Жаңа білім беру бағдарламасы

7M02314 Әдебиеттану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Әдеби туындыны талдаудың әдістері мен тәсілдері

    Курстың мақсаты – әдеби туныдыны талдаудың әдістері мен тәсілдерін, олардың басты ұстанымдарын, теориялық негіздерін меңгерту. Курстың мазмұны – әдебиет туындыны түрлі аспектіде талдау, тақырып пен сюжетті, мотивті, кейіпкерлер жүйесін, туынды құрылымын талдау тәсілдерін жүйелеу, талдау арқылы нәтиже шығару, тұжырым жасау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау

    Курстың мақсаты – зертеу жұмысын ұйымдастырудың және жоспарлаудың негізгі ұстанымдарын оқыту, тақырып таңдау мен материалдарды анықтауды, әдебиеттермен жұмыс жүргізуді меңгерту. Курстың мазмұны – зерттеу жұмысын жүргізудегі тақырып ерекшелігі, зерттеу әдістерінің тиімділігі, зерттеуді жоспарлау, кезеңдері, талдау және қорыту бөлімдерімен жұмыс, тақырыпқа қатысты әдебиеттерді жүйелеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми жұмыстың мазмұны мен құрылымы

    Курстың мақсаты – ғылыми жұмысқа қойылатын талаптарды, оның мазмұны мен құрылым анықтауды меңгерту, зерттеуге баулу. Курстың мамзұны – зерттеу жұмыстарының негізгі талаптары, зе,рттеу түрлері, ғылыми мақалалар мен диссертация құрылымы туралы мәселелерді қамту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі (кәсіби)

    Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • ХХ-ХХІ ғғ. әдеби-эстетикалық ілімдер

    Курстың мақсаты – ХХ-ХХІ ғасырлардағы әдеби-эстетикалық мәселелердің ғылыми-теориялық негіздерін меңгерту, әдебиет пен эстетика сабақтастығын таныту. Курстың мазмұны – эстетикалық ілім негіздері, ХХ-ХХІ ғасырлардағы дамуы, әдеби-эстетикалық ілім негіздері, аспектілері туралы ғылыми пайымдар, теориялық тұжырымдар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері

    Курстың мақсаты – әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық аспектілерін анықтау, олардың негізгі қағидаларын меңгерту, әдебиет дамуының заңдылықтарын, ішкі, сыртқы факторларын таныту. Курстың мазмұны – әдебиет тарихының теориялық негіздемелері, әр кезеңге тән сипаттар, зерттеулердегі пайымдаулар мен пікірталастар, әдебиттанушы ғалымдар тұжырымдары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Курс ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистратурада оқитын білім алушыларға ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар, ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеруге бағытталған. Мазмұны: Курсты меңгеруде ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар, ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелер қаралады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазіргі әдебиеттанудағы жаңа бағыттар

    Курстың мақсаты – әдебиеттанудағы жаңа бағыттардың негізгі ұстанымдарын, теориялық негіздемелерін меңгерту. Курстың мазмұны – әдебиеттанудағы жаңа зерттеулерді, тың тұжырымдарды жүйелеу, әдіснамалық-теориялық негіздерін талқылау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби шығармашылық негіздері

    Курстың мақсаты – шығармашылық лаборатория, шығармашылық процесс, қаламгер шеберлігі туралы теориялық тұжырымдарды меңгерту. Курстың мазмұны – шығармашылық психологиясы, қаламгер мен туынды байланыстындағы шығармашылық процесс, шығармашылық зертхана, шығармашыл тұлға труралы ғылыми-териялық түсініктерді таныту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жанрлар теориясы

    Курстың мақсаты – әдеби жанр туралы ғылыми-теориялық түсініктерді меңгерту, жанрлық табиғаты туралы тұжырымдарды таныту. Курстың мазмұны – жанр тарихы, жанрлық ерекшеліктер, жанрлар классификациясы, жанр түрлері, жанрлар ықпалдастығы туралы білім.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    «Басқару психологиясы» курсы магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Когнитивті әдебиеттану

    Курстың мақсаты – когнитивті әдебиеттану генезисі және негізгі ұғымдары туралы түсінік беру, когнитивтік риторика және когнитивтік поэтика, когнитивтік метафора туралы тұжырымдармен таныстыру. Курстың мазмұны – мәнміәтіннің когнитивтік жүйесін зерделеу аспектілері, көркем концептіні әдебиеттану категориясы ретінде талдау, әдеби шығарманы когнитивті-концептуалды тұрғыдан талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әдеби редакциялау және мәтінтүзілім

    Курстың мақсаты – пәннің теориялық-практикалық негіздерін таныту, редакциялау терминінің негізгі мағынасын, ережелерін түсіндіру, әдеби редакциялаудың негізгі аспектілерін, мәтінді жөндеу тәсілдерін меңгерту. Курстың мазмұны – әдеби редакциялау дегеніміз мәтінді сыни талдау, оны бағалау, қолжазбаны жөндеу этаптарынан тұратын жұмыс процесі екенін ұғындырып, бұл этаптардың өзіндік тәсілдерін үйрету.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    «Мақсаты: магистранттардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Мазмұны: жоғары мектеп педагогикасы: пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары. Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың технологиялары, әдістері мен формалары. Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әдебиет поэтикасын зерттеудің заманауи аспектілері

    Курстың мақсаты – поэтика заңдылықтарын, тарихын, табиғатын, теориялдық негіздерін оқыту Курстың мазмұны – поэтика ілімінің бастаулары, тарихы және қазіргі дамуы туралы ғылыми-теориялық негіздемелер, қазіргі поэтикалық зерттеу аспектілері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі көркем аударма

    Курстың мақсаты – мәдениетаралық коммуникация контексіндегі көркем аударманың теориялық негіздерін, ғылыми қағидаттарын меңгерту. Курс мазмұны – мәдениеттер мен рухани құндылықтарды еселеудегі көркем аударма маңызын ашып көрсету, әлем әдебиеті аясындағы аударма тәжірибесін талдау. Көркем мәтінді түпнұсқадан аударудағы шеберлік қырларын зерделеу. Аударма шығармашылығының күрделі табиғатын қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдеби сын аспектілері

    Курстың мақсаты – сөз өнерінің көркемдік-эстетикалық жүйесін саралаудағы әдеби сынның теориялық және ғылыми-әдіснамалық аспектілерін меңгерту. Курстың мазмұны – әдеби сын жанрлары мен эстетикалық категориялар қарастырылып, көркемдік даму мен шығармашылық ізденістерді бағалаудағы сыншы шеберлігі екшеледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Көркем әдебиеттегі неомифологизм (ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысы)

    Курстың мақсаты – қазіргі мифо-сынның бағыттары, тарихы және әдіснамалық негіздері туралы тұжырымдарды таныту. Курстың мазмұны – ХХ ғасыр әдебиетіндегі мифологизм көріністерін талдау, көркем мәтін құрылымындағы миф және архетип байланысын қарастыру, әдеби туындыларды мифопоэтикалық әдіс тұрғысынан талқылау, неомифологизм туралы түжырымдарды жүйелеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мәтін құрылымын талдау аспектілері

    Курстың мақсаты – шығарма мен мәтін арасындағы байланысты негізге ала отырып, мәтіннің табиғатын, құрылымын түсіндіру. Курстың мазмұны – мәтіннің құрылымдық элементтерін талқылау. Мәтіндегі дискурс және оның түрлері туралы түсінік беру. Көркем мәтіннің құрылымдық-прагматикалық негіздерін таныту.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем дискурс теориясы

    Курстың мақсаты – «автор ← мәтін ← оқырман» моделі бойынша көркем дискурс прагматикасына қатысты теориялық мәселелерді меңгерту. Курс мазмұны – суреткер мен оқырман арасында эстетикалық қарым-қатынастың (диалог) орнауын түсіндіріп, мәтін және көркем дискурстың концептуалдылық қисындарын қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Көркем шығарманы талдаудың инновациялық әдістемесі

    Курстың мақсаты – шығарма мен мәтін арасындағы байланысты негізге ала отырып, әдеби туындының табиғатын, құрылымын түсіндіру, теориясын, оқыту әдістемесін меңгерту. Курстың мазмұны – көркем туындының құрылымдық элементтерін талқылау, мәтіндегі дискурс және оның түрлері туралы теориялық негіздемелер, көркем туындының бейнелілік табиғаты.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттанудағы компаративистік зерттеулер

    Курстың мақсаты – компаративистік әдебиеттану негіздерін, ұстанымдары мен тәсілдерін меңгерту Курстың мазмұны – әлем әдебиетінің даму бағыттары, генезис, типология, интеграция, салыстырмалы-әдеби аспект, ұлттың әдеби-мәдени дамуындағы басты бағдар, өзара ықпалдасу, сюжеттік-тақырыптық үндестік мәселелері туралы білім.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдау және кәсіби қызметте пайдалану; жаңа ортада, барынша кең пәнаралық контексте проблемаларды шешу үшін өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу.
  • заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игере білуәлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, пікір қалыптастыру үшін ақпарат жинауды және түсінік беруді жүзеге асыру; мамандарға, сондай-ақ маман еместерге ақпараттты, идеяны, қорытындыларды, проблемаларды және шешімдерді нақты және тиянақты түрде хабарлау.
  • Әдебиеттің теориясы мен сынын, оның мектептерін, бағыттары мен даму кезеңдерін меңгеру;
  • шығармаларды, оның поэтикасын ғылыми сипаттау мен түсіндірудің негізгі тәсілдерін компаративистік аспектіде қолдану
  • диахроникалық және синхронды аспектілерінде әдебиет тарихы, қазақ және әлемдік әдебиет тарихы контекстіндегі әдеби үдерістің даму заңдылықтары, жанрлық және стильдік дамудың негізгі қазіргі тенденциялары бойынша білімді меңгеру;
  • әдеби үдерісті ғылыми интерпретациялау үшін тарихи-типологиялық, тарихи-функционалдық, салыстырмалы-типологиялық және басқа да қазіргі заманғы әдеби талдау әдістерін қолдану; зерделеніп отырған салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын игеру.
  • зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және (немесе) қолдану кезінде оқытылып отырған саланың озық білімдеріне негізделген осы саладағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу; өзінің ғылыми зерттеулеріне талдау нәтижелерін қолдану, әдебиеттану саласындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу.
  • ғылыми, педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық, аударма және кәсіби қызметтің басқа да түрлерінде түрлі функционалдық бағыттағы мәтіндерді дискурсивтік талдауды жүзеге асыру
  • телерадио хабарларын тарату, БАҚ-на арналған бағдарламалық өнімдерді қоса алғанда, мәтіндердің барлық түрлерін құру, редакциялау, реферациялау және өзгерту (мысалы, стилін, жанрын, мәтіннің мақсатты тиесілігін өзгерту);
Top