Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07112 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в Halyqtar dostyǵy

Пәндер

  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пәннің мақсаты: магистранттардың ғылым тарихы мен философиясының даму кезеңдері, ғылыми танымның орны мен рөлі, ғылыми танымның танушылық үлгілері, принциптері мен әдістері туралы терең білімдерін қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Философия және ғылым (өзара байланыс мәселелері). Ғылымның іргелі негіздері. Ғылым және оның қазіргі өркениеттегі рөлі Ғылым тарихы. Ғылымның пайда болуы және оның тарихи эволюциясының негізгі кезеңдері. Отандық ғылым: дәстүрлері, мәселелері, болашағы. Ғылыми танымның әдістері және олардың классификациясы. Ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революциялар. Ғылыми рационалдылық ғылымының түрлері. Технология және техникалық ғылымдардың философиялық мәселелері. Ғылыми және инженерлік қызмет этикасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қалдық отынды және ауыр мұнай шикізатын өңдеу

    Пәннің мақсаты: магистранттардың ауыр мұнай мен мұнай қалдықтарын қайта өңдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеуі үшін ауыр мұнай мен мұнай қалдықтарын қайта өңдеудің ұтымды тәсілдері бойынша білімдерін кеңейту. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Шикі мұнайды қалдықсыз өңдеу мәселелері; мұнайды озық және терең өңдеудің негізгі принциптері. Ауыр мұнай мен мұнай қалдықтарын өңдеу өнімдерінің физика-химиялық қасиеттері. Ауыр мұнай мен мұнай қалдықтарын өңдеудің өндірістік процестерінің негізінде жатқан химиялық реакциялардың кинетикасы, термодинамикасы және механизмі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Синтез-газ негізіндегі химиялық өнімдер

    Пәннің мақсаты: Синтез газы табиғи газдың тотығу пиролизінде мақсатты ацетилен өнімімен бірге алу жолдары білімін қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Өнеркәсіпте синтез-газ метанның бу конверсиясы, метанның ішінара тотығуы, көмірді газдандыру арқылы алынуы. Катализаторларды қолдану катализатордың бетінде бірқатар химиялық түрлендірулердің болуы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұнай өңдеу және мұнайхимиясының инновациялық технологиялары

    Пәннің мақсаты: мұнай өңдеу және мұнай химиясы технологияларын жаңғырту және жетілдіру үшін мұнай өңдеу тереңдігін арттыруға, алынатын мұнай өнімдерінің сапасын жақсартуға бағытталған мұнай өңдеу және мұнай химиясының инновациялық технологиялары саласындағы магистранттардың білімін тереңдету. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Әлемдік және қазақстандық мұнай өңдеу және мұнайхимиясының даму тенденциялары. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндірісінің негізінде жатқан жаңа технологиялар. Екіншілік процестердің құрылымы және мұнай өңдеу тереңдігін арттыру. Экологиялық сапа стандарттарына сәйкес өнім шығаруды қамтамасыз ететін жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғырту мен қайта құрудың баламалы нұсқалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Көмірсутекті шикізат технологиясының теориялық негіздері

    Пәннің мақсаты: магистранттарға көмірсутек шикізатын бөлудің физикалық әдістері және физика-химиялық процестер, шикізатты өңдеудің термиялық және термокаталитикалық процестерінің теориялық негіздері, негізгі химиялық реакциялардың химизмдері мен механизмдері, оларды өңдеу өнімдерінің теориялық негіздері бойынша білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Көмірсутекті шикізатты өңдеудегі физика-химиялық процестер және бөлудің физикалық әдістерінің теориялық негіздері. Көмірсутекті шикізатты өңдеудегі термиялық термокаталитикалық процестердің теориялық негіздері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Бұл пән мақсаты кәсіби-педагогикалық құзіреттіліктерді қазіргі жоғары білім және ЖОО-дағы оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формалары туралы, магистранттардың психологиялық-педагогикалық ойлауын дамыту жайлы теориялық білімдер кешенін игеру арқылы қалыптастыру. Мазмұны: жоғары мектеп педагогикасы: ерекшеліктері мен категориялары. Жоғары білімнің қазіргі парадигмалары. Қазақстандағы жоғары кәсіптік білім беру жүйесі. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі. Кредиттік оқыту жүйесі. Кәсіптік білім берудегі құзыреттілік тәсілі. Болашақ мамандарды даярлауда оқытудың жаңа әдістері мен формалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәннің мақсаты: Шет тілін меңгеру деңгейін, шетел әріптестерімен және серіктестермен қарым-қатынаста кәсіби және ғылыми саладағы әр түрлі әлеуметтік-коммуникативтік міндеттерді шешу үшін, сондай-ақ шет тілінде ресурстарды пайдалана отырып когнитивтік және зерттеу іскерліктерін дамыту үшін шет тілін меңгеру деңгейін, шет тілді коммуникативтік құзыреттілік деңгейін арттыру. Магистранттарға кәсіби (өндірістік және ғылыми) қызмет барысында, сондай-ақ өзі бетімен білім алуда шетел тілін пайдалануға мүмкіндік тудыратын деңгейдегі коммуникативтік құзыреттілікті игерту. Пән мазмұнында келесі мәселелер қамтылады: грамматика (герундий, есімше, сөзжасам) терминология; ақпараттық технологиялар саласындағы төңкерістер (АҚ саласындағы жақындағы зертемелер, ашылымдар, АҚ-ның болашақтағы бағыттары); мәдениаралық қарым-қатынастар; кәсіби-іскери пікір алмасулар; шешендік өнер және көпшілік алдындағы сөз және т.б.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Мұнай және газды қайта өңдеу

    Пәннің мақсаты: Мұнай шикізатын химиялық өңдеу технологиясының ерешіліктері, теориялық негіздері бойынша білімді тереңдету. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнай мен газды терең өңдеудегі термиялық, термокаталитикалық, гидротермокаталитикалық процестер химиясы мен технологиясы. Мұнай мен газды өңдеудің химиялық технологиясы процестерін жетілдірудегі химиялық технология əдістері, материалдар мен технологиялық процестерді математикалық модельдеу əдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұнай өңдеу процестерінің заманауи жағдайындағы даму перспективасы

    Пәннің мақсаты: магистранттарда мұнай шикізатын қайта өңдеудің термиялық және термокаталитикалық процестерінің технологиясы мен теориялық негіздері бойынша жүйелі білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Термиялық процестердің, үздіксіз кокстеу процестерінің (флюидкокинг жəне флексикокинг) технологиясы мен қондырғыларын жетілдіру жағдайы жəне мəселелері, мұнай қалдықтарын асфальтсыздандыру жəне металсыздандыру термоконтактілік процестері. Каталитикалық емес гидротермиялық процестер (гидровисбрекинг, гидрококсинг, гидропиролиз, донорлық-сольвентті крекинг), битумды тұтқыр материалдар өндірісі, алынатын өнімдердің құрамы мен қасиеттеріне кинетикалық параметрлердің əсері, процестердің механизмі мен гидродинамикасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мұнай газдарын өңдеу және қолдану

    Пәннің мақсаты: Мұнай газдарына шекті және қанықпаған (метан, этилен) көмірсутектерден тұратын мұнайды термиялық өңдеу процестерінде (крекинг, риформинг, гидротазалау және т.б.) бөлінетін газдар туралы білімін қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Ілеспе мұнай газы (ІМГ) – бұл мұнайды өндіру және дайындау процесінде бөлінетін, мұнайда ерітілген немесе мұнай кен орындарында мұнайдың беткі қабатында болатын әртүрлі газ тәрізді көмірсутектердің қоспасы, олардың құрамы мен физика- химиялық қасиеттерін анықтау, өңдеуге дайындау мәселелері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Мұнай және газдың технологиясы мен химиясының заманауи проблемалары

    Пәннің мақсаты: Мұнай мен газдың физика-химиялық қасиеттері, оларды зерттеу және бөлу әдістері, мұнай мен газдың құрамындағы қосылыстардың негізгі кластарының қасиеттері мен реакцияларын, мұнай мен газдың құрамындағы көмірсутектердің термокаталитикалық өзгерістері, гидрлену, полимерлену, изомерлену, алкилдену, тотығу және басқа да реакциялары туралы терең білімдерін қалыптастыру. Мұнай отындарының, майларының және битумдарының құрамы, эксплуатациялық қасиеттері және мұнайгаз кешенінің қоршаған ортаға тигізетін әсері және онымен күресу жолдары дағдыларын игеру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнайды алғашқы өңдеу. Термиялық және термокаталитикалық процестер. Көмірсутектердің термиялық түрленуінің химизмі мен механизмдерінің негіздері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пәннің мақсаты: басқару қызметінің ерекшеліктері мен негізгі психологиялық заңдылықтарын зерттеу; басқару қызметін талдау дағдыларын қалыптастыру. Пән мазмұнында келесі мәселелер қамтылады: заманауи менеджменттің негізгі бағыттарының білімін береді. Бизнес-технологиялардағы және басқарудағы психологиялық талаптарды ашады. Адамдармен өзара әрекеттестікпен байланысты басқару іс-әрекеті тиімділігінің психологиялық негіздерін анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Мұнай өңдеу мен мұнайхимиясының заманауи экологиялық мәселелері

    Пәннің мақсаты: мұнай өңдеудің ғылыми және техникалық проблемалары; қалдықтарды қысқарту және сақтау, сондай-ақ пайдалы өнім алудан қосымша экономикалық әсер алу үшін экономикалық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін әлемде және Қазақстанда мұнай өңдеу технологиясы саласындағы жетістіктер туралы білімді тереңдету. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнай өңдеу мен мұнайхимиясының экологиялық проблемаларын талдау, қоршаған ортаның мониторингі, экологиялық көрсеткіштері жақсартылған көмірсутекті жүйелерді өндіру, қоршаған ортаның сапасын басқару, көмірсутекті жүйелерді өңдеудегі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік. Тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаның тазалығын сақтай отырып, көмірсутекті шикізатты өңдеудің, органикалық заттарды өндірудің технологиялық процестерін басқару.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Мұнай өнімдерін өңдеу мен қолданудың экологиялық аспектілері

    Пәннің мақсаты: Экологияның негізгі заңдарын, мәдениетін, тәрбиені, ғаламдық деңгейдегі тұрақты даму концепциясын және экологиялық білімді студенттерге қалыптастыру. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы, биосфера және оның тұрақтылығы, қазіргі заманның мәселелері, экологиялық дағдарыс және экологияның тұрақты дамуы Атмосфераға көмірсутектер мен олардың туындыларының шығарылу мөлшерін төмендету проблемалары мен әдістерін талдау дағдыларын қалыптастырады. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Төтенше жағдайларға байланысты ықтимал салдарларды сандық бағалау принциптері, мұнай мен газды терең өңдеу процестерінің қоршаған ортаға теріс əсерін азайтуға мүмкіндік беретін нормативтік-ұйымдастырушылық, технологиялық жəне экономикалық əдістері, технологияны, бақылау жүйесін жəне менеджментті жетілдіру жолымен қоршаған ортаның сапасын басқару əдістері. ҚР экологиялық саясаты, ҚР халықаралық экосаясаты, "Жасыл көпір" бастамасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Мұнай және газдың құрылымын өзгертіп өңдеу процесстерінің технологиясы

    Пәннің мақсаты: магистранттарға мұнай мен газды терең өңдеудегі процестердің аппараттары мен технологиясының ерекшеліктері, термиялық, термокаталитикалық, гидротермокаталитикалық процестер химиясы мен технологиясы, зауыттардың ағымдық жүйесі, өнім өндірідің негізгі бағыттары туралы білімдерін қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнайшикізаты құрылымын өзгертіп өңдеу процестері технологиясының ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Синтетикалық мотор отындары

    Пәннің мақсаты: Отындарды рационалды және сапалы қолдану, эксплуатациялық қасиеттері бойынша ғылыми міндеттер мен инженерлік- техникалық мәселелері бойынша білімді студенттерге қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Отын сапасы мен жағар майлардың түрлі эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту мақсатында түрлі әдістердің тиімділігін бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мұнайхимиялық синтездің жаңа процесстері

    Пәннің мақсаты: мұнай-химия синтезінің өзекті мәселелері туралы теориялық білімдерін кеңейту және тереңдету; энергияны және материалды үнемдейтін экологиялық таза технологиялық өндірісті дамытудың практикалық дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнай-химиялық шикізаттан органикалық өнім алудың жаңа әдістері. Мұнай-химиялық синтездер үшін бастапқы көмірсутектерді алудың химиясы мен технологиясы және синтетикалық материалдарды алу үшін ең маңызды мономерлер. Органикалық синтез өнеркәсібіндегі изомерлену процестерінің маңызы мен орны. Құрамында оттегі бар қосылыстарды, галогендік және нитротуындыларды, синтетикалық жуғыш заттарды, каучуктарды, пластмассаларды және талшықтарды өндірудің заманауи технологиялары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Көмірсутекті газдарды өңдеу технологиясы

    Пәннің мақсаты: Көмірсутекті газдарды өңдеу. Газдардың топталуы, табиғи көмірсутекті газдар шартты түрде бөлінуін (табиғи газ, мұнай газдарын) Көмірсутекті газдарды өңдеу тәсілдері. Газды бензиннен ажыратудың тәсілдері туралы терең білімдерін қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Газдарды өңдеудің физикалық әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұнай және мұнай өнімдерінің сапасын қадағалаудың заманауи әдістері

    Пәннің мақсаты: шикізат пен тауарлық мұнай өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін бақылау жүйесін, метрология жəне сертификаттаудың ғылыми техникалық негіздерін зерттеу дағдыларын игеру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Органикалық және мұнайхимия өндірісінің технологиясы. Негізгі органикалық синтез және мұнай химиясы өнеркәсіптік өндірісінің классификациясы. Мұнай жəне мұнай өнімдерінің сапасын бақылау саласындағы озық тəжірибе, мемлекеттік стандарттар жəне техникалық шарттар. Метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми-техникалық негіздері, Химия жəне мұнай-химия өндірістерінің өнімдерін сертификаттау, мұнай өнімдерін стандарттау саласындағы жалпы техникалық нормативтік құжаттар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Альтернативті шикізат қорынан алынатын мотор отыны

    Пәннің мақсаты: магистранттарда баламалы шикізат көздерінен мотор отындарын өндіру бойынша жүйелі білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: баламалы мотор отындарын өндіру: шикізат пен оны қайта өңдеу процестерінің сипаттамасы, көмірден отын алу, табиғи битумдардан жəне жанғыш тақтатастардан отын алу, метанол жəне оның негізіндегі отын, биомассадан отын, газ отынын өндіру, сутегі өндірісі, баламалы шикізат ресурстарынан (көмір, тақтатас, битуминозды мұнай, табиғи газ, биомассадан) мотор отындарын пайдалану ерекшеліктері мен экономикалық көрсеткіштері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Химиялық заттарды анализдеудің заманауи құрылғылары

    Пәннің мақсаты: Заттардың химиялық, физикалық құрамын, зерттелетін үлгінің құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістіктік құрылысын анықтайтын әдістер туралы білімін қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Өндірістік органикалық синтездің мақсаты мен талаптары. Органикалық қосылыстардың реакциялық қабілеттіліктері. Сұйық, газ тәріздес және қатты шикізаттарды дайындау мен өңдеудің ғылыми негіздері. Күрделі реакциялар бағытының термодинамикалық ықтималдығы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұнай және газдың құрылымын өзгертіп өңдеу процесстерінің технология негіздері

    Пәннің мақсаты: Мұнай мен газды терең өңдеудегі процестердің аппараттары мен технологиясының ерекшеліктері, термиялық, термокаталитикалық, гидротермокаталитикалық процестер химиясы мен технологиясы туралы білімін қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Өндірістің технологиялық процестерінің сапасын түсіну - өндірістік технологиялық желілерді дамыту - өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Отындар мен майлардың химиялық технологиясы негіздері

    Пәннің мақсаты: Әлемдік экономикадағы отын –энергетикалық ресурстың әлем бойынша қоры мен оның ғалам бойынша таралымы. Әлем бойынша мұнай өңдеу өндірістерінің даму тенденциясы мен жағдайы. Мұнай өңдеудегі технологиялық процестердің экологияық мәселелері. Мұнайды өңдеу қондырғыларын жетілдірудің негізгі бағыттары мен қазіргі жағдайы туралы білімін жетілдіру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Ғалам бойынша отын-энергетикалық комплекстің тенденциясы мен жағдайы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мұнай мен газдың құрамы және қасиеттері

    Пәннің мақсаты: Магистранттарда мұнай және газ кәсіпорындағы технологиялық қондырғылардың жұмысын реттеу және бақылау дағдыларын игеру. Көмірсутекті шикізаттарды өңдеу процесінің экономикалық тиімділігін ескере отырып, жаңа композициялық материалдар өндірісін құру және игеру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнай және газ өндірістерінің дамуының негізгі бағыттары. Мұнай мен газдың құрамы және қасиеттері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Химиялық және мұнайхимия процестерін модельдеу

    Пәннің мақсаты: магистранттарды мұнай өңдеудің химиялық және технологиялық процестерін модельдеу және талдау үшін MatLab және ChemCad бағдарламалық құралдарын пайдалану дағдыларына үйрету. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: MatLab ортасында жұмыс істеу принциптері: негізгі командалар, график құру, функцияларды құру. MatLab ортасында мұнай өңдеу процестерін модельдеу: айдау, крекинг, гидротазалау және басқа процестерді модельдеу. ChemCad ортасында жұмыс істеу принциптері: технологиялық схемаларды құру, блок-схемаларды құру, мұнай өңдеу процестерін модельдеу.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жанғыш пайдалы қазбаларды өңдеудің теориялық негіздері

    Пәннің мақсаты: Минералды шикізаттың сапасы оның химиялық, физикалық және техникалық қасиеттеріне байланысты, олардың жиынтығының көмегімен пайдалы қазбаларды қоғамдық өндірістің қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар оның өндірістік қолданылуы мен қайта өңдеу технологиясы шарттарын игеруі бойынша білімді тереңдету. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Жанғыш пайдалы қазбалардың түрі және жер қойнауын зерттеуге қойылатын талаптар кешені. Жанғыш пайдалы қазбаларды өңдеудің теориялық негіздері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұнай өңдеудің таңдаулы тараулары

    Пәннің мақсаты: Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы саласындағы ағылшын терминологиясы тарихын қалыптастыру. Мұнай-газ және мұнайхимия саласындағы терминдердің түзілу тәсілдері. Мұнай өңдеу және мұнайхимиясының өнімдері, жартылай фабрикаттар, технологиялық және көмекші ағындар, басқа заттар, сапа көрсеткіштері бойынша білімдерін кеңейту. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Технологиялық процестер және операциялар. Аппараттар және құрал-жабдықтар фундаментальды түсінік, мұнай өңдеу және мұнайхимиясы саласындағы терминологиялар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Органикалық заттар технологиясының (мұнай және газ) заманауи квантты химиялық әдістері

    Пәннің мақсаты: Химиялық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттері кванттық механика түсініктері мен әдістері тұрғысынан қарастырылатын мұнай және газ өңдеудің теориялық негіздері бойынша білімдерін кеңейту. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнай мен газдың құрамындағы көмірсутектердің термокаталитикалық өзгерістері, гидрлену, полимерлену, изомерлену, алкилдену, тотығу және басқа да реакциялардың химиясы туралы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Газохимия синтезі

    Пәннің мақсаты: Мұнай, газ және көмірді өндеудің термототығу процестері. Мұнай, газ және көмірді өңдеудегі каталитикалық процестер. Полимерлеу мен поликонденсациялау реакциялары бойынша полимерлер өндірудің теориялық негіздері. Негізгі органикалық синтез және мұнай химиясы өнеркәсіптік өндірісінің классификациясы. Негізгі органикалық синтез және мұнай химиясы кәсіпорындарына арналған шикі зат (көмірсутекті шикі зат, өсімдік және мал шикі заты) және оған қойылатын талаптары бойынша білімді тереңдету. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Көміртек тотығынан көмірсутектерді синтездеудің Фишер-Тропш әдісі. Синтез газын алу әдістері. Көмірді газдандыру. Метанның конверсиясы. Көмірсутектердің жартылай тотығуы. Синтез газы метил спирті мен синтетикалық сұйық отынның шикізаты ретінде пайдалануы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Органикалық химияның өзекті мәселелері

    Пәннің мақсаты: магистранттардың органикалық химияның органикалық заттардың синтезі мен құрылымын анықтауда, ондағы электрон тығыздығының таралуын, атомдардың кеңістік орналасуын және химиялық реакция механизмін белгілеудегі мүмкіндіктер, ғылым мен техниканың жаңа салаларының пайда болуына магистранттардың білімдерін, біліктері мен дағдыларын кеңейту. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын, теорияның негізгі қағидаларын.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Мұнай өңдеудің заманауи гидрокаталитикалық процесстері

    Пәннің мақсаты: гидроасылдандыру арқылы отын жəне май фракцияларының пайдалану жəне экологиялық қасиеттерін жақсарту процестерінің ғылыми жəне технологиялық негіздерін зерделеу. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Химиялық термодинамика жəне көмірсутектер мен гетероқосылыстардың өзгеруі туралы қазіргі заманғы түсініктер; гидрогенизациялық процестердің катализаторлары; гидрогенизациялық процестерді жүргізудің технологиялық негіздері; гидротазарту; гидрокрекинг; гидродеалкилдеу, гидрогенизация жəне гидроизомеризация процестері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Біркөміртекті молекулалар мұнайхимиясы үшін шикізат

    Пәннің мақсаты: мұнай-химиялық синтез саласы дамуының тарихи аспектілері мен перспективалық бағыттарын, мұнай-химиялық синтез процестерінің негізгі шикізат көздерін: (табиғи, ілеспе, мұнай өңдеу газдары); мұнайды тікелей айдау фракциялары; деструктивті мұнай өңдеу процестерінде алынған өнімдер (термиялық және каталитикалық крекинг, риформинг, пиролиз) бойынша магистранттардың білімін тереңдету. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнай-химия өнеркәсібінің даму тарихы. Мұнай-химия өнеркәсібі процестерінің жалпы сипаттамасы. Көмірсутек шикізатын химиялық өңдеудің негізгі бағыттары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Органикалық қосылыстардың стерео химиясы

    Пәннің мақсаты: Молекулалардың кеңістіктік құрылымын және оның заттардың физика-химиялық қасиеттеріне тигізетін әсері бойынша білімді магистранттарға қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Стереохимияның даму аспектілері. Стереохимия - молекуладағы атомдардың кеңістікте орналасуын зерттейтін ғылым. Молекулалардың кеңістіктік құрылымын және оның заттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне әсерін зерттейді. Стереоизомеризм мәселелерімен айналысатын статикалық стереохимия және динамикалық стереохимия бар. Динамикалық стереохимия химиялық реакциялардың кеңістіктік заңдылықтарын зерттейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мұнайхимия синтезі

    Пәннің мақсаты: мұнай - химия синтезінің өзекті мәселелері туралы теориялық білімді кеңейту және тереңдету; энергия және материал үнемдейтін экологиялық таза технологиялық өндірістерді әзірлеу үшін практикалық дағдыларды қалыптастыру. Пәнді оқыту үдерісінде келесі мәселелер қамтылады: Мұнайхимиялық шикізаттан органикалық өнім алудың жаңа жолдары. Мұнайхимиялық синтездер үшін бастапқы көмірсутектерді және синтетикалық материалдар үшін ең маңызды мономерлерді алудың химиясы мен технологиясы. Органикалық синтез өнеркәсібіндегі изомерлену процестерінің маңызы мен орны. Парафинді, олефинді С4-С6 және алкилароматты көмірсутектерді изомерлеу процестері. Оксимдердің изомерленуі, процестің негізгі заңдылықтары, алынған өнімдер. Циклогексаноноксимінің капролактамға изомерлену технологиясы. Құрамында оттегі бар қосылыстарды, галоген және нитротуындыларды, синтетикалық жуғыш заттарды, каучуктерді, пластмассаларды және талшықтарды өндіру технологиялары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Шет тілін білу арқылы ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және жинақтау; ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, баяндама түрінде қорыту.
  • Тарих және ғылым философиясы саласындағы білімді пайдалана отырып, тұтас жүйелік ғылыми көзқарасқа негізделген жан-жақты және пәнаралық зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру.
  • Жоғары оқу орнының (ЖОО) психологиясы мен педагогикасын іс жүзінде қызметте қолдану, жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын қолдану арқылы ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жоспарлау және орындау.
  • Технология саласындағы өндірістік ортада басқару шешімдерін қабылдау, шығармашылық және логикалық ойлауды көрсету, жоғары білімді, психологиядан білімі бар мамандар командасын басқару және кәсіпкерлік дағдыларды қолдану.
  • Көмірсутек шикізатын өңдеудің, органикалық заттарды өндірудің технологиялық процестерін талдау және түзету, тіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты сақтау мақсатында технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін және олардың экологиялық қауіпсіздігін бағалауды жүргізу.
  • Сапаның экологиялық стандарттарына сәйкес келетін өнімдер шығаруды қамтамасыз ететін қолданыстағы қондырғыларды жаңғырту мен қайта құрудың тиімді нұсқаларын құрастыру.
  • Химиялық-технологиялық процестердің жіктелуін және химиялық өндірістердің типтік аппараттарын есептеуін білу, технологиялық жабдықты таңдауды негіздеу.
  • Оқытудың интерактивті әдістерін, оқу-әдістемелік құжаттамаларды, мультимедиялық материалдар мен оқытуды бақылау әдістерін әзірлеу, сондай-ақ органикалық және мұнай-химия синтезі саласындағы білім алушылардың ғылыми-оқу жұмысына басшылық жасау.
  • Технологиялық процестерді жетілдіру және инженерлік-техникалық-экономикалық есептеулерді орындау, көмірсутек шикізаты мен синтетикалық талшықтарды терең өңдеудің технологиялық процестерін бағалау.
  • Мұнай шикізатын, қоспаларды, техникалық сұйықтықтарды терең өңдеу процестерінің катализаторларының қасиеттерін таңдау және реттеу, полимерлі композициялардың рецептураларын әзірлеу дағдыларын меңгеру.
Top