Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B03105 Халықаралық қатынастар в ҚарУ Е.А.Бөкетов
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласы бойынша заманауи білім жүйесін,қажетті жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті меңгерген, қазіргі әлемнің күрделі өзара қатынастарын түсінетін және өз бетінше тиімді шешім қабылдай алатын бәсекеге қаблетті жоғары білікті кадрларды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B140 Халықаралық қатынастар мен дипломатия
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі ТМД мемлекеттері
Халықаралық ұйымдар
Мамандыққа кіріспе
Медиацияға кіріспе
Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері
Кәсіби - бағытталған шетел тілі
Құқық және кәсіпкерлік негіздері
Қаржылық сауаттылық негіздері
-
2 Оқу жылы
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің шетел тілі (қытай тілі) 1-бөлім
Еуропа және Америка елдерінің шетел тілі (француз тілі, неміс тілі) 1-бөлім
Жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар тарихы
Халықаралық қауіпсіздік негіздері
Дипломатиялық және консулдық қызмет
Шығыс Азия елдерінің мәдениеті мен діндері (орыс тілінде)
Еуропа және Америка елдерінің шетел тілі (француз тілі, неміс тілі) 2-бөлім
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің шетел тілі (қытай тілі) 2-бөлім
Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар тарихы
Халықаралық қатынастар теориясына кіріспе
Қазіргі әлем мемлекеттерінің саяси жүйелері
Еуропа және Америка елдерінің мәдениеті мен діндері (орыс тілінде)
-
3 Оқу жылы
Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы концепциялары
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Латын Америкасы
Геосаясат негіздері
Кәсіби қазақ тілі
Жаһандану және жаһандық басқару
Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері (ағылшын тілінде)
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің практикалық шетел тілі (қытай тілі) 1-бөлім
Дипломатиялық келіссөздер жүргізу техникасы
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу Шығыс және Африка
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия
Еуропа және Америка елдерінің практикалық шетел тілі (француз тілі, неміс тілі) 1- бөлім
Еуропа және Америка елдерінің практикалық шетел тілі (француз тілі, неміс тілі) 2-бөлім
Шығыс Азия елдеріндегі гендерлік саясат
Еуропалық Одақтың гендерлік саясаты
Халықаралық қатынастардағы саяси лидерлік институты (орыс тілінде)
Көпжақты дипломатия (ағылшын тілінде)
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің практикалық шетел тілі (қытай тілі) 2-бөлім
Әлем саясатындағы гендер факторы (орыс тілінде)
-
4 Оқу жылы
Көпшілік дипломатия дағдылары (ағылшын тілінде)
Халықаралық қатынастардағы діни фактор
Халықаралық қатынастардағы ақпараттық технологиялар
Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект
ҚХР-ның сыртқы саясаты
Халықаралық қатынастардағы экстремизм және терроризм
ХХІ ғасырдағы халықаралық қақтығыстар және бітімгершілік
Қоғаммен байланыс (PR) (ағылшын тілінде)
АҚШ-тың сыртқы саясаты
Дипломатиялық құжаттама және хаттама
Ғылыми зерттеу негіздері
Оқыту нәтижелері
- Қазақстандық құқықтың негізгі көздері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі ережелері, қаржылық сауаттылықтың негіздері, цифрлық трансформация жағдайындағы қаржылық өнімдер мен технологияларды тиімді пайдалану тәсілдері бойынша білімдерін көрсетеді. Зиянды және қауіпті факторлардың адамға және қоршаған ортаға әсерін түсінеді, өзінің кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, өзара түсіністік, толеранттылық және қазіргі заманғы қоғамның демократиялық құндылықтары басымдықтарындағы өзінің азаматтық ұстанымын бекітеді. Экономика ғылымның әдістері, нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлік қызмет заңдылықтары туралы түсінеді, инклюзияның принциптері мен құндылықтарын ескереді.
- Жаңа және қазіргі заманның негізгі тарихи оқиғаларының барысын сипаттайды, Батыс пен Шығыс елдері өркениеттерінің жетістіктерін жүйелейді, шет елдердің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуының заңдылықтарын анықтайды, қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы жаһанданудың жағымсыз және оң көріністерін тізбектеп көрсете алады, кең тарихи, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық контексте әлем елдерінің саяси жүйелері туралы білімдерді көрсетеді, рухани және гуманистік құндылықтардың нығаюындағы мәдениет пен діннің рөлін айқындайды.
- Халықаралық мәселелерді шешу саласындағы мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды және талдайды, қазіргі әлем жағдайындағы халықаралық қатынастарға қатысушылардың іс-әрекеттерін негіздейді, халықаралық қатынастар мен әлемдік саясатқа жаһандық үдерістердің ықпалын бағалайды, және АҚШ пен ҚХР-ның сыртқы саясатының бастауы, дәстүрлері мен эволюциясы туралы білімдерін көрсетеді.
- Мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғауда және сыртқы саясаттың міндеттерін іске асырудағы дипломатиялық және консулдық қызметтердің рөлі мен орнын көрсете алады, дипломатиялық жұмыстың негізгі әдістері мен техникалық тәсілдерінің тізімін көрсете алады, дипломатиялық құжаттардың негізгі түрлерін жіктейді, дипломатиялық құжатты талдау жасайды, оның түрін анықтайды, дипломатиялық құжаттарды, келісім жобаларын, іс-шаралар бағдарламаларын құрастырады.
- Қазіргі заманғы дипломатиялық жүйе жағдайында жекелеген мемлекеттердің сыртқы саясатының теориялық және практикалық негіздерін талдайды, саяси құрылымын, экономикалық дамуын, мәдени және діни ерекшеліктері мен геосаяси жағдайларын ескере отырып, зерттелетін елдер мен аймақтардың кешенді сипаттамаларын жасайды.
- Мемлекеттік және оқытылатын шет тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникацияларды жүзеге асырады, кәсіби бағдарланған сипаттағы мемлекеттік және шет тілдеріндегі әдебиеттермен жұмыс істейді, олардың мазмұнын ауызша хабарламалар мен рефераттар нысанында жинақтайды, мемлекеттік және оқытылатын шет тілдеріндегі мамандандырылған мәтіндердің ауызша және жазбаша аудармаларын жүргізеді.
- Халықаралық қатынастардағы қазіргі заманғы теориялар мен тұжырымдарының мазмұны және негізгі түсініктерін, олардың ерекшеліктерін сипаттайды, өзінің алған білімдеріне негізделген әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар мәселелері бойынша өзіндік пікірлерін білдіреді және кәсіби лексика негізінде пікірталастарға қатыса алады.
- Қазіргі қақтығыстардың себептерін анықтайды, келіссөздер процесі мен медиация институты негізінде олардың алдын алу мен реттеудің тиімді шешімін табады, қазіргі заманғы мәселелерді, соның ішінде сепаратизммен, экстремизммен және терроризммен байланысты мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлін анықтайды.
- PR-дың орнын халықаралық қатынастардағы саяси мәдениеттің факторы ретінде бөліп көрсетеді, шет мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ақпараттық стратегияларды талдайды, БАҚ-пен жұмыстардың түрлерін жіктейді, іс-шаралардың жобалары мен жоспарларын өңдейді, деректерді талдауды, цифрлық дипломатияны және қауіпсіздікті біріктіре отырып халықаралық қатынастарда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданады.
- Көпжақты дипломатияның мәнін, пайда болу себептерін, тарихи эволюциясын анықтайды, көпжақты дипломатия механизмдерінде және халықаралық ұйымдардың қызметінде бағыт ала алады, халықаралық интеграцияның теориялық принциптері мен түрлерін сипаттайды, қазіргі жағдайдағы екі жақты және көпжақты дипломатияның келешек формаларын, соның ішінде халықаралық гуманитарлық байланыстардың дамуы, әлемдегі алдыңғы қатарлы саяси көшбасшылардың қызметтері, халықаралық қатынастарды гендерлік фактор үлгісін есепке ала отырып талдайды.
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен дипломатиясының қалыптасуы және дамуының негізгі кезеңдерін талдайды, мемлекеттің сыртқы саясатының басым бағыттарын айқындайды, Қазақстанның шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарын дамытудың ең ықтимал жобаларын болжайды.
- Халықаралық қатынастардағы дипломатиялық хаттама мен этикеттің рөлін анықтайды, кәсіби қарым-қатынас жасауда дипломатиялық және іскерлік қатынас мәдениеті дағдыларын қолданады, Қазақстан Республикасының протоколдық тәжірибесінің негізгі ережелерін сипаттайды, протоколдық және ресми іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіндегі іс әрекеттердің тәртібін көрсетеді.
- Ұлттық мүдделерді қалыптастыру мен мазмұны механизмін талдайды, мемлекеттің ұлттық мүдделеріне ішкі және сыртқы қауіптердің сипатын бағалайды, әлемдегі, аймақтағы және қоғамдағы саяси жағдайдың дамуын болжайды, халықаралық қатынастардағы діни фактордың рөлін қорытындылайды.
- Халықаралық қатынастар жүйесіндегі, оның ішінде ТМД елдеріндегі аймақтардың рөлі мен орнын анықтайды, аймақтық интеграциялық үдерістердің кезеңдерін талдайды, халықаралық қатынастарды зерттеуде аймақтанулық талдаудың жалпы және арнайы әдістерін қолданады, шығысазиалық мемлекеттер мен Еуропалық Одақтың гендерлік саясатының эволюциясын сипаттайды.
- Халықаралық жағдайларды талдаудың негізгі әдістерін және қолданбалы халықаралық-саяси талдаудың негізгі әдістемелерін сипаттайды, түрлі дереккөздерінен ақпаратты табу, бағалау және пайдалануды біледі, ақпараттарды жинау және сақтауға арналған қазіргі заманғы технологияларды тиімді пайдалана отырып, ақпараттарға талдау жүргізеді.