7M05301 Физика в Торайгыров университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты ҰБШ, СБШ сәйкес физика ғылымдары мен олардың әдіснамасы саласында тұжырымдамалық және жүйелі білімдерді көрсете білетін, физика мен физикалық ғылымдар бойынша қолданбалы білімдерді құрастыруда, ЖОО-да физикалық ғылымдарды оқытуда тұлғалық және кәсіби құзыреттіліктерге ие болатын, республикалық және өңірлік еңбек нарығына қажетті бәсекеге қабілетті көшбасшыларды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Торайгыров университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 109
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M090 Физика
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M053 Физикалық және химиялық ғылымдар
Пәндер
-
Шeтeл тілі (кәcіби)
Ғылыми-зерттеу жұмысы. Active Voice. Дайындық бағытына сәйкес келетін ғылыми еңбектер. Passive Voice және белсенді емес құрастырылымдарды аудару. Уақыттарды келістіру. Ғылыми зерттеулер және жаңа технологиялар. Модаль етістіктер. Сөйлемдегі етістіктің қызметі. Ғылыми кітапхана. Инфинитив, герундий. Ғылыми конференция. Сөйлемдердің типтері. Қосымшалардың түрлері. Жаңа ғылыми жетістіктер. Тура және жанама сөйлеу. Презентацияны коммуникацияның ғылыми формасы ретінде қарастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылымның тарихы мен философиясы
Арнайы философиялық талдаудан тұратын ғылымның мәнін ашатын мәселе қарастырылады. Тарихи өзгеріп тұратын әлеуметтік-мәдени контекстте берілетін ғылыми білімдерді өндірудің ерекше іс-әрекеті ретінде қарастырылатын ғылыми танымның жалпы заңдылықтары мен тенденцияларын зерттеуге бағытталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі заман физикасының негізгі принциптері
Пәнді оқытудың мақсат – әлемнің қазіргі бейнесіне, физикалық теориялардың өзара байланысына деген холистикалық көзқарасты қалыптастыру үшін қазіргі заман физикасының негізгі принциптерін жүйелік деңгейде меңгеру және магистранттардың іргелі жаратылыстану дайындық деңгейін жоғарылату. Пәннің мазмұны: көзқарастар жүйесі және әлемнің физикалық бейнесінің эволюциясы (ӘМБ, ӘЭДБ ӘКӨБ), физиканың негізгі принциптері (салыстырмалылық, симметрия, суперпозиция, анықталмаушылық және сәйкестік), ғылым физикасының мағынасын ашатын постулаттар мен теориялық ережелер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қазіргі бизнес процестердің логистикасы
Пәнді оқытудың мақсаты – қазіргі бизнес процестерінің логистикасы саласында магистранттарда құзыреттер мен дағдыларды қалыптастыру. Пәннің мазмұны: бизнес пен кәсіпкерлікті қазіргі экономиканың концептуалдық ішкі жүйесі ретінде қарастыру. Қазіргі бизнес процестің логистикасы. Бизнес-жоспарларды жүзеге асыру және өндірістік процестерді ұйымдастыру. Бизнес пен кәсіпкерліктегі инновациялар. Бизнес-кәсіпкерліктегі бәсекелестік, тәуекел және құпия. Бизнес-кәсіпкерлікті қаржыландыру. Бизнес-кәсіпкерлікті дамытудағы аутсорсинг және инфрақұрылым. Бизнес-кәсіпкерліктегі этика мен мәдениет. Бизнес-кәсіпкерліктегі сыртқы экономикалық іс-әрекет.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары оқу орнында физиканы оқып білудегі заманауи трендтер
Пәнді оқытудың мақсаты – нақты білім беру процесінде білім берудің заманауи әлемдік тенденцияларын қолдануға қатысты магистранттардың ғылыми-әдістемелік құзыреттіліктерін дамыту. Пәннің мазмұны: әлемдік білім беру кеңістігіндегі физика бойынша оқыту мен ғылыми зерттеу процесінің жаңа бағыттары және жетістіктері туралы теория, тәжірибе мен метабілім. Когнитивизм, конструктивизм және коннективизмнің қазіргі дидактикалық теорияларына, сонымен қатар жаһандық құзыреттіліктер, қоғам мен тұтынушы сұраныстарына сәйкес физиканы оқыту әдістемесінің жаңартылған мазмұнын ұсыну. Оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау, білім беру бағдарламаларын, әдістемелік құралдар мен силлабустарды құрастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Матрицант әдісі
Пәнді оқытудың мақсаты – матрицант әдісін ғылыми жұмыста қолданудың концептуалдық әдістерін меңгеру. Пәннің мазмұны: біртекті емес анизтропты орталарда электромагниттік толқындардың таралуы. Коэффициенттер матрицалары. Матрицант құрылымы. Электромагниттік толқындардың дисперсиясы теңдеулері. Анизотропты орталарда электромагниттік толқындар жылдамдықтары индикатрисаларының теңдеулері. Анизотропты орталар шекарасында электромагниттік толқындардың шағылу есептерін шешу. Пьезоэлектрлік, пьезомагниттік және магниттік-электрлік орталардағы толқындар. Рэлей толқындары. Беттік толқындардың таралу заңдылықтары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Пәнді оқытудың мақсаты – заңнама мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты концептуалдық білімдер негізінде физикалық және педагогикалық ғылымдар саласында зерттеулерді ұйымдастыра және орындай алады. Пәннің мазмұны: ҚР ғылым мен оның салаларын дамытуға бағытталған негізгі заң шығару және нормативтік құжаттары. Ғылыми жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру бағытындағы отандық және шетелдік тәжірибе. Қазіргі ЖОО-да ғылыми-зерттеушілік іс-әрекет пен ғылыми зерттеулер жүйесінің құрылымы мен мазмұнын жүйеге келтіру және нақтылау. Ғылыми зерттеулер әдіснамасы. Магистранттардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлау процесінің құрамы және құрылымы. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлаудың стратегиялары мен принциптері. Ғылыми метрика.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Ғылымдар жүйесіндегі педагогикалық ғылымның рөлі. Казақстандағы жоғары кәсіби білім беру жүйесі. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы. Жоғары мектеп оқыту дидактикасы. Білім берудегі TLA-стратегиясын жобалау. Оқыту мен тұлғаны әлеуметтендіруді ұйымдастырудың дәстүрлік және инновациялық әдістері мен формаларын қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Қолданбалы оптика
Пәнді оқытудың мақсаты – білімдер жүйесін концептуалдық деңгейде игеру, ғылымда және өндірістің өңірлік секторында қолданбалы оптика білімдері мен дағдыларын қолдану. Пәннің мазмұны: оптикалық жүйелер. Оптикалық жүйелердің негізгі типтері. Оптотехника. Көз – оптикалық жүйе. Аспаптардың оптикалық бөліктері. Оптикалық жүйелердің абберациялары. Көздің аметропиясы. Көздің көру кемшіліктерін дұрыстау. Көздің көру қабілеті. Көзге әсер ететін факторлар. Түсті әсер. Бинокулярлы көздің көруі. Стереоскопиялық қабылдау. Көздің ұтымды жұмыс жасау шарттары мен қасиеттері. Қатты денелердің зоналық теориясының элементтері. Оптикалық сәулеленудің қатты денелермен әрекеттесуі. Жартылай өткізгіштердегі фотоэлектрлік құбылыстар. Жартылай өткізгіштердегі флюктуациялық процестер. Жартылай өткізгіштерден оптикалық сәуле шығару. Оптоэлектроникадағы сұйық кристалдар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Деформацияланатын қатты дене механикасы
Пәнді оқытудың мақсаты – пән деформацияланған қатты дене механикасы негіздеріне қатысты концептуалдық және жүйелік білімдерді қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мазмұны: деформацияланатын қатты дене бойынша негізгі түсініктер, болжамдар, модельдер мен теңдеулер, есептердің тұжырымдамалары мен оларды шешу сұлбалары. Деформацияланатын қатты дене механикасы ғылымның пәні мен саласы ретінде. Материалдардың механикалық қасиеттері. Деформацияланған күй. Кернеулі күй. Кернеулі және деформацияланған күйлер арасындағы байланыс. Серпімділік теориясы негіздері. Серпімділіктің негізгі теңдеулері және есептердің тұжырымдамалары. Серпімділік теориясының жазық есебі. Пластикалылық теориясының негіздері. Пластикалылықтың деформациялық теориясы. Ағыс теориясына кіріспе. Жылжымалылық теориясына кіріспе. Бұзылулар теориясына кіріспе. Беріктілік физикасының негіздері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тұтас орталардағы толқындық процестер
Пәнді оқытудың мақсаты – ғылыми зерттеулер мен тәжірибеде тұтас орталардағы толқындық процестер саласына қатысты қолданбалы білімдерді қолдану. Пәннің мазмұны: изотропты ортадағы серпімді толқындар. Кристалдардың физикалық қасиеттері. Кристалдардың электрлік, магниттік, оптикалық және механикалық қасиеттері. Кристалдардың серпімділік қасиеттері. Пьезоэлектрлік қасиеттер. Кристалдардың термодинамикасы. Кристалдардағы серпімді толқындар. Беттік толқындар. Беттік толқындардың түрлері. Рэлей, Ляв, Стоунли, Лэмб және Гуляев-Блюстейн толқындары. Электромагниттік толқындардың таралуы. Анизотропты ортада электромагниттік толқындардың таралуы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Start up жобалардың инвестициялық экономикалық модельдері
Пәнді оқытудың мақсаты – білімдер жүйесін концептуалдық деңгейде игеру, ғылымда және өндірісте Startup жобаларды қолдану. Пәннің мазмұны: Startup жобалар қазіргі бизнес-кәсіпкерліктің құралы ретінде. Стартап-жобаларды жасауды құрастыру алгоритімінің әдістемесі. Кәсіпорынның негізгі капиталындағы инвестициялық шығындарды бағалау. Айналым капиталындағы инвестициялық шығындарды бағалау. Кәсіпорынның HR-ресурстарын қалыптастырудағы инвестициялық шығындарды бағалау. Шығынардың, өзіндік құндардың және уакыт шығындарын экономикалық негіздеу. Баға белгілеу. Қаржылық жоспарлау. Стартап-жобаларға инвестициялық талдау жүргізу. Старап-жобаларды қорғау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Басқару іс-әрекетінің құрылымы, динамикасы мен ерекшеліктері, түрлі типтегі ұйымдастыру-басқарушылық жүйелер мен қарым-қатынастарға қатыстырылатын адамдардың жүріс-тұрысын психологиялық және әлеуметтендіру тұрғыда реттеу заңдылықтары мен механизмдері туралы. Ұйымдастыру-басқарушылық жүйелер мен мен қарым-қатынастардың психологиялық сипаттамалары туралы кәсіби білімдер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Физикадан олимпиадалық есептерді шешу практикумы
Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттардың физиканың барлық механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика бөлімдері бойынша күрделі және қиындатылған есептерін құрастыыру мен шешу дағдыларын меңгеруі. Пәннің мазмұны: физикадан қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың тапсырмалары. Физикалық олимпиадалардың эксперименттік турының тапсырмалары. Сәтбаев және жасөспірімдер олимпиадасының тапсырмалары. Жалпы физика курсының барлық механика, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика, кванттық физика бөлімдері бойынша олимпиадалық есептерді шешу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Материалтануға кіріспе
Пәнді оқытудың мақсаты – физикалық материалтану саласынан алынған білімдерді қалыптастыру, материалдардың құрылымдары арасындағы байланысты, сол материалдарды алудың өңдеу әдістері мен нәтижесінде алынатын материалдың қасиеттері арасындағы байланысты зерттеу. Пәннің мазмұны: материалдардың құрылымы және олардың қасиеттері. Ақаулардың түрлері. Құрылымдық материалдар және оларды өңдеу технологиясы. Конструкциялық материалдардың механикалық қасиеттері: беріктілік, пластикалық, қаттылық. Материалдардың электрлік және магниттік қасиеттері бойынша жіктелуі. Өткізгіш, жартылай өткізгіш және диэлектрлік материалдардың энергетикалық диаграммалары. Өткізгіш материалдар. Өткізгіштердің жіктелуі, негізгі параметрлері. Криоөткізгіштер, асқын өткігіштер. Өткізгіштігі жоғары материалдар. Мыс пен алюминий қорытпалары. Жоғары омды қорытпалар. Қолдану облыстары. Терможұптарға арналған қорытпалар және оларға қойылатын негізгі талаптар. Жартылай өткізгіш материалдар. Жартылай өткізгіштердің жіктелуі. Жартылай өткізгіштердегі негізгі эффекттер. Қарапайым және күрделі жартылай өткізгіштер. Диэлектриктер. Диэлектриктердің жіктелуі. Негізгі қасиеттері. Газ тәрізді, сұйык, қатты диэлектриктердің жіктелуі. Магниттік материалдар. Магниттік материалдардың параметрлері. Магнитті-жұмсақ материалдар. Темір, болаттар, пермаллои, альсиферлер, магнитті-жұмсақ ферриттер. Магнитті-қатты материалдар. Негізі материал емес композициялық материалдар. Көміртекті талшықтар. Көміртекті матрицасы бар көміртекті талшық. Бор талшықтары. Органикалық талшықтар. Металл негізіндегі композициялық материалдар. Талшықты күшейтілген металдар. Металл матрицасы бар композициялық материалдардың физика-механикалық қасиеттері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Физикалық құбылыстарды модельдеу
Пәнді оқытудың мақсаты – ғылыми және білім беру мақсатында физикалық құбылыстарды модельдеу үшін заманауи бағдарламалық өнімдерді қолдану дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту. Пәннің мазмұны: физикалық процестерді модельдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи бағдарламалық өнімдер. Физикалық процестердің математикалық модельдері. Қарапайым дифференциалдық теңдеулер жүйелерін шешудің сандық әдістері. Механика, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, оптика, атомдық және ядролық физика, кванттық физика процестерін компьютерлік модельдеу. Физикалық процестерді модельдеуді жүзеге асырудағы бағдарламалық өнімдердің графикалық мүкіндіктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 4
-
Ақпарат алудың физикалық негіздері
Пәнді оқытудың мақсаты – негізгі физикалық заңдар бойынша білімдерді қолданбалы есептерді шешуде қолдану дағдыларын дамыту. Пәннің мазмұны: ақпаратты алу әдістері мен құралдары. Датчиктер мен ақпаратты түрлендіргіштерді құрастыру негіздері. Физикалық құбылыстар және өлшеулердің метрологиялық сипаттамалары. Геометриялық, механикалық және жылулық шамаларды өлшеудің әдістері. Уақытты, табиғи және жасанды өрістерді, акустикалық шуларды, электрлік және магниттік шамаларды өлшеу. Ақпараттық-өлшеуіштік жүйе. Акустикалық бақылау жүйесі. Техникалық диагностика жүйесі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Эксперименттік зерттеулер әдістері
Пәнді оқытудың мақсаты – физикалық ғылымдарда эксперименттік зерттеу әдістерін қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Пәннің мазмұны: экспериментті жүргізудің негізгі әдістері. Эксперименттік зерттеулер. Рентгендік құрылымдық талдау. Абсорбциялық спектроскопия әдісі. Комбинациялық шашырау спектроскопиясы (классикалық және кванттық теория). Эксперимент нәтижелерін талдау және өңдеу. Өлшеу қателері. Өлшеу қателігін бағалау. Материалдардың оптикалық қасиеттерін зерттеуге арналған құрал-жабдықтар.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы кванттық физика
Пәнді оқытудың мақсаты – магистранттардың практикалық жұмыста кванттық теорияның қазіргі жетістіктерін қолдануға қатысты концептуалдық білімдер мен дағдыларды игеруі. Пәннің мазмұны: кванттық механикадағы жуықтау әдістері. Стационарлы күйлер үшін ұйытқу теориясы. Энергия мен толқындық функцияға түзетулер.Ұйытқу арқылы азғындалуды жою және оның физикалық мағынасы. Ритц әдісі. Штарк эффектісі. Вариациялық әдіс және оны қолдану. Кванттық механикадағы тепе-тең бөлшектер жүйелері. Симметриялы және антисимметриялы толқындық функциялар. Томас-Ферми әдісі. Хартри-Фок әдісі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 4
-
Физиканың арнайы тараулары
Пәнді оқытудың мақсаты – техникалық құрылғылардың негізіне салынған физикалық құбылыстар туралы концептуалдық білімдерді және сол құрылғыларды тәжірибеде қолдана білу қабілетін дамыту. Пәннің мазмұны: техникалық құрылғылардағы және аспап жасаудағы физикалық құбылыстар. Толқындардың таралуы және металдарда, жартылай өткізгіштерде, диэлектриктрлік, магниттік материалдарда және осы материалдардан жасалынған құрылымдарда өтетін процестер.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Заттың құрылымы мен құрамын анықтаудың физикалық әдістері
Пәнді оқытудың мақсаты– заттың құрылымын анықтау және орнатудың қазіргі заманғы физикалық әдістері, материяның құрылымы мен құрамын зерттеудің әртүрлі әдістерінің негізінде жатқан физикалық құбылыстар, қолданылатын құрылғылар және құрылғылардың жұмыс істеу принциптері мен конструкциясы, оларды қолдану мүмкіндіктері мен шектеулері туралы жүйелі білімдерді қалыптастыру. Пәннің мазмұны: заттың құрылымы мен құрамын олардың негізінде жатқан физикалық құбылыстар мен процестер бойынша физикалық зерттеу әдістерін жіктеу. Оптикалық, электронды және сканерлейтін зондтық микроскопия әдістері. Дифракциялық әдістер. Спектроскопиялық әдістер. Магниттік радиоспектроскопия әдістері. Бұзбай бақылау әдістері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Датчиктер және интеллектуалдық сенсорлық жүйелер
Пәнді оқытудың мақсаты – концептуалдық білімдерді игеру және сенсорлық жүйелерді жобалау дағдыларын қолдану. Пәннің мазмұны: сенсорлардың түрлері. Сенсорлардың параметрлері мен сипаттамалары. Интерфейстік электроника және интеллектуалды сенсорлы жүйелерге арналған өлшеулер техникасы. Сенсорлық жүйелерді жобалау. Сезімтал элементтер және ілесіп жүретін паразит эффекттер. Аналогтық-сандық түрлендіру. Мәліметтерді жинау мен өңдеу жүйелері. Түрлендіргіштің әмбебап интерфейсі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Электродинамиканың арнайы тараулары
Пәнді оқытудың мақсаты – білімдер жүйесін концептуалдық деңгейде игеру, ғылымда және өндірісте электродинамиканың арнайы тарауларын қолдану. Пәннің мазмұны: макроскопиялық дене үшін Максвелл теңдеулер жүйесі. Әртүрлі орталардағы статикалық өрістер. Өткізгіштердің электростатикасы. Диэлектриктердің электростатикасы. Анизотропты диэлектриктердің қасиеттері. Тұрақты ток. Магнитостатика. Үздіксіз ортадағы электромагниттік толқындар. Заттың диэлектрлік өтімділігінің теориясы. Дисперсиялық ортадағы электромагниттік толқындар. Өткізгіштегі электромагниттік толқындар. Толқын бағыттаушы. Анизотропты ортадағы электромагниттік толқындар. Магниттік гидродинамика. Зат арқылы зарядталған бөлшектердің өтуі. Магниттік реттелген заттардың электромагниттік қасиеттері. Ферромагнетизм. Асқын өткізгіштердің электромагниттік қасиеттері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Студенттерді оқыту мен әлеуметтендіру бойынша ғылым мен кәсіби іс-әрекет саласындағы тұжырымдамалық және жүйелік білімдерге ие
- Студенттерді оқыту мен әлеуметтендіру, сонымен қатар басқа да кәсіби қызмет мақсаттарын анықтай алады, сол мақсаттарға жету үшін сәйкес келетін әдістер мен құралдарды таңдай білу дағдыларына ие, жаңа қолданбалы білімдерді игеру үшін ғылыми, инновациялық іс-әрекеттерді өздігінен жүзеге асыра алады, бөлімшелер деңгейінде шешім қабылдауға құзыретті
- Іскерлік, кәсібилік және ғылымилық бағыттағы үйлесімді қоғамды жасауда көшбасшылық қабілеттерді көрсете біледі
- Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде (В1, B2, С1 деңгейі) кәсіптік және ғылыми коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгергендігін көрсетеді
- Ғылыми және инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыруда қабылданатын шешімдерге экономикалық тұрғыда баға беру әдістерін біледі
- Физика-технологиялық процестер бойынша зерттеушілік іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ғылыми жұмысты жүргізудің зерттеушілік, нормативтік-құқықтық кәсіби дағдыларын қолданады
- Іргелі және қолданбалы физика-математикалық, философиялық-әдіснамалық, жаратылыстану, технологиялық, эксперименттік және ақпараттық-коммуникациялық, конструкторлық даярлықты талап ететін кәсіби іс-әрекетке қатысты қабілеттерін көрсетеді
- Физикалық және жалпы техникалық пәндер саласында оқытушының оқыту және тәрбиелеу кәсіби іс-әрекетіне, өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты, пәні, сипаттамасына және нәтижелеріне қатысты жүйелік-синергетикалық концептуалдық көзқарасқа ие
- Физикалық пәндердің дүниетанымдық және әдістемелік әлеуетін зерттеуге және жеке тұлғаны тиімді оқыту және әлеуметтендіру құралдары мен әдістерін, технологияларын құрастыруға қатысты дағдылар мен қабілеттерін көрсетеді
- Қазіргі физика бөлімдерінің өзекті мәселелеріне, серпімділік теориясының, термодинамика мен тұтас орталар электродинамикасының негізгі әдістеріне, концептуалдық білімдер мен дағдыларға ие
- Әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің эволюциясын концептуалдық тұрғыда зерттеуде симметрия, себеп-салдарлық, сақталу, толықтырымдылық, сәйкестіктің жалпы ғылыми әдіснамалық принциптерін қолданады
- Қазіргі физика және «Материалтанудың» пәнаралық саласында мәселелер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау дағдыларын көрсетеді
- Физикалық құбылыстарды, соның ішінде электродинамиканың, қолданбалы оптиканың арнайы есептерін бағдарламалық пакеттердің көмегімен компьютерлік және аналитикалық модельдеу әдістеріне ие
- Тұтас орталардағы толқындық процестерді зерттеуде және заттың құрылымы мен құрамын анықтауда эксперименттік мәліметтерді өңдеу әдістері мен компьютерлік модельдеудің мүмкіндіктерін қолданады
- Ақпараттық-өлшеуіштік, автоматты басқару және техникалық диагностика жүйелерін құрастыру дағдыларына ие
- Қоғамның, жұмыс беруші мен еңбек нарығының талаптары негізінде физикалық білімдер мен заңдылықтар әрекет ететін технологиялық процестер бойынша ғылыми-зерттеу, оқыту, әлеуметтендіру іс-әрекетін жүзеге асыруда заманауи және перспективті сандық, ақпараттық-коммуникациялық, когнитивік, контекстік, коннективистік, конструктивтік дидактикалық технологияларын қолданады
Ұқсас БББ
7M05301 Физика
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты
7M05301 Физика
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
7M05301 Физика
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
7M05301 Физика
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
7M05301 Техникалық физика
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ)
7M05301 Физика
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
7M05301 Қолданбалы және инженерлік физика
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University)