Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05320 Химиялық физика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Материалтану және перспективті материалдар технологиясы

    Пәннің мақсаты: микро- және нано-масштабтың материалдар қасиеттеріне әсерін талдауда материалтану ғылымының заманауи тұжырымдамаларын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Оқыту курсы жаңа материалдарды алудың заманауи мәселелерін шешу қабілетін қалыптастырады. Пән әртүрлі заманауи және перспективті материалдардың топтарының қасиеттерін, материалдардың әр түрлі топтарын өндірудің технологиялық әдістерін, жаңа материалдарды өңдеудің заманауи технологияларын зерттеуге арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қатты дененің химиялық физикасы

    Пәннің мақсаты: қатты дене химиясы саласындағы практикалық мәселелерді шешу қабілеттерін қалыптастыру. Курс қатты денелердің құрылымын, қасиеттерін және реактивтілігін сипаттауға арналған ғылыми тұжырымдамалардың теориялық және әдістемелік негіздерін құрайды. Пән жылу қозғалысын, диффузияны және қатты денелердегі химиялық реакциялар кинетикасының ерекшеліктерін және қатты денелерге физикалық әсерді зерттеуге арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жанудың физикасы мен химиясы

    Пәннің мақсаты: жанудың жылулық және тізбекті механизмдерін сипаттау және түсіндіру, кәсіби проблемаларды шешуде қазіргі заманғы жану теорияларын қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы жанғыш заттарды қолданудың заманауи ғылыми-технологиялық мәселелерін шешуге қабілеттілікті қалыптастырады. Пән жану феноменологиясын, жану теорияларындағы жану фронтын, жану түрлері мен режимдерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Заманауи химиялық физика

    Пәннің мақсаты: заттардың құрамын, химиялық қосылыстардың құрылымын және химиялық өзгерістердің механизмін зерттеудегі химиялық физиканың рөлін бағалау қабілеттерін қалыптастыру. Оқу курсы маңызды элементар процестердің теориялық сипаттаудағы мәселелерінің және заманауи деңгейінің теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пән химиялық реакцияларды зерттеу мен сипаттауға арналған физикалық әдістер мен физикалық теорияларды зерттеуге арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты: жоғары мектептің дидактикасы, білім беру теориясы мен менеджменті, оқытушылық қызметті талдау және өзін-өзі бағалау негізінде жоғары оқу орындары мен колледждерде педагогикалық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру. Оқу курсы білім беру мен Болон процесінің даму тенденцияларын зерттеуге бағытталған. Курс оқытушылық және кураторлық шеберлікті, оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі стратегиялары мен әдістерін меңгеруге көмектеседі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты: философия жайлы әлемді танудың ерекше формасы ретінде, оның негізгі бөлімдерін, проблемалары мен олардың болашақ кәсіби қызмет аясында зерттеу әдістері туралы тұтас жүйелі көзқарас қалыптастыру. Оқу курсы ғылыми-зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Тізбекті процестердің кинетикасы

    Пәннің мақсаты: жанғыш заттардың жануының пайда болуының теориялық негіздері, жану түрлері мен теориялары саласындағы теориялық білім мен кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Оқу курсы жану теориясы мен классификациясының теориялық және әдістемелік негіздерін құрайды. Пән жану процестерінің физикалық және химиялық негіздерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аддитивті өндіріс

    Пәннің мақсаты: 3D-объектілері мен материалдарды жасау үшін аддитивті және инновациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы 3D-объектілері мен материалдарды жасау принциптері бойынша теориялық және практикалық базаны құрайды. Пән заманауи әдістерді оның ішінде 3D-принтер әдістерің, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, қолданудың негізгі бағыттары, сонымен қатар объектінің 3D моделін құру және дайындау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химиялық физика және кинетика

    Пәннің мақсаты: физиканың іргелі заңдары тұрғысынан химиялық құбылыстарды сипаттау қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы химиялық заттардың құрылымы мен өзгерісін реттейтін физикалық заңдылықтардың теориялық және әдістемелік негізін құрайды. Пәнді оқу барысында магистранттар келесі аспектілерді оқиды: химиялық реакциялардың кванттық-механикалық әрекеті, спектроскопиялық әдістер, атом физикасының, молекулалық физиканың, конденсацияланған күй физикасының, кванттық механиканың заңдары, молекулалық процестерді модельдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты: басқару психологиясының іргелі ұғымдарын зерделеу негізінде жоғары білікті мамандарды ғылыми даярлауды қамтамасыз ету, кәсіби қалыптасу процесінде басқару саласының маңызды аспектілерін теориялық түсіну және практикалық қолдану үшін алғышарттар жасау. Курс психикалық процестердің дамуы мен жұмыс істеу заңдылықтарын, тиімді өзара әрекеттесу және қақтығыстарды жеңу, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі таныстыру негіздерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)

    Мақсаты: ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауда практикалық дағдыларды қолдану, ғылыми зерттеу бағыттары туралы білімдерін жүйелеу және қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Пән зерттейді: ғылыми мақалалар мен диссертацияларды жоспарлау, ұйымдастыру және ресімдеудің нысандары мен әдістері; презентацияларда, баяндамаларда, жобаларда, мақалаларда ғылыми зерттеу нәтижелерін қорытындылау түрлері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты: шетел тіліндегі сөйлеу мәнерінің әртүрлі түрлерінде практикалық дағдыларды қалыптастыру. Оқу курсы қазіргі жаһандық кеңістіктегі ақпаратты қабылдау, түсіну және аудару, өз зерттеулерін сынақтан өткізу үшін ғылыми іс-шараларға қатысу қабілетін қалыптастырады. Пән шетел тілін білім берудің халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көміртекті наноматериалдар

    Көміртекті наноматериалдарды синтездеу мен зерттеудің негізгі физика -химиялық әдістері туралы біртұтас жүйелі түсінік қалыптастыру. Көміртекті наноқұрылымдарды алудың жіктелуі мен әдістері, көміртекті наноқұрылымдарды зерттеу әдістері (фуллерендер, графендер, күйелер, көміртекті нанотүтіктер): дифракциялық, микроскопиялық, спектроскопиялық.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Заманауи полимерлі композициялық материалдар

    Пәннің мақсаты: полимерлік композициялық материалдарды алу процестерінің физика-химиялық мәнін түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқу курсы полимерлік композициялық материалдарды жасаудың теориялық негізін құрайды. Пән құрамды материалдардың құрылымын, жіктелуін, алу қасиеттері мен технологиясын, полимерлік композициялық материалдарды құру принциптерін, толтырылған полимерлі композициялық материалдардың түрлерін: толтырылған полимерлер, полимер қоспалары, пенопласт полимерлерін зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Плазмада наноматериалдар алуды компьютерлік модельдеу

    Пәннің мақсаты тепе-тең емес плазмадағы наноматериалдарды синтездеудің математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша мәселелерді шешу қабілетін қалыптастыру. Пән компьютерлік модельдеу арқылы шеберліктерін дамытуға бағытталған. Төмендегілер қарастырылады: наноқұрылымдар жинақтау бойынша математикалық модельдер; түрлі наноқұрылымдарды құрастыру процестерін модельдеу үшін танымал компьютерлік бағдарламалар; плазмохимиялық синтездің кинетикалық аспектілері; кванттық химиялық есептеу әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Өсімдік шикізаттары негізіндегі көміртекті наноқұрылымды материалдар

    Пәннің мақсаты - өсімдік шикізаттары негізінде жаңа материалдарды алуға байланысты нанотехнологияны дамыту мәселелерін талдау қабілетін қалыптастыру. Пән магистранттардың өсімдік шикізаты негізінде наноқұрылымды материалдарды алу саласындағы дағдыларын дамытуға бағытталған. Курста қарастырылады: өсімдік шикізаты негізінде көміртекті наноматериалдардың синтезі, морфологиялық ерекшеліктері және қасиеттері; нанокеуекті материалдардың түрлері, мембраналарды, сорбенттерді және катализаторларды дайындау әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Плазмoхимиялық реакторларда наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу үдерістерін компьютерлік модельдеу

    Пәннің мақсаты - плазмохимиялық реакторларда наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алуды модельдеу қабілетін қалыптастыру. Пән плазмохимиялық реакторларда наноматериалдарды алу үрдістерін модельдеу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Төмендегі сұрақтар қарастырылады: Плазмохимиялық реакторлардың негізгі құрылымдық бөліктері; плазмохимиялық реакторлар жұмысының мониторинг әдістері; плазмохимиялық реакторларды пайдалана отырып технологиялық желілерді құрастыру мүмкіндігі; плазмохимиялық реакторларда нанообъектілерді құрастырудың негізгі механизмдері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Нанобөлшектер мен наножүйелердің түзілу процестерінің химиялық физикасы

    Пәннің мақсаты: нанобөлшектер мен наножүйелердің түзілуіне әкелетін физикалық және химиялық процестердің негіздерін түсіндіру қабілетін қалыптастыру, химиялық физиканың негізгі заңдылықтарын пайдалана отырып, наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу әдістерін тәжірибеде қолдану. Наноматериалдардың геометриялық, электронды құрылымдары мен реакциялық қабілеттілігі; наноқұрылымдардың өсу белсенділігі және оның әртүрлі факторларға тәуелділігі; белгілі бір пішіндегі наноқұрылымдарды қалыптастыру шарттарын талдау; нанообъектілердегі электрлік қасиеттер мен зарядтардың тасымалдануы; нанотермодинамика; наноқұрылымдарды алудың плазмалық әдістері қарастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Материалдардың және композициялық материалдардың құрамы, құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланыс, сондай-ақ жану процесі кезінде өтетін өзгерістер туралы заманауи идеяларды тұжырымдау.
  • Жалынның құрылымы мен түрлерін, сондай-ақ жану режимдерін түсіндіре отырып, жану теорияларын, жану процестерінің заңдылықтарын жүйелеу.
  • 3D-принтер әдісін және материалдарды, пиротехникалық құрамдарды, металл ұнтақтарын, композициялық материалдарды, наноматериалдардың алыну жолдарын, сондай-ақ олардың құрылымын зерттеу әдістерін таңдау мен қолданылуын негіздеу.
  • Құрылымды жүйелерді және наноматериалдарды құру және алу үшін 3D-принтер, жалында синтездеу және модификациялау әдістерін қолдану.
  • Материалдардың, оның ішінде наноматериалдардың құрылымы мен құрамын анықтауда физико-химиялық әдістерін қолдана отырып зерттеу жүргізу.
  • Жалында синтездеу нәтижесінде алынған материалдардың құрылымы мен қасиеттерін түсіндіру үшін жану теориясын қолдану.
  • Жану теориясын, жану процестерінің заңдылықтарын, сонымен қатар 3D-принтер, жалында синтездеу және модификациялау әдістерін қолдана отырып, құрылымдық жүйелерді, соның ішінде наноматериалдарды ғылыми, өндірістік және педагогикалық қызметте қолдану.
  • Заттардың құрылымы, химиялық қосылыстардың әр түрлі кластарындағы химиялық байланыстардың табиғаты туралы алған білімдерін қолдана отырып, белгілі қасиеттерге ие материалдарды әзірлеу және олардың қызмет ету мерзімін болжау.
  • Қоғамға, экономикаға және қоршаған ортаға тигізетін салдарын ескере отырып, перспективті материалдар алу және олардан жаңа өнім өндірудің технологиялық процестерін теориялық тұрғыдан негіздеуге және оңтайландыруға дайын екендігін көрсету.
  • Әр түрлі химиялық құрылымы мен құрылысты материалдар мен пиротехникалық құрамдар алудың неғұрлым ұтымды, экономикалық және экологиялық тұрғыда негізделген әдістеріне салыстырмалы талдау жүргізу.
  • Білімнің соңғы салаларында, кәсіби іс-әрекеттің және қоғамдық өмірдің маңызды бағыттарында өзін-өзі жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер беретін кәсіби және жеке қасиеттерді тәжірибеде қолдану.
  • Топтардың, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтік және этикалық міндеттемелерді өз бетіңізше қабылдау. Цифрлық технологиялар арқылы білім алушылармен кері байланысты пайдалана отырып, Дәстүрлі және қашықтықтан оқыту нысаны үшін білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялауды ескере отырып, химиялық химиялық физика саласындағы оқу сабақтарының барлық түрлерін өткізу.
Top