Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7R01127 Офтальмология (ересектер, балалар) в С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Пәндер

  • Стационардағы офтальмология-1

    Бұршақтың құрылысының жастық ерекшеліктері. Катаракта дамуының патогенездік механизмдері. Катарактаның түрлері. Катарактаның хирургиялық емдеуге көрсеткіштері. Екіншілік және асқынған катарактаның клиникалық көріністері. Көздің дренажды жүйесіндегі бөгеттер. Гониоскопия. Көзішілік гипертензия. Біріншілік глаукома. Глаукоманың жедел ұстамасы. Диагностика және емдеу тәсілдері. Жедел көмек. Дифференциалды диагностика. Екіншілік глаукоманың классификациясы. Екіншілік глаукоманы емдеудің патогенездік негізі. Меланома және ретинобластома. Көру нерві дискі іркілісінің этиопатогенезі. Клиникасы, диагностикасы, емі. Көру нервінің әртүрлі бөліктеріндегі невриттің клиникалық ерекшеліктері, диагностикасы,емі.Көру нервінің семуі. Этиологиясы, түрлері. Клиникалық суреті. Оптохиазмалды арахноидит. Диагностикасы, емі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 42
  • Амбулаториялық-емханалық офтальмология-1

    Офтальмологиялық көмекті ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетуді ұйымдастырудың жалпы принциптері. Көздің қосалқы аппараты, көз алмасы, орбитаның анатомиясы және физиологиясы. Көру ағзасының эмбриогенезі. Көру өткірлігі, жарықты сезу, көру кеңістігі, түсті ажырату, бинокулярлы көру. Оптикалық орталар. Рефракцияның түрлері . Миопия, гиперметропия, астигматизмде көзілділірік таңдап беру. Амбулаторлы жағдайда көз ауруларын емдеу. Амбулаторлы жағдайда диагностикалау мен емдеудің заманауи клиникалық хаттамалары.Күндізгі стационар, жұмыс істеу принциптері. Конъюнктивиттің түрлері. Балалар мен ересектердегі конъюнктивиттердің өту ерекшелігі. Диагностикалау әдісі. Емдеу тәсілдері. Бактериалды конъюнктивиттер. Ұшықты және аденовирусты конъюнктивиттер, клиникасы, диагностикасы, емі.Трахома, паратрахома. Аллергиялық конъюнктивиттер. Конъюнктивиттің дистрофиялық аурулары. Созылмалы іріңді дакриоцистит. Диагностика және емдеу тәсілдері. Нәрестелердің дакриоциститі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 28
  • Микрохирургия

    Оталық блоктың жабдықталуы. Асептика, антисептика. Микрохирургиялық аспаптар, тігіс материалдары. Жергілікті анестезия. Қабақ патологиясының микрохирургиясы. Птеригиум, симблефарон, пингвекула және т.б. микрохирургиясы. Кератопластиканың түрлері. Катарактаның әртүрінің микрохирургиясы. Қылилықтың микрохирургиясы. Глаукома кезіндегі жасалатын оталар, цилиарлы денеге жасалатын оталар, дренажды қолдану оталары. Витреоретинальді оталар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 19
  • Амбулаториялық-емханалық офтальмология-2

    Туа біткен қабақтың даму ақаулары. Қабақтың қабыну ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, емі. Көздің құрғақ синдромы және оған жаңа көз қарас. Диагностикасы, емі. Орбитаның аурулары. Орбитаның қабыну аурулары. Орбита веналарының тромбофлебиті, үңгір қойнаудың тромбозы. Орбита ауруларынан кейін болған қанайналым. Қасаң қабықтың даму ақаулары. Қасаң қабықтың қабыну аурулары (кератиттер). Балалар мен ересектерде жиі кездесетін кератиттер. Диагностикалау әдісі. Этиологиясына, ауырлық дәрежесіне және орналасуына қарай классификациясы. Объективті және субъективті негізгі белгілер. Емдеу принциптері және оның ұзақтығы. Нәтижесі. Эндокринді офтальмопатия. Тиреотоксикалық экзофтальм, ісінулі экзофтальм және эндокринді миопатия. Патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі. Дәрі-дәрмектік және хирургиялық емдеуге көрсетімдер. Склераның қабынуы (эписклерит, склериттер) оған жиі әкелетін себептер. Клиникасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 37
  • Стационардағы офтальмология-2

    ЖМД (ВМД) құрғақ және ылғалды түрлері. Клиникасы. Диагностикасы. Ангиогенездің ингибиторын интрвитреальді енгізуге көрсетімдер. ШХРД классификациясы, клиникалық суреті, диагностикасы, емі. Тор қабықтың ажырауы. Классификациясы. Себептері, зерттеу әдісі, клиникалық ерекшеліктері, емі. Тор қабықтың ажыраумен науқастарды емдеу тактикасы. Тор қабықтың ажырауына жасалған отадан кейінгі реабилитация. Мониторинг. Рефракционды хирургия. Даму тарихы, кезеңдері. Эксимерлазерлі хирургияға қажетті құралдар. Эксимер лазер әдісі. Фемтосекундты лазер эксимерлазерлі хирургияда. Бұршақтық (факичная) түзету. Көрсетімдер, қарсы көрсетімдер. Бұршақтық түзетудің әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 14
  • Стационардағы офтальмология-3

    Балаларда кездесетін патологияларды анықтау және емдеу. Қосарланған және салдық қылилық. Классификациясы. Зерттеу әдістері. Амблиопия.Ортоптикалық және хирургиялық ем. Хирургиялық ем. Әдістері. Туа біткен, жасөсіпірімдік глаукома. Туа біткен катаракта, классификациясы, клиникасы, зерттеу тәсілдері. Шала туылған нәрестерлердің ретинопатиясы, оны емдеудің заманауи тәсілдері. Көздің тамырлы қабығының қандануы мен иннервациясының ерекшеліктері. Туа біткен ақаулары. Көздің алдыңғы бөлігінің қабыну аурулары. Көздің артқы бөлігінің қабыну аурулары: хориоретиниттер. Ағзаның жалпы аурулары Бехтерев, Бехчет синдромында көздің зақымдануы. Клиникалық ерекшеліктері, диагностикасы, емі. Миопиялық ауру. Асқынған миопияның классификациясы. Үдемелі миопияның медикаментозды, лазермен, хирургиялық жолмен емі. Шыны тәрізді дененің патологиясы. Диагностика. Хирургиялық емге көрсеткіштер. Офтальмологияда жиі кездесетін синдромдар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 60
  • Ересекер мен балалардағы нейроофтальмология

    Резидентураны бітіргенде әрбір резидент нейроофтальмологиялық белгілермен науқастарды зерттей алады және дифференциалды диагнотика жүргізіп ғылыми негізделген емді тағайындай алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Резидент- офтальмологтың ғылым - зерттеу жұмысының негіздері

    Пән офтальмолог - резиденттің халықаралық стандарттарға сәйкес мамандығының ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу білімін шеберлікті және дағдыларын қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Тамырлы офтальмопатология

    Пән тамырлы офтальмопатологиямен науқастарға толық офтальмологиялық тексеріс жүргізуді, тамырлы офтальмопатологияның әрбір түрін ажырата білуді, дифференциалды диагностика жүргізуді, ғылыми тұрғыда негізделген емді тағайындауды, инъекцияның барлық түрін орындауды, соның ішінде интраокулярлы және мониторинг жүргізуді оқытады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8

Оқыту нәтижелері

  • Тәлімгердің бақылауымен және қадағалуымен амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, үйде, медициналық ұйымнан тыс, шұғыл және жоспарлы нысандарда білікті және мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсету. Тәлімгердің бақылауымен және қадағалауымен офтальмологиялық көмек көрсетуде профилактикалық іс-шараларды жүргізу, микробқа қарсы тұрақтылықтың қалыптасуына жол бермеу, санитарлық-гигиеналық ағарту және халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру.
  • Нақты клиникалық жағдайда аппаратты-аспаптық зерттеулердің және клиникалық мәліметтердің нәтижесін талдай алады.
  • Қазіргі жаңа классификацияға сәйкес салыстырмалы диагностика жүргізеді және диагнозды нақты қояды.
  • Коморбидность бар пациентті емдеуде дәлелді медицина қағидаларын ескере отырып қауіпсіз және тиімді ем жүргізеді
  • Хирургиялық, лазерлік және дәрі-дәрмектік емдердің тиімділігін бағалайды, аурудың асқынуына болжам жасайды, алдын алу іс шараларын жүргізеді.
  • Тәлімгердің бақылауымен және қадағалауымен медициналық есепке алу-есеп беру құжаттарды жүргізу.
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру аясында қызмет жасайды.
  • Тәлімгердің бақылауымен және қадағалауымен пациенттер мен оның айналасындағы адамдар және денсаулық сақтау саласындағы мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу.
  • Кәсіби топтардың арасында талқылау және келісу әрекеттеріне қатысады, өзінің нұсқаларын айтып, оны қорғай біледі және одан әрі нәтижелерін жақсартады.
  • Зерттеу сұрақтарын құрастыра алады, алынған ғылыми мәліметтерге талдау жасайды, оларды біріктіріп қорытынды шығарады және өзінің клиникалық тәжірибесінде қолданады.
  • Өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер базасын тиімді пайдаланады және конференцияларға, үздіксіз кәсіптік дамытудың басқа түрлеріне қатысады.
Top