Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01504 Биология в Шымкент университеті

Пәндер

  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Пән өсімдіктердің және оларды құрайтын огандардың сыртқы және ішкі құрылысын қарастырады. Пәннің мазмұны білім алушыларға өсімдіктердің жеке және эволюциялық дамуы барысында қалаптасу процесі мен құрылымдық заңдылықтары негізінде білім беруге бағытталған. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Омыртқасыздар зоологиясы

    Пән жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экологиясы және омыртқасыз жануарлардың негізгі таксондарының практикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ботаника

    Өсімдіктердің алуантүрлілігін және құрылыстық ерекшеліктерін зерттейді. Өсімдіктер клеткасы, ұлпалары, өркен морфологиясы және анатомиясы, тамыр және генеративтік жүйелері ерекшеліктерін, өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының негізгі бағыттарын, ұрпақ шығарудың және көбеюдің биологиялық мәнін, өсімдіктердің жастық және маусымдқ өзгерістері туралы түсінік алады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Педагогика

    Бүгінгі күннің талабына сай педагогикалық оқу орындары студенттеріне тәрбиенің гуманистік дәстүр ерекшеліктерін ескере отырып, педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландыру, тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағды жүйесін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Омыртқалылар зоологиясы

    Курста жануарлар дүниесінің алуан түрлілігі, филогениясы, ұйымдасуы, экология және омыртқалы жануарлардың негізгі таксондарының пракикалық маңызы қарастырылады. Курс студенттердің биологиялық білімін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың материалистік жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.Зоологияның ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу және тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Білім беру жүйесін жаңғыртудың заманауи жағдайындағы инклюзивті білім беру мәселесі жоғары оқу орындарына инклюзивті білім беру мамандарын дайындау міндетін жүктеп отыр. Инклюзивтік білім берудің ерекшелігі – білім беру процесін жобалау мен ерекше білім беру қажеттілігі бар балаға жеке оқу маршрутын құра білу және инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға қабілетті кадрларды дайындайды

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Экономика негіздері

    Студенттерді қазіргі экономика негіздеріне үйрету, оның ішінде экономикалық қатынастар мен оларға тән заңдарды, ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы экономикалық дамудың жағдайы мен тенденцияларын зерттеу. Студенттер арасында қазіргі қоғам өмірінің экономикалық заңдылықтары, нарықтық экономиканың дамуындағы түрлі тенденцияларды тудыратын себептер, сондай-ақ оны реттеудің маңызды тетіктері туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми-зерттеу әдістерін қалыптастыру

    Ғылым-бағытталған адам қызметінің саласы шындық туралы объективті білімді дамыту және жүйелеу. Бұл қызметтің негізі фактілерді жинау, оларды үнемі жаңартып отыру және жүйелеу, сыни талдау және осы негізде жаңа білімді синтездеу немесе жалпылау, олар тек байқалатын табиғи немесе әлеуметтік құбылыстар, сонымен қатар себеп-салдар құруға мүмкіндік береді болжаудың түпкі мақсатымен байланыс

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Цитология

    Пән биохимияның негізгі бөлімдерін қамтиды: ақуыздар, көмірсулар, ферменттер, нуклеин қышқылдары, дәрумендер мен гормондар, сонымен қатар олардың номенклатурасын, өндіріс әдістері мен ашылу тарихын, қасиеттерін, формулаларын, химиялық байланыстарын, реакция теңдеулерін зерттейді. Олардың ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін түсіну үшін осы айналулардың мәнін түсіндіреді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі биохимиядағы өзекті мәселелерді және жаңалықтарды оқытады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Оқушылардың физиологиялық- психологиялық тұрғыдан даму заңдылықтарының негізінде балалар мен жасөспірімдердің анатомия-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне, жеке басының қалыптасуына, денсаулығын сақтауға, нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады. Оқушылардың қабілеттерін айқындау мен дамыту, оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты бекіту біліктілігін қалыптастырудың және балалардың денсаулығын қорғау, дене шынықтыру, еңбекке баулу жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тарихи проблемаларын, тұрақтылықтың шығу тегі, себептерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілерін түсіндіру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және тіршілік қауіпсіздігі

    «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» пәні – білім алушыларға табиғат пен қоғам дамуының негізгі заңдылықтары туралы, сондай-ақ адамдардың тіршілік қауіпсіздігі саласындағы негізгі түсініктерді қалыптастыру, объектілердің қорғалуы мен тұрақты жұмыс істеуімен, ТЖ салдарын жою бойынша іс-қимылдармен байланысты практикалық дағдыларды игерту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік дағдылары

    Кәсіпкерлік қабілет-адамның өнімді өндіру үшін ресурстардың белгілі бір комбинациясын пайдалану, тривиалды емес шешім қабылдау, инновациялар жасау және тәуекелге бару қабілетін қалыптастыру және адамдарды жақсы басқаруды, басқарудың құпияларын, қызметкерлерді ынталандыруды, дамытуға үйрету.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық негіздері

    Пәнді игерудің мақсаты: білім алушылардың күнделікті өмірде және қаржылық институттарымен (банктер, салық ұйымдары, қаржылық құрылымдар) өзара іс-қимыл процесінде қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастырады; жеке қаржылық жоспарлау жүйесі, қаржылық алаяқтық, зейнетақымен қамтамасыз ету, сақтандыру, салықтық жоспарлау, банктер және банк қызметіндегі теориялық және практикалық білімдерін меңгереді; қаржылық ойлаудың ұғымдарын қалыптастырады; кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістері мен тәсілдерін, бюджетті қалыптастырудын ақша құралдарының табыстылығын, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуды үйретеді; студенттерді экономикалық субъектілер активтері мен ақша құралдарын басқарудың қаржылық құралдарымен жұмыс істеуге дайындайды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасуша биологиясы

    Жасушаның құрылысы мен физиологиясының негізгі заңдылықтары, ағзадағы негізгі ұлпалар жүйесі мен жіктелуі туралы түсініктердің қалыптасуын қарастырады. Жасуша құрылысы туралы білімдерін практикада қолдану, ғылымдағы орны мен рөлін дәйектеу, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету мен пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Бағдарламаның құрылымы, оқыту мақсаттары және міндеттерімен, педагогикалық әдістермен танысады. Блум таксономиясының таным деңгейлерін анықтай алады, ресурстарды, кері байланысты тиімді пайдаланады, оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін сыни ойлауда критериалды бағалау жүйелерін қолдануда XXI ғасыр дағдыларын ескереді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пəннің мақсаты- тəрбие үдерісінің негіздерін жəне тəрбиелік іс-əрекеттің əдістемесі мен технологиясын танып білуде болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыру. Пәннің міндеті: тəрбиенің дəстүрлі əдістемесі жəне қазіргі заманғы технологиясын пайдалану мен сынып жетекшісі іс-əрекетін іске асыру үшін болашақ мұғалімдер де жалпы педагогикалық, əлеуметтік-тұлғалық жəне пəндік құзыреттіліктерді қалыптастыру жəне дамыту; болашақ мұғалімдердің оқушылар мен жүргізілетін тəрбие жұмыстарында үздіксіз кəсіби жетілуіне жəне креативтілігін дамытуға ұстанымын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Жалпы химия

    Бұл пән жалпы химияны, элементтер мен олардың қосылыстарының химиясын, сондай-ақ органикалық қосылыстардың теориялық негіздерін сипаттайды. Химияның негізгі стехиометриялық заңдылықтары мен тұжырымдамаларын, периодтық заңдылықтарды, заттың құрылымын, химиялық реакциялар режимін, ерітінділерді, тотығу реакцияларын, электрохимиялық процестерді, металдар мен күрделі қосылыстарды, сондай-ақ органикалық қосылыстарды зерттейді. Химиялық реакциялардың классификациясы, химиялық реакциялардың химиялық кинетикасы және химиялық тепе-теңдікті қарастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Білім берудегі менеджмент

    «Білім беру менеджмент» пәнін меңгеру барысында алынған теориялық білім мен практи калық дағдылар білім алушыларды өз бетінше және жоғары деңгейде нақты басқару міндеттерін шешу, тұтас педагогтік үдеріс субъектілерін оқу-тәрбие, оқу танымдық және өз бетімен білім алу әрекетіндегі төмен нәтиже көрсету себептерін анықтау біліктерімен қаматамасыз етеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ертінділер теориясы

    Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін (сондай-ақ полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды). Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Ертінділердің физикалық теориясы, химиялық теориясы. Вант-Гофф және Рауль заңдары. Дебай мен Гюккельдің “күшті электролиттер теориясы” жайлы түсінік беру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Метоболизм және энергетика

    Білім алушылар зат алмасудың теориялық негізін және организмнің тіршілік әрекетінің тыныштық күйінде және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде қолданбалы маңызын біледі. Метоболизм түрлерін ажыратып, энергия алмасу кезеңдеріндегі үдерістерді ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады. Заттар мен энергия алмасуы – адам организмінде жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы бол, қоректік заттар мен энергия мөлшерінің өзгеруін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жаңартылған мазмұндағы биологияны оқытудың әдістемесі

    Технология-өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы. Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Болашақ мұғалім үнемі ізденісте бола отырып, жаңаша оқытудың модульдік, рейтингтік жүйе, дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологияларының әдіс- тәсілдерін өз ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолдануды біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жасанды интеллект

    Бұл пәннің мақсаты-студенттерге жасанды интеллект (AI) туралы негізгі білім мен түсінік беру. Пән студенттердің жасанды интеллекттің негізгі ұғымдарын түсінуін дамытуға бағытталған. Пәннің міндеті-студенттерге интеллектуалды жүйелерді таңдауға, конфигурациялауға және пайдалануға, оларды жобалауға және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, lағдылар мен қабілеттерді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Эволюциялық ілім

    Студенттерді жер бетіндегі тіршіліктің дамуының себептері мен жолдары туралы ғылыми түсінігін қалыптастыру. Эволюция теориясы студенттердің жалпы биологиялық дайындығын нықтайды және барлық басқа биологиялық пәндердің мәліметтерін мысал және дәлел ретінде қамтиды. Курстың негізгі міндеті эволюция теориясын ұйымның барлық деңгейлерінде тірі табиғаттың дамуына көзқарастың біртұтас жүйесі ретінде зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биотехнология

    Биотехнология әртүрлі салалардың заманауи мәселелерін таныстыру және микробтық биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер штамдарын сұрыптау бағыты жайлы түсініктерді қалыпастырып, биотехнологияның маңызды өнімдері микроорганизмдерді алудың салалық өндірісін зерттей отырып, мәселелерді шешу жолданын талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адам анатомиясы

    Адам анатомиясы - бұл адам денесінің пайда болуы мен дамуы, формалары мен құрылысы туралы ілім. Анатомия адам ағзасы және оның бөліктерінің сыртқы формалары мен пропорцияларын, жекелеген мүшелді және микроскопиялық құрылысын зерттейді. Білімін практикада қолдану, АКТ негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ақпараттық технологияларды биологияда қолдану

    Оқытудың қазіргі ғылыми негізделген мазмұны, тәсілдері, оқыту мен бағалаудың инновациялық технологиялары, оларды қолданудың тиімділігін креативті бағалау тәсілдері қарастырылады. Оқуды ұйымдастыруда критериалды бағалау, диагоностикалау, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау, АКТ арқылы кері байланыс орнату технологияларын қолдану, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер физиологиясы

    Пән өсімдіктің функционалдық белсенділігінің ерекшеліктерін, өсімдік ағзасының өмірлік белсенділігінің негізгі заңдылықтарын, су режимін, фотосинтезді, тыныс алуды, тамақтану тетіктерін, өсімдіктердің қозғалысын, өсу мен дамуды зерттеуді қарастырады. Сондай-ақ өсімдік жасушасының сипаттамаларын, оларды реттеу тетіктерін физиологиялық процестердің ішкі және сыртқы экологиялық жағдайларға тәуелділігі, өсімдіктердің өнімділігін қалыптастыру принциптерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Өсімдіктер экологиясы

    Өсімдіктерге әсер ететін әртүрлі экологиялық факторларды: жарық, ылғалдылық, тұздылық, температура, рельефтің геоморфологиясы және т.б. зерттейді. Пән студенттерді Раункиер және Серебряков жүйесі бойынша өсімдіктердің алуантүрлік экологиялық топтарымен таныстырады. Өсімдіктердің хорологиясы, ареалдардың классификациясы және ареалдар топтарын қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жас ерекшелік физиологиясы

    Жас ерекшілік физиологиясы - жасқа сай физиология және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер,жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология, және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биохимия

    Пән биохимияның негізгі бөлімдерін қамтиды: ақуыздар, көмірсулар, ферменттер, нуклеин қышқылдары, дәрумендер мен гормондар, сонымен қатар олардың номенклатурасын, өндіріс әдістері мен ашылу тарихын, қасиеттерін, формулаларын, химиялық байланыстарын, реакция теңдеулерін зерттейді. Олардың ағзадағы химиялық айналуын, оның тіршілік әрекетінің физика-химиялық негіздерін түсіну үшін осы айналулардың мәнін түсіндіреді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі биохимиядағы өзекті мәселелерді және жаңалықтарды оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Биоорганикалық химия

    Биоорганикалық химия курсында органикалық қосылыстардың негізгі кластары, олардың физикалық және химиялық қасиеттері және олардың қатысуымен жүретін химиялық реакциялар механизмдері, олардың биологиялық процестердегі рөлі туралы білімді қалыптастыруды қамтиды. Алған білімдерін тірі организмдерде жүретін химиялық процестерге, химиялық реакцияларға негізделген биологиялық процестерді зерттеуде қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Биологиялық обьектілерді модельдеу

    Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері биология пәні сабақтарында модельдеу әдісі жиі қолданылуда, яғни ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың моделдерін жасап, зерделеу арқылы танып білу әдісі Тірі организмдердің құрамын, құрылымын зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуын қамтамасыз етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Микробиология және вирусология

    Микробиология және вирусология курсы студенттерді микроорганизмдер әлемімен және олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, микробиология саласындағы жетістіктердің жалпы биологиялық маңыздылығын анықтау, микробиологияның басқа биологиялық салаларымен байланысын айқындауды қарастырады. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адам және жануарлар физиологиясы

    «Адам және жануарлар физиология» пәні биология ғылымының бір бөлігі болып адамзат және жануарлар дүниесінің өмір тіршіліктерінің заңдылықтарын және оның физиологиялық процестердің өзара қоршаған ортамен тығыз байланыстылығын зерттейтін жаңа теориялық негіздерін түсіндіреді. Тірі организмнің қызметтері, олардың өзара қарым қатынасы, реттелу және сыртқы ортаға бейімделу, жеке тұлғаның эволюциялық даму жағдайларын үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биология сабағының пәнаралық байланысы

    Биология сабақтарында кең және жан – жақты пәншілік және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және кері байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалім оқушылардың материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы білімін жетілдіреді. Оқушылардық танымдық процестерін арттыру. Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына білім мен тәрбие берудің танымдық жағын аттыру әдістерінің бірі пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептерді шығаруды үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Биологияны оқыту әдістемесі

    Биологияны оқыту әдістемесі пәні, биологияны мектепте оқыту мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары, әдістері, қалыптары және мазмұны, ұғымдарды қалыптастыру, сабақты және сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу, бейіндік оқыту, білімін практикада қолдану мәселелері қарастырылады. Сабақ жоспарын жасау, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету, білім беруде инновациялық технологияларды қолдану жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Генетика

    Тірі материяның тұқымқуалаушылық пен өзгергіштігін зерттейтін біріктіруші биологиялық пән. Тірі материяның әмбебап қасиеттерін барлық ұйымдасу деңгейлерінде және ағзалардың барлық таксономиялық топтарында қарастырады. Генетикалық білімі мен түсініктері, ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде туындаған мәселелерді шешу жолдары, тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Өсімдіктер және жануарлар экологиясы

    Пәнді оқытуда студенттерге "өсімдіктер және орта", "жануарлар және орта" жүйелеріндегі негізгі үрдістер, өзара әрекеттесу механизмдері және функционалдық байланыстар туралы түсініктер беріледі. Танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

    Бұл пәнді игеру нәтижесінде студенттер биологиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруды үйренеді, сабаққа қажетті көрнекіліктерді жасай және қолдана алады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту және тәрбиелеу формаларын: топсеруендер, олимпиадалар, биологиялық кештер, үйірмелер т.б. өткізу ерекшеліктері мен критериалды бағалау әдістерін қолдана алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мектепте биологиялық экспериментті жүргізу әдістемесі

    Студенттердің мектеп шеңберіндегі биология курсындағы экспериментті пайдалана алуы білімі мен дағдыларын дамытуға бағытталған. Биологиялық эксперимент көмегімен құбылыстарды зерттеуге, жаңа түсініктерді қалыптастыруға, жаңа оқу материалын зерттеуге, білімді бекітуге және жетілдіруге, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, дербестікті, қызығушылықты дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Иммунология негіздері

    Иммунология организмнің әртүрлі антигендерге молекулалық, жасушалық және басқа физиологиялық реакцияларын және осыған байланысты организмде пайда болатын өзіндік ерекше және өзіндік емес құбылыстарды қарастырады. Иммунологиялық зерттеулердің нәтижелерін, жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолдану, ізденушілік-зеттеушілік әрекет дағдысын игеру, пәнаралық білімдерді интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Табиғатты пайдалану және қоршаған орта жағдайының мониторингі

    Пән табиғи және антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі туралы білім береді. Қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқаруды қрастырады. Танымдық-ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану, мәселенің шешімін талдау, пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Гендік инженерия

    Гендік инженерия пәнінен тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары ментұқым қуалаушылық, өзгергіштікті зерттеудің әдістерін оқытады. Сонымен қатар тұқым қуудың цитологиялық негізі, генетиканың заңдары мен заңдылықтары, ажырау кезінде әдеттегі сандық қатынастардың ауытқулары, гендерінің өзара әректтесуі, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын, адам қан топтарының тұқым қуалауы мен популяциялық генетика мәселелері сынды генетиканың классикалық тақырыптарын қарастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогикалық шеберлік

    Пәнді оқытудағы мақсат болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығын, өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білуін, ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруін, талдау, қорытынды жасай білудегі шеберлігін арттыру. Болашақ мектеп мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін, жаңа технологиялық әдістерді қолданып, балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісін қалай жетілдіруге, жоғарғы нәтижеге жетуге болады деген сұрақтың шешімін табу. Жаңа бағдарлы оқытудың барысында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын, ойлауына мүмкіндік жасауды үйрену.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қолданбалы биология

    Пәннің мақсаты студенттерге арналған тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті ауыл шаруашылық және психологиялық-педагогикалық білімдер мен дағдыларды қалыптас-тыру болып табылады. Болашақ мұғалімнің ауыл шаруашылық оқытуы жалпы білім беру білімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бағдарламалық материалдарды зерттеу маманданды-рылған арнайы пәндермен тығыз байланысты: ботаника, өсімдіктер физиологиясы, биохимия, бейоргани-калық және аналитикалық химия, генетика, микробиология және т.б.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Адамның даму биологиясы

    Адам биологиясы адам жағдайының биологиялық негіздерін зерттейтін комплекстік ғылым. Адам биологиясы микроскопиялық, молекулалық-генетикалық, биохимиялық, генеалогиялық және басқа да зерттеу әдістерін қолданады. Пәнді оқытуда АКТ-ны пайдаланып оқу үдерісін ұйымдастыру, жоба жұмыстарын орындауда коммуникативтілік, ақпараттық мәдениет көрсету және пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биологияны оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану

    Педагогикалық технологиялар, оқу пәндері негізінде оқыту технологияларына сипаттама, дамыта оқыту технологиясы. Болашақ мамандарға қазіргі заманғы білім берудегі педагогикалық технологиялар жөнінде білім беру. Студенттерді қазіргі заманғы жаңа педагогикалық оқыту технологиялары мен инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдарын оқыту және меңгерту.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Молекулалық биология

    Молекулалық биология - бұл ағзаның тіршілік етудің молекулалық негіздерін зерттейтін ғылым. Зерттеулердің негізгі бағыттары генетикалық ақпараттарды сақтау механизмдері, іске асыру және таратумен байланысты. Молекулалық биологияның негізгі объектілері - дезоксирибонуклеин қышқылы, рибонуклеин қышқылы және ақуыздар болып табылады, сондай-ақ макромолекулалық жиынтықтар биосинтезін қамтамасыз ететін мультиферменттік жүйелер жатады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеке даму биологиясы

    Пән организмнің жеке дамуының барлық процестерін, яғни онтогенезін қарастырады. Бұл жағдайда онтогенездің барлық сатылары: туылғаннан бастап тіршілігін жойғанға дейінгі (ұрықтық және ұрық алдындағы) кезеңдер зерттеледі. Пәннің нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау, ақпараттық мәдениет көрсету жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • инновациялық технологияларды оқытудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың дара ерекшеліктеріне сәйкес жіктейді, инновациялық білім беру технологиялары мен пәндердің пәндік мазмұнын біріктіре отырып, заманауи сабақты құрастырады;
  • биология пәнін оқытуда АКТ-ны пайдалану арқылы оқушының жеке мүддесіне сай оқу үдерісін шешеді, кәсіби іс-әрекетінде жаңа білім беру технологияларын, зертханаларды, баспа құралдарын, мультимедиялық құралдарды қолданады;
  • биология ғылымының базалық идеялары мен заманауи әдістер жүйесіне негізделген білімі мен түсініктерін көрсете білу
  • ғылымның қазіргі жай-күйін және өзгеріп отыратын әлеуметтік жағдайды ескереді, жинақталған тәжірибені асыра бағалай алу, ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты біледі және оларды оқытатын салада зерттейді;
  • оқушының тұлғалық дамуын қалыптастыруда, өмір бойы білім алуда пәнаралық білімді интеграциялай алады;
  • пәннің нақты өмірдегі, ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлін дәйектей біледі;
  • академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын бағалайды.
  • критериалды бағалаудың, диагностикалаудың, қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасаудың технологияларын талқылайды
  • биологиялық заңдылықтар мен тұжырымдарды дәлелдеу мен ой-қорытулар жасауда, мәселелерді шешуде сыни тұрғыдан қарау және жүйелі ойлау негізінде білімін практикада қолданады;
  • танымдық, кәсіби және ғылыми зерттеулерде модельдеуді қолдану негізінде мәселелерді шешу жолдарын, тәжірибе нәтижелерін компьютерлік модельдеу әдістерін талдай біледі;
Top