Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M05205 География (Энергиялық ресурстар дипломатиясы) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – энериялық ресурстар дипломатиясы саласында терең білімі мен дағдысы бар география саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама студенттерде энергиялық ресурстарды пайдалану мен басқарудың әлеуметтік-экономикалық, геосаяси, геоэкологиялық аспектілерін жан-жақты түсінуді дамытуға, жаһандық және аймақтық мәселелерді жан-жақты түсіну және шешу үшін аналитикалық және дипломатиялық құзыреттіліктерді дамытуға, халықаралық энергетикалық саясаттағы мәселелерді шешуге бағытталған. Бағдарламаның түлектері география және қоршаған ортаны қорғауға байланысты әртүрлі секторларда оқытушылық және кәсіби мансапқа қабілетті болады, сонымен қатар өз жұмысының нәтижелерін ғылыми мақалалар, баяндамалар және ғылыми коммуникацияның басқа нысандары түрінде тиімді ұсынатын болады.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 121
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M084 География
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M052 Қоршаған орта
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шетел тілі (кәсіби)
Саясаттану ғылымының әдістемесі
Жоғары мектептің педагогикасы
Қазақстан Республикасының халықтар географиясы және еңбек ресурстары
Халықаралық істер жөніндегі маманның ақпараттық-талдау жұмысы
Мегатренд және жаһандық мәселелер
Энергетикалық дипломатия
Халықаралық қатынастардағы цифрландыру
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Энериялық ресурстар дипломатиясы әдістемесі мен тәжірибесін, оның құрамдас бөліктерін, стандарттарын, дүниежүзі елдердің дамуы үшін қолайлы сыртқы жағдайларды қамтамасыз етудегі энериялық ресурстар дипломатиясы рөлін қорытындылау;
- Қазіргі замаңғы географияның маңызды мәселелері мен жетістіктерін, географтың кәсіби қызметін, нарықтық экономика мен басқарудың негізгі заңдылықтарын, Қазақстан экономикасының инновациялық дамуының міндеттерін, принциптері мен механизмдерін бағалау;
- Тұрақты дамуға және адами капиталды оңтайлы пайдалануға бағытталған тиімді аймақтық стратегиялар мен саясаттарды әзірлеу және іске асыру үшін әлеуметтік-демографиялық үрдістерді және еңбек ресурстарының таралуын кешенді талдау әдістерін меңгеру.
- Дүниежүзі елдері мен олардың аймақтарының геосаяси және геоэкономикалық жағдайын сыни тұрғыдан бағалау, салалық, аймақтық, ұлттық және жаһандық мәселелерге географиялық зерттеулер жүргізу, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Халықаралық өзара әрекеттесудің құқықтық және дипломатиялық негіздеріне, халықаралық қақтығыстарды реттеуге қойылатын талаптарды әзірлеу.
- Ғаламдық және аймақтық энергетикалық дипломатияның ерекшеліктерін бағалау; энергетикалық ресурстар нарығындағы жағдайды талдау.
- Дүниежүзі елдерінің ұлттық энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұлттық мүдделердің рөлін анықтау; аймақтық мүдделер тұрғысынан жаһандық энергетикадағы, әлемдік энергетикалық нарықтардағы және халықаралық энергетикалық саясаттағы мәселелер мен тенденцияларды айқындау
- Халықаралық саяси және экономикалық процестерді талдау, мемлекеттер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты жақсарту, сондай-ақ халықаралық қатынастар саласындағы жаһандық сын-қатерлер мен мәселелерді шешу үшін цифрлық құралдар мен технологияларды тиімді қолдану;
- Тұрақты табиғи және қалалық жүйелерді құру үшін ландшафттық-экологиялық жобалаудың әдістерін жіктеу
- География, энергоресурстар дипломатиясы және аралас пәндер саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін жетекші ғылыми журналдарда жариялау
- Мемлекеттік қызмет, бизнес, халықаралық бейіндегі үкіметтік емес ұйымдар саласында өзінің кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін қолдану және кәсіби сипаттағы жаңа идеялар мен жобалардың бастамашысы немесе әзірлеушісі болу
- Географияны оқытудың инновациялық әдістерін әзірлеу және енгізу, білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру, оқыту және тәрбиелеу мүмкіндіктерін кеңейту үшін оқу процесінде ақпараттық технологияларды қолдану.