7M05117 Экологиялық биоинженерия в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби білімі мен дағдылары бар, инженерлік жобалауда және ғылыми-өндірістік қызметте алған білімдерін экологиялық биоинженерия саласында іске асыруға қабілетті, қоршаған орта қалдықтарын қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өндірістерінің қауіпсіздігі мен биопрепараттар және биотыңайтқыштарды әзірлеу мәселелерін шешуде жоғары білікті магистрлерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M082 Биотехнология
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Мақсаты: магистранттардың рационалды-теоретикалық ойлаудағы негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді құраушы ғылыми білімнің ерекше түрі ретіндегі заманауи ғылым философиясы туралы терең түсінік қалыптастыру. Қарастырылады: Ғылымның тарихы және философиясының пәні, Ғылымның пайда болуы және қалыптасуы, Әлеуметтік және гумантарлық ғылымдардың тарихы мен философиясы, Қазіргі заманғы жаһандық өркениет дамуының философиялық мәселелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Биоинженерия және микроорганизмдерді сұрыптау негіздері
Пәннің мақсаты: микробтық жасушалардағы мақсатты метаболиттерді үздіксіз синтездеу және бағыттау жолдарын зерделеу, микробиологиялық және биотехнологиялық әдістерді қолдану негізінде жартылайфункционалды микробтық препараттар мен мақсатты биологиялық белсенді заттар ретінде микроорганизмдердің өндірістік штамдарын іріктеудің практикалық дағдыларын меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық биоинженериядағы заманауи әдістер
Пәннің мақсаты – экобиотехнология ғылымының соңғы жетістіктері, зерттеу бағыттары мен биотехнологияда тиімді қолданылатын заманауи аналитикалық әдістерді меңгеру және экобиоинженерия негіздері ретінде кең қолданылатын гендік инженерия, геномика және протеомика саласындағы революциялық өзгерістер мен молекулалық биотехнология жетістіктері туралы түсініктер қалыптастыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық даму биологиясы
Пәннің мақсаты: генетика саласындағы қазіргі бағыттар мен жетістіктер, экожүйелердің антропогендік ластануының генетикалық салдары, индикациялау әдістері және осы эволюциялық ұғымдарды табиғи іріктеу жолымен сақтау және байытудың жаңа идеялары мен кеңейтілген эволюциялық синтездерін біріктіру туралы зерделейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микробтық экология
Пәннің мақсаты: өсімдіктерді фитопатогендерден қорғау үшін экологиялық таза бактериялық препараттарды алу негіздерін меңгеру. Ауыл шаруашылығына арналған биопрепараттарды микробиологиялық өндіру әдістері мен объектілері, атап айтқанда микроорганизмдер негізінде био тыңайтқыш алу және топырақты эрозия мен дефляциядан қорғау жөніндегі агротехникалық іс-шаралар әдістері туралы түсінік беріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылығы және тұрмыстық қалдықтарды басқару
Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату технологияларын зерделеу, ластанған аумақтарға мониторинг жүргізу және оңалту, әртүрлі ксенобиотиктерді микробтық биотрансформациялау әдістерін игеру, әртүрлі экожүйелердің мутагенді және канцерогендік қосылыстарымен ластану дәрежесін бағалау бойынша жұмыс дағдыларын білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Молекулалық және клеткалық биоинженерия
Пәннің мақсаты: молекулалық және жасушалық биоинженерияның биохимиялық және биофизикалық процестерін, биомакромолекулалардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу әдістерін, жасушалар мен ұлпалардың қызмет ету, морфологиясын, молекулалық модельдеу әдістерін, синтетикалық биология мен гендік инженерияның заманауи тәсілдерін, сондай-ақ экологиялық генетика және экогенетикалық аурулар туралы негізгі түсініктерді игеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Пәннің мақсаты – жоғары мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін меңгеру, педагогикалық құзіреттілігін дамыту, болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орындары педагогикасының жалпы мәселелерімен, әдістемелік және теориялық негіздерімен, қазіргі заманғы талдау, жоспарлау және ұйымдастыру технологияларымен таныстыру. оқыту мен тәрбиелеу, университеттің оқу үдерісінде оқытушы мен студенттердің субъекті-субъектілік өзара әрекетінің коммуникативті технологиялары
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Пәнің мақсаты – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттіліктерді меңгеру және жетілдіру, өйткені шет тілі арқылы болашақ магистрант академиялық білімге, жаңа технологияларға және заманауи ақпаратқа қол жеткізеді, болашақ магистранттың мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметінде шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Фототрофты микроорганизмдер негізіндегі биотыңайтқыштар мен биостимуляторлар
Пәннің мақсаты - фототрофты микроорганизмдердің негізгі топтарын, олардың биосфера масштабындағы қызметін, биопрепараттар мен биостимуляторларды алу үшін маңызды биологиялық белсенді заттарының синтезі және фотобиотехнологиялық ерекшеліктерін қолдануға болатын биотехнологияның әртүрлі салаларымен таныстыру
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ағынды суларды тазартудың биологиялық әдістері
Пән мақсаты: биологиялық әдістерді пайдалана отырып гидросфераны химиялық ластанудан қорғау әдістері мен құралдары туралы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік-экологиялық шешімдерді енгізу, су бассейнін ластаудың химиялық, физикалық қорғаудың биологиялық әдістерін жіктеулер мен өндірістік қалдықтарды тазалау, қайта өңдеуде қолданылатын негізгі жабдықтар қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Пәннің мақсаты: ғылыми-зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін пайдалана білуді және биологиялық білім беру саласында студенттердің оқу-зерттеу іс-әрекетін бақылауды қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылады: оқу және ғылыми-зерттеу қызметі; дағдылар мен құзыреттілік; биологияны оқытуда студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамыту әдістемесінің үлгілері; студенттердің ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау ерекшеліктері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пәннің мақсаты басқару психологиясының іргелі түсініктерін түсіндіру, кәсіби тұрақтану процесінде басқару аймағының аспектілерін теориялық және тәжірибелік қолдану алғышарттарын анықтау қабілеттілігін қалыптастыру. Оқу курсы топтық құбылыстар мен процестерді басқару психологиясы бойынша заманауи көзқарастарды түсінуді қалыптастырады. Пән келесі мәселелерді оқытуға бағытталған: басқару психологиясының, басқару қарым-қатынастағы жеке тұлға, жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару негізгі принциптері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Микроорганизмдердің генетикасы және өзгергіштігі
Пәннің мақсаты - микроорганизмдердің тұқым қуалаушылық және тұқым қуалайтын өзгергіштігінің молекулалық негіздері, олардың генетикалық аппаратын ұйымдастыру туралы түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ олардың экожүйелердегі рөлін түсіну және биоинженерлік және экологиялық тұрақты шешімдерді әзірлеу үшін мутагенез, генетикалық рекомбинация, экологиялық факторларға бейімделу, ксенобиотикалық метаболизм және токсикология сияқты өзгергіштіктің әртүрлі түрлерін зерттеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Биотехнология және биоинженерия: экологиялық аспектілер және азық-түлік қауіпсіздігі
Пәннің мақсаты - экобиотехнология ғылымының жаңа жетістіктері, зерттеу бағыттары және практикалық іске асырылуы, өндірістің барлық кезеңдерінде биологиялық құндылығы жоғары аграрлық өнімнің сапасы мен биологиялық қауіпсіздігін бақылау әдістері, өсірілетін дақылдардың өнімділігін арттыру және тамақ режимін оңтайландыру туралы білімдер беру
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қалдықтарды биоотынға биологиялық өңдеу
Курстың мақсаты-өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеудің биотехнологиялық тәсілдерінің стратегиясы туралы түсінік қалыптастыру.Курс шеңберінде биоэнергияны өндіру кезінде өнеркәсіптік қалдықтарды биоконверсиялау негізінде технологиялар элементтерін әзірлеу, биоотын алуда биотехнологиялық процестерді пайдаланудың оңтайлы тиімді схемаларын әзірлеу мәселелері қаралатын болады
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Энергетика және қоршаған орта шығарындыларын бақылау
Пәннің мақсаты: өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық қалдықтарды қайта өңдеудің микробиологиялық және экобиотехнологиялық тәсілдерін зерделеу және биоэнергияны өндіру кезінде биоконверсия негізінде технологиялық элементтерді, биотехнологиялық процестердің жаңа тиімді схемаларын әзірлеу және биоотынды алуда тәжірибеде пайдалану дағдыларын игеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жасыл энергетика
Пәннің мақсаты: түрлі ксенобиотиктерге және биоэнергетика үшін мақсатты гендік-инженерлік өнімдерді алудың жаңа технологияларына қатысты жоғары сорбциялық және деструктивті белсенділіктермен сипатталатын әртүрлі экожүйелерді биоиндикациялауда, биотестілеуде және биоремедиациялауда фототрофты микроорганизмдерді қолдану мүмкіншіліктерін зерделеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Өндірістік ортаның мониторингі
Пәннің мақсаты - табиғи ортаға адам әрекетінен туындайтын факторлардың әсерін талдау, қоршаған орта объектілерінің жай-күйін есепке алу және бағалау ережелерін, аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін, сондай-ақ су экожүйесіндегі микробиологиялық процестер мен биотехнологиялық әдістерді тиімді қолдану бойынша білімді қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Cу мен топырақ экожүйелерінің биоремедиациясы
Пәннің мақсаты – магистранттарда биологиялық әдістерді қолдана отырып, топырақ пен судың экожүйесін әртүрлі ластаушы заттардан тазарту әдістері мен құралдары туралы жүйелі түсініктер қалыптастыру, табиғи ортаны ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлік және экологиялық шешімдерді шешу қабілеттерін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Биомониторинг және экотоксиканттарды биологиялық бақылау әдістері
Пәннің мақсаты – магистранттарда экосфераны қорғау әдістері мен құралдары туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, қалпына келтірудің биологиялық, химиялық және физико-химиялық әдістерін қолдану мүмкіндіктерін талдау, биоиндикация және биотестілеу саласындағы дағдыларды меңгеру, сонымен қатар қоршаған ортаның әртүрлі компоненттеріндегі экотоксиндердің биомониторингті стратегиясын әзірлеу қабілетін дамыту.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Стресс жағдайындағы биохимиялық процестер
Пәннің мақсаты: стресс жағдайында тірі организмдерде (жануарларда, өсімдіктерде, микроорганизмдерде, қарапайымдыларда) болатын биологиялық және биохимиялық процестер саласындағы бейімделу механизмдерді, биохимиялық заңдылықтарды және қоршаған ортаны қорғау технологияларын жасау үшін қалдықтарды биоремедиациялау, ағынды суларды биотазалау және биодеградациясы мен қоршаған ортаны ұтымды басқаруды игеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Экобиотехнология ғылымы мен жаратылыстану ғылымының әдіснамасының даму заңдылықтары мен қазіргі заманғы ғылыми жаңалықтар, кешенді зерттеулер туралы білімдерін ғылыми тарих пен философия негізінде қалыптастыру.
- Ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметтер жүргізуде, сонымен қатар, қазіргі заманғы педагогика және психология біліктіліктерін арттыру үшін, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметтерде білімдерін көрсету және жүзеге асыру үшін шет тілін қолдана білу. Сондай-ақ ғылыми жоғары білімділік пен еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ете отырып, кәсіби педагогикалық мәдениет негіздерін және таңдаған мамандығының құндылықтарын меңгеру.
- Биология, генетика, биотехнология саласындағы іргелі проблемаларды шешу үшін жаңа әдістемелер мен технологияларды практикалау және ғылыми зерттеулер кезеңдерін жоспарлап, ұйымдастырады.
- Сынамаларды дұрыс іріктеу, сақтау, консервациялау, тасымалдау ережелерін меңгеру нәтижесінде қоршаған орта объектілерінің жай-күйіне сапалы талдау жүргізу.
- Стресс жағдайында тірі организмдерде пайда болатын биохимиялық процестер саласында білім мен әдістемелерді әзірлеу.
- Биологиялық препараттарды алу үшін экобиотехнологиялық жүйелерге талдау жасау және оларды ластанған табиғи, техногендік орталар мен сарқынды суларды тазартуда, қалдықтарды қайта өңдеуде қолдану.
- Жасыл энергетика және азық-түлік биоқауіпсіздігі саласындағы биотехнологиялық объектілер бойынша ғылыми-зерттеулік әдістемелерді жетілдіру.
- Тірі жүйелер мен олардың компоненттерін экобиотехнологияда құрастыру үшін сұрыптау, түрлендіру, биосинтез және биотрансформация әдістерін қолдану.
- Экобиотехнологиялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін қорлар мен энергия үнемдейтін биотехнологияларды, нормативтер мен стандарттарды, биотехнологиялық өнімдерді өндіру, стандарттау, сапасын бақылау және олардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі талаптарды пайдалану.