6B09103 Ветеринария в Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жануарлардың, жануар және өсімдік текті шикізаттарды экспорттау және импорттау кезінде ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Специалитет
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 5 года
-
Кредиттер көлемі 300
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B083 Ветеринария
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B09 Ветеринария
-
Дайындық бағыты 6B091 Ветеринария
Пәндер
-
Үй жануарларының анатомиясы
Пән жануарлар мен құстар организмінің құрылысы мен дамуының биоморфологиялық заңдылықтарын, тіршіліктің негізгі көріністері мен олардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін жүйелерді, жануарлар организмінің құрылымдық ұйымдасу деңгейлерін, фило- және онтогенез ұғымын, сонымен қатар олардың негізгі заңдылықтары, бейімделудің биологиялық негіздері және түрлер мен жеке өзгергіштіктерді анықтайтын факторларды (тіршілік ортасы, азықтануын, қозғалыс режимі және т.б.) оқытады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық латын терминологиясы
Пән анатомиялық, паразитологиялық, микробиологиялық, хирургиялық клиникалық және фармакологиялық терминдерді оқытады. Латын тілі бойынша алған білімдерін тәжірибеде және мал дәрігерлік латын терминологиясын ветеринария саласында тәжірибеде қолданады. Пән латын тілінде еркін оқып, жаза алуға, сонымен қатар латын терминінде ойлау қабілетін дамытып, мал дәрігерлік терминологияны меңгереді. Ветеринар маманын қалыптастыруда мамандықтың этикалық және деонтологиялық принциптерін меңгерудің маңызы зор болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұрақты даму, экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Бұл пән өмірдің әртүрлі салаларында қауіпсіздік негіздерін оқытуға, сондай-ақ адамның табиғатпен өзара әрекеттесуін зерттеуге бағытталған. Ол қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтиды және жаһандық экологиялық және әлеуметтік қиындықтарды шешу үшін стратегияларды бағалау мен әзірлеу дағдыларын қамтиды. Курстың аясында су ресурстарының, ауа сапасының, жердің деградациясының, азық-түлік қауіпсіздігінің, сондай-ақ адам әрекетімен туындаған табиғи және техногендік апаттардың қауіпсіздігі мәселелері қарастырылады және олардан қорғау әдістері тұрақты даму мақсаттары контекстінде талқыланады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті қоғам құндылықтарын қалыптастыру
Пән студенттердің инклюзия құндылықтарын, әртүрлілікке құрметпен қарау, мүмкіндіктер мен білім алуға қолжетімділікте теңдік қағидаларын түсінуін дамытуға бағытталған. Курсты оқу барысында білім алушылар инклюзивті тәжірибе қағидаттарын меңгеріп, инклюзияның құқықтық және этикалық аспектілерін талдайды, сондай-ақ мультимәдениетті және инклюзивті ортада тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастырады. Бағдарлама әлеуметтік жауапкершілік пен төзімділікті негізгі кәсіби құзыреттер ретінде дамытуға ықпал етеді
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері және антикоррупциялық мәдениет
Пәннің мақсаты-негізгі құқықтық ұғымдарды , қағидаттар мен нормаларды, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін зерделеу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру. Курс заңнаманы талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетігін және этикалық стандарттарды қамтиды. Құқықтық сауаттылықты дамытуға және әрбір азаматтың құқықтық тәртіп пен әділеттілікті сақтаудағы рөлін түсінуге баса назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік негіздері
Бұл негізгі экономикалық принциптерді, нарықтық тетіктерді, меншік нысандарын және экономикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін пән. Курс сұраныспен ұсыныстың, бәсекелестіктің, салық салудың, қаржыландырудың, инвестициялаудың және бизнесті жоспарлаудың негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, тәуекелдерді талдауға және бизнесті басқару стратегияларына ерекше назар аударылады. Бұл пәнді оқу бизнес жүргізудің, экономикалық негізделген шешімдер қабылдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Пәнің мақсаты- білім алушылардың жеке қаржысын басқарудағы негізгі білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Курс негізгі экономикалық түсініктерді, ұтымды бюджеттеу, инвестициялау, жинақтау және қаржылық тәуекелдерден қорғау принциптерін қамтиды. Несиелеу, инвестициялау, қаржылық қызмет көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл курсты аяқтау білім алушыларға негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға, қарыз тұзақтарынан, қаржылық пирамидалардан аулақ болуға және өз қаражаттарын тиімді басқаруға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мамандыққа кіріспе
Пән ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі ветеринарлық мамандықтың тарихи даму кезеңдерін зерттейді. Білім алушыларды адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алу және жою шараларында ветеринарияның жетістіктерін таныстырады. Жануарлар ауруларының алдыналу, емдеу, сыртқы ортаны қорғаудағы ветеринариялық-санитариялық проблемаларды шешу, ветеринариялық сараптама және тексеру жолымен жануарлар өнімін өндіру нәтижесінде адамзатты антропозооноздардан қорғау мәселелері туралы ғылыми ілімді зерделейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Топографиялық анатомия
Бұл пән дене аймақтарының қабатты құрылымын, дененің аймақтары мен бөліктері бойынша мүшелердің орналасуын және анатомиялық, функционалдық байланысын зерттейтін қолданбалы морфологиялық ғылым саласы, биология ғылымының үлкен бөлігі болып саналады. Пәнді оқытудың негізгі мақсаты білім алушыларды анатомиялық-хирургиялық және сонымен қатар клиникалық, хирургиялық және гинекологиялық сабақтарға керекті мәліметтерді меңгеру үшін дайындау болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Абай әлемі
Пән тарихи фактілерді, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының идеялық-эстетикалық құндылықтарды қалыптастыратын философиялық-көркемдік негіздерін игерте отыра, студенттің өз пікірін айта білу, практикалық дағдыларды және адамгершілік, адалдық, көркем мінез сияқты адами қасиеттерді қабылдауды меңгертеді. Қазақ әдебиеті қаламгерлерінің данышпандық қырлары мен М.Әуезовтің Абай мұрасын зерттеу, насихаттаудағы рөлін, шығармаларының тарих, әдебиет, ғылым үшін маңызын айқындайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ветеринариялық генетика
Пән білім алушыларды тірі ағзалардың ең маңызды екі қасиетін – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін іргелі және қолданбалы ғылым ретінде таныстырады. Мал шаруашылығындағы биометриялық зерттеулерге және популяциялық генетикаға көңіл бөледі. Соны мен бірге, пән жануарлардың туа және жүрепайда болған иммунитеті пен жануарлардың ауруларға генетикалық төзімділігінің биологиялық ерекшелігін анықтап әдістерін дәйектеуді оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығы
Пән әр түрлі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жануарларының өсірудің негізгі міндеттерін және мал шаруашылығының жекелеген салаларын оқытады. Асыл тұқымды және тауарлы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы малдарын селекциялаудың ерекшеліктерін, қолда бар мал тұқымдарын жетілдіру жөніндегі дамуы бағыттарды ашады. Сонымен қатар, пән ақпараттық технологияларды пайдалану және мал шаруашылығында кең ауқымды сұрыптауды қолдану, жануарлар биотехнологиясы мәселелерін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеке зоотехния
Пән ауыл шаруашылығы малдарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін зерттеуді оқытады. Мал шаруашылығы соның ішінде жылқы, қой, ешкі, шошқа, құс, түйе, марал, балық, ара, қоян шаруашылықтары сияқты салаларын зерттеуді қамтиды. Малдың экстерьерлік және конституциялық ерекшеліктерін, мал тұқымын, ғылыми зерттеулердің әдістерін, мал шаруашылығындағы селекциялық - асыл тұқымдық жұмыстарды, мал шаруашылығы өнімін өндірудің технологиялық процестерін білмей жеке зоотехнияны мақсатты игеру мүмкін емес.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық цитология, гистология, эмбриология
Пән жасушалардың құрылымын, тіршілік үрдістерін, жасушалардың көбеюі және өлуін, сондай-ақ жасушалар мен олардың тіндерінің функционалдық ерекшеліктерімен олармен байланысын, орталық мүшелердің иммундық жүйесін, ұлпалардың анықтамасы, шығу тегі мен тіршілік ету қағидаларын зерттейді. Бұл ғылым саласы іргелі ғылым саласынан қолданбалы ғылым саласына ауысып, яғни ветеринария, биотехнология, және заманауи медицинаның өзекті мәселелерін шешуді оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құс шаруашылығы
Пән инкубациялық және тағамдық жұмыртқа өндіру, қарқынды құс шаруашылығында ет өндіру, құс шаруашылығы өнімдері, оларды қайта өңдеу мен пайдалану технологияларын басқару үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруды қарастырады. Құстың өнімділік қасиеттерін, конституциясы мен экстерьерін, сондай-ақ құс шаруашылығының негізі ретінде әр түрлі өнім бағытындағы құс тұқымдарын азықтандыру, күтіп - бағу және өсіруді зерттеуді оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жануарлар биохимиясы
Пән химиялық заттар мен тірі организмдерде болатын химиялық үрдістерді, және тірі ағзалардың өмір сүру процесін химия тұрғысынан зерттейді. Тірі жасушаны құрайтын негізгі биомолекулалардың түрлерін және олардың функционалдық рөлін, метаболизм жолдарын, геномдық деректерді тасымалдау әдістерін, биологиялық жүйелердегі энергияны түрлендіру принциптерін, биологиялық белсенді заттарды ақуыздар мен көмірсуларды синтездеудің, негізгі әдістерін зерттеуді үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Биохимия және ББЗ негіздері
Пән негізінен тірі жасушалардың биомолекулаларының негізгі кластарының түрленуінің метоболитикалық жолдарымен құрылысына, биохимиялық қасиеттеріне және метаболизмдік процесстеріне, құрылымына байланысты заттардың өзіндік ерекшелігіне қатысты химиялық құрамы мен қасиеттерін, негізінен тіндер мен мүшелерді, сонымен қатар ағзаның құрылымы мен негізгі қызметіне, дәрумендерді, гормондарды, ферменттерді, протеидтерді, липидтерді, гликозидтерді және гендік экспрессияның негізгі кезеңдерін зерттеуді оқытады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ветеринариялық микробиология және иммунология
Пән микроорганизмдердің негізгі нысандарын, құрылымын, қоректену, тыныс алу, бактериялардың өсуі, көбеюі, инфекция және иммунитет мәселелерін, су, ауа, топырақ микрофлорасын, бактериялар геномын, микроорганизмдерге биологиялық, химиялық, физикалық факторлардың әсерін, микробтардың патогендік және вируленттік қасиеттерін, зертханалық балау әдістерін, патогендік коккалардың, бруцеллалардың, сальмонеллалардың, эшерихиялардың, топалаң қоздырғышының және тағы басқа инфекциялық аурулардың өзіндік алдын алуын зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық химия
Пән органикалық молекулалар биологиялық жүйе аралығындағы өзара байланысын және олардың биологиялық түзілімінің үрдістері негізінде туындайтын құбылыстарды жануарлардың денесінде зерделейді. Бұл пән білім алушыларда химиялық қосылыстардың реактивтілігін, құрылымын, сондай-ақ, олардың функционалды рөлі арасындағы байланысты орнатады сонымен қатар, табиғи қосылыстардың биологиялық рөлі туралы түсінік қалыптастырады. Яғни ол жасуша мен тіндердің құрылымдық компоненттері мен биополимерлердің денесіне әсерін зерттеуді оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ветеринариялық вирусология
Пән вирустардың жіктелуін, номенклатурасын, морфологиясын, химиялық құрамын және қасиеттерін, олардың сыртқы ортадағы тұрақтылығын, организмдегі вирус флорасының биологиялық құрылымын сонымен қатар жануар организмінде жұқпалы ауру тудыратын қоздырғыштарының дамуын, түрлерін және қоздырғыштарға қарсы күрес шараларын оқытады. Вирустарды өсіру және анықтау әдістерін қарастырады. Ол вирус тудыратын аурулардың алдын алу, зертханалық диагностикасын, вирустық аурулардың көрініс беру динамикасын ашады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлар этологиясы
Пән жануардың мінез-құлқының биологиялық факторларын, сондай-ақ оның даму процесі мен филогенезде қоршаған ортаға бейімделуіндегі маңыздылығын зерттеуді қарастырады. Жануарлардың мінез-құлқы тірі ағзаның тіршілік әрекетінің сыртқы көрінісі және қоршаған ортаның өзгеруіне жауап ретінде жеке көрсететін кез келген әрекет түрін қамтиды сонымен қатар қажет болған жағдайда кез келген ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуді оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлар физиологиясы
Бұл пән жалпы және жасушалық физиологиядан тұрады және жеке жүйелер мен мүшелердің физиологиясын зерттейді. Сондай-ақ жануарлар ағзасының тіршілік әрекетін зерттеуде ас қорыту жүйесі, қан айналымы, тыныс алу, эндокриндік және репродуктивті жүйелер, иммунитеттің дамуы, жануарлардың физиологиясы мен нейрофизиологиясы жүйелі көзқарасты қамтамасыз етеді. Ол тіршілік ету ортасымен белсенді өзара әрекеттесудегі тұтас, күрделі және динамикалық жүйені оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал азықтандыру
Пән мал азықтандыруды ұйымдастыруды оқытады. Жалпы, малды оңтайлы азықтандыру мен жекелеме рациондар құру ережелерін анықтайды. Ірі қара малды, оның ішінде буаз сиырлар мен құнажындарды, сауылатын сиырларды, төлдерді, асыл тұқымды бұқаларды және малды бордақылау жүйесін, сондай-ақ қойлар мен ешкілерді, жылқыларды, шошқаларды, түйелерді және ауыл шаруашылығы құстарын нормалап азықтандыру жүйесін оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариядағы диагностикалық және терапиялық техника негіздері
Пән жануарлардың ауырсыну жағдайын бағалау кезінде симптомдар мен синдромдарды, кеуде қуысының тыңдау, қалқанша безінің, кеуде мүшелерінің (көмей, трахея) диагнозын зерттеу және салыстырмалы бағалау, везикулярлық тыныс алу, физиологиялық бронх, бронхиалды патологиялық, плегафония, ринография, тыныс алу жүйесін графикалық әдістермен зерттеу: пневмография, кеуде қуысының пункциялауды оқытады. Ауыл шаруашылығы және үй шаруашылық жануарларын клиникалық зерттеу сызбасын қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылық жануарларын диспансерлеу
Пән ветеринариялық медицина ұстаным ретінде ауыл шаруашылық жануарларынан жоғары сапалы өнім алу мақсатында жануарларды жоспарлы түрде диспансеризацядан өткізудің жоспарын құрастырады. Негізгі міндет білім алушыларға жануарларды медициналық тексеруден өткізу туралы теориялық және тәжірибелік білім беру.Клиникалық жағдайын анықтап қажетінше жарамсыздыққа жатқызылған жануарларды анықтайды. Сондай-ақ, ветеринариялық диагностикалық және емдеу-алдын алу шаралар жүйесінің озық түрлерін жоспарлап ұйымдастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Терісі бағалы аңдар мен құстардың клиникалық диагностикасы
Пән білім алушыларға терісі бағалы аңдар мен құстардың клиникалық диагностикасының ерекшеліктері туралы теориялық және практикалық білім, биологиялық ерекшеліктерінің, қанның және зәрінің морфологиялық биохимиялық құрамын, терісі бағалы аңдардың сандық деректерін, синдромдар, симптомдар, аурулардың болжамдары туралы ұғымдарды және оның негіздемесін оқытады. Ветеринария саласындағы негізгі білімдерін, дұрыс диагноз қою және бар дәрілік заттарды тиімді пайдалану қабілетін көрсете білуді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық пропедевтика
Пән клиникалық және зертханалық зерттеудің заманауи әдістерін, клиникалық зерттеу жоспарын, жануарларды жалпы зерттеуді, габитусты анықтауды, теріні және оның туындыларын және патологиялық өзгерістерін, аурудың себептерін анықтауды, диагноз қоюды, көрінетін шырышты қабықтарды зерттеуді және олардың патологиялық өзгерістерін, лимфа түйіндерін, қанды, зәрді, нәжісті зертханада зерттеуді оқытады. Жануар организмінде туындайтын патологиялық морфолоиялық өзгерістерді анықтайды және меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ауыл шаруашылығы жануарларының салыстырмалы физиологиясы
Бұл пән физиологиялық функциялар мен механизмдердің ерекшеліктерін, жануарларды ұстау заңдылықтары мен технологияларын салыстыру арқылы зерттеледі, сонымен қатар сыртқы ортамен байланысын өзара әрекеттесуді ескере отырып, сау ағзаның тіршілік процестері туралы мәліметтерді оқытады. Органдардың, тіндердің, жасушалардың, жүйелердің және жалпы, жеке механизмдердің қызмет заңдылықтарын білу. Жалпы биологиялық сипаттағы қолданбалы ғылымдардың іргелі негіздері болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал азықтандыру рационының нормалары және оңтайландыру
Пәнді оқыту кезінде табиғи-климаттық факторларды ескере отырып, ағзаның физиологиялық қажеттіліктеріне жауап беретін ауыл шаруашылығы құстарын, жануарларын азықтандырудың, күтіп-бағудың оңтайлы жағдайларын жасау мәселелерін қарастырады. Курс ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерін, оның ішінде маралдарды, терісі бағалы аңдарды, құстарды, тауарлы балықтарды, бал араларын, өнімсіз жануарларды азықтандыру рационын оңтайландыруға бағытталған. Азықтандыру рациондарын жасау кезінде жануарлардың түрі, тұқымы, жасы, жынысы және басқа да ерекшеліктері ескеріледі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал азығын зоотехникалық есепке алу және талдау
Пән жем-шөпті талдаудың заманауи әдістері мен сызбасын зерттейді, әр түрлі жем түрлерінің саны мен сапа коэффициентін анықтайды, бұл нарық жағдайында мал шаруашылығы саласын сәтті дамытудың шешуші факторы болып табылады. Пәнде жем-шөпті есепке алу ерекшеліктерін, азықты құнарлылығы бойынша бағалауды және ғылыми негізде толық құнды азықтандыруды, сондай-ақ жем-шөпті сапалық құрамы бойынша бағалауды үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жалпы зоогигиена
Пән ауа гигиенасы мен параметрін бақылау әдістерін, су және су мен қамтамасыз ету, топырақ, жем-шөп және жануарларды азықтандыру көрсеткіштерін, сонымен қатар температураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалысының әсерін, шаң бөлшектері қоспасы және олардың ауаға әсерін, ауыл шаруашылық жануарлардың денсаулығын қорғауға және олардың өнімділігін арттыруға бағытталған гигиеналық нормалар мен талаптарды, санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды тәсілдерін меңгеруді оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық радиобиология
Бұл пән студенттерді радиометрия және дозиметрия ұғымдарымен таныстырады. Иондаушы сәулеленудің биологиялық әсері және иондаушы сәулелену көздері, радионуклидтердің азықтық тізбектер бойынша орын алмасуын оқытады. Жануарлардың сәулелі зақымдануы және сәулелі ауруларын анықтау және емдеуді меңгереді. Сыртқы сәулеленуге ұшыраған жануарларды бастапқы өңдеудің технологиялық процесін, радиоактивті заттармен жұмысты ұйымдастыруды және радиациялық қауіпсіздік негіздерін зерделейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық жедел хирургия
Пән хирургиялық аурулардың белгілері бар оған ықпал ететін, хирургиялық көмекті қажет ететін және хирургиялық ауру тудыратын процестерінің патогенезін, себептерін оқытады. Бұл пәнді оқу кезінде хирургиялық аурулардың клиникалық белгілері анықталады, емдік және алдын алу шаралары әзірленеді. Хирургиялық ауруларды анықтау және емдеуде қазіргі заманғы жабдықтардың, технологиялардың, дәрі-дәрмектердің, әдістердің кең спектрі, қан тамырлары хирургиясы, нейрохирургия, трансплантациялық хирургия қолданылады
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жануарлардың патологиялық физиологиясы
Пән патологиялық процестің басталуы мен дамуының және нәтижесінің жалпы заңдылықтарына байланысты жануарлардың дерттік организміндегі негізгі функционалдық және құрылымдық өзгерістерге сәйкес үрдістерін оқытады. Патологиялық физиология – іргелі ғылым, ауыл шаруашылық жануарлары ауруларының жалпы себептерін анықтауға, кез келген аурудың патогенезіндегі себеп-салдарлық байланыстағы көрсеткіштерін анықтайды. Сондай-ақ аурудың дамуындағы жалпы патологиялық заңдылықтарды талдауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық фармакология
Пән ауруға шалдыққан жануарларды емдеу үшін ветеринарияда қолданылатын дәрілік өсімдіктердің тізбегін қарастырып, оқытады. Білім алушышлар мал дәрігері маманы ретінде ойлау қабілетін тәжірибелік ойлауын дамытады және әртүрлі ауруларға арналған дәрілік заттарды тағайындау мен қолдануды басшылыққа ала отырып, әртүрлі дәрілік форма әзірлеу барысында өсімдік және жануарлар шикізатын дайындаудың технологиялық әдістерін меңгере отырып, дәрілік заттарды сақтауды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық акушерлік
Пән ауыл шаруашылық малдарының көбею мүшелерінің морфологиясы және физиологиясы мен сүт бездерін; малдарды көбейтудің биотехнологиялық әдістерін; көбею қабілеттіліктерін бақылау әдістерін; көбею мүшелерінің ауруларының алдын алуын зерттейді. Ұрықтанудың, буаздықтың, туу және туудан кейінгі ауыл шаруашылығының ұрғашы малдарының қалыпты және патологиялық жағдайларын, жаңа туған төлдердің ауруларын қарастырады. Малдардың гинекологиялық ауруларын зерттеуде клиникалық ойлау, нақты диагноз қою, емдеу әдістері мен алдын алуды оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлардың патологиялық анатомиясы
Пән жануарлардың физиологиялық жағдайын ескере отырып, жөндеу процестерінің динамикасын, жануарлардың жұқпалы ауруларының патоморфогенезі атап айтқанда, қатерлі ісіктер, вирустық, метаболикалық аурулар, жануарлардың өлімінен экономикалық залалдың алдын алу үшін аурудың нақты диагнозын қоюға мүмкіндік беретін ауруды сипаттайтын, жануарлар организміндегі, ағзалық, тіндік, жасушалық, суб жасушалық, макромолекулалық деңгейлердегі патологиялық процестердің морфологиялық негіздерін оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жеке зоогигиена
Пән табиғи-климаттық факторларды ескере отырып, ағзаның физиологиялық қажеттіліктерін анықтайтын құстар мен жануарларды азықтандыру мен ұстаудың оңтайлы жағдайларын жасау мәселелерін оқытады. Ауыл шаруашылығы жануарларының, терісі бағалы аңдардың, тауарлық балықтардың, аралардың және өнім бермейтін жануарлардың гигиеналық мәселелерін қарастырады. Мал шаруашылығы қора-жайларын ветеринариялық-санитариялық бағалау дағдыларын дамытады. Жануарлардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, жануардарға қалыпты жағдайды ұйымдастыратын болашақ ветеринар мамандарын даярлауды оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жалпы ветеринариялық хирургия
Пән ветеринариялық хирургияның теориялық қағидалары негізіндегі ұстанымдардың практикалық қолданысы тұрғысынан патологиялық ошақты немесе анатомиялық құрылым қызметін қалпына келтіру мақсатындағы айла амалдарын дәріптейді. Жануардық дерттік мүшесіндегі патологиялық түзілімге хирургиялық араласуды қажетет етін ауырсыну процестерінің себептерін зерттейді, хирургиялық ауруларды қоздыратын және тудыратын себептерді анықтау, патогенезін зерттеп, емдеп және алдын алу шараларын жүргізеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық токсикология
Пән ветеринариялық медицинада уытты заттардың әсер ету механизмі туралы, жануарлардың улануының клиникалық белгілері, улану кезіндегі патологиялық-анатомиялық өзгерістер, профилактикалық және емдік іс-шаралар туралы, ветеринариялық дәрілік препараттарды қолдану жөніндегі көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер туралы теориялық және тәжірибелік білімді меңгереді, қазіргі заманғы химиялық-токсикологиялық талдаудың негізгі әдістерін және ветеринариялық қадағалау объектілерін зерттеудің алдын алу әдістерін оқытады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық гинекология
Бұл пән гинекологиядағы теориялық және тәжірибелік дағдыларды, этиологияны, патогенезді анықтаудың клиникалық логикасын дамытуды, дұрыс диагнозды қоюды, емдеуді дұрыс тағайындауды, жыныс және жыныс мүшелеріндегі патологиялық процестерді туғаннан кейінгі кезеңде туындайтын аурулар мен бедеулікке алып келетін гинекологиялық аурулардың алдын алуды зерттейтін ветеринарияның клиникалық салаларының бірі болып табылады. Жануарлардағы жыныстық ауруларды балау, алдын алу және емдеу шараларын оқытады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жұқпалы аурулардың патоморфологиясы
Пән жануар организміндегі қандайда бір дерттік үрдістен туындағын патоморфологиялық көріністің негізінде диагноз қойып, өлім себептерін анықтап береді. Сонымен қатар ауруға балау жасау барысында жануар мүшелерінде түзілетін патофизиологиялық үрдіс тарапынан туындаған патологиялық құрылымға дәйектеме беріп оларды салыстырмалы түрде сипаттауды оқытады. Жануар мүшесі және оның тіндік құрылымдағы патогистологиялық сипаттарына да талдау жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Халықаралық ветеринариялық заңнама
Халықаралық эпизоотиялық бюроның қызметін зерделеу бойынша дағдыларды қалыптастыра отырып, әлемдегі жануарлардың денсаулық кодексін, импорт кезіндегі қауіп-қатерді талдауды, сауда шараларын, импорт және экспорт кезіндегі рәсімдерді, ветеринариялық сертификаттауды, азық- түліктің санитариялық қауіпсіздігіндегі ветеринариялық қызметтің рөлін, жануарлардың саулығы, сондай-ақ жануарларды есепке алу мен есептіліктің нормативтік-құқықтық құжаттамасын, серіктеме хат құжаттарды және жануарлардың әртүрлі ауруларын алдын алу бойынша ветеринариялық іс- шаралар жоспарларын қалыптастырады, сырттан келген табиғи эпизоотиялық ошақтардың , биологиялық және экономикалық салдарларды болжау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жалпы терапия
Пән ветеринариялық терапиялық қолданыстағы препараттардың жануар организміндегі этиопатогенетикалық үрдісіне қарсы тиімді фармакотерапиялық қағидадаларды талдау жасай алады. Жануарларды емдеу және алдын алудағы дәрі дәрмектердің қажеттілігін және биотрансформациялық динамикасын ғылыми негізде түсіндіріп бере алады. Дәрілік заттардың ветеринариялық медициналық мақсаттағы ұстанымдық классификациясымен таныса отырып, қажетіне қарай ветеринариялық практикада қолдану ықтималдылығына терапевтикалық негіздеме береді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мемлекеттік ветеринариялық қызмет
Пән нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес сапаны бақылауды және ұйымдардың, кәсіпорындардағы ветеринариялық бейімдегі мекемелердің, ұйымның эпизоотияға қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын көліктердің жүйесін оқытады. Сондай-ақ, жануарлардан алынатын шикізаттың сапасын бақылау түрлері, сонымен қатар облыстағы нормативтік құжаттарды біледі. Ветеринариялық есептілікте базалық білімді көрсетеді, мониторинг, ветеринариялық құжаттарды өндіру және өткізу кезінде шешім қабылдауға қабілетті.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал және құс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Пән сойылған жануарлар мен құстарды ветеринариялық күту ережелерін, сояр алдындағы дайындықты ұйымдастыруды және ветеринариялық-санитариялық жай-күйін бағалай отырып, жануарлар мен құстардың органдары мен өлекселерін өлгеннен кейін зерттеу әдістемесін, ветеринариялық-санитариялық жағдайын бағалай отырып зерттейді. Аурулар мен уланулардың алдын алу, мәжбүрлеп сойылған малдың етін, ішкі өнімдерін, шикізатын пайдалану. Мал және құс өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтау әдістерін түсіндіреді. Ветеринариялық-санитариялық сараптама саласындағы нормативтік құжаттардың және Мемлекеттік стандарттардың ережелері мен талаптарын қарастырады және зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық істі ұйымдастыру
Пән Қазақстан Республикасының заңнамасының қағидасы негізінде ветеринариялық істің ұйымдастырылуы мен ұйымдық құрылымын, қалада және ауылдық жерде ветеринариялық істі ұйымдастыруды, ветеринариялық кәсіпкерліктің негіздерін, ветеринариялық іс-шаралардың экономикасын, ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыруды, ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыруды, ветеринариялық есепке алу, есептілік және іс жүргізу мәселелерін оқытады. Аудандарда, қалаларда және шаруашылықтарда ветеринариялық қызметті ұйымдастыруды қарайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық рецептура
Пән ғылыми-техникалық құжаттаманы (ҒТҚ) ескере отырып, дәрілік нысандарды дайындаудың технологиялық процестерін зерделейді, дәрілік нысандарды дайындау ережесі, оларды таңбалау және орау, ғылыми-техникалық құжаттама тәртібіне сәйкес дәрілерді сақтау, тасымалдау және пайдалануды үйретеді. Дәрілік препараттар технологиясының мәні субстанциялар, яғни өсімдіктер мен жануарлардан алынатын бастапқы шикізат, сондай-ақ дәрілік препараттарды дайындау үшін пайдаланылатын минералды және синтетикалық материалдарды меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
Пән жануарлар мен құстардың жұқпалы аурулары эпизоотологиясына мониторинг жүргізу мен індетті ошақтардың жойылуын және індеттің алдын алудың жалпы және арнайы шаралары туралы ілім. Індеттік үрдістердің жалпы қолайсыздығына қатысты инфекциялық ошақтың негізгі ерекшеліктерін сараптайды. Індетті балау мен оған қатысты ветеринариялық-санитариялық іс шаралардың заңнамалық қағида негізінде іске асуына іс шара жоспарын құрастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық санитариялық сараптау
Пән мал шаруашылығы өнімдерінің сапасының қауіпсіздігін кешенді зерттеуді, ет және сүт өнімдерінің, жануарлардан алынатын шикізаттың сапасын бақылауды және халықты жалпы аурулардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық-санитариялық шаралардың орындалуын қадағалайды. Сонымен қатар жануар тектес шикізаттарын консервілеу және зарарсыздандыру әдістерін жүргізуді оқытады. Дені сау және ауру малдан алынған өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу мәселелері бойынша білімін көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жануарлардың азықпен улануы
Пән азықтық улану салдарынан туындайтын патологиялық анатомиялық өзгерістерді бағалау, клиникалық белгілерді, улардың уытты әсер ету механизмдерін және себептерін зерттейді. Жануарлардың улар мен улануын балау, емдеу және алдын-алу әдістерін талқылайды. Құстардың, аңдардың және балықтардың ағзасына уытты улардың әсерінің заңдылықтарын көрсетеді. Жануар текті улардың тудыратын химиялық токсикоздардың, фито-токсикоздардың және токсикоздардың көріністері мен ерекшеліктерін зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының төлдерінің гигиенасы
Пән климаттың, азықтың, топырақ пен судың, ауылшаруашылық малдардың және құстардың төлдерін ұстаудың, оларды пайдалану мен өсірудің құстар мен жануарлар организміне әсерін оқытады. Төлдерді күтіп-бағу мен ұстау және оларды өсіруге, жоғары өнімділік алуға ықпал ететін, жануарлар мен құстардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін ұсыныстар дайындайды. Жас төлдердің жағдайы мен гигиенасына кері әсер ететін жағымсыз әсерлерді жою мен жеңілдетуді үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдік, балық, ара шаруашылығы өнімдерінің ВСС
Пән өсімдік тектес тамақ өнімдерін санитариялық сараптама жасауды меңгереді. Өсімдік өнімдерінде жүргізілетін зерттеулер негізінде өнім сапасын бағалау әдістерін оқытады. Тоған және көл-тауарлы балық шаруашылығы, ара шаруашылығы өнімдерінің жіктелуін таныстырады. Тамақ және биологиялық құндылығын анықтайтын әдістерді қарастырады. Сараптамаға сынама алу кезіндегі жалпы талаптарды, балық және ара өнімдерінің сапасын анықтау үшін органолептикалық, зертханалық зерттеулер жүргізуді үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жеке терапия
Пән белгілі бір аурулардың емдеу әдістерін біріктіреді және оқытады. Клиникалық ветеринария бөліміне кіреді және ветеринариялық пән болып табылады, ол ветеринариялық, басқа да ғылымдардың, техника мен өндірістің жетістіктерін ескере отырып, жануарлардың ішкі ауруларын анықтау үшін зерттеу әдістерін меңгеруді, осының негізінде аурудың себептерін болдырмауға бағытталған қажетті профилактикалық-емдеу және басқа да ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді үйретеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жалпы ветеринариялық паразитология және гельминтология
Пән ветеринар маман дайындауда негізгі пәндердің бірі. Жан-жануарлардың гельминтоздарының қоздырушылары - паразит құртардың құрлысы мен биологиясын, жіктемесін, олардың даму, берілу, таралу заңдылықтарын оқытады. Ветеринар клиникалық және арнайы гельминтологиялық зерттеулер жүргізіп, гельминтоздарға диагноз қоя білуі тиіс. Гельминтоздарды емдеу үшін арнайы дәрі-дәрмектерді қолдана білуі керек. Кейбір паразиттер құрттар адамға да қауіпті, ал адамның өзі де кейбір құрттардың негізгі немесе қосымша иесі болады. Ветеринар гельминтоздарды балауды және профилактикалық шараларды іске асыра білулері керек.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық протозоология және арахноэнтомология
Пән ветеринар маманының дайындаудаға негізгі пәндерінің бірі. Пән үш бөлімен тұрады. Олар протозоология, энтомология және арахнология. Бұлардың әр қайсысы жеке ғылым салалары және әр бөлім өзіне тиісілі жануарлар мен құстарда паразиттік тіршілік етіп ауру туғызатын қарапайымдылардың, жәндіктер мен кенелердің құрлысын, даму биологиясын, берілуін және таралу заңдылықтарына зерттейді. Протозооздар, арахноздар және энтомоздарды балау әдістерін, ауруға шалдыққан жануарларды емдеуді, алдын алуды оқытады.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Клиникалық гематология негіздері
Пән физиологиялық және клиникалық күйдегі жануарлар ағзасының жағдайын бағалаудағы ветеринарлық медицина ғылымының негізгі принциптеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы көзқараста гемопоэз жүйесін зерттеуді оқытады. Қан өндіруші мүшелердің дамуын мен зерттеу тәсілін қарастырады. Ауру және сау жануарлардың ағзасындағы патологиялық өзгерістер кезінде қанның морфологиялық көрсеткіштерінің анықтамасын көрсетеді. Гемопоэз жасушаларының жалпы морфологиясын, үй жануарлары мен құстардағы морфологиялық ерекшеліктерін сипаттайды.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық травматология
Пән мал дәрігері маманының клиникалық ойлау қабілетін қалыптастыратын, жетекші клиникалық пәндердің бірі. Жануарладың инвазиялық және жұқпалы аурулардың, көбінесе жұқпалы емес хирургиялық ауруларының ауру тарихы, балау, алдын алу, емдеу шараларын оқытады. Жарақат тудыратын аурулар ғана емес, сонымен қатар жануарларды ұстаудың нашар жағдайлары мен дұрыс пайдаланбаудан туындаған жалпы патологияның алдын-алу мен емдеуді дұрыс қолдануға үйретеді.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Зооноздар
Пән жануарлардың зоонозды ауруларының эпизоотиялық процесінің динамикасын, сонымен қатар патогенді инфекцияның ауру қоздырғыштарының сау жануарларға берілу жолдарын меңгеруді оқытады. Инфекцияның көрінісі мен ағымының эпизоотологиялық ерекшеліктері, ауруды болжау және диагноз қоюдағы дифференциалды диагностикалық әдістердің рөлін, экономикалық негіздеме мен терапия әдістерін, антропозоонозды жұқпалы аурулардың алдын алу, бақылау, онымен күресу және жоюдағы іс - шараларды, эпидемиялық-эпизоотологиялық жағдайды болжауды зерттейді.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариялық эпидемиология
Пән әр түрлі жануарлар мен құстардың індетті ауруларымен күрес шаралары, эпизоотологиялық ерекшеліктеріне байланысты иммунитеттің қалыптасуы мен ауруды балау оның патогенезі, экономикалық шығыны, себебі және ауру тарихы мен таралуын оқытады. Жануар мен адам ағзасына ортақ жұқпалы аурулардың алдын алу және оған қарсы қолданылатын құралдар мен күрес шараларын оқытады. Осы негізде жануарлар, құстардың жұқпалы ауруларының алдын алу және жою шараларын әзірлеуді оқытады.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ветеринариядағы инновациялық зерттеу әдістері
Ветеринария бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша студенттің білім, біліктілік және дағдыларының әдістемелік және ғылыми-практикалық жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Ветеринария саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын (эксперимент) жоспарлау және жүргізу әдістерін, сонымен қатар белгілілердің негізінде инновациялық зерттеу әдістерін әзірлеуді үйретеді, ғылыми біліктілік жұмысын орындауда дербестіктің жоғары деңгейіне ықпал ететін дағдыларды қалыптастырады. Ғылыми ақпараттық базаны, инновациялық ғылыми зерттеулердің әдістемесін, таным жолдарын, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, тақырып таңдауға, ғылыми зерттеу жоспарын құруға, нәтижелерді өңдеуге қойылатын талаптарды зерттейді.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ет-сүт өнімдерінің технологиясы, гигиенасы, санитариясы және ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
Пән ет және сүт өнімдерін өндіру технологиясын, шикізаттарды өңдеудің әр түрлі технологияларын және жоғары сапалы өнім шығару және мал өнімдері мен шикізаттарының сапасына ветеринариялық-санитариялық қадағалау жүргізу және ет және сүт өндіріс нысандарында ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізуді оқытады. Шұжық, ет консерві өнімдері, жылқы, ірі қара, қой, шошқа еттерінен дайындалатын ет өнімдерін және қышқылды, ацидофильді сүт өнімдерін өндіру технологиясы, санитариясы және ветеринариялық-санитариялық сараптауды үйренеді.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шекарадағы және көліктегі ветеринариялық-санитариялық бақылау
Пән мемлекеттік кедендік шекара арқылы өтетін жүктерді ел ішінде - Қазақстан Республикасындажүріп-тұру өткізу жөніндегі мәселелердің тәртібін қарастырады және оқытады. Адам денсаулығынаөте қауіпті инвазиялық және инфекциялық ауруларының таралуын ел аумағына жібермеу үшін ветеринариялық-санитариялық қадағалау және бақылау аясына жататын жүктерінің сапасын және мал шикізат және өсімдік шаруашылығы өнімдердің сапасын бақылау әдістерін үйретеді.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жылқы аурулары
Жылқы аурулары пәні – жылқы шаруашылығы саласының бағыты мен жылқының табиғи биологиялық басты қасиеттерін ескере отырып, ветеринария ғылымы мен техниканың жетістіктеріне сәйкес жылқылардағы ауруларды анықтау үшін, қазіргі кездегі зерттеу әдістерін меңгеруді үйрететін, соның негізінде қажетті емдеу, алдын алу және басқа да ветеринариялық шараларды қолдануды оқытатын клиникалық ветеринария бөлімінің бірі болып табылады.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Балықтар мен аралардың инвазиялық аурулары
Пән мал дәрігерлеріне балық пен аралардың инвазиялық ауруларының қоздырғыштарының морфологиясы, патологиясы және биологиясы мен аурудың таралуы, экономикалық шығынды болдырмау туралы қажетті білім береді. Сондай ақ балық пен аралардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының таралуы мен одан келетін экономикалық шығынын алдын алу мақсатында оларды диагностикалау, емдеу және алдын алу әдістерін оқытады.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жануарлар мен құстарды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
Пән ауылшаруашылық жануарлары мен құстарды қолдан ұрықтандыруды жүргізудің негіздерін түсіндіреді. Ұрғашы және еркек жануарлардың жыныс жүйесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшелігін оқытады. Ауылшаруашалық малдарының жыныстық рефлекстерімен танысқаннан кейін, жасанды қынапты дайындау, ұрықты алуды, ұрықты бағалау және сұйылту, сақтау әдістерін таныстырады. Ауылшаруашылығы жануарларын: сиырларды, саулықтарды, биелерді, мегежіндерді, құстардың және қояндардың қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыруды оқытады.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығы шикізаттарына ветеринариялық-санитариялық сараптама
Пән ветеринариялық-санитариялық бағалау ережелерін, жануарлардан алынатын тамақ өнімдері мен техникалық шикізатты санитариялық-гигиеналық тұрғыдан зерттеу әдістерін, қан, ішек, эндокриндік ферменттік шикізат, тері шикізатын жинауға қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды оқытады және айқындайды. Жануарлар тектес азықтардың өндірісін бақылауды оқытады, барлық эндокриндік-ферменттік шикізаттың, жануарлардың жекелеген түрлерінің ішектерінің жіктелуін және тауарлық сипаттамасын, алғашқы өңдеу талаптарын, конфискаттарды техникалық кәдеге жаратуды, тері шикізатының негізгі түрлерін оқытады.
Оқу жылы - 5
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әлеуметтік-мәдени, экономикалық-құқықтық, экологиялық білімдері мен коммуникативтік іскерліктерді көрсете білу, қоғамның қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, ақпараттық технологияларды қолдану.
- Терапиялық, диагностикалық, хирургиялық іс-шараларда кәсіби дағдыларды тәжірибеде қолдану.
- Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында ветеринариялық-санитариялық сапалы өнімдерді алуды қамтамасыз ету.
- Арнайы пәндерді игеруде емдеу және алдын алу, санитарлық іс-шараларды жүргізу үшін биологиялық білімді қолдану.
- Әртүрлі клиникалық белгілері мен белгілер жиынтығы бар аурулар кезінде емдеуді тағайындау туралы шешім қабылдау.
- Жұқпалы және инвазиялық аурулар кезінде жасанды интеллект қолдану арқылы эпизоотологиялық мониторинг жүргізу.
- Ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу және мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Ветеринариялық-санитариялық қызметтің бақылауындағы объектілерге ветеринариялық санитариялық қадағалауды жүзеге асыру.
- Халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру.
- Жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларын балау, алдын алудың кешенді әдістерін пайдалана отырып, жануарлар мен құстар ауруларын зертханалық балаудың классикалық және инновациялық әдістерін қолдану.