Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M05201 География в М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кәсіби қызметті сапалы және тиімді орындауға, стандартты және стандартты емес кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге, география және география ғылымдары саласында әлеуметтік және кәсіби кеңістікте еркін бағдарлануға қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық қызметкерді қалыптастыру.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M084 География
-
Білім беру саласы 7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 7M052 Қоршаған орта
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шет тілі (кәсіби)
Академиялық жазылымның мәдениеті мен этикасы
Халықаралық еңбек бөлінісі
Жоғары мектептің педагогикасы
Палеогеография
Ғылым тарихы мен философиясы
Басқару психологиясы
Жоғары мектепте география мен экологияны оқыту әдістемесі
Географиялық диссертациялық зерттеулерді орындау теориясы мен әдістемесі
Азия елдерінің табиғи-ресурстық әлеуеті
Географияның теориялық және әдіснамалық мәселелері
Жоғары мектепте жаратылыстану пәндерін оқытудың инновациялық технологиялары
Географиядағы компьютерлік технологиялар және статистикалық әдістер
-
2 Оқу жылы
Халықаралық табиғат қорғау қауымдастығы
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі
Аймақтану
ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра сайтының географиясы
Шетелдік мектепте географияны оқыту
Қазақстан табиғатын зерттеу
Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстары
Аймақтық география
Ландшафттық және рекреациялық жүйелерді оңтайландыру
Халықты қоныстандыру процестерін аумақтық ұйымдастыру және басқару
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Әртүрлі тілдік және мәдени ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеріп, өзінің кәсіби саласында ғылыми коммуникациямен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыра отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс ресімдей алады.
- Жаһандану және интернационалдандыру жағдайында отандық ғылымды дамытудың заманауи тенденциялары, бағыттары мен заңдылықтарын талдауды жүзеге асыра отырып, алынған зерттеу нәтижелерін дұрыс ресімдей отырып, ғылыми зерттеу әдістерін пайдалана отырып, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жоспарлай және жүргізе алады, ғылыми зерттеу әдіснамасы саласындағы құзыреттерге ие.
- Арнайы пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері, технологияларымен әдістерін пайдалана отырып, жоғары мектепте педагогикалық процесті жүзеге асыра алады, педагогикалық қызметтің өзіндік рефлексиясын жүзеге асыра алады, ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздеріне сәйкес білім беру ортасының зерттеу қызметін жүзеге асыра алады. Білім беру процесін басқару контекстінде білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиялық заңдылықтарын терең түсінуге негізделген тиімді командалық өзара әрекет жасау, негізделген шешімдер қабылдау және дау жағдайларды сындарлы шешу қабілетін қамтитын интеграцияланған басқарушылық құзыреттіліктерін көрсете алады.
- Оқу сабақтарын өткізуді жоспарлау, ұйымдастыру кезінде мамандықтың ерекшеліктерін есепке алады және оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдістерін, сондай-ақ жаратылыстану пәндерін оқытудың шетелдік тәжірибесін қолданады.
- Жаратылыстану ғылымдары саласында, оның ішінде тарихи ретроспективада ғылыми зерттеулердің әдістемесін игереді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде және өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялау кезінде этикалық нормаларды ескереді.
- Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанның облысының табиғи ресурстық әлеуетін тарихи контексте бағалайды және осы аумақтардың табиғи ресурстарын ұтымсыз пайдалану мәселесін әлемдік ауқымда шешуді ұсынады.
- Әлеуметтік бағдарламаларды, еңбек нарығын және ландшафттық-рекреациялық жүйелерді ескере отырып, халықты, оның ішінде Қазақстанда аумақтық ұйымдастыру принциптерін негіздейді және халық санының өзгеруіне және оның дүние жүзінің әртүрлі аймақтарында таралуына болжам жасай алады.
- Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтарын және ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра объектілерін бөлу қағидаттарын негіздейді, ерекше қорғалатын аумақтарға және халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығына қатысты нормативтік-құқықтық базаны қолданады.