7M07102 Автоматтандыру және басқару в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өндіріс салаларының барлығын басқару үшін ақпараттарды өңдеу әдістері мен амалдарын қолданумен байланысты технологиялық, техникалық жүйелерді басқару және ақпараттандыру, автоматтандыру салаларында жұмыс жасау үшін, ғылыми- зерттеулік және оқытушылық қызмет саласында техникалық ғылымдар магистрлерін дайындау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M100 Автоматтандыру және басқару
-
Білім беру саласы 7M07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 7M071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
Басқару жүйелерін модельдеу
Жүйені модельдеу түсінігі, тәсілдер классификациясы және модельдеу әдістері зерттеледі. Жүйелерді модельдеудің, жүйенің жұмыс істеу процестерін формализациялаудың және алгоритмдеуінің математикалық схемалары қарастырылады. Әртүрлі процестердің жүйелерін модельдеу зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автоматтық басқарудың робастық жүйелері
Анықталмағандығы бар жағдайында функционалданатын автоматтандырылған басқару жүйесін құратын әдістері зерттеліп, оқылады. Анықталмағандық түрлері, робасты басқару жүйесін құру принциптері қарастаралыды. Робасты автоматтындырылған басқару жүйені анализдеу және синтездеу әдістері, жүйенің робасты орнықтылығы зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Пәнің мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жобаларды басқару
Пән техникалық тапсырманы, жобаны орындау жоспарын және әзірлеу процесін басқару бойынша білім мен дағдыларды алуға бағытталған. Курста зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, жобаны оның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде басқару, инновациялық өнім өндірісінің қаржылық-экономикалық негіздемесін жүргізу, инженерлік жобаның бизнес-жоспарын жасау бөлігінде инженерлік жобаларды басқарудың негізгі ерекшеліктері сипатталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Интегрирленген жобалау және басқару жүйесі
Бағдарлама-техникалық кешендерінің құру принциптері, бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін, сонымен қатар компьютерлік техниканы, ақпаратты жинау және өңдеу жүйелерін, жалпы және өнеркәсіптік желілерге арналған жабдықты пайдалану арқылы жобалау жұмыстарын автоматтандыру мәселелері қарастырылады. Аппараттық құралдарың таңдау, технологиялық процесстерін және өндірістерің автоматтандыру есептерің шешу үшін SCADA-жүйелерінің тандау және құру принциптері зерттеліп оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Техниқалық жүйелерді автоматтандыру
Түрлі техникалық объектілерді автоматтандыру жүйелерін жасау әдістері оқытылады. Басқару жүйелерін синтездеудің принциптері мен математикалық әдістері, математикалық моделдерін құруды автоматтандыру, сондай-ақ есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып жүйелердің анализ және синтез әдістері қарастырылады. Техникалық және микропроцессорлық бағдарламалық құралдарды қолданып объектілердің динамикалық қасиеттерін зерттеу мен жүйелерін құру аумағындағы ғылым мен техниканың дамуы мен өзгерістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микропроцессорлық құрылғылар және жүйелер
Микропроцессорлар мен микроконтроллерлерді ұйымдастыру, құру және пайдалану принциптері зерттеліп оқытылады. Микропроцессорлық құрылғылардың архитектурасының ерекшеліктері, командалық жұйелері, кіріс және дисплей құрылғылары қарастырылады. Микропроцессорлық басқару жүйелеріндегі коммуникацияларды ұйымдастыру, сонымен қатар микропроцессорлық басқару жүйелерін дамыту үрдістері зерттелді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пән педагогикалық ғылымның парадигмасын, тенденциясын, жоғары мектеп дидактикасын және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты - магистранттарда педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби, әдістемелік құзыреттілігін және педагогикалық мәдениетін қалыптастыру. Бұл пән магистранттардың педагогикалық ұстанымын дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайлар жасауға, кәсіби білім беру жүйесінде оқытушы тұлғасының субъектілік сипатының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Пәннің мазмұнында жоғары мектеп педагогикасының нысаны мен пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны; жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары; қазіргі заманғы білім беру парадигмалары; жоғары мектептегі білім беру мазмұны; жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы; жоғары мектеп дидактикасы мен оқыту технологиялары, әдістері мен формалары; жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару жүйелердің идентификациялау әдістері
Ашық және жабық тізбектердегі бейпараметрлік идентификациалау әдістері, тәжірибені жоспарлау және модельдің дұрыстығын бағалау әдістері зерттеледі. Басқару нысаны туралы ақпараттарды жүйелеу тәсілдемелері, сонымен қатар математикалық модель түрлері мен құрылымы, тесттік сигналдар синтездеу, бағалаудың ең жақсы әдісін таңдау әдістері оқытылады. Модельдерді есептеу мен зерттеу әдістері мен алгоритмдері, типтік бағдарламалық құралдар мен әдістемелерді қолдану әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ERP-жүйелері
Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы кәсіпорын ресурстарын оңтайландыруға бағытталған логистика, қаржы және персоналдың интеграциялық стратегиясы оқытылады. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын жоспарлау, өндіріс жоспарын оперативті басқару, қызмет нәтижелерін есепке алу және талдау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ТҚК) әдісі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару теориясының әдістері
Үзіліссіз және дискретті уақыт аралығында векторлық-матрицалық модельдер көмегімен күй кеңістіктегі динамикалық басқару объектілерін сипаттау әдістері зерттеледі. Объектілердің негізгі қасиеттерін және олардың векторлық-матрицалық модельдері негізінде басқару жүйелерін талдау әдістері мен алгоритмдері, сондай-ақ реттеушiлер мен бақылаушылармен басқару жүйелерiн синтездеудiң әдiстерi мен алгоритмдерi қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән ғылым тарихын, ғылыми білімнің философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Пәннің мақсаты-магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуын, сондай-ақ әдістемелік және педагогикалық құзыреттілікті тұтас түсінуді қалыптастыру. Пән ғылым мен философияның қарым-қатынас тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық мәселелермен, сондай-ақ олардың қазіргі жағдайындағы нақты ғылымдардың философиялық мәселелерімен таныстырады. Пән заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға, ғылыми-зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді. Оқу процесінде магистранттар ғылымның нақты салаларында негізгі философиялық, әдіснамалық, білім беру стратегияларын меңгереді; оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыра алады, әдістемелік құзыреттілікті дамытады; педагогикалық құндылықтар мен оқытудың инновациялық технологияларын, әр түрлі жағдайларды талдау арқылы тиісті кәсіптің құндылық қатынастарының ерекшеліктерін игереді, академиялық және кәсіби ортада қарым-қатынас дағдыларын, ғылыми-зерттеу жұмысының мәдениетін дамытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Интеллектуалды басқару жүйелері
Техникалық жүйелер мен технологиялық үдерістерді басқару үшін интеллектуалдық жүйелерді жобалау және құру саласындағы әдістері зерттеледі. Зияткерлік жүйелердің негізгі түрлерінің жұмыс істеу принциптері, жасанды нейрондық желілерді оқытудың негізгі алгоритмдері қарастырылады. Жасанды нейрондық желілерді енгізудің бағдарламалық және аппараттық әдістері және айқынсыз басқару алгоритмдері құрастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өнеркәсіптік IoT
Өнеркәсіптік заттар интернетінің (IIoT) негізгі түсініктері мен ережелері зерттеледі. Өлшемдер теориясының негіздері, өлшеу жабдықтарының құрылысы, ақпараттық-өлшеу жүйелерінің теориясы, IoT технологияларын қолдану арқылы өндірістік процесті басқару қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Үлкен мәліметтерді талдау және өңдеу әдістері
Мәліметтердің үлкен массивтерін талдаудың технологиялары мен әдістері және олардың негізінде технологиялық объектілерді бақылау үшін автоматтандырылған интеллектуалды ақпараттық басқару жүйелерін құрастыру қарастырылады. Машиналық оқытуды қолдану, мәліметтерді инфрастурктурада сақтау және өңдеуді үлестіру, NoSQL декректер базасын құру сұрақтары қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Адаптивтік басқару жүйелері
Түрлі адаптивті жүйелерді құру принциптері және жобалау технологиялары зерттеліп қарастырылады. Көпөлшемді сызықты жүйелерді талдау және синтездеу әдістері, адаптивті басқару жүйесін модельдеу, адаптивті басқару жүйелеріне негізделген автоматтандыру жүйелерін жетілдіру перспективалары қарастырылады. Адаптивті жүйелерді әзірлеу үшін эксперименталды және конструкторлық есептерді жүргізу мақсатында басқару теориясы әдістемесі зерттеледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бейсызықтық басқару жүйелері
Бейсызықты автоматтандырылған басқару жүйені құру және зерттеу әдістері зерттеліп, оқылады. Кері байланысты сызықтандыру әдісі жүйе синтезі, динамиканың кері есепті әдісі, сонымен қатар ауыспалы құрылымымен автоматты басқару жүйелерін синтездеу әдісі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару мәселелеріндегі оңтайландыру әдістері
Математикалық бағдарламалау есептерінің оңтайлы шешімдерін табудың математикалық әдістері теориясының негіздерін, шектеулі де, шектеусіз де көп айнымалылы функцияларыдың экстремумдарын табу мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Оптималдық басқару жүйелері
Оптималды басқару процестерінің математикалық аппараты оқытылады. Оптималды процестер теориясының әдістері, оптималды басқару есептерді қалыптастыру және оңтайлы басқару үшін қажетті жағдайлар қарастырылады. Әртүрлі мәселелер бойынша шешімдер алуға мүмкіндік беретін математикалық аппарат құрастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады.
- Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен коммуникативтік қабілеттерді қолдану, білім беру-ғылыми үдерісті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі талаптарын тұжырымдау; студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарында оқытуды ұйымдастыру, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және әдістемелік құзыреттілікті көрсету; пәндік салада, оның ішінде шет тілінде психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің интеграциясын қамтамасыз ету; заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологияларын қолдану
- Басқару үдерістері мен жүйелеріне кешендік талдау жүргізу, техникалық жүйелерді автоматтандыруда басқару әдістерін қолдануға автоматтандырылған басқару жүйелерін құрастыруда бағдарламалы-техникалық жабдықтарды тиімді таңдау, бағдарламалау және пайдалану, өндірістік роботтарды бағдарламалау, әртүрлі датчиктермен, орындаушы механизмдермен және сигналдарды өңдеу құрылғыларымен жұмыс істеу
- Кәсіптік қызыметінде жаңа ақпараттық технологияларын қолдануын, автоматтандырылған есеп шешімдерін құруын, аппараты-программалық құралдырын таңдауын білуге, басқару жүйелерінің микропроцессорлық құралдарын, технологиялық нысандарды цифрлық басқарудың принциптерін қолдану, сонымен қатар логикалық басқару жүйелерін синтездеу
- Нақты мақсаттар үшін үлкен мәліметтерді сақтау және өңдеуге талап қоя білу, қойылған талаптарға сәйкес олардың өңделуі мен сақталуын ұйымдастыру.
- Кәсіпорында IoT желісін ұйымдастыру, IIoT желілеріне негізделген тармақталған интеллектуалды өндіріс жүйелерін ұйымдастыру, IoT технологияларын қолдана отырып, өндіріс процесін басқару.
- Математикалық модельдерді құру мақсатымен басқару жүйелерін талдау, басқару нысанының математикалық моделін құру және зерттеу, жүйелік басқару және қазіргі математикалық әдістерді қолданумен байланысты мәселелерді шешу.
- Басқару жүйелерін автоматтандыру тапсырмаларын шешуде оптималды басқару әдістерін тәжірибеде қолдану, бейсызықты жүйелердің жалпы қасиеттерін талдау үшін математикалық әдістерің қолдану, бейсызықты жүйелерін зерттеу кезінде есептеу жұмыстарын орындау, математикалық модельдерді құру мақсатымен бейсызықты жүйелердің анализі мен синтезі есебін шешу, математикалық бағдарламалау есептерінде оңтайлы шешімдерді табу әдістерін қолдану, есептердің шешімін табу алгоритмдерін құрастыру.
- Техникалық жүйелер мен технологиялық үдерістерді басқару үшін интеллектуалдық жүйелерді жобалау және құру; жасанды нейрондық желілерді оқыту, жасанды нейрондық желілерді енгізудің бағдарламалық және аппараттық әдістері және айқынсыз басқару алгоритмдері қолдану, алынған білімді басқару есептерін шешу үшін корпоративтік жүйелер мен ақпараттық технологияларды таңдау және енгізу сұрақтарын шешу
- Модельдеу тәсілдері мен әдістерін, жүйелерді модельдеудің математикалық схемаларын, жүйелердің жұмыс істеу процестерін формализациялау және алгоритмдеуді қолдану, әртүрлі процестерді модельдеу, түрлі параметрлік емес идентификациялау тәсілдерін қолдану және адекватты математикалық модельдерді құру; параметрлік идентификациялау тәсілдерін сипаттау, бейсызықты жүйелерді идентификациялау тәсілдерін сипаттау және қолдану.
- Параметрлері анықталмаған және ақпараты толық емес жүйелер үшін робасты басқару теориясын зерттеу және қолдану, бейімді жүйелерді құру үшін жүйе параметрлерін бағалау және идентификациялау әдістерін зерттеу және қолдану. Көпөлшемді жүйенің өтпелі функциясын табу, өтімділік функциясынан векторлы-матрицалық модельдерге ауысуы үшін модельдеу сұлбаларын қолдана алу, көпөлшемді жүйенің жағдайын бағалау үшін сапа критерийлерін қолдану, нақты реттеу объектілерінің көпөлшемді және көпбайланысты модельдерді жобалау.
- Зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бөлігінде инженерлік жобаларды басқарудың негізгі ерекшеліктерін білу. Инновациялық өнім өндірісінің қаржылық-экономикалық негіздемесін жүргізу. Инженерлік жобаның бизнес-жоспарын жасау дағдыларын меңгеру.