7M01303 Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Көпмәдениетті қоғамда бастауыш білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, инновациялық кәсіби қызметті жүргізу үшін қажетті терең іргелі білімі, кәсіби дағдылары, қызмет тәжірибесі бар магистрлерді даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M003 Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M013 Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Киберпедагогика
Мақсаты: Магистранттарды оқыту үдерісінде цифрлық технологияларды қолдануға үйрету. Мазмұны: Компьютердің көмегімен оқытуды автоматтандырылған бағдарламалық басқарудың әдіснамасы. Компьютермен басқарылатын оқытудың педагогикалық негіздері. Цифрлық контент пен цифрлық трансформацияна жасау. ЖОО-нда цифрлық ресурстар, цифрлық технологияларды қолдану. Интернет-технологиялар. Виртуалды оқыту. Цифрлық қызметтер және құралдар. Онлайн-курстар. Құзыреттіліктер: цифрлық контент құра алу, цифрлық ресурстар мен цифрлық технологияларды қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Мақсаты: Магистранттардың академиялық мәтіндерді құрастыру дағдыларын меңгеру. Мазмұны: Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жазбаша ұсыну дағдылары. Академиялық мәтіндерді рәсімдеу түрлері. Академиялық мәтіндердің түсініктері, функциялары және жанрлары. Құзыреттіліктер: Ғылыми мақалаларды, диссертациялық жұмыстарды жазу және рәсімдеу, эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектеп педагогикасы мен ғылымының өзекті мәселелері
Мақсаты: Бастауыш мектептің педагогикалық ғылымының өзекті мәселелері жайлы түсінік. Мазмұны: Білімнің негізгі беталыстары, мәселелері мен даму перспективалары. Білім беру жүйесінің мектепке дейінгі және бастауыш деңгейлері арасындағы сабақтастық. Бастауыш білім берудің әдіснамалық мәселелері. Білім беруді жаһандандыру, , интернационализациялау және оңтайландыру. Қазақстандағы білім беру мазмұнын жаңарту. Құзыреттіліктер: Білім берудің әлемдік беталыстарын қолдану; заманауи білім беру парадигмаларының мәселелері мен даму перспективаларын анықтай алу; ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастырудың негіздерін игеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Мақсаты: Ғылымды ұйымдастыру және жұмыс істеу тәсілдері, оның дамуының жалпы заңдылықтары, білімге қол жеткізудің ұтымды әдістемесі мен нормалары, ғылыми шығармашылықтың әлеуметтік-мәдени шарттылығы туралы түсініктерді қамтитын ғылыми танымның философиялық-әдіснамалық мәдениеті негізінде ғылыми-зерттеу қызметін табысты жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерді меңгеру. Мазмұны: Ғылым философиясы. Мәдениеттегі, өркениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми төңкерістер. Ғылыми тиімділік. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылым әлеуметтік институт ретінде. Табиғаттану. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар тарихы. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білім эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Қазіргі ғылымдағы қатысымдық технологиялар, ақпараттық үдерістер. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері. Құзыреттіліктер: Нақты педагогикалық және әдістемелік міндеттерді шешу үшін оқытудың заманауи тұжырымдамаларын отандық және шетелдік тәжірибеде қолдануды жүйелейді, таратады және жалпылайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Басқару психологиясы
Мақсаты: Магистранттардың басқару психологиясының әдіснамалық және теориялвқ негіздерімен қарулануы және оларды зерттеушілік әрекетте және психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдана алуы. Мазмұны: Басқару әрекетінің заңдылықтары жайлы психология. Басқару әрекетінің шарттары, ерекшеліктері. Басқарушылық ішкі жүйенің ерекшеліктері мен жәйіне диагностика және болжам жасау; бағыныштылардың әрекет бағдарламаларын қалыптастыру; шешімді орындауды ұйымдастыру. Басшының басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттері. Диагностикалық құралдарды дайындау, басшыларды даярлаудың белсенді әдістерін, басқарушылық кеңес беруді жасау түріндегі тәжірибелік жүзеге асыру. Құзыреттіліктер: басқарушылық әрекеттердің тиімділігін және сапасын көтеру мақсатымен басқарушылық әрекеттердің психологиялық шарттары мен сипаттамасын талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шет тілі (кәсіби)
Мақсаты: Ресми-іскерлік тілдің, кәсіби қызметтің, ғылыми-зерттеу жұмысының, шетелдік серіктестермен қарым-қатынастың, өзін-өзі тәрбиелеудің әртүрлі салаларында шет тілін қолдануға мүмкіндік беретін қатысымдық құзыреттіліктің қажетті және жеткілікті деңгейін меңгеру. Мазмұны: C1, C2 (тілдік мамандықтар) деңгейінде шет тілін меңгеру, монологтық және диалогтық нысанда LSP байланысы (баяндама, презентация, әңгіме, пікірталас). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде зерттеу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды тыңдау. Ғылыми мақалалар, баяндамалар, жобалар, т.б. жазу, рәсімдеу. Сөздіктермен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс. Екі жақты аударма дағдылары. Құзыреттіліктер: заманауи қатысымдық технологияларды шетел тілінде қолдануға, мәдениаралық әрекеттесу үдерісінде әртүрлі мәдениетті талдауға және ескеруге қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жоғары мектеп педагогикасы
Мақсаты: Педагогика ғылымы мен жоғары білім беруді дамытудың қазіргі заманғы мәселелері бойынша жалпы мәдени, жалпы кәсіптік, кәсіптік құзыреттіліктерді, саналы кәсіптік ұстанымды, жоғары мектептің өзекті кәсіптік мәселелері мен міндеттерін шешу қабілетін меңгеру. Мазмұны: Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогиканың пәні мен міндеттері. Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика тарихы. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы. Педагогика әдіснамасы. ЖОО оқытушысын кәсіби құзыреттілігі, оқыту теориясы. Оқытудың кредиттік технологиясы. МӨЖ, МҒЗЖ ұйымдастыру. Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы. Білім берудегі менеджмент Құзыреттіліктер: Нақты педагогикалық және әдістемелік міндеттерді шешу үшін оқытудың заманауи тұжырымдамаларын отандық және шетелдік тәжірибеде қолдануды жүйелейді, таратады және жалпылайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттерулердің әдіснамасы және жобалау технологиясы
Мақсаты: Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім беруде ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұйымдастыру, өткізу және көрсету құзыреттіліктерімен қаруландыру. Мазмұны: Жалпығылыми және философиялық әдіснама. Мән-мағынасы, жалпы ұстанымдары. Әдіснама және ғылыми-зерттеу әдістері. Әдіснама және сапаны басқарудағы ғылыми-зерттеу әдістері. Ғылыми-техникалық ақпараттар негіздері. Құзыреттіліктер: Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім берудегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұйымдастыруға, өткізуге және көрсетуге қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Психодидактика
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты талаптарын ескере отырып, психологиялық механизмдер, индивидтің көпмәдениетті білім ортасында әлеуметтік-мәдени тәжірибенің зағдылықтарын игеру негізінде білім беру үдерісін жобалауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктермен қаруландыру. Мазмұны: Психодидактиканың әдіснамалық негіздері. Дидактикалық жүйе. Оқытудың типтері мен түрлері. Дамыта оқыту жүйесі. Бастауыш білім берудің эксперименталды моделі. Білім берудің заманауи модельдері. Оқыту және дамыту. Оқыту және шығармашылық. Таным және оқу. Білім беру мазмұнын түзудің психодидактикалық негіздері. Оқытудың ұйымдастыру формалары мен әдістерінің психодидактикалық негіздері. Құзыреттіліктер: Жүйелілік тәсілдеме негізінде проблемалық жағдаяттарды сын тұрғысынан талдауға, әрекет стратегиясын әзірлеуге, білім алушылардың бірлескен және дара оқу және тәрбиелік әрекетін ұйымлдастыруды жобалауға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тұлғаның өзін-өзі өзектендірудің денсаулық сақтау психотехнологиялары
Мақсаты: Ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға көмек көрсету мақсатында тұлғаның өзін-өзі өзектендірудің денсаулық сақтау психотехнологияларын кәсіби әрекетте табысты жүзеге асыруға қажетті құзыреттіліктермен қаруландыру. Мазмұны: Ауру мен денсаулықты түсінудің тарихи дамуы. Денсаулық адамның оңтайлы дамуы ретінде.Әр түрлі жас кезеңдерінде адамның тиімді дамуы. Денсаулықтың әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Денсаулықтың профилактикасы, оны сақтау және нығайту. Тұлғаның өзін-өзі өзектендіруіндегі денсаулық сақтау психотехнологиялары. Құзыреттіліктер: өзінің әрекетінің басымдықтарын және өзін-өзі бағалау негізінде оны жетілдірудің тәсілдерін анықтауға және жүзеге асыруға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мәліметтерді өндеудің математикалық-статистикалық әдістері
Мақсаты: Педагогикалық зерттеулердегі математикалық өңдеу әдістерін пайдалануға үйрету. Мазмұны: Педагогика мен психологиядағы өлшеу мәселелері. Математикалық нысандар жайлы түсінік. Зерттелетін нысандардың жиынтығы. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің негізгі әдістері. Таңдаманы бағалау әдістері. Дұрыс үлестірілім. Бақылау нәтижелерін математикалық өңдеудің корреляциялық әдістері. Регрессиялық талдау. Рангілік корреляциялар. Педагогика ғылымындағы математикалық әдістердің эволюциясы. Педагогикалық зерттеулердегі математикалық әдістерді қолданудың қазіргі жәйі. Құзыреттіліктер: статистикалық ғылыми нәтижелерді математикалық әдістермен өңдеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Дара (жеке) айырмашылықтар психологиясы
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты талаптарын ескере отырып, жеке тұлғаға бағдарланған тәсілдеме негізінде, копмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп, білім беру үдерісін жобалауға бағытталған құзыреттіліктермен қаруландыру. Мазмұны: Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының таным кезеңдері. Психикадағы жекелік, жалпылық, типтік. Тұлға мен жекелікті зерттеу әдістері. Даралықтың даму факторлары. Кіші мектеп жасындағы оқушының даралығына ортаның әсері. Даралықтың құрылымы. Индивидтік сапалар: мидың жарты шарының асимметриясы, темперамент психологиясы. Мінез-құлық психологиясы. Бала қабілетінің психологиясы. Даралыққа деген типтік көзқарас. Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының ерекше белгілері: қасиеттері, теориялар, қосымшалар. Даралықтың әлеуметтік аспектілері. Кіші мектеп жасындағы оқушы даралығының кіріктірілген сипаттамасы. Құзыреттіліктер: дара айырмашылықтар психологиясының базалық бөлімдерінің түйінді ұғымдарын қолдануға, адам психикасының өзгеруін анықтайтын себептер мен факторларды анықтауға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогтің деонтологиялық даярлығы
Мақсаты: Кәсіби іс-әрекеттің ұстанымдары мен адамгершілік нормаларының жүйесі ретіндегі кәсіби этиканы игерту. Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын игеруге көмек көрсету. Мазмұны: Деонтология – педагогтің кәсіби мінез-құлық теориясы. Педагогикалық деонтология – педагогтің кәсіби мінез-құлық теориясы. Педагог мінез-құлқының этикалық нормалары. Педагогтің адамгершілік іс-әрекеті. Өзара әрекеттесу технологиясы. Педагогикалық артистизм. Педагогикалық шеберлік. Құзыреттіліктер: педагогтің кәсіби этикасының теориясы мен тәжірибесі саласындағы іс-әрекеттің базалық біліктері мен тәсілдерін игереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш әдебиеттік білім беру білім бағдарламаларының ғылыми негіздері, жобалау және жүзеге асыру
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты талаптарын ескере отырып, кіші мектеп жасындағы балаларға әдебиеттік білім беру үдерісін жобалауға бағытталған құзыреттіліктермен қаруландыру. Мазмұны: Кіші мектеп жасындағы оқушыларға әдебиеттік білім беруді жобалаудың нормативтік-құқықтық негіздері. Әдебиеттік оқу бойынша пәндік, метапәндік және тұлғалық нәтижелерінің ерекшеліктері. Әдебиеттік оқу бойынша жұмыс бағдарламаларын жобалау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әдебиеттік білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін педагогикалық технологияларды іріктеу. Білім беру қызметін ұйымдастыру формаларын, білім алушылардың нәтижелерін бақылау мен бағалауды жобалау. Әдебиеттік оқу сабақтарының әр типтері мен түрлерін жобалау тәсілдемелері. Құзыреттіліктер: Нақты әдістемелік міндеттерді шешу үшін әдебиеттік оқуды оқытудың заманауи тұжырымдамаларын қолданудың отандық және шетелдік тәжірибесін жүйелеуге, таратуға және жалпылауға қабілетті.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім берудің гносеологиялық негіздері
Мақсаты: Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім беру саласындағы теориялық және эмпирикалық зерттеулерді ұғынуға бағытталған құзыреттіліктермен қаруландыру. Мазмұны: Гносеология – таным жайлы философиялық ілім. Көпмәдениетті қоғамдағы бастауыш білім берудің гносеологиялық аспектілерін философиялық талдау. Білім беру үдерісіндегі ақиқатты танудың гносеологиялық негіздері және алғышарттары. Көпмәдениетті бастауыш мектептегі білім беру үдерісіндегі таным субъектілері. Құзыреттіліктер: гносеологияның негізгі тұжырымдамалары мен теориясын білуге қабілетті; гносеолоиялық тұрғыдан білім берудің теориясы мен тәжірибесін сыни талдайды және бағалайды; білім беру ортасындағы таным үдерісімен байланысты мәселелерді шешу үшін талдау дағдыларын қолдана алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйеcі
Мақсаты: Бастауыш білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйесі саласындағы құзыреттіліктермен қаруландыру. Мазмұны: Бағалаудың заманауи құралдары. Мониторинг. Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық жүйелері. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың дәстүрлі жүйесі мен халықаралық тәжірибесі. Қазақстанда және шетелдегі білім берудің сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі. Құзыреттіліктер: Оқу жетістіктері нәтижелерінің критерийлерін жасап, түсіндіре, жүйелей алу; бақылаудың заманауи әдістерін, білім берудің сапасын халықаралық бағалау мониторингісін игеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Білім алушылардың көпмәдениетті ортадағы әлеуметтік дағдыларын дамыту
Мақсаты: Көпмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту аспектісіндегі білім беру үдерісін жобалауға бағытталған құзыреттіліктермен қаруландыру. Мазмұны: Өмірге бейімділік. Өміршеңдік. Өміршеңдіктң компоненттері. Өзін-өзі бағалау. Әлеуметтік біліктер мен дағдылар. Қарым-қатынас дағдылары. Танымдық дағдылар. Оқу іс-әрекетін өзін-өзі реттеу дағдылары Құзыреттіліктер: Көпмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру мен дамыту аспектісіндегі білім беру үдерісін жобалауға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Білім беру бағдардамаларының ғылыми негіздері, жобалау және жүзеге асыру: «Математика және АКТ» пәндік саласы
Мақсаты: «Математика және АКТ» пәндік саласы бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи беталыстарына сәйкес магистранттарды даярлау. Мазмұны: Математикалық және АКТ білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Математикалық және АКТ» білім беру саласының мазмұны. Математикалық және АКТ білім беруді ұйымдастырудағы жүйелілік тәсілдеме. ««Математика және АКТ» пәндік саласы бойынша бастауыш білімнің заманауи беталыстары. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс. Құзыреттіліктер: «Математика и АКТ» пәндік саласы бойынша оқытуды жобалауға және ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Гибридті оқыту технологиясы
Мақсаты: Сапалы және қолжетімді білім беруді қамтамасыз ету үшін оқытудың дәстүрлі және цифрлық әдістерін үйлестіре алу құзыреттіліктерімен қаруландыру. Мазмұны: Гибридті оқыту технологиясының артықшылықтар. Гибридті оқыту және аралас оқыту. Гибридті оқытудың қиындықтары мен мүмкіндіктері. Гибридті форматта оқытуды әзірлеуге деген көзқарас. Гибридті оқыту технологиясын іске асырудың ерекшеліктері. Құзыреттіліктер: заманауи білім беру технологияларымен және құралдарымен қарулану, гибридті оқу үдерісіндегі әртүрлі цифрлық ресурстарды кіріктіре алу білігі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Көптілділік: теория және практика
Мақсаты: магистранттарда білім беру жүйесіндегі көптілді оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы жүйелі білімдермен қаруландыру. Мазмұны: Категория – көптілді білім берудің ұғымдық аппараты. Қазақстандағы көптілді білім берудің құқықтық құжаттары. Бастауыш мектептегі көптілді білім беру. Құзыреттіліктер: көптілді білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін білу; біртұтас жүйе, көптілді білім берудің әдіснамалық, психологиялық, әдістемелік негіздері жайлы пікір қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Білім беру бағдардамаларының ғылыми негіздері, жобалау және жүзеге асыру: «Дүниетану және жаратылыстану» пәндік саласы
Мақсаты: «Дүниетану және жаратылыстану» пәндік саласы бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыру әдістемесінің заманауи беталыстарына сәйкес магистранттарды даярлау. Мазмұны: Жаратылыстану білім берудің ғылыми-теориялық негіздері. «Дүниетану және жаратылыстану» білім беру саласының мазмұны. Жаратылыстану білім беруді ұйымдастырудағы жүйелілік тәсілдеме. «Дүниетану және жаратылыстану» пәндік саласы бойынша бастауыш білімнің заманауи беталыстары. Пәндерді оқытудағы пәнаралық байланыс. Құзыреттіліктер: «Дүниетану және жаратылыстану» пәндік саласы бойынша оқытуды жобалауға және ұйымдастыруға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
-
Мобильді технологиялар арқылы білім алушыларды ұлттық құндылықтарға баулу
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты талаптарын ескере отырып, білім алушыларды ұлттық құндылықтарға тарту, мобильді технологиялар негізінде білім беру үдерісін жобалау мен жүзеге асыруға бағытталған құзыреттіліктермен қаоуландыру. Мазмұны: Аксиология. Оқытудағы аксиологиялық тәсілдеме. Базалық ұлттық құндылықтар мен құндылық бағыттар: философиялық және психологиялық-педагогикалық аспектілер. Бастауыш білім беру пәндері мазмұнының құндылықтық компоненті. Білім алушыларды ұлттық құндылықтарға баулу міндеттерін шешудегі мобильді ақпараттық жүйелердің артықшылықтары. Құзыреттіліктер: Білім алушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, білім алушылардың білім нәтижелерін бағалау үшін мобилді технологиялар мен цифрлық білім беру ортасы компоненттерін қолдануға қабілетті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- теориялық және әдіснамалық біліктермен қаруланады, жобалау мен жоспарлау әдістерін тәжірибеде қолданады, сондай-ақ білімділік, зерттеушілік және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін кәсіби және пәнаралық білімдерді жинақтай алады;
- жоғары білімнің қазіргі жайына әсер ететін стратегиялық ішкі және сыртқы факторларды сын тұрғысынан бағалай алады;
- әлемдік тенденцияларды және орта және жоғары білім беру стратегияларын ескере отырып, ұлттық және халықаралық деңгейдегі жарияланымдар көмегімен ғылым мен білім берудегі білім шегарасын кеңейтуде өзіндік бірегей зерттеулері арқылы үлес қосады;
- нақты әдістемелік міндеттерді шешу үшін оқытудың заманауи тұжырымдамаларын қолданудың отандық және шетелдік тәжірибесін жүйелейді, таратады және жалпыллайды; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды/ шығармашылық жобаларды орындауға қатысады;
- зерттеу дағдыларына диагностика жасайды, даму стратегиясы мен ғылыми-зерттеу/ғылыми-шығармашылық әрекетті және білім алушылардың жарияланымдық белсенділігін қолдауды қолданады;
- әртүрлі дереккөздерден ақпаратты талдайды, мемлекеттік, орыс және шет тілде сауатты түрде сәйкес қорытындылар жасайды және академиялық жазылым біліктерін қолданады; көпмәдениетті қоғам жағдайында білім алушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытады;
- білім беру әрекетіндегі оқыз технологияларды қолданады, бастауыш білім беру аясындағы терең білімді өзінің кәсіби әрекетінде қолданады; педагогтің кәсіби этикасының теориясы мен тәжірибесін қолданады;
- бастауыш білім беруді оқыту әдістемесін бейімдейді және қолданады, психология мен педагогиканың негіздерін пайдаланады, оқытушылық және тәрбиелік әрекетті жүзеге асырады, оқу жұмысының жаңа және қолданыстағы әдістемелері мен инновациялық формаларын әзірлеу дағдыларын көрсете алады; негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жобалайды және оларды жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлейді.
- оқытуды жекелендіру мен дербестендіру құралдарын әзірлейді және қолланады; көпмәдениетті ортада таным үдерісімен байланысты мәселелерді шешу үшін талдау дағдыларын қолданады; цифрлық сервистер мен құралдарды қолдану арқылы білім беру жобаларын әзірлейді және қолданады; жемқорлыққа қарсы қызмет ұстанымдарын сақтайды.
Ұқсас БББ
7M01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (Ы.Алтынсарин атындағы АПИ)
7M01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
7M01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
7M01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті