Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07128 Аэроғарыштық инженерия в АЭжБУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Пәндік білімнің фундаменталдылығына қол жеткізуге және аэроғарыш саласындағы кәсіби қызметтің жалпы әдіснамасын игеруге бағытталған кең базалық кәсіптік даярлықты қамтамасыз ету, сондай-ақ білім алушылардың еңбек нарығында және қоғамда талап етілетін, Әлеуметтік және кәсіптік ұтқырлыққа қабілетті болуы үшін көрсетілген салада жалпы және кәсіптік құзыреттер жүйесін қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B067 Әуе көлігі және технологиялары
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Дифференциалдық және интегралдық есептеу I
Энергосыйымды материалдар химиясы
Химия
Сызықты алгебра
Физика 1
Дифференциалдық және интегралдық есептеу II
-
2 Оқу жылы
Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
Физика 2
Механика
Компьютерлік графика негіздері
Майнор
Дифференциалдық теңдеулер
ЖБП ЖОО компонентінің модулі (Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экология және өміртіршілік қауіпсіздігі негіздері)
Заманауи бағдарламалау технологиялары
Майнор
Құрылымдық элементтерді беріктікке есептеу
Ғарыш аппараттары
Электртехникасы және электроника негіздері
Ықтималдық және статистика
-
3 Оқу жылы
Ғарыштық байланыс, навигация, зондтаудың негіздері
Аспаптар бөлшегі және аспаптану технологиясы
Қолданбалы ақпараттар теориясы
Баллистика
Майнор
Жасанды интеллект
Үлкен деректерді талдау
Спутниктік мәліметтерді өңдеу әдістері
Майнор
Аэродинамика
Ғарыштық материалтану
Тұрақтандыру жүйелерін және бағыттау жүйелерін жобалау
-
4 Оқу жылы
Ғарышты зерттеуге арналған зияткерлік робототехникалық жүйелер
Метрология, стандарттау және сертификаттау
Иондық-плазмалық қозғалтқыштар
CAD/CAM/CAE ғарыштық қосымшаларда жобалау
Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазу
Ұшқышсыз ұшу аппараттары
Ғарыштық радиотехникадағы микропроцессорлар және сандық басқару жүйеслері
Ғарыштық технологиядағы гироскоптарды қолдану
Өнеркәсіп экономикасы, кәсіпкерлік, көшбасшылық және инновациялар
Авиациялық (әуе-реактивті) қозғалтқыштар
Қатты зымыран қозғалтқыштары
Оқыту нәтижелері
- Ауызша және жазбаша түрде, оның ішінде шет тілінде, кәсіби ортада және қоғамда тиімді қарым-қатынас жасау, тұлғааралық өзара іс-қимылда және мәдениетаралық ортада өз көзқарасын, дүниетанымдық және азаматтық ұстанымын қалыптастыру және дәлелдеу.
- Кәсіби саладағы инженерлік міндеттерді шешу үшін пәнаралық контексте базалық математикалық, жаратылыстану - ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық білімдерді көрсету және қолдану.
- Экономикалық білім негіздерін меңгеру, менеджмент, маркетинг, қаржы туралы ғылыми түсінікке ие болу, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін білу және түсіну.
- Өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби жетілдіру, жинақталған тәжірибені сыни тұрғыдан түсіну қабілетін көрсету. Өндірісті жоспарлау және ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және экология ережелерін сақтау тәсілдері мен әдістерін меңгеру. Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін қолдану қабілетін көрсету.
- Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша бұлтты және мобильді сервистер
- Арнайы пәндер саласындағы базалық білімдерін көрсету және алған білімдерін кәсіби қызметте пайдалануға дайын болу, Математикалық талдау және модельдеу, теориялық және эксперименттік зерттеу әдістерін қолдану.
- Кәсіби қызмет саласында, оның ішінде қызметтің әртүрлі бағыттары мен ғылым салаларының түйіскен жерінде табысты іске асыру үшін қажетті тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларында жаңа білім, білік және құзыреттер алу, бұрын алынған білімдерді кеңейту және тереңдету қабілетін көрсету.
- Үлгілік әдістемелер бойынша инженерлік есептеулер жүргізу және техникалық тапсырмаға сәйкес жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын пайдалана отырып жеке бөлшектер мен тораптарды жобалау.
- Спутниктік радиобайланыс пен байланыс жүйелерінің негіздерін меңгеру, тұрақтандырудың тиімділігі жоғары жүйелерін жобалау әдістерін түсіну. Борттық жүйелердің әртүрлі функцияларын толық түсінуге және олардың ғарыш аппараттарындағы өзара әрекеттерін талдау білігіне ие болу. Алынған білімді практикалық қолдану дағдыларын меңгеру.
- Авиациялық, зымырандық, сұйықтық, иондық-плазмалық және қатты отынды қоса алғанда, қозғалтқыштардың әртүрлі түрлері туралы білімді меңгеру және әртүрлі миссиялар үшін неғұрлым қолайлы қозғалтқыштарды талдауға және таңдауға қабілетті болады. Алынған білімді инновациялық және тиімді шешімдерді жасауда тәжірибеде қолдану қабілеттілігін синтездеу және бағалау дағдыларын игеру.
- Зияткерлік робототехникалық жүйелер, ғарыштық миссиялар және астроинформатика түсінігіне ие болу. Сондай-ақ ғарыштық жобаларды іске асыру үшін инновациялық шешімдерді тиімді синтездей білу. Күрделі міндеттерді жүйелі талдау, негізгі аспектілерді бөліп көрсету және ғарыш миссияларын әзірлеу және іске асыру кезінде сыни баға беру.
- Аэродинамика, ұшу динамикасы, математикалық физика, энергияны қажет ететін материалдар химиясы, өлшемдер мен стандарттар саласында білімі болуы тиіс. Сондай-ақ аэроғарыш ғылымдарымен байланысты күрделі проблемаларды сыни тұрғыдан талдау, объективті бағалау және жүйелі түрде шеше білу.