6B11401 Әлеуметтік жұмыс в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Өмірлік қиын жағдайда жүрген, ерекше көмекке мұқтаж тұлғалармен және топтармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыратын және үйлестіретін, талдау-зерттеу қызметін жүргізетін, әлеуметтік мекемелер жүйесінде ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысатын клиенттердің түрлі санаттарына әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік жұмыс бойынша білікті мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B090 Әлеуметтік жұмыс
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B114 Әлеуметтік жұмыс
Пәндер
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржы сауаттылығының негіздері
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік саясат, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қызметкердің кәсібі
Пәннің мақсаты білім алушыларды болашақ кәсіби қызметінің мазмұнымен, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарымен, халықтың осал санаттарын мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен таныстыру. Курс әлеуметтік саясаттың мәні, бағыттары, қағидалары мен механизмдері туралы жүйелі білім мен түсінік алуға бағытталған. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби қызметі негіздерінің теориялық және әдіснамалық базасы қалыптасуда.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік жұмыс: тарих, теориялар мен тәсілдер
Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік жұмыс қалыптасуының негізгі кезеңдері, формалары, үлгілері туралы білімдерін қалыптастыру. Әлеуметтік жұмыстағы негізгі теориялар туралы түсінік, әлеуметтік жұмыста қолданылып жүрген тәсілдер туралы білім қалыптастыру. Курс әлеуметтік жұмыстың теориялық құрылымдары туралы білім мен түсінік алуға, әлеуметтік жұмыс тәжірибесін институттандыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Абай ілімі
Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Мақсаты-адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әл-Фараби және қазіргі заман
Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері
Пәннің мақсаты кәсіптік қызметтің қағидаттары мен адамгершілік нормалары жүйесінде клиентпен өзара әрекеттесу қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік жұмыстың этикалық құраушысы туралы білімдердің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік жұмыс мамандығының адамгершілік нормалары жүйесімен байланысын, кәсіптік топ адамының мінез-құлқының адамгершілік нормалар жүйесін зертеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өзін-өзі түсіну және қарым-қатынас дағдылары
Пәннің мақсаты адамның өзін-өзі бағалау саласындағы базалық түсініктерін, оның қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы өзінің рухани өмірінің себеп-салдарлық байланыстарын зерттеуге бағытталған өзін-өзі рефлексиясы мен өзін-өзі бағалауының теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән адамның өзін-өзі түсінуінің, оның өмірлік қиын жағдайда тап болған клиентпен жұмыс барысында қарым-қатынас жасау дағдыларының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік медицинаның негіздері
Пәннің мақсаты болашақ мамандардың тұрғындардың денсаулығына әсер ететін факторлар, физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқатты сақтау және нығайту тәсілдері туралы түсініктер қалыптастыру. Курс денсаулық сақтауға және аурулардың дамуын алдын-алуға бағытталған негізгі технологияларды түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік медицина негіздерін меңгеруге, әлеуметтік маңызы бар аурулардың себептерін анықтауға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері
Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік жұмыстың экономикалық саласындағы базалық түсініктерін, әлеуметтік салада қызметтерді ұсынудың тиімділігін арттыру мен бағалау бойынша дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы экономикалық және әлеуметтік саясаттың мәні мен мазмұнын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік жұмыс ұйымдарының шаруашылық жүргізуші субъект ретінде қызмет етуінің мәні мен ерекшелігін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Адам мінез-құлқы және әлеуметтік орта
Пәннің мақсаты адамның әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын түсіндіретін негізгі теорияларды анықтау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы адамды, қоршаған ортаны және олардың тұрақты, өзара бір-біріне ықпалын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән адамның өмір циклы барысындағы мінез-құлқын, адамдар өмір сүретін әлеуметтік жүйелер диапазонын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмысты құқықтық камтамасыз ету
Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік көмек шараларын, әлеуметтік қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметтерді ұсыну үшін нормативтік-құқықтық актілерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс әлеуметтік жұмысты құқықтық реттеу шараларының кешенін қамтамасыз ететін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарды түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастыру. Пән жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтарға әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша құқықтық инструментарийді зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы психология
Пәннің мақсаты арнайы кәсіптік құзыреттілікті дамыту, әлеуметтік-психологиялық ойлау мен әлеуметтік-психологиялық мінез-құлықтың нақты білімдерін, практикалық маңызы бар икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік қызметінің бағдарларын, дағдылары мен икемділіктерін игеру негіздерінің теориялық-әдіснамалық базасын қалыптастырады. Пән халықтың түрлі санаттарына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудегі мүмкіндіктер туралы түсініктер қалыптастырудың негізі болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік жұмыстағы басқару, ұйымдастыру және әкімшілендіру
Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік жұмыс менеджменті саласында білімдерін қалыптастыру. Курс ғылыми менеджменттің қалыптасуы мен дамуын; басқарудың түрлі тәсілдерін; әлеуметтік жүйе ретінде ұйымдарды; коммуникациялық процесс пен басқарушылық шешімдерді түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік жұмыстағы басқаруды; басқару әдістерін; әлеуметтік сала мекемелеріндегі іс қағаздарын жүргізуді зерттеуге бағытталған
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік қызмет көрсетудегі стандарттар және мониторинг
Пәннің мақсаты студенттердің әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің міндеттерін тиімді шешу үшін зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын, әлеуметтік қызметтерді өлшеу мен сандық бағалау және стандарттау, мониторинг жүргізуді меңгеру болып табылады. Оқу курсы қазіргі квалиметрия мен стандарттаудың жетістіктері негізінде әлеуметтік қызметтер, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек көрсету сапасын бағалау мен бақылауды жүзеге асыру қабілетін қалыптастырады
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Әлеуметтік жұмыстағы демография
Пәннің мақсаты демографияны әлеуметтік ғылым ретінде, оның халық туралы ақпараттарды жинау және талдау әдістері, демографиялық процестер мен демографиялық мінез-құлық туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқу курсы халық, демографиялық мағлұматтардың негізгі дереккөздері, демографиялық талдаудың базалық құралдары туралы ақпарат жинау жүйесі дағдыларын қалыптастырады. Пән әлеуметтік қызмет контекстіндегі демографиялық көрсеткіштердің маңызын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Мамандандырылған мекемелерде әлеуметтік жұмыс
Пәннің мақсаты түрлі мамандырылған мекемелерде әлеуметтік жұмысты сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы түрлі мекемелердің мамандандырылған қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес әлеуметтік жұмыстың түрлі технологияларын, әдістерін, нысандарын іске асыру ерекшелігін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік салада ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметті іске асыруды талдауды зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы гендерлік мәселелер
Пәннің мақсаты гендерлік мәселелермен жұмыс бойынша түрлі ведомствоаралық тәсілдер, әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің гендерлік сұрақтарындағы әлеуметтік факторлар рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру. Курс әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі гендерлік сұрақтарды түсінудің, интеграциясының, сыңи талдауының теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қазақстандық қоғамдағы гендерлік сұрақтардың тенденцияларын, динамикасын талдауды зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыс статистикасы
Пәннің мақсаты әлеуметтік жұыстағы негізгі статистикалық зерттеу әдістері туралы түсініктер қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік объектілер, құбылыстар мен процестер туралы объективтік және сенімді деректер алу үшін зерттеулер жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Пән әлеуметтік статистиканың теориялық негіздерін, әлеуметтік жұмыстағы зерттеу әдістемесінің әлеуметтанулық аспектісі туралы түсініктерді меңгеруге бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Жастармен әлеуметтік жұмыс
Пәннің мақсаты ерекше әлеуметтік топ ретінде жастар туралы, әлеуметтік жұмыстың негіздері мен нысандары туралы толық түсініктер қалыптастыру. Курс жастардың проблемаларын түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін; әлеуметтік жұмыстың қазіргі заманғы тәжірибелерін талдау мен бағалау икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады. Пән мемлекеттік жастар саясаты мен жастармен әлеуметтік жұмыс нысандарының, құрылымының, негіздерінің сипаттамаларын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы кейс-менеджмент
Курстың мақсаты болашақ әлеуметтік жұмыс мамандарының әлеуметтік жұмыста кейс-менеджмент моделін қолдану икемділіктерін қалыптастыру. Курс кейс-менеджмент туралы халықтың түрлі санаттарының қызметтерді алуын бағалау, жоспарлау, көмектесу, қолдаудың біріккен процесі ретінде түсінік қалыптастырады. Халықтың түрлі топтарының өкілдерімен индивидуалды әлеуметтік жұмыста қолданылатын әдісті түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары
Пәннің мақсаты топтардың, индивидтердің әлеуметтік мәселелерін анықтау, шешу қабілетін қалыптастыру; әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің, оның әдіснамалық негіздері мен технологиялық моделдерінің мәнін түсіндіру. Оқу курсы болашақ мамандардың клиенттердің түрлі санаттарына көмекті ұйымдастыру тәсілдерінің кәсіптік икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады. Пән әлеуметтік қызметтің ерекше түрі ретіндегі әлеуметтік жұмыстың технологияларының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Алдын алу, түзету және оңалту технологиялары
Пәннің мақсаты әлеуметтік жұмыста клиенттерді оңалту, түзету және алдын-алу технологияларын тәжірибеде қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы оңалту, түзету, алдын-алудың түрлі жүйелерін қолданудағы әмбебап нәтижелер мен тиімді араласу қағидаттарын талдаудың, түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән оңалтудың реабилитациялық процесіндегі түрлі терапиялық әдістердің негізгі элементтерін зерттеуге бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу тәжірибесі 1
Пәннің мақсаты әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізу қабілетін қалыптастыру, сонымен бірге әлеуметтік қызметтің тәжірибесіндегі зерттеулердің нәтижелерін рәсімдеу талаптарымен, зерттеулердің негізгі техникаларымен, әдістерімен таныстыру. Оқу курсы зерттеушілік қызметке дайындық пен іске асырудың негізгі тәсілдерін, әлеуметтік зерттеуді жүргізу дағдыларын қалыптастырады. Пән әлеуметтік зерттеулерді жүргізу, ұйымдастыру қағидаттарын, негізгі түсініктерін меңгеруге бағытталған
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Тәуекел топтармен әлеуметтік жұмыс
Мақсаты тәуекел топтарымен жұмыс барысында білімдерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс әлеуметтік алдын-алу, бейімделу, оңалтуды түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік мәселелердің ерекшеліктері, оларды зерттеу әдістері туралы түсініктер қалыптастыруға; сәтті оқу және кәсіптік қызметке қажет әлеуметтік жұмыстың базалық қағидаттарын, технологияларын игеруге, тәуекел топтарымен әлеуметтік жұмыс дағдыларын меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің интеграциясы
Пәннің мақсаты ерекше қажеттіліктері бар балалар, жасөспірімдердің түрлі санаттарын анықтау, түрлі жағдайларда осы балалар мен жасөспірімдер үшін әлеуметтік қызметкерлер рөлдерін, ағымдағы практиканы сәйкес бағалау процедураларын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Курс клиенттердің бұл санатымен өзара әрекеттесудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән мүмкіндігі шектеулі балалармен әлеуметтік жұмыс әдістерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы супервизия негіздері
Курстың мақсаты әлеуметтік жұмыстағы супервизияның қазіргі заманғы жағдайы саласындағы теориялық білімдер жүйесін қалыптастырады. Курс оның мәні, ерекшелігі, нысандары, түрлері, түсініктері, қағидаттары туралы түсініктер қалыптастырады. Пән көмек көрсетуші мамандықтардағы супервизияның, аутосупервизияның ерекшелігін, қызметтерді көрсету сапасына маманның кәсіптік және тұлғалық деформацияларының тұрақсыздандырушы ықпалының дәрежесін болжамдық бағалау тәсілдерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Ересектер және егде адамдармен әлеуметтік жұмыс
Пәннің мақсаты қарт адамдармен әлеуметтік жұмыс туралы жүйелік түсініктерді, халықтың бұл санатымен тиімді кәсіптік қызмет үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру. Курс қарттармен әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасының моделіне сәйкес технологияларды таңдау ерекшелігінің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, делдалдық, консультациялық көмектің негізгі сипаттамаларын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Қала дамуы және қалалық әлеуметтік қозғалыстар
Пәннің мақсаты қалалар мен әлеуметтік қозғалыстардың дамуындағы негізгі доктриналар мен дереккөздерді сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы қалалық әлеуметтік қозғалыстардың дамуындағы оқиғалар туралы білімдердің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән қоғамда табиғатқа деген қарым-қатынасқа, әлеуметтік қозғалыстарға, отбасылық өмірге, әділеттілік сезіміне, саясатқа қатысты қала дамуын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы жанжал мәселелері
Пәннің мақсаты әлеуметтік жұмыстағы конфликтологиялық бағыттағы негізгі концепциялар мен теорияларды сипаттау, бағалау қабілетін қалыптастыру. Курс жанжалдарды шешуге араласу әдістемесін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән жанжалдарды шешудің шектерін және дәстүрлі, заманауи теорияларын зерттеуге, конфликтілі жағдайларды шешуге арналған әдістерді сипаттауға және талдауға, конфликтілі жағдайларды шешу бойынша жоспарды әзірлеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы көмек және өзіне-өзі көмек көрсету технологиялары
Пәннің мақсаты әлеуметтік көмектің қазіргі заманғы тенденциялары туралы теориялар, тәсілдер мен әдістер туралы білімдер қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік жұмыс пен этиканың фундаменталды құндылықтарының, әлеуметтік көмекке қолданыла алатын дағдылар мен білімдердің ерекшеліктерін; әлеуметтік жұмыс клиентінің өзіне-өзі көмек көрсету ерекшелігін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән адамдарға көмек көрсетудің негізгі тұжырымдамаларын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы зерттеу тәжірибесі 2
Пәннің мақсаты әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі негізгі тұжырымдамалар мен әдістерді қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы әлеуметтік жұмыста жобалық және жоспарлық, зерттеушілік қызмет барысында туындайтын мәселелердің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән зерттеу ерекшелігін меңгеруге және әлеуметтік жұмыстың зерттеу тәжірибесінде сандық сияқты, сапалық зерттеу әдістерін де қолдануға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс
Пәннің мақсаты студенттердің тұрғындарға әлеуметтік-медициналық көмек көрсету қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән денсаулық сақтау мекемелеріндегі әлеуметтік-медициналық жұмыстың негізгі сипаттамаларын, бұл құрылымдағы әлеуметтік жұмыстың құқықтық және экономикалық негіздерін, әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологияларын қолдану ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Отбасылармен әлеуметтік жұмыс тәжірибесі
Пәннің мақсаты әр түрлі отбасылармен жұмыс жасау үшін бағалау, араласу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру. Курс отбасылармен әлеуметтік жұмыстың өзара әрекеттесу моделдерін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі негізгі новаторлық отбасы терапиясы моделдерінің концептуалдық негізін, араласу және эмпирикалық қолдау әдістерін идентификациялау мен талдауды зерттеуге бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік дағдарыстар мен апаттар
Курстың мақсаты «адам – табиғат – қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыруға, социо-табиғи жүйелердің ұйымдастырылуы мен қызмет етуінің негіздерімен, адам мен қоғамның өзара әрекеттесуінің қағидаттарымен таныстыру. Курс әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың орын алуы кезіндегі дағдылар мен іс-әрекеттерді түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән апаттар кезінде әлеуметтік қызметкер рөлін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыстағы жобалық қызмет
Пәннің мақсаты студенттердің жобалау негіздері саласындағы білімдерін қалыптастыру. Курс әлеуметтік жұмыста жобалау әдістемелерінің рөлін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән жобалық инновацияларды және алдағы уақытта әлеуметтік ортаны өзгерту, инновациялық қызметті жүргізу үшін олардың әлеуметтік саладағы рөлін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Балалар мен әйелдерге қатігездік көрсету: бағалау және араласу
Пәннің мақсаты балалар мен әйелдерге қатыгездік көрсетудің түрлі нысандары, тәуекел және қорғаныс факторлары туралы білімдер қалыптастыру. Оқу курсы дискриминацияға ұшыраған болған балалар мен әйелдерді оңалту бойынша қол жетімді қызметтерді талдауды түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән клиентпен жұмыс барысында әлеуметтік қызметкердің араласу тәжірибесінің әдістерін бағалауды және түрлі жүйелерін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Балалар және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Пәннің мақсаты балалар мен жасөспірімдермен жұмыс туралы білімдер қалыптастыру, олардың қажеттіліктерін анықтау және клиенттің проблемасымен сәйкес келетін іс жоспарын әзірлеу. Оқу курсы психикалық денсаулықтың бұзылуы мен салдары ретіндегі стресстің қаупін тудыратын мәселелерді түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән клиенттің нақты бір оқиғасының іс жоспарын құрастыруды зерттеуге бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік жұмыс және цифрлы қоғам: тәжірибелер және технологиялар
Пәннің мақсаты әлеуметтік жұмыста цифрлы технологияларды қолдану бойынша нақты білімдерді, тәжірибелік мәнді қабілеттерді қалыптастыру. Оқу курсы электронды әлеуметтік жұмыстағы дағдылар, қабілеттер мен бағыттарды игерудің негізі болатын теориялық-әдістемелік базаны қалыптастырады. Пән цифрлы қоғамның жаңа талаптары мен қажеттіліктеріне бейімделудің негізі болып табылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Ауылдық жерлерде әлеуметтік жұмыс
Пәннің мақсаты ауыл аймақтарында әлеуметтік жұмысқа қатысты тәсілдерді, нақты сұрақтарды, әдістерді сипаттау және бағалау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы ауыл аймақтарында әлеуметтік жұмыстың табиғаты мен ерекшелігін түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән ауылдық жағдайларда әлеуметтік қызметтерді көрсетуді талдау мен бағалауға; мамандар мен ресурстар жетіспеушілігін зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Халықты жұмысбастылығы және әлеуметтік жұмыс
Пәннің мақсаты-студенттердің халықты жұмыспен қамту және оны еңбек нарығында реттеу тәсілдері, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларын әзірлеу және басқару, әлеуметтік-еңбек саласындағы мониторинг, жұмыссыз халықты әлеуметтік қолдау, жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар туралы тұтас теориялық және практикалық түсініктерін қалыптастыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік инклюзия және әлеуметтік жұмыс
Пәннің мақсаты білім беру мекемелерінде дамуында ерекшелігі бар балаларға инклюзивті білім беру процесінің әдістемелері мен техникаларын қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы мүмкіндігі шектеулі адамдарды социумға қосудың теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады. Пән білім беру саласында мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтенуінің ерекшелігін талдауды зерттеуге бағытталған
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- әлеуметтік жұмыстың негізгі ұғымдарын, теорияларын, функциялары мен тетіктерін ажырату мен түсіндіруде, оларды өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен өзара іс-қимыл кезінде пайдалануда қабілеттілік көрсетуге
- ғылыми танымның, әл-Фараби оқуының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырудың, табиғатты ұтымды пайдаланудың, адам тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, ғылыми зерттеулер әдістерінің, қаржылық сауаттылық негіздерінің әртүрлі модельдері негізінде өзін-өзі дамыту, әлеуметтік ақпаратты басқару стратегиясын айқындауға
- әртүрлі кәсіби жағдайларда әлеуметтік жұмыстың базалық әдістері мен технологияларын қолдануға
- клиенттермен жұмыс істеу кезінде нақты жағдайдың ерекшеліктерін, зерттеу деректерін, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, құқықтық құрамдас бөліктерін ескере отырып, кәсіби этика тұрғысынан бағалауға
- өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтендіру және оңалту мәселелері бойынша делдалдық, әлеуметтік-профилактикалық, консультациялық және әлеуметтік-психологиялық қызметті жүзеге асыруға
- клиенттің, оның ортасының психологиялық, тұлғааралық, әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында мамандар мен қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіруге
- клиенттің өз күштерін, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарын жұмылдыру арқылы өзінің негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтуге
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, әлеуметтік қамсыздандыруды және қазіргі заманғы квалиметрия мен стандарттау жетістіктері негізінде әлеуметтік көмек шараларын жүзеге асыру бойынша мониторинг жүргізуге
- әлеуметтік жарнама және клиентке әсер етудің басқа құралдары арқылы клиентпен әлеуметтік өзара әрекеттесу бағдарламаларын әзірлеуге
- әлеуметтік жұмыс саласындағы процестер мен құбылыстарды болжау, жобалау және модельдеу, әлеуметтік жобаларды сараптамалық бағалау әдістемелерін пайдалана отырып, әлеуметтік жобаларға қатысуға
- азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларын іске асыратын ұйымдардың бөлімшелерінде қажетті құжаттаманы және құжат айналымын ұйымдастыруды талдау және жүргізуге
- әлеуметтік міндеттерді жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын өз бетінше таңдау қабілетін көрсетуге қабілетті болады
Ұқсас БББ
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Esil University
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Торайгыров университеті
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (QYZPU)
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Нархоз Университеті
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
6B11401 Әлеуметтік жұмыс
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)