып, осыған дейін оқыған "Педагогика", "Қазақ тілін оқыту әдістемесі", "Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі" пәндері бойынша жинақтаған білімдерін жетілдіреді. "Жоғары мектепте білім берудің заманауи әдіснамасы" пәні нәтижесінде болашақ педагогтар өздерінің бойындағы шығармашылық, дидактикалық, кәсіби құзыреттіліктерін дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ әдебиетінің шетелде зерттелуі
Пәннің мақсаты магистранттарға қазақ әдебиетінің тарихына терең барлау жасап, дүниежүзіндегі қазақтардың (Қытай, Түркия, Монгология, Ресей, Иран т.б.) біртұтас ұлттық әдебиетінің жаһандану үрдісіндегі негізгі даму бағыттары, шығармашылық үндестік, сабақтастық принциптері негізінде оқытуды көздейді. Қазақ диаспоралық әдебиеті мәселелерін отандық әдебиетпен шығармашылық сабақтастық тұрғысында пайымдалып, түр мен мазмұн жағынан кемелдену сырлары, шет елдегі қазақ ақындары мен жазушыларының жалпы ұлттық әдебиет тарихына қосқан үлестері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қазіргі әдебиеттің жанрлары
Курстың мақсаты: магистранттарға әдебиеттің теориялық негіздері, оның ерекше белгілері, жанрлық жүйесі, оны зерттеу тәсілдері туралы түсінік қалыптастыру. Курстың міндеттері: - көркем мәтінді эмоционалды қабылдауды, бейнелі және аналитикалық ойлауды, шығармашылық қиялды, оқу мәдениетін және авторлық позицияны түсінуді дамыту, басқа да бірқатар өнердегі әдебиеттің ерекшелігі туралы алғашқы идеяларды қалыптастыру; - алдыңғы ұрпақтардың көркемдік-адамгершілік тәжірибесін түсіну, автордың идеалдарына деген көзқарасын анықтау, өзгенің ұстанымын түсіну.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем мәтінді талдаудың ғылыми мәселелері
Бұл курс магистранттардың көркем мәтін теориясы мен поэтикасы, әдеби шығарманы филологиялық талдау, аударма поэтикасы саласындағы теориялық дағдыларын арттыруға арналған. Курстың мақсаты мен міндеттері: – әр түрлі жанрдағы мәтіндерді талдау және түсіндіру дағдыларын дамыту; - көркем жанрларды лингвистикалық талдау әдістемесін анықтау; - әдеби мәтіннің формасы мен мазмұнын анықтауда аударма дағдыларын жетілдіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көркем мәтін мен көркем әлем
Курстың мақсаты: магистранттарды көркем мәтінді зерттеудің негізгі мәселелерімен, құрылымдық-семантикалық ұйымының ерекшеліктерімен таныстыру. Курстың міндеттері: көркем мәтінді құру принциптерін қарастыру; көркем мәтіндегі фразааралық байланыстың негізгі құралдары мен әдістерін зерттеу; мәтінаралық (мәтінаралық) өзара әрекеттесуді қарастыру; авторлық ниеттерді түсіну және мәтіннің тұтас эстетикалық мағынасын қабылдау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Лингвистика мен әдебиеттегі, зерттеу саласындағы озық, инновациялық сипаттағы жүйелі білімді қолдану
- Филология ғылымдары бойынша ақпарат алу мақсатында қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды қолдану.
- Лингвистикалық, әдебиеттанушылық зерттеулерді жүргізу мен ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
- Іс жүргізу, баспа өнімдерін түзету және редакциялау дағдыларын меңгеру
- Ақпараттық, инновациялық және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқыту, тәрбиелеу, бағалау әдістерін пайдалану.
- Жоғары және орта оқу орындарында қазақ тіл мен әдебиетті оқытудың кәсіби-практикалық біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру, оқушылардың өзін-өзі жетілдіру, дамыту қабілетін ашуды және өздігінен жаңа білім жолдарын шығармашылықпен игеру талабына төселдіру қабілетін меңгеру
- Жаңа бейтаныс жағдайларда аналитикалық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін әртүрлі пәндер шеңберінде алынған білімді біріктіру.
- Мамандарға және басқа маман иелеріне өз тұжырымдары мен білімін және олардың негіздемелерін нақты және айқын жеткізу, жоба, ғылыми мақала, есеп, талдау жұмыстары және т.б. түрінде ғылыми-зерттеу және талдау нәтижелерін жинақтау.
- Оқылатын білім саласындағы ғылыми танымын жетілдіру, ұжымды стратегиялық басқару шеберлігін меңгеру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту.