6B01310 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Halyqtar dostyǵy
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты бастауыш білім беру саласында сапалы білімі, аналитикалық, зерттеу, этикалық, тіл және икемді дағдылары, көшбасшылық қасиеттері бар жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және География
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
Пәндер
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторларын зерттейді. Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын, әлеуметтік және азаматтық мәдениетін қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлыққа деген саналы азаматтық ұстанымын айқындайды, осы құбылысқа қарсы тұрудың адамгершілік санасының құндылықтарын жүзеге асырады, өмірдегі сыбайлас жемқорлық құбылыстарына сыни талдау жасау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіпкерлік негіздері
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты: кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қажетті нормативтік құжаттарды, заңдар мен заңға тәуелді актілерді зерттеу, бизнесті ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын қалыптастыру, іскерлік қарым-қатынасты, кәсіпкерлік этиканы қалыптастыру, персоналмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, бәсекелестік орта жағдайында өндірістік - шаруашылық және қаржылық - талдамалық қызметті ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті қабілеттерді меңгеру болып табылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика және құқық негіздері
Пәннің мақсаты – құқық және құқықтық қатынастардың негізгі түсініктерін, еңбек, азаматтық, отбасылық және қылмыстық құқықтағы өкілдіктер мен құзыреттерді, сонымен қатар экономика саласындағы теориялық және практикалық негіздерін қалыптастыру. Студенттерде экономикалық заңдылықтар, нарықтық экономиканың дамуындағы түрлі тенденцияларды тудыратын себептер, сонымен қатар оны реттеудің маңызды механизмдері туралы түсінік болуы керек.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты: қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен теориялық тұжырымдамалар туралы теориялық білімді қалыптастыру, ғылыми зерттеулердің әдіснамасын меңгерген жан-жақты білімді зерттеушіні қалыптастыру, ғылыми-зерттеу жұмысының әдістемелік дағдыларын қалыптастыру, зерттелетін тақырыптардың өзектілігі мен жаңашылдығын анықтау, дағдыларын қалыптастыру, ғылыми таным мен зерттеу әдістерін қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Білім берудегі менеджмент
Білім берудегі менеджменттің ұғымдық аппаратын, педагогикалық менеджмент саласындағы өзінің кәсіби қызметінің мақсатын, міндеттерін уақытылы анықтау үшін қажетті кәсіби ойлау дағдыларын, менеджердің функционалды - рөлдік репертуарын, менеджмент технологияларын, өзін-өзі басқару мен әдістерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Пән экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері саласындағы білімді қалыптастырады, экологиялық және қауіпсіздік мәселелері басымдық ретінде қарастырылатын күнделікті және кәсіби қызмет, құндылық бағдарлар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды пайдалануға баса назар аударады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдануды, педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолдануды, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешуді, кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдайлар мен жағдаяттарда икемді және мобилді (ұтқыр) болу дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Бастауыш білім беруде дидактикалық ойындарды ұйымдастыру әдістемесі
Пәннің мақсаты- белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекетке баулиды. Бұл ойындардың баланы оқытуға арналуы бағытында жұмыс жасалуы тиістігін меңгереді. Дидактикалық ойындарды ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелейтіндігі мазмұнында құра білуге үйретеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Цифрландыру жағдайында білім беру ұйымдарын басқару
Бұл цифрлық технологияларға негізделген заманауи білім беру ортасын ұйымдастыру тəсілдерін оқытады. Қарқынды дамып келе жатқан цифрлық технологиялар білім беру процесі үшін дəстүрлі құралдарды тиімді түрде толықтыратын жаңа құралдарды ұсынады, оларды көптеген педагогтер өздерінің əдістемелік жүйесіне тезірек енгізіп, қарқынды жұмыс істеу дағдыларына машықтандырады. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқу процесінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктеріне қолжетімді етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әліппе және ана тілін оқыту әдістемесі
Әліппені оқыту әдістемесінің мазмұны бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды сауаттылыққа үйретуді көздейді. Оған қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесі, негізгі тілдік бірліктер, грамматикалық дағдылар, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым ұғымдары және тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым сияқты тілдік дағдылар кіреді. Әдістері: топтық жұмыс, жобалық жұмыс, семинар-диалог, іскерлік ойын, миға шабуыл.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мектепте қашықтықтан оқытуды (сабақты) жүргізу әдістемесі
Пәннің мақсаты білім алушыларды ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялармен, оқытудың алуан түрлі құралдарымен таныстыру болып табылады: электрондық оқу құралдары, оқыту бағдарламалары, оқу бейнелері және аудио материалдары, электрондық анықтамалықтар, білімді бақылау мен бағалауды жүзеге асыруға арналған компьютерлік тестілеу. Курстың мазмұны танымға, белсенділікке және дербестікке, сыни ойлауды дамытуға, танымдық іс-әрекеттің түрлі әдістерін қолдана отырып, ақпаратпен жұмыс жасауға ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі
Әлемді тану бойынша жаңартылған оқу бағдарламасын және оның жаңа мазмұнын, құрылымы мен ерекшеліктерін қарастырады. Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі мен стратегиясын меңгереді. Әлемді тану бойынша оқу жоспарларын құрастырудың тәжірибелік іскерліктерін дамытады, ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар құрылымын үйренеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Сыныптан тыс оқытудың әдістемесі
Бұл пән сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың білімі мен іскерлігін меңгеруге, оқушылардың қызығушылығын дамыту, ғылым негіздерін үйренуге саналы көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш мектептегі сыныптан тыс жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Оқушылардың қабілеттерін және оларды зерттеу әдістерін, педагогикалық процесті мұғалім қызметінің объектісі ретінде ашады. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің түрлері мен әдістерін көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі
Жаратылыстану, оның мазмұны, құрылымы мен ерекшеліктері бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының білімін көрсетеді. Бастауыш мектепте жаратылыстану пәнін оқыту әдістері мен оқыту стратегиясын меңгергертеді. Жаратылыстану бойынша оқу жоспарының құрылымын (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар) жасау дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік-эксперименталды жұмысты жүргізу әдістемесін игертеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жас ерекшелік психологиясы және физиологиясы
Жас ерекшелік психологиясы және физиологиясы - адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір кезеңдеріндегі адамның психикалық даму жолын болжауды үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Психология және адам дамуы
Психология және адам дамуы арқылы болашақ педагогке қазіргі заманғы психологиялық аспектілерді қолданудың тиімділігін арттыруға баулиды. Жас ерекшелігіне сай психологиялық құзыреттіліктерді қолданудың түрлі психологиялық әдістерін білім алушының бойына сіңіру мен теориялық тұрғыдан қарастыруға үйретеді. Психология және адам дамуы пәні арқылы білім алушыға интербелсенді және белсенді әдістердің кеңінен қолдануын үйретіп, жас ерекшелігіне сай тәрбиелеуге баулиды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Математиканы оқыту әдістемесі
Бастауыш оқыту және тәрбиелеу бойынша болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Бастауыш мектептің математикалық есептерін шешеді. Бастауыш сынып оқушыларының математикасын оқытудың нақты процесінде орын алған оқу-тәрбие міндеттерін кәсіби тұрғыдан шешу үшін студенттерді теориялық біліммен және практикалық шеберлікпен қаруландырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық акмеология
Пән студенттерге педагогтің қызметінде кәсібилікке жету жолдары туралы түсінік береді; акмеологиялық ғылымның қолданбалы бағыттарымен; педагог еңбегінің пәндік саласы мен ерекшеліктерімен; педагог тұлғасының кәсіби жетілу шыңына жетудің шарттары және заңдылықтарымен таныстырады; педагогикалық қызметке қызығушылықты, студенттердің интеллектуалдық қабілеті мен коммуникативтік дағдыларын дамытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі
Жалпы адамзаттық құндылықтар мен елдің мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде оқушылардың ұйымшыл ұжымын қалыптастыруға, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуына және белсенді азаматтық ұстанымына ықпал етуге тәрбиелейтін пән.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды үйретеді. Арнайы педагогиканың салалары, категориялары жайлы біліммен қаруландырады. Отандық арнайы педагогиканың даму барысы туралы білімдерін кеңейтеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар
Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогикалық технологиялар ұйымдастырудың құқықтық негіздерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Түрлі санаттағы мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруді ұйымдастыру шарттары жайлы білімін көрсетеді. Сенсорлық, қимыл-қозғалыс, зияткерлік бұзылыстары бар, эмоциялық-ерік саласы бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу іс-тәжірибесін дамытады. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру дағдыларын меңгереді. Білім беруде инклюзивті үдерістерді басқару бойынша сыни ойлау дағдыларын тереңдетеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектепте музыкалық тәрбиенің технологиясы
Бастауыш мектепте музыкалық тәрбиенің технологиясы - тұлғаны қоғамның музыкалық мәдениетіне қатыстыру процесін қамтиды. Мақсаты - музыкалық тәжірибені (жасау, орындау, қабылдау, музыкалық шығарманы анализдеу) жас ұрпаққа жеткізу. Музыкалық тәрбиенің индивидке мақсатты түрде педагогикалық әсер ету, ол тұлғаның жалпы үйлесімді дамуының ізгіліктік-эстетикалық сезімінің, идеалдарының, музыкалық талғамы мен талаптарының қалыптасуының бір құралы екендігін білім алушылардың санасына ұялату.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіруді үйретеді. Бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа ала отырып, жаңa epeже заңдылықтарын жасауға, жинақтауға баулиды. Бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқыту процесінде жүзеге асыруға машықтандырады. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгерте отырып, белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті дамытуға септігін тигізеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Цифрлық сауаттылықты оқыту әдістемесі
Цифрлық сауаттылық пәнінің мақсаты- білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқып игеру арқылы ақпараттық технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту, ақпараттық ортаны қалыптастыру жайлы түсінігі қалыптастырылады. Компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, ғаламтор желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалануды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Музыка пәнін оқыту әдістемесі
«Музыка пəнін оқыту əдістемесі» курсы жалпы білім беретін мектептегі музыкалық-педагогикалық қызметтің міндеттерін, мазмұнын жəне ұйымдастырылуын зерттейтін орталық пəндерінің бірі болып табылады. Музыкалық білім беру теориясы мен əдістемесі интеграциясында мектепте музыка оқытудағы кəсіби тəсілдің негізгі заңдылықтары оқытылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектептің оқу процесінде арт-технологияларды қолданудың әдістемесі
Пәннің мақсаты - оқу үдерісіне ендіру арқылы студенттердің көркемдік және өндірістік қызметін ұйымдастырып, тәжірибе жинап, сонымен бірге эстетикалық құндылығы бар дайын өнімді жасау үшін шығармашылық іс-әрекетке баулып, өнер педагогикасын игеруге мүмкіндік алады. Бұл пән болашақ педагогтардың көркем шығармашылық және бейнелік іс-әрекетке даярлықтарын жоғарылатады. Бастауыш сыныпта оқу пәндеріне оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын көрсету болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының әдістері мен тәсілдері туралы теориялық білім мен практикалық дағды береді. Белгілі бір мерзімге сынытардың тәрбие ісінің бағдарлама-жоспарын әзірлеудің практикалық іскерлігін дамытады. Оқушылармен жан-жақты тәрбие жұмысы жүйесін меңгерудің дағдыларын қалыптастырады. Сынып пен оқушылардың жеке басын диагностикалауды үйретеді. Алынған зерттеу нәтижелерін талдау амалдарына машықтандырады. Тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру және әдістемесі бойынша өткізу дағдыларын тереңдету құзіреттеріне баулиды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бұл пән зияткерлік және шығармашылық жұмыстарды орындауға бағытталған педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған. Оқушылардың шығармашылық белсенді тұлғасын тәрбиелеу бойынша мектептің әлеуметтік қызметі қарастырылады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасайтын теория мен практиканың өзара байланысының үлгісі негізделеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Инклюзивтік білім берудегі өлшемдік бағалау
Инклюзивті білім беру тұжырымдамасын іске асыру ерекшеліктерін жинақтауды үйретеді. Оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функцияларын білуге жетелейді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау дағдыларын қалыптастырады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесінің талаптарына сыни ойлау және талдау дағдыларын меңгеруге машықтандырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Бұл курсты оқып-үйрену білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясын меңгеруге, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі заманғы үлгілерін қолдана білуге, білім алушылардың критериалды бағалау жүйесін ұйымдастыруға, оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін, формалары мен құралдарын, психологиялық-педагогикалық қызметтің мақсаттары мен мазмұнына сәйкес бағалау құралдарын меңгеруге мүмкіндік береді. Сыни бағалау, креативті көзқарасты дамытуға септігін тигізеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ғылыми және педагогикалық зерттеулерді жобалау
Пән студенттерді педагогикалық зерттеудің әдіснамалық және әдістемелік негіздерімен таныстыруға, ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын меңгеруге бағытталған. Нәтижесінде студент жетістікті диагностикалаудың заманауи әдістерін қолдана алады, білім алушылардың әлеуметтенуі мен кәсіптік өзін-өзі анықтауын педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бастауышта оқытудың жаңартылған білім берудегі инновациялық әдіс-тәсілдердің технологиясы
Жаңа әдістерді қолдана отырып білім алушылардың интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамытады, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыра отырып, кәсіпкерлікке баулиды, өз бетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салады. Бастауыш сыныпта оқу пәндеріне оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, оқу үрдісінің тиімділігін арттыру жолдарын көрсетеді. Әр педагогикалық технологияның тиімді жақтарын бөліп алады, қолдана оқыту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру жолдарын анықтайды; Инновациялық тәсілдер қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуын анықтайды; Білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Minor бағдарламасы
Қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) – қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушылар зерделеу үшін айқындаған пәндердің немесе модульдердің және оқу жұмысының басқа түрлерінің жиынтығы.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 10
-
Қаржылық сауаттылық негіздері
Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру білім алушыларға ұтымды қаржылық шешімдер қабылдауға, туындайтын қаржылық мәселелерді шешуге, қаржылық алаяқтықтарды уақтылы тануға мүмкіндік береді. Білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды тәжірибеде қолдануды, жинақтарды сақтауды және көбейтуді, бюджетті сауатты жоспарлауды үйретеді, салықтарды есептеу және төлеу және салық есептілігін дұрыс толтыру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Педагогикалық менеджмент
Педагогикалық менеджменттің білім беру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған басқару ұстанымдары, əдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тəсілдерінің кешені жəне педагогикалық жүйені басқару, жоспарлау, реттеу, бақылау, басшылық жасау, ұйымдастыру өнері жайлы теориялық білім мен практикалық дағдыларға баулиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектептің жаңартылған мазмұнының әдістемелік негізі
Жүйелі білім беру концепцияларын талдайды. Жаңартылған бағдарлама негізінде түрлі кәсіби міндеттерді шешу үшін педагогикалық диагностика әдістерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Бастауыш мектеп оқушыларының ерекшеліктерін педагогикалық өзара әрекеттестікте анықтау дағдыларын меңгереді. Заманауи технологияларды қолдану арқылы білім беру процесін жобалайды. Педагогикалық үрдістің түрлі субъектілерімен қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
Оқытудың мазмұнын, технологиялары мен әдістерін, сондай-ақ білім беру сапасын бақылаудың нысандары мен әдістерін жобалауға бағытталған зерттеу міндеттерін дербес шешу үшін жеке креативті қабілеттілікті пайдалануды көрсетеді. Педагогикалық зерттеуде сауалнама әдістерін әзірлейді және қолданады. Ғылыми бақылауды жоспарлау, өткізуді ұйымдастырады, нәтижелерді тіркеу және қорытынды шығару, тестілеу жүргізу, қорытынды шығару, педагогикалық қорытынды жасау, ғылыми зерттеу нәтижелерін талдау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін басқару қызметіне дайындау технологиясы
Бастауыш білім беру саласындағы басқару қызметіне мамандарды даярлаудың теориялық негіздерін, мазмұны мен құрылымын меңгеру дағдыларын меңгереді. Кәсіби қызмет үшін білім беру саласында мамандарды даярлаудың қазіргі заманғы мәселелері бойынша білімін көрсетеді. Маманның кәсіби құзыреттілігін, білім беру саласындағы мамандарды кәсіби даярлау жүйесін жобалау және модельдеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бастауыш білім берудегі жобалау технологиялары
Оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беруге үйретеді. Бастауыш сынып оқушыларына жобалық оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрету, сабақтар барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жобалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтауға баулиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Заманауи бастауыш білім педагогикасы
Қазіргі білім берудің негізгі гуманистік, тұлғалық-бағдарлы парадигмаларын меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Педагогикадағы заманауи бастауыш білім теорияның ғылыми-теориялық түсініктерін қолдануды үйретеді. Жаңартылған бағдарлама бойынша білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттарды талдайды. Оқытуда диагностика және бақылау дағдыларын меңгереді. Заманауи мектепте оқытудың жаңа технологияларын меңгереді. Мектептегі менеджмент жүйесінің негізгі бағыттарын меңгеру дағдыларын тереңдетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Бұл пәнді оқу барысында мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі ретінде балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі жайлы терең білімдер берілу көзделеді. Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына, түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің саяси сауаттылығымен қатар академиялық құзіреттелігі үлгі болатындығы да терең сөз етіледі. Еңбекке баулудың теориялық заманауи ұстанымдары жайлы білімдер берілумен қатар заманауи технологиялар мен озық әдістерді іс жүзінде қолдану машықтары мен дағдылары көрсетіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
"Көркем еңбек" пәнінен дидактикалық материал дайындау әдістемесі
Көркем еңбек пәнін оқыту барысында қолданылатын дидактикалық ұстанымдар теориялық мағынада терең оқытылады: тәрбиелеу, ғылымилық, саналылық пен белсенділік, түсініктілік пен шамаға лайықтылық, білімнің берік болуы, көрнектілік, жан-жақты даму, теорияны практикамен байланыстыру және жүйелілік пен бірізділік ұстанымдары. Балаларды оқыта отырып тәрбиелеу ол барлық білім беретін орындары ұстанатын қағида екендігі оқытылады. Тәрбиелік принципіне сүйене отырып, көркем еңбек пәнінің мұғалімі оқушыларды тек қана дағдысы мен икемін қалыптастырып қоймай, сонымен қатар түсініктерін, заңдарды, терминдерді және әрбір оқулық тапсырмаларын кеңінен және жан-жақты қарастыратындығы баяндалады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Отбасындағы бала тәрбиесінің педагогикалық аспектілері
Отбасы педагогикасының нысаны мен пәні, мәндеттері жайлы теориялық білім береді. Қазақстандық ғалымдардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлерін басшылыққа алуға үйретеді. Отбасының әлеуметтендіру және тәрбиелеу субъектісі ретінде мәні анықталады. Отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, ұстанымдары терең қарастырылады. Отбасының құқықтық-нормативтік базасы жаңа ракурста қарастырылады. Отбасы тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалады. Бала дамуындағы ата-ананың роліне басты акцент жасалады. Отбасының бала тәрбиелеу дәстүрлері,стильдері және бала тәрбиелеу әдістері жеке талданады. Отбасында балаға дене тәрбиесін беру мәселесі,баланы мектепке даярлау мазмұны талданады. Отбасында бала тәрбиелеу құралдары мен ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру және отбасының қызмет ету ерекшеліктері таныстырылады, отбасында баланы тәрбиелеу жолдары үйретіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Салыстырмалы педагогика
Салыстырмалы педагогика - педагогика ғылымының шетелдердегі тәрбие және оқыту жүйесін салыстырмалы түрде зерттейтін саласы. Аталмыш пән білім берудің басымдықтарын жақсырақ танып- білуге, олардың дамуын бағыттауға және болжамдауға мүмкіндік береді. Ол білім берудің заманауи проблемаларын біртұтас көре білуді қамтамасыз етеді, және оларды шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогтың кәсіби шеберлігі
Курс қазіргі заманғы зерттеулер тұрғысынан педагог қызметінің мақсаты мен мазмұнын ашады. Білім берудің қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану аясында педагогтің кәсіби қалыптасуы мен өсуінің мүмкіндіктері мен болашағын айқындайды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерінің негізін қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесі
Бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесі кіші жастағы оқушыларды оқыту заңдылықтарын зерттейді, қазақ тілін оқыту мазмұнын анықтайды, мектептегі оқу-әдістемелік топтамамен қамтамасыз етеді. Оқушыларды материалды ұғыну барысындағы қиындықтарды және оларды жою жолдарын зерттейді. Ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Креативті педагогика
Креативті педагогика, яғни креативті оқыту мен тәрбие пәнінің мақсаты баланы жан-жақты, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйрету әдістерін меңгерту, шығармашылық тұлға қалыптастыру мүмкіндіктері жайлы білімдермен қаруландыру болады. Пән барысында креативтілік ұғымының мәні мен мазмұны тереңінен талданып, креативті ойлауға үйретудің негізгі әдістері меңгертіледі, креативті тәрбие беру арқылы баланың шығармашылық әлеуетін арттыру мүмкіндіктері қарстыралады, креативті тәрбиелеу үдерісінің ерекшеліктері, креативті тәрбиенің негізгі параметрлері оқытылып, үйретіледі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Болашақ мамандарды балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің педагогикалық технологияларын практикада қолдану жобасын әзірлеуге үйрету;
- Типтік және жоғары оқу орындарында жобалық, перспективалық арнайы әдістері негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Кіші мектеп жасындағы оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынаста психология мен педагогиканың теориялық негіздерін қолданып, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды жүзеге асыру;
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын оқытудың интерактивті әдістерін белсене қолдану;
- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, психология, физиология және балаларды әлеуметтік-эмоционалдық қолдау жүйесінің нормативтік-құқықтық негіздерін зерттейтін білім мен түсініктерді көрсетуді жоспарлау;
- Кәсіби міндеттерді шешуде білім беру ортасын зерттеудің ғылыми негіздерін, әдістері мен тәсілдерін жобалап қарастыру.
- Біліктері мен дағдыларының дамуын мониторингтеуде оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың инновациялық технологияларын бағалау;
- Педагогтің жеке кәсіби өсуі мен білім беру траекториясын жобалап, бастауышта білім беру кеңістігінде практикалық қызметінің ерекшеліктерін зерделей алу дағдысын дамыту;
- Бастауыш сынып оқушыларының жеке және топта тілдік, эмоционалдық, әлеуметтік, когнитивтік қарым-қатынас жасау қабілетін анықтау.
- Заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды игеру;
- Бастауышта оқитын балалардың танымдық, зияткерлік және тұлғалық дамуына бағытталған іс-әрекеттерді интеграциялай отырып, оқу-әдістемелік құжаттамалар әзірлеу;
- Жоғары білімді, бәсекелестікке түсе алатын маман үшін қажетті іскерліктер: диагностикалық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, жобалаушылық, коммуникативтілік, аналитикалық және өзін-өзі дамыту ерекшеліктерін айқындау.