Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B09103 Ветеринария в С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, жануарлар ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгерген, кең кәсіби білімі мен практикалық дағдылары бар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жаңа формациядағы мамандарды даярлау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Специалитет
-
Оқыту тілі Русский
-
Оқу мерзімі 5 года
-
Кредиттер көлемі 300
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B083 Ветеринария
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B09 Ветеринария
-
Дайындық бағыты 6B091 Ветеринария
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Неорганикалық және аналитикалық химия
Латын тілі
Жануарлар анатомиясы 1
Органикалық химия
Биологиялық физика
Физикалық және коллоидтық химия
Жануарлар анатомиясы 2
-
2 Оқу жылы
Экономика және құқық негіздері
Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Жануарларды азықтандыру 1
Жануарлар анатомиясы 3
Биологиялық химия
Цитология, гистология және эмбриология 1
Инновациялық кәсіпкерлік
Білім берудегі көшбасшылыққа кіріспе
Жануарлар физиологиясы 1
Жануарлар физиологиясы 2
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Цитология, гистология және эмбриология 2
Зоология
Жануарлардың денсаулығы мен жайлылығы
Жануарларды азықтандыру 2
Ветеринарлық гигиена
-
3 Оқу жылы
Ветеринарлық радиобиология
Арнайы мақсаттарға арналған шет тілі 1
Ветеринаринарлық генетика
Ветеринариялық фармакология 1
Қазақ (орыс) тілі және сөйлеу мәдениеті
Ветеринарлық микробиология 1
Патологиялық анатомия 1
Балаудың аспаптық әдістері
Қазақ/орыс тілі арнайы мақсаттарға 1
Патологиялық физиология 1
Ветеринариялық вирусология
Оперативтік хирургия
Арнайы мақсаттарға арналған шет тілі 2
Ветеринарлық микробиология 2
Иммунология
Ветеринариялық фармакология 2
Патологиялық физиология 2
Жеке зоотехния негіздерімен көбею
Қазақ/орыс тілі арнайы мақсаттарға 2
Патологиялық анатомия 2
-
4 Оқу жылы
Дәрілік және улы өсімдіктер
Акушерлік, гинекология және андрология 1
Жануарлардың ішкі аурулары 1
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Жұқпалы және инвазиялық аурулардың зертханалық балауы
Паразитология және инвазиялық аурулар1
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Клиникалық зертханалық балау
Жемшөп өсімдіктері
Құқықтану
Жалпы хирургия
Ветеринарлық эпидемиология және жұқпалы аурулар 1
Паразитология және инвазиялық аурулар 2
Токсикология
Ветеринариялық-санитариялық сараптама 1
Ветеринарлық эпидемиология және жұқпалы аурулар 2
Мамандыққа кіріспе және ветеринарлық деонтология
Аумақтық ветеринарлық хирургия
Жануарлардың ішкі аурулары 2
Акушерлік, гинекология және андрология 2
-
5 Оқу жылы
Ветеринариялық анестезиология
Дерматология
Ұсақ жануарлар акушерлігі
Жылқы аурулары
Жануарлардың ішкі аурулары 3
Реконструктивті-қалпына келтіру хирургиясы
Ветеринарлық ортопедия
Өнімді жануарлардың аурулары
Ветеринарлық істі ұйымдастыру
Болезни пчел и энтомофаги
Ветеринарлық эпидемиология және жұқпалы аурулар 3
Ұсақ жануарлардыі жұқпалы емес аурулары
Соттық ветеринариялық сараптама
Ветеринарлық офтальмология
Ветеринариялық-санитариялық сараптама 2
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Академиялық мәтіндерді жазу, аннотациялау, әдістемені меңгеру, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін құрастыру, ресімдеу тәсілдерін меңгеру және мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби тілдік дағдыларды дамыту.
- Макро - және микроорганизмдер ағзалары мен жүйелері құрылымының зоологиялық жүйелілігі мен морфологиялық ерекшеліктерін тұжырымдау, жануарлар ағзасындағы физиологиялық және биохимиялық процестердің мәнін түсіну, ұлпа жасушалары мен организм жүйелерінің зерттеу әдістерін меңгеру, латын грамматикасын және латын ветеринариялық терминология негіздерін білу.
- Дәрілік заттар тудыратын фармакодинамикалық әсерлердің негізгі механизмдерін түсіну және ветеринариялық препараттарды мөлшерлеу және рецепттерді регламенттеу принциптерін білу.
- Жануарлар ағзалары мен тіндерінің анатомиялық және физиологиялық жағдайын, әртүрлі патологиялар кезіндегі патологиялық жағдайды диагностикалау және жою әдістерін талдау, өзінің дәрігерлік ойлау қабылетін кәсіби қызметімен біріктіру.
- Тірі организмдер белгілерінің өзгеруінің тұқымқуалаушылық заңдылықтарын түсіндіру және бастапқы материалды биометриялық өңдеу дағдыларын игеру.
- Жануарларды күтіп бағу, азықтандыру және пайдалану кезінде ветеринариялық-санитариялық стандарттар туралы білімді қолдану.
- Қоршаған ортаның жай-күйі және жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары туралы ақпаратты бағалау, еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін біріктіру, ветеринариядағы құжат айналымының заңнамалық регламенттелуі мен номенклатурасын түсіну, ветеринариялық іс-шаралардың экономикалық негіздемесін ұсыну, сот сараптамасы мәселелерінде құзыретті болу.
- Жануарларда патологиялық процестердің пайда болуындағы микроорганизмдердің рөлін интерпретациялау, иммунология мен серологияның негіздерін және індеттік процестің негізгі буындарының маңыздылығын түсіндіру.
- Жануарлар әлемінің түрлерін жүйелеудің негізгі заңдылықтарын тұжырымдау, инфекциялық және инвазиялық этиологиядағы ауруларды диагностикалаудың негізгі әдістерін зерттеу және осы патологиялар кезінде өнімді және өнімсіз жануарларды емдеу-алдын алу шараларының әдістемесін ұсыну.
- Жұқпалы емес этиологиядағы патологиялар, иондаушы сәулелерден туындаған аурулар және уланулар кезіндегі этиопатогенездің және емдеу-профилактикалық іс-шаралардың теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыру, зертханалық диагностика дағдыларын игеру және нәтижелерді түсіндіру.
- Ойлау әлеуеті жоғары құзыретті тұлғаны қалыптастыру үшін академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңыздылығын анықтау, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы жалпы ұғымдарды білу, кәсіпкерлік, экономика және қаржы саласында теориялық білімге ие болу және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негіздері.
- Өнімді және өнімсіз жануарлардың физиологиялық жағдайы мен аурудың сипатын ескере отырып, әртүрлі патологиялар кезінде таңдалған терапевтік шараларды негіздеу, мүшелер мен тіндердегі патологиялық өзгерістерді түсіндіру.
- Жануар және өсімдік тектес өнімдерді өндіру технологиясы мен гигиенасының қағидаларын және олардың сапасына ветеринариялық-санитариялық баға беруді меңгеру.
- Қоршаған ортаны қорғаудың теориялық және тәжірибелік негіздерін тұжырымдау, жануарлар мен алынған өнімдердің экологиялық әл-ауқаты мен ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.