Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B02208 Археология, этнология және антропология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бакалаврларда қажетті ақпаратты іздестіруді, оның дұрыстығын талдау мен тексеруді жүзеге асыруға және далалық археологиялық және этнографиялық зерттеулерді, сараптамалық, жобалық қызметті іске асыруда және осы ғылым саласында пайдалануға мүмкіндік беретін базалық білімді (және ұсыныстарды), түйінді құзыреттерді, практикалық (кәсіби) іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Кәсіби деңгейде археология, этнология және антропология бакалавр дәрежесінде маман дайындауда теориялық тұрғыда адамзат тарихының даму кезеңдері мен адам баласының өмір тұрмысы және шаруашылығына қатысты, адам баласының қалдырған материалдық тұрмыс бұйымдарын және еңбек құралдары арқылы нақты деректер негізінде пайым жасауға негізделген.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B134 Археология және этнология
-
ҰБТ-дағы пәндер Дүниежүзі тарихы және География
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Қазақ халқының мәдени генезисі
Қазақстандағы ислам: өткені мен бүгіні
Қазақтардың шаруашылығының тарихи түрлері
Ғылыми зерттеу негіздері
Еуразиядағы палеолит
Қазақстан мен іргелес аумақтардың қола дәуірі
Орталық Еуразиядағы тас дәуірі
Қаржылық сауаттылық негіздері
Экология негіздері және тіршілік қауіпсіздігі
Кәсіпкерлік және бизнес
Қазақ халқының демографиялық жүйесі мен таралуы
Археологиялық ескерткіштер туризм объектілері ретінде
Неолит төңкеріс дәуіріндегі археологиялық мәдениеттер
Еуразия көшпелілеріінің этноәлеуметтік құрылымы
Абсолютті мерзімдеу әдістері
-
3 Оқу жылы
Орталық Еуразиядағы ерте темір дәуірі
Теориялық этнология
Еуразияның қола дәуірі
Жаһандану кезіндегі этникалық транцформациясы
Орталық Еуразиядағы сақ дәуірі
Мәдени антропология
Археология және физикалық антропология теориясы
Шетел археологиясы
Еуразия археологиясындағы «алтын адам» феномені
Полиметалл дәуірінің археологиясы
Отантану
Қазақ этнографиясының зерттелу тарихы
Орталық Еуразияның ортағасырлық қала мәдениеті
-
4 Оқу жылы
Археологиялық зерттеулер әдістері
Қазіргі әлемдегі этнос және этникалық процестер
Құжаттану
Қосалқы тарихи пәндер
Мұражай ғылымы
Орталық Азияның ортағасырлық археологиясы
Этнологиялық сараптама әдістері
Әлеуметтік антропология: қоғам және этнос
Этнотуризм
Мұрағат ісін ұйымдастыру негіздері
Профессии
Оқыту нәтижелері
- адамзат қоғамының қалыптасуы мен ертедегі дамуын зерттеудегі археология мен этнологияның шешуші рөлі, археология мен этнология, антропологиядағы негізгі ғылыми тұжырымдарды білу және ұғындыру. Тарихи-мәдени сараптама әдістерін меңгеру.
- антропогенез кезеңдерін, әлеуметтік қатынастардың ежелгі формаларын, діни көзқарастардың архайкалық түрлерін, палеолиттің кезеңделуі мен қазіргі жіктелуін ажырата алу.
- археологиялық білімдердің теориялық және әдістемелік негіздерін және қызмет профиліне сәйкес кәсіби қызметте жаратылыстану пәндерінің негізгі заңдарын қолдану. Тарих, археология және этнологиядағы басым бағыттар туралы ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және қорыту дағдыларын меңгеру.
- еуразияның қола дәуірі білімдер жүйесінде Қазақстан археологиясын бірегейлендіру және Еуразияның ішкі континентальды құрлық бөліміндегі қола дәуірінің тарихи үрдістерін салыстыру.
- қазақстанның ерте темір ғасыры зерттеулерін зерделеу, аталған кезеңнің археологиялық мәдениетінің ерекшелігін бағалау.
- түркілік жерлеу ғұрпын, материалды мәдениетін, урбанизация факторлары мен үрдістерін, орта ғасырлық этностардың жерлеу ескерткіштерінің сипатын зерделеу.
- Киелі кеңістіктердің, табиғи және тарихи-мәдени көрікті жерлердің пайда болу факторларын анықтау, олардың этностардың этномәдени өміріндегі маңызын зерттеу. Этнотуристік объектінің тұжырымдамасын және бизнес-моделін әзірлеу.
- «этногенез және этникалық тарих», «қазіргі заманғы этникалық үдерістерді» ксенофобия мен экстремизмге қарсы тұру, ұлттық азшылықтардың құқықтарын қорғау және мәдени мұраны сақтау үшін түсінік беру және түсіндіру.
- шаруашылық-мәдени түрлердің қалыптасу тарихын, олардың табиғи жағдайлармен байланысын білу. Этнографиядағы басым бағыттар туралы ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және қорыту; этностың шаруашылық қызметі мен әлеуметтік құрылымын зерттеу дағдыларын меңгеру. Жұмыс бағдарламасын ұйымдастыру және құрастыру, басқа ұйымдармен бірлесіп орындау кезінде бірлескен орындаушылардың қызметін үйлестіру, алынған нәтижелерді қорытындылау.
- қазақтардың демографиялық құрылымы мен орналасуын, Қазақстандағы этнография ғылымының даму тарихын зерделеу.
- ғылыми зерттеулер барысында этнологиялық білімдердің теориялық және әдістемелік негіздерін және категориялық аппаратты қолдану. Тарих, археология және этнология бойынша жарияланымдарда ғылыми аппарат құру және рәсімдей алу.
- қазақстандық Отанды сүю және азаматтық жауапкершілікті көрсету.
- Әлемдік және Отандық деңгейдегі музей ісінің қалыптасу ерекшеліктерін зерделеу. Құрылымдық бөлімшелердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын және ғылыми ұйымдар мен мұражайлардағы құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қызметін бағалау критерийлерін әзірлеу мүмкіндігі. Мұражайда және мұражай филиалдарында сақтау жүйесінің жұмыс істеуін қадағалау.
- мәдени ойлай алатын және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану пәндері саласындағы базалық білімдерді игеру (әлеуметтік, экономикалық, гумнаитарлық). Қаржылық заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді, цифрлық және қаржылық технологияларды, оның ішінде мобильді қосымшаларды қолдану негізінде ұтымды қаржылық тәртіпке кепілдік беретін заманауи қаржы құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту.
- қазіргі техникамен жұмыс жасай алу дағдысының болуы, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды қолдана білу.