6B02313 Қолданбалы қазақ тіл білімі в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақ тілінің қолданбалы аспектілерін меңгерген филолог; қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өміршеңдігін, қызметін талдап-сараптаушы; білім беру мекемелерінде және мемлекеттік тіл орталықтарында үйлестіруші; копирайтер, спичрайтер; сандық технологияларды қолдану құзыреттеріне ие жоғары білікті маман дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B037 Филология
-
ҰБТ-дағы пәндер Қазақ/Орыс тілі және Қазақ/Орыс әдебиеті
-
Білім беру саласы 6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B023 Тілдер және әдебиет
Пәндер
-
Абай ілімі
Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері
Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі
Мақсаты-адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік
Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің терминографиясы
Пәннің мақсаты - қазақ терминографиясының бастау көздері және қазіргі қазақ терминографиясының ерекшеліктерін, терминография және лексикографияның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, терминологиялық сөздіктердің макроқұрылымы мен микроқұрылымын, түрлерін талдау; терминологиялық сөздіктерді түзуде негізге алатын әдістемелік бағдарлар мен құрастыру талаптарын меңгерту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің лексика-семантикалық курсы
Пәннің мақсаты: қазақ тілі жүйесінің негізгі заңдылығы ретінде қазақ тілі лексикологиясы мен семасиология сипатының негіздері, жалпы заңдылықтарын және оның қызмет ету ерекшеліктерін меңгеру. Лексемалардың мағыналық құрылымы, семантикалық өрістері, парадигмалық және синтагмалық қатынастары қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Қаржы сауаттылығының негіздері
Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әл-Фараби және қазіргі заман
Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Практикум: қазақ тілінің дыбыс жүйесі
Пәннің мақсаты - қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы мәлімет беру, қазақ тілі дыбыстарының жасалым белгілері, талдану әдістемесі мен жіктелімін меңгерту, фонетикалық және фонологиялық жүйе түсінігін ашу, айтылым түрлері заңдылықтарын нақты пайдалану арқылы дамытуда лингвистикалық цикл ретінде фонетиканың орнын анықтау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің сөз құрылымы
Пәннің мақсаты - қазақ тілінің морфологиялық құрылымы, сөз таптары, грамматикалық категориялары тіл біліміндегі жаңа бағыттармен, инновациялық парадигмалармен байланыстыра қарастыра отырып, меңгеру. Морфологияның негізгі ұғымдары, сөздерді таптастырудағы ұстанымдар, категория болудың алғы шарттары, жалғаулар парадигмасы, сонымен бірге морфологияның антропоөзектілігі, сөз таптарының таным үдерісімен байланысы қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жалпы тіл білімі
Пән мақсаты: Лингвистикадағы негізгі салалар мен мәселелер туралы білімді, заманауи тіл білімінде қолданылатын негізгі ұғымдарды және әртүрлі лингвистикалық пәндерді зерттеуге қажетті білімді көрсету қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу барысында қарастырылады: Тіл тіл білімінің пәні ретінде, лингвистикалық белгі ұғымы, басқа белгілер қатарындағы тілдік белгілер, қатынас мәселесі: тіл мен сөйлеу, тіл мен ойлау, тілдердің шығу тегі
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің стилистикасы және сөз мәдениеті
Пәннің мақсаты – қазақ тілі стилистикасы мен сөз мәдениетінің зерттеу нысаны, оларға тән ұғымдар мен категорияларды зерделеу. Қазақ тілі стилистикасының, тіл мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері, олардың тілдік және стилистикалық норма ұстанымдары, әр стильдің прагмастилистикалық ерекшеліктердің тілдік және тілдік емес факторлар негізінде практикалық тұрғыдан талдау жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Когнитивті лингвистика негіздері
Пәннің мақсаты – тіл біліміндегі жаңа парадигмалардың бірі ретінде когнитивтік лингистиканың ғылыми негізімен, термин жүйесімен, әдіснамалық ұстанымдарымен, зерттеу әдістерімен таныстыру; концептілердің ғалам бейнесін қалыптастырудағы қызметін сипаттау арқылы ғалам бейнесінің құрылымын, ұлттық ерекшеліктерін көрсету; қазаққа ғана тән ұлттық болмысты таныту; студенттерді мәтіндерді когнитивті лингвистика тұрғысынан талдап, танытуға баулу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Атаужасам және уәждеме практикумы
Пәннің мақсаты - қазақ сөзжасамының теориялық қисындарын зерделеп, сөзжасамның негізгі тәсілдері арқылы жасалатын туынды сөздердің мағыналық құрылымын талдап, сөзжасамның атау теориясы және уәждеме теориясы арқылы айқындалу жолдарын қарастыру. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам саласының басты қағидалары сараланады, сөзжасамдық ұя мен сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық тәсіл негізінде семантикалық және когнитивтік тұрғыдан талданады; сөздіктер бойынша практикалық жұмыстар жүргізіледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Контрастивтік лингвистика негіздері
Пәннің мақсаты - типологиялық мектептердің бағыттарын қарастыру, екі немесе бірнеші тілдерді салыстыра, салғастыра қарастырудың теориялық бағыты, әдістері мен тиімді тәсілдері, тілдер типологиясының негізгі ұғымдарын саралау. Грамматика, лексикология, фонетикадағы салғастырмалы тіл білімі әдіснамасы негізінде тілдер типі, формалар типі, қатынастар типі, универсалийлер, басымдықтар, фреквенталий, уникалийлер қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінің сөйлем жүйесі
Пәннің мақсаты - синтаксистік категориялар иерархиялық сипатта: сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, күрделі синтаксисті тұтастық, мәтін деңгейінде қарастыру, шынайы болмыстағы қатынастардың сол категориялар арқылы объективтенуін саралау. Сөйлем модельдерінің түпкі (базистік) құрылымды болу, трансформациялану себебінің түрлі коммуникативтік мақсаттарға (актуалды мүшелену, үнемдеу, экспрессивті ету т.б.) байланысты екендігі практикалық жұмыстар негізінде айқындау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Практикум: қазақ тілінің диахрониясы
Пәннің мақсаты - тілдің шығу тегіне қатысты тұжырымдарды силлабология ғылымы аясында түсіндіру, түркілік сөз жалпылаудан нақтылыққа қарай даму бағытына ерекше мəн бере отырып, қазақ тілінің диахрониялық аспектілерін талдау. Дыбыстардың, грамматикалық тұлғалардың қалыптасу жолдарына, сөздердің мағынасының шығу тегіне талдаулар жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 4
Несиелер - 6
-
Аударма тәжірибесінің негіздері
Пәннің мақсаты - аударма әдістерін – қысқартылған, функционалды, толық аударма: сөзбе-сөз, семантикалық, коммуникативтік аударма тәсілдерін меңгерту. Түпнұсқа тіл мен аударылатын тілдердің лексикасы, грамматикалық құрылымы, синтаксистік, стильдік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын ажырату. Аударма қызметінің мәні мен міндеттері, стратегиялары, әдістері пән мазмұнын құрайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Тіл меңгеру теориясы
Пәннің мақсаты – адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай тілді үйрену және қолдану жолдарын, тілді меңгеруге әсер ететін биологиялық, когнитивтік, әлеуметтік және мәдени аспектілер сияқты факторларды қарастыру. Білім, психология, неврология, лингвистика және жасанды интеллект сияқты әртүрлі салаларда адамдардың тілді қалай меңгеріп, қолданатынын және түсінуде туындайтын қиындықтарды анықтайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Өзгетілді аудиториядағы қазақ тілі
Пәннің мақсаты - қазақ тілін өзге тілді аудиторияда меңгертудің қағидаттары мен тәсілдерін, инновациялық әдістерін, меңгерту үдерісінің тиімді стратегияларын қарастыру; коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын қалыптастыратын тапсырмаларды құрастыру әдістерін үйрету. Тілдік материалды қатысымда жүзеге асыру үшін қажетті жаттығуларды дайындау көзделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ тілі: әлеуметтік лингвистика
Пәннің мақсаты - ҚР тілдердің қарым-қатынасы мен өзара әсерін әлеуметтік тіл білімінің теориялық және практикалық қағидаттарымен байланыстыра отырып, олардың тілдік, саяси, демографиялық, лингвомәдени ерекшеліктерін сараптау. Белгілі бір аймақта және барлық кәсіптік салаларда мемлекеттік тілдің ресми мәртебесіне сай заңды қолдану міндеттілігі туралы статистикалық талдаулар жасау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің стратегиялары
Пәннің мақсаты - мемлекеттік тілді деңгейлеп меңгеру жүйесі, әлемдік білім беру үдерісіндегі алдыңғы қатарлы жобалардың бағыттары мен мазмұнын зерделеу. Материалдарды тілдік білім деңгейіне сәйкес сұрыптау, олардың коммуникативтік құзыреттіліктер дәрежесін нақтылау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қазақ тілінен лингводидактикалық материалдар дайындау технологиясы
Пәннің мақсаты – қазақ тілін тиімді оқыту үшін лингводидактикалық материалдарды құру, бейімдеу және пайдалану әдістері мен технологияларын үйрету. Студенттер әртүрлі білім беру контекстінде қолдануға болатын оқу құралдарын, цифрлық білім беру ресурстарын және интерактивті материалдарды әзірлеудің теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Көркем әдебиет және ұлт мәдениеті
Пәннің мақсаты - көркем әдебиетті зерттеудің жалпы филологиялық бағыттары зерделенеді, мәтін және автор, мәтін және оқырман, мәтін және мәнмәтін, мәтін және оның жазылу тарихы ұғымдарын меңгерту көзделеді.Көркем әдебиеттегі ұлттық құндылықтар қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Қостілділік феномені: мәселелері мен перспективалары
Пәннің мақсаты - қостілділік туралы түсінікті тереңдету, қостілді қолданумен байланысты мәселелерді шешу және оның жеке адам мен қоғам үшін әлеуетті пайдасын анықтау. Тілге қызмет көрсету, код алмасу және тіл саясаты мәселелері, қостілділіктің лингвистикалық аспектілері, когнитивтік икемділік пен көпмәдениетті түсіну үшін қостілділіктің әлеуетті артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Іскери қарым-қатынас риторикасы
Пәннің мақсаты - кәсіби қызметтегі ауызша және жазбаша іскерлік сөйлеу тілінің нормативтік аспектісі, оларды қолдану мәтіндері мен нормалары, іскерлік қарым-қатынас этикетіндегі ұлттық сипат ерекшеліктерін меңгерту.Сөйлеу этикеті формулалары; іскерлік қарым-қатынас этикетіндегі ұлттық сипат; ресми-іскери қарым-қатынас тілінің өзіндік ерекше тілдік құрылымдарын, жазбаша және ауызша жанрлық түрлері қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 5
Несиелер - 5
-
Академиялық қазақ тілі
Пәннің мақсаты - академиялық міндеттерді іске асыру дағдыларын меңгерту, академиялық оқылым және академиялық жазылымның практикалық негіздерін меңгерту. Академиялық оқылымда – мәтіндегі ойды түсіну, мәліметтерді дәлел ретінде қолдану, сыни тұрғыда ойлау мен талдау; академиялық айтылым бойынша баяндама, презентация жасау, өз ойын дәлелдеу жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Психолингвистика негіздері
Пәннің мақсаты: Психолингвистиканың негіздерін, тірек ұғымдарын саралайтын маман қалыптастыру. Әлемдік және отандық ғалымдардың психолингвистика туралы зерттеулері; псисхология мен тіл білімінің ортақ мәселелері, байланысы; сөйлеу мен тілдің арақатынасы; сөйлеуді адам әрекетінің бір түрі ретінде тану жолдары; психологиялық үрдістер; сөйлеу актілерінің теориясы, психолингвистикалық талдау әдістері - пән мазмұнын қамтиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Аударманың коммуникативтік моделі
Пәннің мақсаты аударма үдерісінің өзіне тән ерекшеліктерін коммуникативтік аспектілерге баса назар аудара отырып зерттеу. Әр түрлі жанрдағы және стильдегі мәтіндерді олардың коммуникативті мақсаты мен аудиториясын ескере отырып аудару, аударманың коммуникативті моделі шеңберінде әртүрлі мәтіндермен және тілдік құрылымдармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеру қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ тілі: құжаттық лингвистика
Пәннің мақсаты - іскерлік тіл және оның стилистикалық ерекшелігін, мемлекеттік акті, заң, ереже, халықаралық құжаттар тілінің стилі, ресми-іскерлік стильдің формальды логикалық стилін меңгерту. Қазақ тіліндегі құжат мәтіні, оның мазмұндық, тілдік, құрылымдық ерекшеліктері, құжаттық коммуникация, ақпараттың мазмұнына қарай құжаттың жіктелуі қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ және шет тілі: салғастырмалы лингвокогнитология
Пәннің мақсаты - қазақ және шет (орыс, ағылшын) тілдеріндегі грамматикалық құрылымдардың, таным теориясы қағидаларының әмбебаптылық және бірегейлік ерекшеліктерін тілдер типологиясы бойынша салғастырмалы аспектіде меңгерту. Қазақ және орыс, ағылшын тілдерінің концептуалды жүйесінің аксиологиялық сипаттарын құрайтын тілдік бірліктердің – «баламасыз лексика», «лакуна», «реалийлердің» перифраздану, аударылу жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Интернет лингвистикасы
Пәннің мақсаты - тіл білімінің жаңа бағыты – интернет-лингвистика саласындағы негізгі мәселелерді қарастыру. Интернет-лингвистиканың лексикологиялық ерекшеліктерін, интернеттегі тілдік қатынастарды, жаргон мен сленгтердің алуан түрлерін, интернеттегі коммуникацияның фонетикалық ерекшеліктерін, интернеттегі қарым-қатынастың семиотикалық сипаттамаларын, интернет-медиа тілі мен онлайн-әдебиет тілін; интернет-дискурстегі сөзжасамның ерекшеліктерін, интернеттегі лексикографияны меңгерту.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Қазақ әдеби тілі
Пәннің мақсаты - мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілінің белгілі бір кезеңдердегі статикалық қалпы мен динамикасын талдау, қазақ әдеби тілін танытатын үлгілер мен олардың тілдік-көркемдік белгілерін саралау. Жазба ескерткіштердің тілі, функционалдық стильдерінің пайда болып, әрі қарай дамуы, жеке қаламгерлердің үлесі мен рөлі қарастырылады; тілдік ресурстарға талдау жасалады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 6
-
Қазақ тілінің әлеуметтік қызметі және құқықтық нормативтік негіздері
Пәннің мақсаты – қазақ тілінің қоғамдағы рөлін, оның мемлекеттік және құқықтық институттарда қолданылуын реттейтін құқықтық нормалармен байланысын зерттеу. Мемлекеттік тілдің мәртебесін, оның ресми құжаттарда, білім беруде, қоғамдық салаларда және қоғамдық қатынастарда қолданылуын реттейтін заңнамалық актілер зерделенеді. Құқықтық мемлекетті нығайту және әлеуметтік бірлікті қолдаудағы мемлекеттік тілдің маңызы қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 6
Несиелер - 5
-
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Пәннің мақсаты - саяси ортадағы ақпараттармен, идеялармен алмасу үдерістерін зерттеу, саяси мәнмәтінде қолданылатын тіл мен коммуникацияның ерекшеліктерін талдау. Саяси коммуникацияның теориялары мен модельдері зерделенеді, қоғамдық пікірге әсер етудің әртүрлі әдістері мен стратегиялары қарастырылады, саяси пікірталастарда тіл мен риториканың рөлі талданады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақ және шет тілі: салғастырмалы грамматика
Пәннің мақсаты - сөз құрамының құрылымын анықтауда грамматикалық тұлғалардағы агглютинация немесе фузия, аналитизм немесе синтетизм құбылыстары басымдылығының; синтаксистік деңгейде базалық сөйлем құрылымдарының номинативті немесе эргативті болуының, нысандық, атрибутивтік, предикативтік қатынастардағы сөздердің орын тәртібінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын аталған тілдер бойынша саралау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Заң тілі және құқықтық терминология
Пәннің мақсаты – қазақ тіліндегі заң тілінің дамуын, нормативті-құқықтық актілер тілінің стильдік ерекшеліктерін, заң мәтіндерінің лингвистикалық және грамматикалық құрылымын, терминдердің қолданысын талдау. Нормативті-құқықтық құжаттар стилінің қазіргі даму үдерістері, қазақ тіліндегі құқықтық терминология, заң мәтіндерінің тілі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Шаршысөз дискурсы
Пәннің мақсаты - шаршысөз дискурсындағы стратегия мен тактика түрлерін (дискурсивті, коммуникативті, контекстуалды және компонентті талдау, т.б.) әдіс-тәсілдер арқылы анықтауға үйрету. Дәстүрлі қазақ шешендік өнерінің бүгінгі шешендерге тигізген ықпалын нақты мысалдар арқылы дәйектеу. Шаршысөз дискурсындағы стратегия мен тактика түрлерін анықтау, оның адресатқа әсер ету күшін айқындау көзделеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақ тілді копирайтинг және спичрайтинг
Пәннің мақсаты - копирайтинг және спичрайтингтің бағыттары мен түрлерін анықтау, мәтін түрлерін ажырату, ақпараттық және жарнамалық мәтін идеясын, стратегиясын түсіну, көпшілік алдында сөйленетін сөз мәтіндерінің мазмұны, дайындалу әдістері, оларды құрастырудың практикалық дағдыларын меңгерту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Корпустық лингвистикаға кіріспе
Пәннің мақсаты - қазақ тілінің компьютерлік қорын құрудың әдіснамасын, құрамы, корпус ұғымы, белгіленімдер, корпус түрлері мен талаптарын меңгерту. Орыс, чех тілдерінің ұлттық корпусы, Браун корпусы, Британдық ұлттық корпус, американдық ұлттық корпустың ерекшеліктерін талдау, Алматы кіші корпусы мен қазақ тілінің ұлттық корпусын құрудың мәселелері мен жетілдіру жолдарын зерделеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Қазақ тілін меңгерудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәннің мақсаты - қазақ тілін меңгеруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуге үйрету. Ақпараттық-коммуникациялық технология әдістері және білім беру ісіндегі витагендік технологияның ерекшеліктерін салыстырады, сыни ойлауын жетілдіреді. Алынған материалды практикада тиімді қолдана біледі. Әр түрлі мультимедиалық көздерден алынған ақпарат мен білімді одан әрі дамыту дағдысын игереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 6
-
Компьютерлік лингвистикаға кіріспе
Пәннің мақсаты - компьютерлендірудің лингвистикалық мәселелерін қарастыру, тіл қызметін модельдеуге қатысты пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалар мен тілдік деректерді өңдеу. Тіл білімі аясына қатысты теориялық және практикалық мәселелердің шешімін табуға байланысты компьютерлік бағдарламаларды қолдана білуге үйрету. Жасанды интеллект жүйесі; оқу лексикографиясының құрылуы; ақпарат іздестіру жүйесі; мәтіннің автоматты анализі; мәтіннің автоматты синтезі қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Мультимедиялық ресурстар және қазақ тілі
Пәннің мақсаты – қазақ тілін меңгеруге арналған әртүрлі мультимедиалық құралдар мен ресурстарды пайдалануға үйрету. Мультимедиалық технологиялардың негіздерін, қазақ тілін үйренуге арналған тілдік қосымшалар, веб-ресурстар және басқа да цифрлық құралдарды әзірлеудің техникаларын меңгеру, оларды оқу үрдісінде қолдану жолдары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
-
Құқықтық мәтін: лингвистикалық талдау
Пәннің мақсаты - құқықтық мәтіндерді лингвистикалық сыни тұрғыдан талдауға үйрету. Құқықтық мәтіндердегі сөз қолданысы, құқықтық ақпаратты түсіну және түсіндірудегі тілдің рөлі, құқықтық мәтіндердің тілдік табиғаты қарастырылады. Даулы мәтіндерге қазақ тілінде лингвистикалық сараптамалар, даулы материалдағы дерек туралы мәлімдеме, пікір, баға, болжам және күман категорияларына прагматикалық, семантикалық, интерпретациялық, дискурстық, психолингвистикалық сараптамалар жасалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 7
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- Қазіргі кездегі әл-Фараби мен Абай еңбектерінің негізінде қалыптасқан дүниетанымдық, әлеуметтік-этикалық ұстанымдарын білдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық, өмірдің әртүрлі салаларындағы іскерлік, қаржылық сауаттылық, бәсекеге қабілеттілік, сыни ойлау, шығармашылық бастама, топта жұмыс істей білу дағдыларын қолдану.
- Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен сөз жүйесі, сөз құрылымы, сөйлем жүйесі, атаужасам, сөз мәдениеті, тіл тарихы, қазақ әдеби тілі, көркем әдебиеттегі ұлттық құндылықтар мәселелері жайлы базалық білім қалыптастыру.
- Қазақ тіл білімі салаларының практикумы негізінде мәтіндерге диахрониялық және синхрониялық аспектіде түрлі талдаулар (құрылымдық, мoтивaциялық-caлыcтыpмaлы, компоненттік, интент-талдау, семантикалық-стилистикалық, сандық және сапалық, т.б.) жасау.
- Академиялық жазылым талаптары негізінде зерттеу жұмыстарын (реферат, курстық, дипломдық жұмыстар, эссе, ғылыми мақалалар) дайындау.
- Корпустық лингвистиканың ғылыми-теориялық негізін, корпус құрудың қағидалары мен ұлттық корпус құру тәжірибесін, әлемдік тіл біліміндегі ұлттық корпустардың методологиясы мен ерекшелігін, корпус түрлерімен жұмыс жүргізуді меңгеру.
- Құжат тілінің мазмұндық-құрылымдық жүйесін құрайтын тілдік стандарттылық, терминдердің бірізділігі, номенклатуралық атаулардың жазылуы сияқты кешенді лингвистикалық білімді қолданып іс жүргізу.
- Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда меңгерту негіздерін, тиімді стратегиялар жүйесін игеріп, төрт түрлі қатысым дағдысына байланысты коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыратын тапсырмалар, практикалық жаттығулар дайындау, сөйлеу әрекетін белсендіру үшін тіл үйренуге арналған интернет-ресурстарға талдау жасау.
- Қазақ және шет (орыс, ағылшын) тілдеріндегі грамматикалық құрылымдардың, таным теориясы қағидаларының әмбебаптылық және бірегейлік ерекшеліктерін тілдер типологиясы бойынша салғастырмалы аспектіде меңгеру, оларды тіл үйренуде, аудармада, сөздік түзуде қолдану.
- Қоғамдағы мемлекеттік тілдің қолданысының кедергілері себептеріне социолингвистикалық сараптамалар жасау. Интернет-коммуникацияның түрлерін, тілдік ерекшеліктерін талдау, лингвоэкологиялық әсерін саралау, ақпараттарды өңдеу.
- Копирайтинг және спичрайтингтің бағыттары мен түрлерін ажырату, жарнамалық және көпшілік алдында сөйлеу мәтін стратегиясын, стилін, жанрын прагматикалық мақсатына сай түрлендіру, түрлі қатысым салалары мәтіндерін құру, өңдеу, жүйелеу; презентациялар дайындау, іскерлік кездесулер, келіссөздер, пікірталастар жүргізу.
- Тілді меңгеру деңгейлерінің критерийлерін, сертификаттау техникасы мен әдістерін қолдану.
- Қазақ тілін меңгеруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, мультимедиалық ресурстарды әзірлеудің теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын меңгеру.
- Мәтіннің стилін, жанрын, прагматикалық мақсатына сай түрлендіру, түрлі қатысым салалары (заң, саясат) мәтіндерін талдау, өңдеу, жүйелеу. Материалдың орфографиясын, синтаксистік құрылымын, тыныс белгілерін, стилін өңдеу. Оқырмандарды өз тұжырымдарын жасауға жетелейтін әртүрлі журналистік жанрлардың стилистикасын меңгеру.
- Мәтіннің коммуникативті бағытын анықтау мақсатында аударма алды талдау жасау. Жазбаша аударманың техникалық тәсілдерін меңгеру.